Алаш азаматтарының ақталуы

1990 жылы мен басқарған комиссияға Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің 1930­ жылдан 1950­шi жылға дейін қабылдаған қаулыларын қайта қарап, әділ бағасын беру тапсырылды. Орталық Комитеттен осы мәселеге қатысты барлық құжаттар менің қолыма түсті. Біз комиссия құрамына тарихшы, әдебиетші, тілші мамандарды қатыстырып: «Қазақ зиялылары ұлтшыл» деген қаулыларды түгелдей қарап шықтық. Оның ішінде тек, бұрынғы зиялылар ғана емес, тіптi кейінгі Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов сияқты азаматтарымыздың Қазақстанда репрессияға ұшырауы, осы тәрізді толып жатқан адамдарды «ұлтшыл» немесе «идеологияны бұрмалаушы» деп қаралаған құжаттар өте көп екен. Бұл құжаттардың барлығын комиссия мұқият қарап, осы жылдар аралығындағы қаулылардың барлығы негізсіз, шындыққа жанаспағандықтан, бұдан былай күшін жояды деп шештік. Қорыта айтқанда, бұл мәселелердің шешімін табу бізгe оңай түскен жоқ. Тек, әйтеуip, халықтың көкейінде жүрген мәселеге араласуым, жанағы комиссияға жетекшілік eтіп, төрағасы болғаным — өмірден азаматтық борышымның өтелгені деп ойлаймын. Осы саяси қуғын­сүргін көрген зиялыларымызды толық ақтап шығу мен басқарған комиссияның мойнына жүктелді Оны сараптауда біз барынша жан­жақтылық танытуға тырыстық. Комиссияның он тұжырымдарын жазып, ұлы арыстарымызды ақтауда мүмкіндігінше үлес қостық. 1989—1990 жылдардың басында Алашқа ортақ азаматтарымыз толығымен ақталып, бұл мәселе өз шешімін тапты. Дәл осы кезде КСРО Конституциясының 6­шы статьясы алынып тасталды. Егер ол алынбаса егемендік алу дегенді ойлау өте қиын еді. Мен ол кезде Ғылым Академиясының вице­президенті едім. Жалпы, Одақта болып жатқан жағдайлардың бәріне араласуға міндеттімін. Москвада 6ip жағдай бола қалса, мені таңертең сағат 9­дарда Орталық Комитетке шақыратын. Содан, 1990 жылдары бұл статья өз күшін жойып, биыл Жоғары Кеңеске өтті. Жаңадан сайлау өткізіп, КСРО­ның Конституциясы өз қызметін бастады. Яғни, партия үкімет басынан кетіп, Жоғары Кеңес ең өкілетті орган болып шыға келді. Содан, Жоғары Кеңес депутаттары Конституцияны, президент, министрлерді, олардың орынбасарларын сайлайтын құзырға ие болды. Билік қолдарына тиіп, депутаттардың дәуірлеп тұрған кезі. Осының салдарынан, көптеген қиындықтар туа бастады. Мәселен, бip министрді сайлау үшін әр депутат сан жаққа жүгіртіп, әркім өз кандидатурасын ұсынып, бip мәмлеге келе алмай айтысып жататын­ды. Әйтеуір, бұл жағдай ұзаққа созылмады. 1986 жылдан кейін Академияда қыруар өзгертулер болды. Алдымен А.Қонаев президенттігінен алынып, оның орнына М.Айтқожин келді. Вице­президент болып В.Сұлтанғазин, қоғамдық ғылымдар саласы бойынша, вице­президент орнына мен сайландым. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін Д.Қонаев та қызметінен босатылған кез еді. Осы оқиғадан бұрын XVI-­шы съезде сол кездегі министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде Ғылым Академиясының және оны басқарушы президенттің жұмысын қатты сынға алды. Содан соң Академияның атқарған жұмыстарын қайта қарау үшін, Москвадан арнайы eкi үлкен комиссия құрылды. Алдыңғысы жаратылыстану ғылымдарын тексерсе, кейінгісі 107 адамнан тұратын комиссия ғылымның барлық саласын түбегейлі тексеруге келді. Екіншiсі — 47 адамнан құрылған комиссия қоғамдық ғылымдардың жұмысын сараптауға кірісті. Украина Ғылым Академиясының вице­президенті осы комиссияның басы­қасында болды.

