Ғаламдану процестеріне көзқарастар мен талдаулар

Опубликовано Август 19, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 5 (1 голосов)

 

Əлемде өтіп жатқан алып құбылыстар мен үдерістерді ауқымы жағынан алып қарасақ та, əрқайсысын салмағы жағынан алғанда да бүкіл əлемдік қоғамдастық үшін ғаламдану үдерісінің заман уақиғасы деп қарастыруға болады. Өтіп жатқан мұндай маңызды өзгерістер жəне тағы бір тарихи кезеңнің аяқталуының куəгері жəне экономикалық ағым өз дамуының сапалы жаңа сатысына өтті. Экономикалық теория жағынан алғанда «ғаламдану» – əлем деңгейіндегі елдер өмірінің жəне экономиканың барлық салаларын қамти отырып, өзара қарым-қатынасты күшейту процесі. Бір жағынан алғанда, ғаламдану – сан қилы қиындықты, қарама-қарсылықты жəне көпфакторлы құбылыс. Осыған орай, əртүрлі ғылыми бағыттарды, мектептер мен саяси көзқарастарды жақтаушылар оған мүлдем əртүрлі ойлар қосады. Ғаламдануды түсіндірудің əртүрлі анықтамалары мен жолдары бар. Осыған қатысты көптеген пікірталастар айтылуда. Оның тереңге кеткен тамырлары мен ауыртпашылық зардабы туралы да қайшылықты пікірлер ұшырасады [1]. Ғаламдану дүниесіне кірудің дұрыс формуласын табу, оған бейімделу, ғаламдық бəсекелестік күшейіп отырған жағдайда əлемдік экономикалық жəне саяси қатарда қолайлы позицияда болу – өте маңызды мəселе. Ал ол үшін, ең алдымен, ғаламдану үрдісінің ерекшеліктері неде екенін зерттеуге əрекеттену керек. Экономикадағы жаhанданудың негізгі сипаттамасы автоматтандыру мен интеграциялау процестерін қиюластыру болып табылады. Британ экономисі Р. Робертсон [2] ғаламдануға жекеленген елдердің əлеуметтік болмысына халықаралық мəндегі түрлі факторлардың: экономикалық жəне саяси байланыстардың, мəдени жəне ақпараттық айырбастың тағы сол сияқтылардың барған сайын өскелеңдене түскен ықпал ету процесі ретінде анықтама береді. Ресейлік саясаттанушы К. Гаждиевтің пікірі де қызығушылық туғызады, ол ғаламдануды, бір жағынан, адамдардың күнделікті қарекетіне жер шарының басқа бір бөлігінде болып жатқан оқиғалар барған сайын ықпал етіп, екінші жағынан, жергілікті қауымдар əрекетінің маңыздығаламдық салдарыболатынжағдайдағы кеңістік пен уақытта əлеуметтік байланыстар мен институттардың кеңеюі мен тереңдей түсуі деп түсінеді [3, 9-28 б. ]. Тұтастай алғанда, ресейлік талдаулардың ой-парасатында ғаламдануға деген «жақтырмаушылық» көзқарас тəн. Ресей саясаттанушысы А. Панарин өзінің «Ғаламданумен дерттену» атты монографиясында ғаламдану процесін жойқын сынға ұшыратты. Ол ғаламдануды ƏОЖ 005.44 Н.Б. Тастандиева Халықаралық Бизнес Академиясы, Қазақстан, Алматы қ. Е-mail: n_tastandieva@mail.ru Ғаламдану процестеріне көзқарастар мен талдаулар Аңдатпа. Ерекше өзектілігіне ие болатын ғаламдану процесі əлемдік жəне ұлттық экономикада біршама мəселелерді тұғызып отыр. Қазіргі кезеңде əлемдік даму ғаламдану процесінің тікелей ықпалымен жүруде. Оның дүниежүзілік экономиканың дамуына, оның барлық салаларында өзіндік ерекше жағдай қалыптастыратынына əр ғалымдар əртүрлі ой қосады. Жалпы ғаламдану процесіне байланысты экономиканы басқаруды дұрыс тандау тағайындалған приоритеттерден, тактикалық тəсілдерден, кəсіпорынның экономикалық тиімділігі тəуіелді болады. Ұсынылған мақалада əртүрлі экономикалық əдебиеттерді зерделей отырып ғаламданудың теориялық аспектілері жəне экономикадағыоның негізгі бағыттарыəрі ғаламданудыңжалпыэкономикалық үдерістерге ғана емес, тауарлар мен қызметтер нарығына да, соның ішінде қаржы ресурстарына да əсері қарастырылады. Түйін сөздер: ғаламдану, талдау, процесс, зертеулер. ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №4 (92). 2012 Н.