ҚАЛАДАҒЫ ГАЗ ТАРАТУ ЖЕЛІЛЕРІ

Опубликовано Июль 24, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 4 (1 голосов)

 

Газды тұтынушыларға құбырлармен тасымалдайды. 3.1-суретте газдың қалаларға дейінгі тасымалдау шарттары көрсетілген. Газ скважиналардан (СК) іріктеу орындарына (I0) келеді. Сол жерде қатты, сұйық қоспалардан тазартылған газ құбырлармен өндірістік газ тарату станцияларына (ӨГТС) жеткізіледі. Мұнда газды қайта тазартып, иістендіреді және қажетінше қысымын төмендетеді. СК-скважиналар; І0-іріктеу орындары; ӨҚ-өндірістік құбырлар; ӨГТС- өндірістік газ тарату станциялары; МҚ-магистральды құбырлар; ҚКС- қосалқы компрессорлы станциялар; АТ-ажыратқыш тетіктер; ГТС-газ тарату станциялары; ЖҚ – жер асты қоймалары; ҚТ-қосалқы тұтынушылар. 3.1-сурет. Газды қалаларға дейінгі тасымалдау Газдың өз қысымы алғашқыда жеткілікті болғанымен өндіру барысында төмендей бастайды. Сол себептен басты компрессорлы стансалар қолданылады. Қосалқы компрессорлы стансалар әрбір 150 км сайын орнатылады. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы болу үшін кем дегенде әрбір 25 км сайын ажыратқыш тетіктері орналастырылады. Газды тасымалдау және газбен жабдықтау сенімді болу үшін желілер санын екі немесе онан да көп етіп қабылдайды. Магистральды газ құбыры қалалық немесе ірі өндіріс тораптарынының ГТС-мен шектеледі. Қаладағы газ құбырлары қысымы мен қолдануына байланысты түрленеді. Қолданылуына қарай газ құбырларын мынадай үш топқа бөлуге болады: 12 1. Қаладағы барлық тұтынушыларға газ жеткізетін тарату желілері. Төменгі, орташа, жоғары қысымды газ тарату желілері айнала жабық және тұйық болып орындалады; 2. Тарату желілерінен жеке немесе топталған тұтынушыларға газ тасымалдайтын тармақтар; 3. Үй ішіндегі аспаптарға газ жеткізетін үйдегі құбырлар. Қысымдарына қарай қаладағы газ құбырлары төмендегідей түрленеді: 1. Қысымы 5 кПа-ға дейінгі қысымдағы төменгі газ желілері; 2. 5 кПа-дан 0,3 МПа-ға дейінгі орташа қысымдағы газ желілері; 3. 0,3-0,6 МПа аралықтарындағы II-дәрежелі жоғарғы қысымдағы желілер; 4. 0,6 МПа-дан 1,2 МПа-дейінгі I-дәрежелі жоғары қысымдағы табиғи газды тасымалдаушы желілер. Ал сұйытылған газдағы желілерде қысым 1,6 МПа-ға дейін болуы мүмкін. Төменгі қысымдағы желілермен газ тұрғын қоғамдық үйлер және тұрмыстық қызмет көрсету мекемелеріне тартылады. Тұрғын үйлердегі құбырлардағы қысым 3 кПа-дан аспауы қажет. Орташа және II-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер газ реттеу орындары (ГРО) арқылы қалалық орташа және төменгі газ тарату желілерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар газ реттеу орындары (ГРО) арқылы өнеркәсіп және үй-жай мекемелеріне таратылады. I-дәрежелі жоғары қысымдағы газ желілер ірі қалаларды газбен жабдықтаудың ең жоғарғы сатысы болып табылады. Олар орташа және жоғары қысымдағы желілері мен 0,6 МПа-дан жоғарғы қысымдағы өнеркәсіп мекемелерін газбен қамтамасыз етеді. Бұл желілерді көбінесе айнала жабық немесе жартылай жабық етіп орындайды. Желілердегі қысымдар сатыларына байланысты газбен жабдықтау жүйелері мынадай болып бөлінеді: 1. Екі сатылы төменгі және орташа немесе төменгі және II-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер. 2. Үш сатылы төменгі, орташа және II-дәрежелі жоғары қысымдағы желілер. 3. Көп сатылы барлық қысым сатыларындағы желілерден құралады. Үш және көп сатылы газ жүйелері ірі қалаларда ғана қолданылады. Қалалардағы газ көзі газ тарату станциялары ГТС-лары болып табылады. 3.2-суретінде қаланы газбен жабдықтау сұлбасы келтірілген.

Оставить комментарий

Загрузка...