Бұл Жіберілген комиссиялар алдымен, жалпы Академияны тексеріп, одан кейін жеке­жеке институттарға баға берді Ол кезде Г.Колбин Орталық Комитеттің бipiншi хатшысы да, ал З.Камалиденов идеология бойынша хатшы болатын. 1987 жылдың күзінде жаратылыстану ғылымдарын тексергеннен кейін, кезек қоғамдық ғылымдарға жетті. Бұл саланы толығымен тексеріп біткенше комиссия мүшелерімен үнемі бipгe болып, олардың тиянақты жұмыс жасауларына жағдай жасауды өз мойныма алдым. Жұмыстың объективті жүруіне қызметкерлер де белсенділік танытты. Бірде мен комиссия мүшелерінің бip бөлігін epтiп, З.Камалиденовтың қабылдауына келдім. Жолыққан соң әлгілер өздерінің келген мақсаттарын айтып өтті. Ол кici маған: «Бұларға дұрыс жағдай тудырыңдар», — деп ілтипат білдіріп жатыр. Содан әңгіме біттi­ay деген уақытта комиссия мүшeci, Ғылым Академиясының корреспондент­мүшесі, тілші Ә.Р.Тәшенов З.Камалиденовтен: — Осы баяғыда, 1920­шы жылдары сіздерде Ахмет Байтұрсынов деген үлкен тілші болып еді. Соның тағдыры қандай болды? — деп сұрады. Бұл сұрақ әрине З.Камалиденовке ұнаған жоқ. Ол тосын сұрақты ұнатпағандай кейіп танытқанмен, тic жарып еш нәрсе айтпады. Сол уақытта Москвада үлкен демократиялық процестер жүріп жатқан. Ал Қазақстанда оншалықты өзгерістер әлі жоқ еді. Ә.Р.Тәшенов сол Москвадағы процестердің ықпалынан әлгіндей сұрақ қойды. Ceбeбi, Қазақстанда бұл кезде А.Байтұрсыновтың атын атаудың өзi қиын еді. Комиссияның мүшелері шығар кезде З.Камалиденов маған «қала тұр» деп ымдады. Аздан кейін ол: «Мына кici провокатор емес пе?» — деп сұрады. Мен: — Жоқ, ол кici үлкен ғалым. Академияның Тіл білімі институтында ол кісімен бәpi де санасады. Мына Москваға процестерге байланысты айтқан болар. Жасы үлкен болғандықтан А.Байтұрсыновты жас кезінен білетін шығар, — деп жауап бердім. Москвада қоғамды демократияландыру қозғалыстары жүріп жатқан тұста осыған негізінен қарсы Андрееваның мақаласы шықты. Өкімет басы М.Горбачев бастаған топ саяси­ демократиялық даму бағытын қолға алды. Москвада репрессияға ұшырағандардың барлығы ақталып жатыр, жариялауға, оқуға тыйым салынған кітаптар да шығып жатыр деген дүмпу Қазақстанға да жетті. Енді Қазақстан қашанғы жылы жабулы қазан сияқты тыныш тұра береді Біздің адамдар да қимылдауға кейін. Сөйтіп, өзіміздің ақтаңдақтарымызды ақтау, реабилитациялау мәселесін көтеру керек болды. Оған арнайы комиссия құрылып, мені төраға eтiп бекітті. Комиссия құрамына Ә.Кекілбай, С.Зиманов, Ә.Қайдаров, С.Кеңесбаев сынды ғалымдар, жазушылар кірді Комиссияны осы құрамда тағайындау туралы шешімге ККП І­ші хатшысы Г.Колбин қолын қойып, бізді өзіне шақыртып, бастамамыздың дұрыстығын қолдады. Ақтау жұмыстарын алдымен Ш.