Б. Тастандиева 39 «үшінші дүние» елдері үшін, дамушы жəне өтпелі кезең елдері үшін апатты жоба ретінде көрсетті, ғаламдануды табиғи ресурстарды соңғы рет бөлу, экономикалық жағынан барынша дамыған державалардың пайдасы тұрғысынан, трансұлттық корпорациялардың пайдасы тұрғысынан, ұлттық мемлекеттерді осы ресурстарға деген меншік құқығынан айыруды мақсат ету деп түсіндірді. Оның айтуынша, мұндай бөлудің нақты тетіктері шикізат ресурстарын мүмкін болғанша аз өңдей отырып, басым түрде экспорттау, капиталды сыртқа əкету, экономика инфрақұрылымының жоқтығы, ұлттық элитаның халық мүддесін сатып кетуі, ұлттық мемлекеттілік пен дəстүрлі мəдениеттің күйреуі бой көрсетеді екен [4, 280-281 б.] . Экономикада ғаламдану үдерісінің дамуы əлемдік нарықта жаңа технологияларды пайдалану арқылытабиғи ресурстар мен ақпарат кеңістігіне бақылауға бəсекелестік сайыс жүргізеді. Бұл ерекше жаңа деректерді қабылдау, беру жəне өңдеу жүйелерінің дамуымен, сонымен қатар өзгермелі нарық жағдайына жəне инновацияларға сезімтал болып келетін өте жоғарғы ғаламдық желілерді құру арқылы іске асырылады. Ғаламдану процесі экономикалық, ақпараттық, мəдени саладағы ұлттық сəйкестендіру процесімен тығыз байланыста жүреді. Ұлттық өзіндік мəнерге ұмтылу əлемдегі ақпараттық ашықтық пен жарысу үдерісін сəйкестендіру жағдайындағы əлеуметтік, экономикалық жəне саяси дамудың күшті ынталандыруы болып табылады. Мұндайда, ұлттық сана-сезімнің оянуы жаhанданумен байланысты күйреткіш күштерінің əсеріне қарсы қоғамның қорғаныс серпілісі ретінде табылады. Бұл – экономикада мемлекет ішіндегі дəстүрлі байланыстардың үзілісі, бəсекелесуге төмен өндірістің құлдырауы, жұмыссыздықтың шиеленісуі, мəдени жəне идеология салаларына осы қоғамға жат бастамалардың, байлықтың, мінез-құлықтардың сыналай енуі. Сонымен қатар қоғамдық əлеуметтік-экономикалық жəне идеологиялық сілкіністер неғұрлым күштірек болса, соғұрлым оған өткір жауап кейде ұлттық жауынгерлік жəне діндарлық форма ретінде əсер береді. Дəл осы жағдайда планетаның əртүрлі аймақтарында лаулайтын жəне қанды лаңкестікке апаратын діндарлық жəне этникалық қақтығыстардың көзқайнаулары жатыр [5]. Батыстың көптеген экономистері мен социологтары арасында ғаламдану процесі салдарының келешегін оптимистік көзқараспен бағалау əзірге артып келеді. Бұл идеологиялық фактормен байланысты, орталықтандырылған жоспар лысоциалистікжүйенің күйреуі құндылықжүйеге сай келетін либерализмнің сөзсіз жеңісі ретінде қабылданды. Алайда объективті зерттеушілер мұндай идеологиялық жеңістің мақтанышына абай болуды ескертеді. Коммунизмнің құлауы жаңа формадағы капитализмнің жалғыз дұрыс жолы екенін білдірмейді. Америкалық Ч. Хэнди өзінің «Заман парадоксы» атты кітабында: «Тоталитаризмді жеңген демократияның салтанаты осы демократияда барлығы да өміршең екендігін білдірмейді» деп жазған. Ал басқа америкалық экономист Р. Аллен ғаламданудың экономикаға əсерін зерттей келе, тасқынды нарық үдерістері қазіргі нарықты реттеу концепциясына жатпайды деген шешімге келеді. Бұл концепция айналымда жүрген ақша массасы мен тұрақты жəне болжамалы атаулы ЖІӨ-нің динамикасы арасындағы байланыстан шығады. Сонда ғана, үкімет бұл ақша массасының көлеміне əсер ете отырып, инфляция өсімінсіз тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін құралды өз қолдарына алады. Р. Аллен қаржы нарығындағы ғаламдану аталмыш тұрақтылық пен болжамдылықтың өзгерісіне апаратынын бағдарлаған. Қазіргі реттеуші механизмдердің əлсіз тиімділігі жеке мемлекет пен əлемдік қоғамдастықтың экономикалық жəне əлеуметтік саяси ахуалдарының тұрақсыздануына жағдай туғызады. Бұл – əдетте əлемдегі қаржылық күйзелістің əлпеті [6]. Ғаламдану