Ғаламдық христиандық

«Нағыз қиындықтарға христиан уағызшылары кейінірек, әсіресе батыс және орталық Европада, тірі халықтық діндермен бетпе­бет кездескен шақта тап болды. Амалсыздан, болуы мүмкін емес құдайы тұлғалар мен «мәжуси» мифтерді «христиандауға» тура келді. Айдаһарларды өлтіріп жүретін сан алуан құдайлар мен қаһармандар Георгий жеңімпаздарға, күркірету құдайлары әулие Ильяда, сан алуан өнімділік тәңір иелері Құдай ­ анаға немесе әулиелерге теңестірілді. Дей ­ христиандық Европаның халықтық дінінің қандай да бір бөлігінің күнтізбелік мерекелер формасына және әулиелер культіне енудің арқасында сақталып қала алғандығын айтуға болады. Он ғасырдан астам уақыт бойына шіркеуге «мәжусилік» элементтердің (яғни, ғаламдық дінге жататын) тұрақты тасқыны мен ағынына қарсы күресуге тура келді. Осындай өршеленген күрестің нәтижесі, әсіресе, XIX ғасырдың аятында ең терең көнеліктерге және тіпті дей ­ тарихи дәуірлерге кететін мифтер мен жоралғылар сақталған Европаның оңтүстігі мен оңтүстік­шығысында болмашы болып шықты . Рим­католик және православиелік Шіркеулерді, олардың лік элементтердің коп санды мөлшерін христиан , енгізгенін айтып айыптаушылар да болды. Бірақ осындай айыптаулардың жөні бар ма? Бір жағынан, мәжусилік тек, үстірт болса да, христиандана отырып | ойылмай, сақталып қала алды. Жойылуы мүмкін емес мәжусилікті осылайша сіңіріп жіберу саясаты жаңалық болмас еді; Шіркеу ертеректе ­ ақ христиандыққа дейінгі киелі күнтізбенің сүбелі бөлігін қабылдап қойған және сіңіріп жіберген болатын. Екінші жағынан, шаруалар, өздерінің ғұмыр кешу тәсіліне байланысты «тарихи» және моральдық христиандыққа бейімділік таныта қоймады. Ауылдық аймақтардың тұрғындарының айырықша діни тәжірибесі «ғаламдық христиандық» деп атауға боларлық христиандыққа арқа сүйеді.

Европаның шаруалары христиандықты ғаламдық литургия деп түсінді. Христологиялық мистерия Ғаламның тағдырын да қозғап отырды. «Күллі табиғат Қайта Тірілуді күтіп, демін ішіне тартуда»: міне, пасхалық литургияның да, шығыс христиандықтың діни фольклорының да негізгі мотиві осындай. Көне Өсиеттің пайғамбарларының өршелене жоққа шығарған және шіркеудің амалсыздықтан әрең шыдап отырған, ғаламдық циклдермен мистикалық бірігіп і ету ауылдық аудандардың, әсіресе оңтүстік­шығыс европада діни өмірінің ұйытқысы болып шықты. Осы аудандардың христиандары үшін «табиғат» күнә дүниесі емес, Құдайдың қолынан шыққан туынды. Қайта тұлғаланудан кейін дүние өзінің ілкі бастаулық даңқына сай қайта қалпына келтірілген. Сондықтан да, шіркеу мен Христос сонша ғаламдық символдарды қабылдап алды. Оңтүстік ­ шығыс Европа халықтарының діни фольклорында киелі әрекеттер Табиғатты да киелендереді. Шығыс Европаның шаруалары үшін жағдайдың дәл осындай сипат алуы христиандықтың «мәжусиленуі» болып емес, керісінше, олардың ата­бабалар дінінің «христиандануы» болып табылады. Осы «халықтық теологияның», күнтізбелік мерекелер мен діни фольклорда өзін қалай көрсететіндігі жөнінде тарихы жазылған шақта, «ғаламдық христиандықтың» мәжусиліктің формасы да, мәжусиліктің христиандықпен синкретизмі де болмайтындығы анықталмақ. Ол, эсхатология мен сотериология ғаламдық ауқым мөлшерлерге ие болатын ерекше діни жасампаздық болып табылады; оның үстіне, Христос, Барлығын Билеуші болуын тоқтатпай­ақ, ілкі қауымдық халықтардың мифтеріндегі Жоғарғы Сүриеттің құдайға айналмастан бұрынғы істегені әр өңдеушілерге келеді. Бұдан ауылдық тұрғындары үшін Христос, бұрынғы мұра болып қалған «тәңір иелердің» біреуі берген түсінік туындамауы тиіс. Інжілдік Христ пен фольклордағы Христ бейнесінің арасында қарама ­ қайшылық жоқ: Туаршақ (рождество), Христ ілімі, оның кереметтері, керіліп тасталу мен қайта тірілу халықтық христиандықтың маңызды тақырыптары болып есептеледі. «Халықтық діннің» негізгі бағыттары жөнінде келтірім беру біздің міндетімізге кірмейді.

Читайте также:  Қытайдағы моңғол үстемдігінің құлатылуы

Бірақ, ауыл­аймақтардың ғаламдық христиандықтың өне бойы Иисустың қатысып отыруы арқылы киеленген табиғатты, Ұжмақты аңсауға, үнемі болып түратын дүрбелеңдерден, жаугершіліктен, соғыстардан, ойрандардан қорғайтын, қандай күштің әсер еткеніне қарамастан сақталу (сірілік — неуязвимость) және қайта жаратылу табиғатына ие болуды көксеуге толы. Үнемі жаугершіл көшпелі ордалар ойрандап, түрлі­түрлі «қожайындары» қанап отырған жер өңдеуші халықтардың көрсетілімі осындай. Бұл сондай­ақ, әділетсіздігі мен трагедиясына қарсы, тек жеке еркі мен жеке бастың шешімінің салдарынан ғана емес, тарихи дүниенің тұлғадан жоғары тұрған құрылымы болып тұрған зұлымдыққа қарсы пассивті процестің формасы да болып табылады. Қысқаша қайырғанда, егер біздің тақырыбымызға қайтып оралар болсақ, халықтық христиандықта күні бүгінге шейін мифологиялық ой ­ машықтың кейбір нышандары көрініс тауып отыр.

Оставить комментарий