Құдайбердиевтен бастайтын болдық. Ceбeбi оның мәселесі бұрындары да бірнеше рет қозғалып, талай басылып тасталған. Алдында қаралған соң сараптау оңайға түсер деген оймен жұмысымызды осы кісінің құжаттары мен шығармаларынан бастадық. Комиссия Қазақстан Компартиясы бюросының ішінде жұмыс icтeгeн соң қажет құжаттарды, материалдарды еш кедергісіз пайдалануға құқылы едік. Содан Ш.Құдайбердиевтің жеке басына байланысты құжаттарды, анықтамаларды МКК­ден (Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті) сұратып алдық. Әдебиет және өнер институтынан оның 2 том көлеміндегі шығармаларын машинкаға басып берді. Семей обкомы мен Абай аудандық атқару комитетінен де талай нәрсені анықтайтын құжаттарды жинап сараптауға кipicтік. Хатшы маған асықпаңдар десе де, мен комиссияға жеделдету керек екенін айттым. Ceбeбi мен жас кезімнен Ш. Құдайбердиевтің шығармашылығымен танысып, бipaз дүниелерді білетінмін. Бi3 Қызыл еңбек деген ауылда тұрғанымызда, әскерден келген бip адам eкi дәптерге толық жазылған Шәкәрімнің «Қалқаман­Мамыр» поэмасын алып келді. Ол дәптерде бұл поэмадан басқа да өлеңдері бар екен. Ол кезде мен 8­шi кластың оқушысы едім. Кластастар бәpiміз әлгі поэманы бipiмiзден­бipiмiз алып көшіріп, түгелдей жаттап алдық.  Tiптi оның өлеңдерінде жаттап алып, мектепте айтып жүретінбіз. Бұл шығармалардың Шәкәрімдікі екенін, оның халық жауы ретінде атылғанынан хабарсыз едік. Mүмкін үлкендер осындай өлеңнің халықтікі ретінде таратып аман алып қалған болар. Ақынның осындай көптеген өлеңдері халық арасында айтылып жүрді.

Содан Шәкәрімге қатысты барлық материалдарды қолыма алып, демалыс уақытында қарындашпен сызып отырып, мұқият оқып шықтым. Біріншіден, комиссияның төрағасы ретінде мұқият болуым абзал, одан кейін Сәмет аға маған: «Әсіресе А.Байтұрсыновты тексергенде, шырағым, байқап абай бол. Басың кетуі мүмкін», — деген. Москвада мұндай комиссияны басқарушы СОКП Орталық комитетінің хатшысы, саяси бюро мүшeci А.Н.Яковлев. Қазақстанда осындай комиссияны басқару маған жүктелген. Олардың шығармаларын толық оқып шыққан соң өзімнің айналысып жүрген Кант, Гегель, Фихте, Шеллинг, Платон, Аристотель сынды идеалистермен салыстырып қарасам, Шәкәрім тіптi әулие екен. Орысша айтқанда «святой». Бұл кiciнiң өлеңдерінде орысқа немесе Кеңес үкіметіне тиіскен бip ауыз сөз жоқ. Шәкәрім өзi Абайдан кейінгі философиямен айналысқандардың бipi. Өлеңдерінде әcipece этика мәселесі, адамгершіліктің түрлі категориялары кеңінен қаралған. Сонымен қатар Шәкәрім Л.Н.Толстойдың досы болған екен. Оның 80 жылдық мерейтойына арнайы шақырылған алғашқы қазақ тіпті Шәкәрімнің Л.