қаржы саласындағы тұрақсыздықпен қатар əлемдік экономикадағы сəйкессіздіктің нығаюына жəне əлеуметтік бөлінулердің дамуына əкеледі. Ағылшындық, канадалық, америкалық зерттеушілердің ізденістерінде өтпелі кезеңдегі ғаламдық экономика тағалап айтылады, яғни экономиканың жаhанды түріне айналуы оның жалпы динамикалық дамуын көрсетпейді, дегенменде бірмезгілде жоғарғы динамикалық жүйелерді ерекшелеуге, өте əлсіз жəне қолайсыз жағдайда болатын стагнацияға ұшыраған жүйелердің кеңеюіне апарады. Мұндай ойды дəлірек экономиканың ғаламдану жағдайындағы əлеуметтік əділеттілікке арналған Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 81-сессиясында оның бас директоры М. Хансен айтып кеткен. Əлемдік жүйедегі ұлттық 40 Ғаламдану процестеріне көзқарастар мен талдаулар ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №4 (92). 2012 экономикалық интеграция теңсіздік көрінісін əлсіздендіру не жоюдың орнына көп жағдайда, керісінше оны өткірлеп жіберді [7]. Бүгінде дүние жүзінде бір миллиардтан астам адам өте кедейшілік пен қайыршылық жағдайында өмір сүруде. Мұндай ахуал халықаралық деңгейде де мойындалып, сынға алынуда. 2000 жылы Нью-Йоркте мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде БҰҰ Бас хатшысы К. Аннан өз баяндамасында: «Ғаламдану көп мүмкіндіктер ашады, бірақ та қазіргі кезде оның игілігі тым біркелкі бөлінбей отыр, ал оның шығындарын баршамыз көтерудеміз. Біздің қазіргі басты міндетіміз – ғаламданудың миллиардтаған адамдарды қайыршылыққа салатын фактор емес, əлемнің барша халықтары үшін оң күшке айналуына қол жеткізу», – деп атап өткен [8, 132 б.]. Тағы бір үлкен мəселенің бірі – ғаламдану жағдайында оның біршама өзгеше мазмұнмен толығуы. Біз қазір көптеген елдер арасында ынтымақтастықтың, экономиканың əр түрлі салаларында екі жақты не көп жақты қатынастардың бұрынғыдан да күшейіп келе жатқанын көреміз. Бұл оң үрдіс, дегенмен де тəуелділіктің, қысымның, егемен мемлекеттерді, əсіресе ақпараттық жəне технологиялық салалаларды бақылаудың жаңа формаларының туындап жатқаны белгілі. Оның үстіне, егемендік принципінің өзі таяудағы он жылдарда қайтадан ой сарабынан өтетін болады. Тəуелсіздік пен егемендіктің бұрынғы анықтамалары тексеруге түсетін болады. Бұған себеп – факторлардың біріне ұлттүстілік ұйымдар мен құрылымдардың пайда болуы. Оларға ұлттық егемендіктің бір бөлігі беріліп, оның өзі ғаламданудың ажырағысыз бөлігіне айналды. Бұған көрнекі мысал – Еуропа Одағы. Ресей зерттеушілері ғаламдануды елдің экономикалық ашықтығының өсуі (мұның өзі экономикалық қауіпсіздікке тікелей əсер етеді), сауданы ырықтандыру, капиталдың халықаралық қозғалысы деп атайды жəне де бұл терминді халықаралық интеграция мен шаруашылық тұрмысты интернационаланудың синонимі ретінде қолданады. Ғаламдану – бұл интернационаланудың жаңа кезеңдегі немесе біріктірілген экономикалық тұрмыстың жай ғана деңгейі емес. Бұл ХХ ғасырдың аяғынан ХХІ ғасырдың басына ұласқан əлемдік экономиканың төмендегідей бірқатар жаңа құрылымдары: – əлсіз өзара байланыстағы елдердің əлемдік экономикалық қоғамдастығы біртұтас экономикалық жүйеге айналады; – ұлттық мемлекеттік формадағы адамзат өмірін жаңа бір формаға түрлендіруді ұйымдастыру өте ауыртпашылықты үдеріс болып сипатталады. Халықаралық экономикалық үдерістер ұлттық мемлекетпен біржақты, екіжақты не көпжақты ретте азды-көпті тиімділікпен реттелетін еларалық деңгейден өсіп, елден тыс мемлекеттік реттеуге онша да ырық бермейтін түрге айналуы мүмкін; – ұлттық мемлекеттің реттеуіш функциясының əлсіздігі ұлттық экономиканы, сыртқы экономикалық тиімсіз əсерлерден бұрынғыдай қорғай алмайды. Ұлттық мемлекеттің жаңа функциясы