Ғаламның жаңаруы

Неліктен тәж кигізу жоралғысының космогонияны қайталайтындығын немесе Жаңа жылда тойланатындығын оңай түсінуге болады. Монарх ғаламды жаңартады деп есептелінеді. Жаңару негізінен Жаңа жыл сәтінде, жаңа маусымдық айналымның басталуы сәтінде жүзеге асырылады. Бірақ, жоралғы түрінде осы уақытта жүзеге асырылып отырған жаңару, іс жүзінде ғаламды жаратуды қайталаушы болып табылады. Ол әр Жаңа Жыл сайын қайталанады. Және, нақ осы космогониялық мифтер, ғаламның қалай жасалғандығын және одан кейін не болғандығын адамдардың есіне салып отырады. Дүние әрқашан да біз өмір сүріп отырған «біздің дүние». Бірақ, австралиялық аборигендердің де, қазіргі заманғы европалықтардың да өмір сүру пішіні бірдей болғанымен, осындай өмір сүрудің мәдени ауандары оларда едәуір өзгеше болып шығады. Термешілікпен және кездейсоқ аңшылықпен өмір сүріп отырған австриялықтардың «дүниесі» неолит иманының жер өңдеушілерінің дүниесінен өзгеше болса, соңғылардың дүниесі ежелгі Таяу Шығыстың қала тұрғындарының немесе Батыс Европа мен АҚШ­тың халықтарының «дүниесінен» өзгеше болмақ. Мұндай .шығармашылықтар анық және оларды айшықтап жатудың да кажеттілігі жоқ. Біз бұл жөнінде тек түсінбестік туғызбас үшін ғана еске салып отырмыз: мәдениеттің сан алуан типтерін көрсететін мысалдарға қарап отырып, біз қандай да бір мөлшерде Фрезердің компаративизміне ден қояйын деп отырғанымыз жоқ, бірақ, пайдаланып отырған әрбір мысалымызды оның тарихи ауаны ауқымында қарастырып отырмыз. Бірақ біз атап отырған әрбір тайпаның әлеуметтік көне экономикалық құрылымын нақтылауды және оларды басқа тайпалармен салыстыруды пайдасыз іс деп есептейміз. Сонымен, «дүние» дегеніміз біз білетін және біз өмір сүріп отырған; ол мәдениеттің түрлі типіне тәуелді; олай болса, талай­талай «дүниелер» бар деуге болады. Бірақ, біздің зерттеуіміз үшін, мәдени ауандарының (контексттердің) сан алуандығы мен әлеуметтік ­экономикалық құрылымдарының өзгешеліктеріне қарамастан, ілкі қауымдық адамдардың «дүние жыл сайын жаңарып отыру керек, бұл жаңару бір модель, космогониялық мифтің рөлінде отырған шығу тегі жөніндегі мифтің моделі бойынша те асырылуы керек» деп есептейтіндігін білу маңыздырақ. Әрине, ілкі қауымдық адамдардың «жыл» дегенін түрліше түсінуге болады, «Жаңа жылдың» даталары климатқа, географиялық ортаға, мәдениет типіне, т.б. байланысты өзгеріп отырады. Бірақ, әңгіме, әрқашан да, уақыттық межелермен шектелетін, басы мен аяғы бар әлдебір цикл жөнінде болады. Белгілі бір циклдің соңына не келесі циклдің басында ғаламды жаңартумен байланысты бірқатар жоралғылар өткізіледі. Айтып өткеніміздей, бүл жаңару, космогония моделіне сай жүзеге асырылып отырған жаңадан жарату болып табылады.

Читайте также:  ТЯНЬ-ШЯННЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕГІ ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ

Ең қарапайым мысалдарды австриялықтардың тіршілігі ұсынады — олардың жердің пайда болуы, жыл сайын жаңарып отыратын жөніндегі мифтері. Жоралғыларда in illo tempore кезінде астам текті пенделер жасаған жануарлар мен өсімдіктер қайта өрбітіледі. Кимберли үстіртінде, мәселен, үңгірдегі суреткер (олар мифтік ата­бабалардың қолынан шыққан болып есептеледі) жаңғыртыл отырады, мұнысы олардың, ең алғаш рет мифтік уақыттарда, ғаламды жарату сәтінде пайда болған жасампаздық күшін белсенді ету мақсатында істелінеді . Австралиялықтар үшін жануарлар мен өсімдіктерді қайта торыту (воссоздание) ғаламды қайта төрісуге пара­пар. Қажетті мөлшердегі азық­түлікке ие болу арқылы тағы бір жылды аман өткізу үшін ғана емес, ең алдымен, дүние есте жоқ заманда, алғашқы өсімдіктер мен жануарлар пайда болған заманда пайда болғандықтан ғана осылай істелінеді. Өсімдіктер мен жануарларды жарату бетер текті суреткердің (сверхъестественные существа) жасампаз әрекеттерінің бірі болған. Тамақ жеу — тек қана физиологиялық әрекет емес, сонымен қатар «діни» әрекет те: бетер текті сүреттердің жасап кеткен нәрселері желінеді, өйткені, ғаламның бастауында мифтік ата­ бабалар қалай жеген болса, солай жеу керек . Австралиялықтарда космогония үйреншікті пейзажды қалпына келтіруге барып тіреледі. Бүл олардың Дүниесі, және ол уақыт өткен сайын жаңарып отыруы тиіс, өтпеген жағдайда он апат болады. Егер жыл сайын жаңадан тұрмаса, ғаламға жойылу қаупі төніп тұрмақ — калифорниялық карак, хупа және юрок тайпаларының басты мерекесінің идеясы осындай. Осы тайпалар тілінде тұрып «Ғаламды қайта жасау (воссоздание)», ағылшынша ол «New Year» деп аталады. Оның мақсаты — келесі бір немесе екі жылға Ғаламды қайта шіріту немесе орнату. Юрок тайпасының бір бөлігінде орнату жоралғылық «жұп» лашықты тұрғызуын жүзеге асырылады, бұл космогониялық құрылымның түрі. Төменде біз соған ұқсас мысалдарды келтіреміз. Бұл ғұрыптың мәні аңыздың барлық қасиетті орындарға, Өлімсіздер өздерінің ерліктерін жасаған жерлерге ұзақ сапарында жатыр. Мұндай жоралғылық сапар і 1 I2 күнге созылады. Осы уақыт ішінде абыз Өлімсіздердің бойлағышы (воплощение) болып есептеледі. Жолымда ол: «Есте жоқ уақыттарда, Өлімсіздердің біреуі скарея анимас осылайша жүрген»,— деп ойлайды. Киелі жерге жеткен соң мынадай сөздерді айтып сыпыра бастайды: Якам (басқа Өлімсіз) мен үшін сыпырады. Ендігі жерде барлық сырқаттар жазылады». Сосын ол тауға беріліп, сол жерде ағаш бұтағын кесіп алып, былай дейді: Дүние жарылып кетті, бірақ мен осы аса таяқты жер бетімен істеп қалғанда, онда барлық жарықтар бітеліп, Жер қайтадан бүтін болады».

Читайте также:  Төрт түліктің терісіне қатысты тілдік бірліктер

Сосын ол өзен жағасына түсіп, сол жерден тас тауып, мынадай сөздермен қатты және қозғалмайтындай етіп бекітеді: «Жер шайқалды, біз оны қайтадан орнықты етеміз. Өмір ұзаққа созылады, адамдар күшті болады». Содан кейін артқа отырады. «Мен тасқа отырған кезде», — ол Жиффордқа түсіндіреді, — дүние ендігі жерде шайқалмайтын болады . Бұл тас бұл жерде есте жоқ заманнан бері, ғаламның бастауынан бері бар. «Біз келтірген ғұрыптардың жиынтығы космогониялық сценарий болып табылады. Калифорниялықтар, мифтік уақыттарда Өлімсіздер жасаған, оның контурларын белгілеген. Кіндігі мен негізін нақтылаған, мол етіп балықты және текті азықты жасап, барлық аурулардың бетін алған дүниеде өмір сүре бастаған. Бірақ бұл дүние сол өзгеріссіз уақыттан тыс, Өлімсіздер өмір сүрген Ғалам емес. Бұл мен қаны бар сүреттер (существа) қоныстанған тірі дүние; олар жетілу, қартаю және өлу заңына бағынады. Сондықтан да ол ауық­ауық (периодический) қалпына келтіруді және жаңартуды қажет етеді. Бірақ ғаламды тек in illo tempore Өлімсіздер жасағанды қайталау, жаратылуды қайталау арқылы ғана жаңартуға болады. Сондықтан да абыз, Өлімсіздердің жолын, олардың сөздері мен ым ­ ишараттарын (жасты) қайталай отырып қайта өрбітеді. Басқаша айтқанда, Жаңа жылға орай Өлімсіздер тағы де жерге қайтып оралған сияқты болып есептелінеді. Міне, сондықтан да жыл сайынғы ғаламды жаңарту жоралғысы — калифорниялық тайпалар үшін ең маңызды діни рәсім болып табылады. Дүние тек қана жаңарған және орнықты болып қоймайды, ол Өлімсіздердің символды түрде осында қатысып отыруы арқылы да киеленеді. Олардың бойлаушы (воплощающий) абыз белгілі бір уақытқа өлімсіздікке ие болады: оған қол тигізуге, тіпті қарауға да болмайды. Жоралғыны ол адамдардан алыста, абсолютті жалғыздықта атқарады, өйткені Өлімсіздер оларды алғаш рет атқарған кезде, Жер бетінде әлі адамдар болмаған той» .

Читайте также:  Мемлекеттегі заң шығарушы, атқарушы және федерациялық билік

Оставить комментарий