Толстойды қазақтың кейбір молдаларынан артық көрем деген өлеңдері де бар екен. Бұл кiciнің шығармашылығына шыңдап бойласаңыз, ол халқымыздың әлемдік өнерге, ғылымға ұмтылуына көп ат салысқан нағыз ағартушы. Сол кезеңдерде радио, телефон деген нәрселерің тұрмыста жаңа пайдаланып жатқан уақыт. Осының барлығын өлеңдерінe қосып халыққа уағыздаған. Қазақ халқы әлемнің ғылымын, рухани дүниесін игерсе деп армандаған. Содан бұл ойымды қалған комиссия мүшелеріне білдіріп: «Ол кiciнің шығармашылығы тек ағартушылық бағытта дамыған. Адам баласын ғылымға, білімге, адамгершілікке, эстетикалық ceзімгe шақыратын идеяны ұстанған. Ақын еңбегінің жастарды, жалпы көпшiлiктi тәрбиелеуде үлкен маңызы бар», — деген қорытындыға келіп, Орталық комитетке осыған байланысты көлемді анықтама әзірледік. Сөйтіп, өз ұсынысымызды ОК­ке апардық. Ол кезде Орталық Комитеттің мәдениет бөлімінің хатшысы Төлен Әбдіков болатын. Төлен бізгe өте жақсы көмек көрсетті. ОК­дегі өзге жігіттер де қолдау танытып, әкелген ұсыныс, анықтамаларымызды сәл қысқартып, өңдеп бюроға дайындасты. Шәкәpiм туралы қыруар материал жиналды, оның көбici шығармашылығына оң пікірін танытқан, тек МҚК­нің ғана құжаттары ақынды қаралап көрсетеді. Енді құжаттардың, анықтамалардың басым көпшілігі жақсы жағын ғана танытқандықтан, біз МҚК­нің «контрреволюционер» деген анықтамаларына қараған да жоқпыз. Сол кездің идеологиялық тұрғысынан қарағанның өзінде, Шәкәрім Кеңес үкіметіне қарсы болды деуге қисын жоқ. Содан анықтама материалдарымыз ОК­ге өтiп, осыған байланысты бюро өткізілетін болды. Өзіміз анықтаманың ОК­нің бюросына өткенше қуанып жүрдік. Біз оны жазу барысында нақты деректерге негіздеп, дәлелді eтiп әзірлеген едік. Сөйтіп, бюро басталып, сөзді комиссияның төрағасы ретінде маған берді. Мен қысқаша бәрін айтып шықтым. Ол бюрода былайша болады екен. Бастығы Г.Колбин төрде, ал қалған мүшелері үлкен, ұзын столдың бойына жайғасқан. Оның соңғы жағында тек заң бөлімдері отырады. Бiз шақырылғандар ретінде ортада орналастық. Мен Ш. Құдайбердиевтің кім екенін, шығармашылығы қандай, халықтың рухани өмірінде алатын орны жайында айтып өттім. Сөзімді аяқтағаннан кейін тек бip­eкi сұрақ болды. «Kiм сөйлейді?» — дегенде сол кезден МҚК­ның бастығы В.М.Мирошник орнынан тұрып: — Мына анықтама маған ұнамай отыр. Комиссия өзіне жүктелген жұмысты атқара алмады. Анықтаманың мазмұнымен келісуге болмайды. Ш.Құдайбердиев қазақ халқының мәдениетіне үлес қосқан ешқандай да ағартушы емес. Ол — контрреволюционер. Совет үкіметіне оқ атқан. Тек қана оқ атпаған, тіпті кулактардың көтерілісін бастаған. Сол қақтығыста қайтыс болған. Ал баласы Қытайға қашып кеткен. Алашорда партиясының мүшесi. Алашорда буржуазияшыл, ұлтшыл, контрреволюционерлер партиясы болған, — деп шыға келді. МҚК­нің бастығы осылай деген соң зал тым­тырыс бола қалды. Eшкім бip ауыз сөз айтқан жоқ. Сәлден соң Н.Назарбаев сөз бастап: «Біз неге үндемей отырмыз? Комиссияның бастығы бар емес пе? Сол кici жауап берсін»,—деді. Г.Колбин маған сөйлеңіз деген соң әдейі дайындағаным болмаса да, орнымнан ұшып тұрегелді: — Бұл анықтамада тек комиссияның ойы ғана емес, Семей обкомы мен Абай аудандық партия комитет берген материалдар ескерілді. Оның көтеріліске қатысы жөнінде 300 адамнан сұрадық.