пайда болады, ал оның орнына экологиялық, экономикалық дипломатия, антимонополиялық секілді бұрынғы функциялары өзгереді; – мемлекеттік-монополиялық капитализм интеграциялық бірігулердің халықаралық «жалпы нарық» формасы түрінен Еуропалық Одақ (ЕО) формасына көшеді. Ұлтаралық капитал жылдам өседі; – қаржы секторы, əсіресе қаржы нарығы ғаламдық ауқымға айналады. Бұл шаруашылық қызметтерінің жағдайын едəуір өзгертеді. Экономиканың нақты саласына салынған 1 долларға бірте-бірте қаржы айналымында жүрген доллардың көбірек үлесі керек болады. Мұндай бір айдағы айналыс əлемдегі өнімдердің жылдық айналымына тең түседі. Ғаламданудың себептеріне ғаламдық экономиканың құрылуының объективті қажетті шарттастық себептері деп есептеуге болады: 1. Қоғамдық еңбек бөлінісінің сапалы жаңа баспалдағы өндірістік үрдістердің халықаралық бөлісіне, халықаралық өндірістік корпорацияларға ұласуын. 2. Өңдеуші өнеркəсіптердің өсуі жəне оның негізінде даяр өнім өндірісінің, кен өндіруші өнеркəсіптің жəне ауылшаруашылығы өндірістерінің əлемдік көлемге көтерілуінен экспорттың өсуінің туындауын. 3. Халықаралық транспорт инфрақұрылымы түбегейлі жақсарды. Елдер арасындағы «экономикалық» қашықтық деп аталатын қашықтық қысқарды жəне қысқарып келеді. 4. Электрониктер, кибернетиктер, космостық спутниктердің қызу дамуы негізінен ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №4 (92). 2012 Н.Б. Тастандиева 41 ақпараттық революция жүруде. Кей ғалымдардың ойынша, ХХІ ғасырдың бірінші жартысында ғаламдық ақпараттық қоғам қалыптасады. ТҰК-ның серіппелі деңгейде дамуы. Мəселен, өткен жүзжылдықтың 90-жылдарының аяғында БҰҰ-ның мəліметтері бойынша бар-жоғы əлемдегі 10 ірі компания əлемдік нарықтағы телекоммуникация саласының 86% мөлшердегі 262 млрд доллар көлемін, 10 алып гигант пестицид өндірісі саласының 85% мөлшердегі 31 млрд доллар тауар көлемін қадағалаған [9]. Ғылыми-техникалық үдерістің жəне көптеген елдердің ашық экономикасының үйлесімділігі қарқынмен жүрді. ХХ ғасырдың екінші жартысында əлемдік жалпы өнім бірінші жартысымен салыстырғанда 3 есеге артты. Дегенмен де ғаламдану үрдісінің теріс жақтары деп те атауға болатындар: – қаржы капиталы билігінің шексіз өсуі, нақты капиталдың талғаусыз өсуі; – инвестициялық ахуалдың колайлылығы аз елдерден капиталдың жылыстауы, олардың дамыған елдер арасындағы жағдайын қиындатуы; – дамушы елдердегі кедейшіліктің қиындауы, өмір сүрудің саралануы; – қоғам мен табиғат арасындағы кикілжіңнің ғаламдық экологиялық апат қаупін тудыруы; – экономикалықжəне басқа қылмыстардың ғаламдық күшеюі. Ғаламданудың мəнін сапалы жаңа үрдіс ретінде келесі жағдайлармен анықтауға болады: – адамдардың еркі мен санасынан тыс объективті заңдылық құбылыс; – қазіргі əлемнің қоғамдық-экономикалық формада дамуы; – жеке адамдардың, əлеуметтік топтардың, кластың, ұлттық өркениеттердің əртүрлі мақсаттары мен мүддесінің сипаты жəне мазмұнының құбылысы. Бұлардың арасындағы күрестің нəтижесі ғаламданудың бағыты мен əлеуметтік салдарын анықтайды [10]. Ғаламдық экономиканы қалыптастыру жағдайында кейбір, жеке дамыған елдер тұрақты əлемдік жетекшілікке үміткер болуы мүмкін. Бүгінде мұндай елге АҚШ-ты атауға болады. Алайда Еуропада көбісі ертеден келе жатқан, көпғасырлық мəдени салты жоқ ел, əлемді өз артынан тек қана күшпен немесе экономикалық мəжбүрлеумен, яғни өзінің жетекшілігін таңу арқылы ертуі мүмкін. Бұл өз кезегінде көптеген кикілжің жағдайларды тудыруы мүмкін. Зерттеулердің ескертпелері мен шектеулері, біріншіден, зерттеу құбылысының геннозисін ашумен, екіншіден, ғаламданудың экзожəне эндофакторларына талдаулардың əсеріне байланысты.

Оставить комментарий