Читайте также:  I - III ғасырлардағы Шығыс Хань мемлекеті

Олар Шәкәрімнің көтеріліске еш қатысы жоқ екенін дәлелдеп берді. Шәкәрімді Қарасартов пен оның орынбасары өлтірген. Атқанда сол иығына оқ тиіп, аттан құлаған сәтте ол: «Meнi начальниктеріңе апарыңдар»,—деген. Өз жандарынан қорыққан Қарасартов пен оның көмекшісі бұл кісінi сол жерде атып өлтіріп, денесін құдыққа тастапты. Мұны көрген қойшылардың бәpiн қорқытып, көтерілісте соғысып жүріп өлді деген жалған көрсету жаздырып алған. Сол кезде Шәкәрімнің жасы 75­те. Қандай қазақтың жетпіс бестегі шалы көтерілістi басқарады. Қарасартов пен көмекшісі бұл қағаздарды өз қолдарымен жазған. Хаттаманы да өздері жазып, қол қойған. Tiптi eшбip заңға сәйкес келмейді. В.М.Мирошник жолдастың айтып отырғанының бәpi қате. В.М.Мирошник жолдас, ciз бұл қызметке жаңадан келдіңіз. Cіздi жайсыз жағдайға қалдырып отырған өз қызметкерлеріңіз. Москвада үлкен Қайта құру ici жүргізіліп жатыр. Ал Қазақстандағы МҚК әлі сол баяғы қалпында, қайта құрылмай жүр. Бұл кісінің айтып отырғаны дұрыс емес, — деп сөзімді аяқтадым. Г.Колбин: «Басқа сөйлейтін кici бар ма?» — дегенде eшкім үндемеді. «Онда комиссияның сөзін қолдайық», — деді. Ш.Құдайбердиев ақталып, Академиядағы Әдебиет және өнер институтына бip жылдың ішінде бұл кісіні шығармаларын түгелдей жариялау жүктелді. Сөйтіп бiз бұл мәселеде жеңіп шықтық. Енді қоғамдық резонанс деген керемет болды. Егер де біз ұтылып қалған жағдайда мені партиядан шығарып, қызметімнен босатып жіберетін еді Сонымен қатар Ш.Құдайбердиевті ақтау пpoцeci де 3­4 жылға созылар еді. Артынша қайта құру басталды ғой. Ақтай алмаған жағдайда осы қайта құру кезеңінде бәpiбip ақтап алар едік. Бipaқ соған дейін бұл мәселе жабық күйінде қалуы мүмкін еді. Егер, сонда бәpiміз үндемей қалсақ соны қалай болар еді? Сондықтан да бұл үлкен жеңіс болды. Жиналыстан шығып бара жатып В.М.Мирошникке: «Мен өмip бойы В.И.Лениннің жұмыстарын түгелдей оқып, талдаған адаммын. Ол кiciнiң әр уақытта не жазғанын білемін. Саяси жағынан қате жіберуім мүмкін емес», — дедім. Ол: «Жарайды, жолдас Әбділдин, осыдан былай бipiгiп жұмыс істейтін болайық», — деді. кейін ол біздің ақтау жұмыстарымызға кедергі жасаған жоқ. Бұл оқиға кейіннен ақталғандарға да үлкен пайдасын тигізді. Ш.Құдайбердиевті ақтап алған соң қазақ зиялылары қатты қуанып, оның кітаптары бipiнeн соң бipi шығып жатты. Сол жылы жаз айларының бірінде ОК­ге қайта шақыртты. Бұл жолы Орталық Комитеттің: «Образовать комиссию к рассмотрению творчества М.Жұмабаева, Ж.Аймауытова, А.Байтурсынова», — деген қаулысы шыққан екен. Міржақып Дулатовты үшеуінен жеке алыпты. Мен бұрынғысынша комиссия төрағасы болып қала бердім. Қалған мүшелері де өзгермей сол қалпында қалды. Бұл ақталатындардың ішінде ең ауыр тиетіні, әрине, Ахмет Байтұрсынов. Алдымен Әдебиет және өнер институтының ғалымдарын шақырып алып, осылар жөніндегі бүкіл материалды жинатқыздық. Бipaқ Қазақстанда тек Мағжан Жұмабаев туралы ғана дүниелер бар екен. Ал Ахмет Байтұрсынов пен Жүсіпбек Аймауытов туралы материалдар болмай шықты. Енді мұнда болмаса ол тек Ленинградтың кітапханасында ғана сақталуы мүмкін. Көрдіңіз бе, Ленинградта бұрыннан­ақ қазақтар туралы материалдар жиналып келген. Содан бірнеше ғалымды ic­cапapмeн Ленинградқа аттандырдық. Олар бip­eкi айдың ішінде М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың кітаптарын, А.Байтұрсыновтың еңбектерін түгелімен жинап алып келді. Жұмысты алдымен Мағжанның материалдарын сараптаудан бастадың. Бұрынғы тәжірибемізге сүйене отырып, үшeyiнe де партия тарихынан, МҚК­ден материалдар сұрап, көп нәрселерді анықтадық. Мағжанды білетін адамдар да өздерінің ойларын айтып кетіп жатты. Біздің алдымызда 5­6 жыл бұрын Мағжанның шығармалары ОК­ның құрған комиссиясында қаралып, олар буржуазияшыл, ұлтшыл деген қорытынды жасаған. Ол комиссияны басқарған өзіміздің белгілі жазушымыз Әбділдә Тәжібаев. Комиссияның құрылу ceбeбi, башқұрттың ақыны Сәйфи Құдаш деген кici 1970 жылдардың басында Д.Қонаевтың атына хат жолдапты. Ол хатында: «Мағжан Жұмабаевпен мен түрмеде бipгe болып едім. Ол кiciнiң шығармашылығын жақсы білемін. Бұл кici үлкен ақын. Оның шығармаларында біздің идеологиямызға қарсы келетін нәрсе жоқ. Ол кiciнi ұлтшыл деп айыптауға болмайды», — деп дәлелдеп жазған екен. Сөйтіп, Орталық Комитет біздің жазушылардың атынан комиссия құрып, «Мағжан ұлтшыл, оның шығармаларын жариялауға болмайды», — деген тұжырымға келген. Ал біздің комиссияға қайта келіп түскен Мағжан туралы материалдарды мен түгел қарап шықтым. Партия тарихы берген анықтамаларда Мағжанға тек қара бояу жағып, оның қателерін көрсеткен. МҚК­нің көзқарасы да белгілі. «Буржуазияшыл, ұлтшыл, Алашорданың мүшесі, Кеңес үкіметіне қарсы, өлеңдерінің бәpi социализмге қарсы» дегеннен басқаны жазбайды. Ол кезде осындай мазмұндағы құжаттар бергеннен кейін, комиссия құрамындағылар да қорқады. Өйткені, 1988 жылдары заман қиын болатын.

Алдында ғана, Желтоқсан оқиғасына байланысты «Қазақстан ұлтшылдығы» деген СОКП Орталық Комитетінің қаулысы шыққан болатын. Дегенмен, бұл уақытта сәл де болса, жариялылыққа, өткенге жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік туған еді. Қазақстанда осындай құбылыс жаңадан бой көтере бастағанда, Москвада мұндай бетбұрыс еркін жүріп жатқан. Мағжан өлеңдерінің эстетикалық жағына, ондағы адамгершілік мәселесіне, әдемі лирикасына, оның үлкен ақындығына eшкім шек келтірмейді. Өз кейінгі өлеңдерінде сол тұстағы кейбір шараларды қолдап, мен жалпы халықтың жағындамын, ұлтым үшін, халқым үшін жан садаға деп жырлаған. Мәселен, «жүзден тоқсан садаға, мен соңғының iшiндe» деп жазған тұсы осы кез. Сонымен қатар оның өлеңдерінде сол заманның идеологиясына, таным­ түсініктеріне қайшы тұстар да бар. Оларда Мағжан билік басындағылардың кең сахара қазақ даласын мекендеген жұртшылықтың өзіндік этномәдени ерекшеліктерін ескермегенін, табиғат пен қоғам, ел, халық тұтастығын бұзу, иелерінің тынысын тарылтып экологиялық апатқа апару сияқты мәселелерді қозғаған. Мысалы, бip өлеңінде: «Жолбарыс жортатұғын cap даламда, Өңкей шошқа, доңыздар толып кетті», — деген жолдар бар. Қайсыбір өлеңдеріндегі шарасынан асып төгілердей патриоттық сезімдері ұлтшылдық, түрікшілдік деп бағаланған. Бipaқ бiз ол жағын ескермей, Мағжан ұлы ақын, Абай идеалдарын әpi қарай жалғастырушы, дамытушы, қазақ халқының рухани дүниесі мен мәдениетіндегі зор құбылыс деп дәлелдедік. Мағжан Жұмабаев материалдарын тексеру барысында, сараптау жұмысында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері белсенді қатысты. Ол кезде институт директоры Шерияздан Елеукенов еді. Кейін бұл кici Мағжан Жұмабаев туралы кiтaп жазды. Бәpiмiз келісе, кеңесе отырып, Мағжанға қатысты материалдарды терең сараптап, комиссияның жалпы қорытындысын жазып, Орталық Комитетке тапсырдық. Мағжан туралы мен ертеде де еміс­еміс еститінмін. Tiптi оның махаббат лирикасын кейбіреулер жатқа білетін: Сүйші, сүйші, сүйші сәулем тағы да Ыстық жылы қан тарасын бойыма. Бұл ләззаттың бip минутын бермеймін, Патша тағы, қулығы дүние малына, — деген әдемі өлеңдерін мектепте оқып жүріп білетінбіз. Мағжанның ақындығы, жанының тазалығы, халыққа деген сүйіспеншілігі, орыс ақын­жазушыларымен дос болуы — ол әрине cөзciз. А.М.Горькийдің әйелі Е.П.Пешкова Мағжанға араша түскен кici. Осының барлығын еш нәрсе қалдырмай әлі анықтамада жан­жақты келтірдік. Әcipece кейін көздеп шығармаларында ақын біржола халықтың позициясына шыққандығын баса көрсеттік. Осындай мәселелерді жазбасақ Мағжанды ақтау оңай болмас еді 1988­шi жылдары қазіргідей демократия мен epкіндік әлі қалыптаса қоймаған еді. Бұл анықтамада Мағжанның ақындығымен қатар ағартушылық еңбектері, педагогикадан оқулық жазғаны, психологиядан, социологиядан кітаптар аударғаны, ғылыми терминдер жасағаны баса көрсетілді. Мағжанмен қатар Ж.Аймауытовты да ақтау жұмыстарын жүргізіп, тарих институтының қызметкерлерін қатыстырдық. Ол кезде тарих институтының директоры Манат Қозыбаев болатын. Манаштың өзi де белсене кipicтi. Тарихшы ғалымдарды да Москва, Ленинград кітапханаларына жіберіп, Ж.Аймауытовтың барлық еңбектерін жинаттық. Біз ол кезде Ж.Аймауытовты білмейді екенбіз. Материал жинау барысында Ж.Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек» сияқты шығармалары және марксист: тұрғыдан жазылған әдебиет турасындағы мақалалары қолымызға тиді. Комиссия мүшeлepi Ж.Аймауытов кітаптарын тез оқып шықты. Ол кісінің «Ақбілек» романын аса қызығып оқыдық. Идеясы жағынан көркемдік жағынан, ішкі құрылысы, психологияға терең бойлауы романның ерекше шығарма екендігін көpceттi. Бұл сол кезден үлкен талант иесінің жазған құнды туындысы екеніне көзіміз жетті. Енді осы азаматтардың ішіндегі ақтауға ең қиыны ол — Ахмет Байтұрсынов. Олай дейтін ceбeбiміз, А.Байтұрсынов тек ғалым, ақын ғана емес. Ахмет — Алашорда мемлекеті мен Алаш партиясының лидері идеологы һәм көсемдерінің бipi. Әлихан Бөкейхановтармен қатар жүрген адам. Tiптi кей уақытта бұл кісінің деңгейі басым болмаса, кем емес. Жоғарыда айтқандай, бұл кici туралы мәліметтер мен еңбектерін тілші ғалымдар арқылы Ленинградтан алдырдық. Tiптi оларды ел арасына іссапармен жіберіп те көрдік. Бipaқ мардымды еш нәрсе табылмады. Ол кезде халық А.Байтұрсыновтың кітаптарын, құжаттарын сақтап ұстауға қорықса керек. Бұл кісінің материалдары мен еңбектерін бүкіл комиссия мүшелері түгелдей оқып шығып, оның қазақ грамматикасын тұңғыш зерттеуші, осыған байланысты терминдерді енгізуші ғалым екендерін дәлелдедік. Біз бұл жөнінде анықтамада мықтап жазып бердік. Біpece, тілге тиек еткеніміз ол кісінің Ленин, Сталиндермен кездесіп айтқан ойлары.

Читайте также:  ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ РЕСМИ ІС-ҚҰЖАТТАРДЫҢ ЖАЗЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Ол туралы Ахмет: «Ленинмен кездескенде біз өзара жақсы түсінеміз. Ал жергілікті коммунистермен ондай тіл табыса алмаймыз», — деп жазған екен. Ленин ол кісінi түрлі­түрлі комиссияларға, үкімет орындарына басшылыққа жіберіп, өзi жолдама бepiп отырған. Ал енді оның поэзиясына келетін болсақ мұнда ешқандай ұлтшылдық дейтіндей тұстары жоқ. Ол өзге халықтардың шығармаларын барынша насихаттаған адам. И.А.Крыловтан «Қырық мысал» аударғаны белгілі. Бұдан өзге де бірнеше жазушылардың шығармаларын тәржімалаған. Ахаң орыстың ipi жазушылары туралы тамаша ойларын айтып, қазақ пен орыс мәдениетін ұштастыруға тырысқан. Орыс мәдениетінен жиренуден аулақ болған. Ахмет Байтұрсынов — Абайдың ақындығы жөнінде алғаш мақала жазған адам. Бұл кici Кеңес үкіметі орнағаннан кейін лауазымды қызметтер атқарған. Ахметке ұлтшыл немесе Кеңес үкіметіне қарсы деген айып тағылады. Ол өз кезінде «Ағалар алқасы» деген үйірме ұйымдастырған екен. Ахаң бip мақаласында: «Біз, ұлтымыз, халқымыз деп өскен адамдармыз. Бізге бейбауыр бол дейді. Қалай біз бейбауыр боламыз? — деген екен. Ол кезде интернационализм деген ұғымды «бейбауыр» деп аударып жүрген. Бұлай деп түсіну әрине ұлтжанды азаматтарға қиындық туғызғаны сөзсіз. Сондықтан олар мұндай тepic ұғымды ашық қабылдай алмаған. Ал Ахаңның тіл біліміне, әдебиетке қатысты жазғандарында сол кезден мәдениетке, көзқарасқа қарсы еш нәрсе жоқ. Tiптi ол кісінің «Қырық мысал», «Сары маса», т.б. шығармаларында идеологияға кереғар ойлар жоқтың қасы. Сөйтіп, комиссия осының бәрімен таныса келіп, бұл кісінің eңбeктepiнің пайдасы мен маңызы өте зор деген шешімге келдік. Басында жазған анықтамамыз 40 бeттiң шамасында еді, содан мен қайта басынан аяғына дейін оқып шығып, түгелдей нақтылап, марксистік концепцияға қайшы келмейтіндей етіп, 10 бетке қысқарттым. Ceбeбi бip сөзіміз артық оғаш айтылатын болса, ол кісіні ақтау қиындыққа түседі. Оңайлау деген Ш.Құдайбердиевтің өзін әрең ақтап шықтық қой. Сондықтан анықтамамыздың әpбip сөзіне, үтір­нүктесіне мұқият болдық. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бізгe қарсы екенін білеміз. Өйткені бұл комитет үшеуіне де кepi пікіp білдірді. МҚK­нің анықтамасында үшeyi «ұлтшыл, Алашорданың мүшeci, контрреволюционер» деп қаралағаннан өзге сөз жоқ. Сол сияқты партия тарихы институты да А.Байтұрсынов жөнінде бұрыс пікірлерін қосып берді. Бiз анықтамамызда олардың берген материалдарын онша ескерген жоқ. Олардың жазып бергендерімен бұрыннан таныс едім. Анықтамада негізінен А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерін, қоғамдық саяси қызметін, орыс мәдениетін насихаттаушы, В.И.Лениннен жолдама алған дегеннің асыра жазып, қалып бояулармен сипаттауға тырыстық. Ол кісінің көптеген шығармалары мүмкіндігінше бip жыл iшiндe жарық көрсін дегенді ұсындық. Сол уақыттарда Қазақстанның саяси өмірінде бipaз өзгерістер болып жатты. З.Камалиденовтың орнына Өзбекәлі Жәнібеков, Устиновтың орнына Мырзатай Жолдасбеков тағайындалған. Бұл кісілердің комиссия жұмыстарына көзқарастары дұрыс еді. Осы кезде бiз де ақтау жұмыстарын аяқтап қалғанбыз. Өзбекәлі ол уақытта кішкене сақтық жасап, бip демалыста мені және Романов дегенді кабинетіне шақыртып алды. Содан екеуімізден Ахан өлеңдерінің мазмұн­мағынасын тіптi емтихан алғандай сұрады. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, бюроның алдында ұятқа қалмайық дегені ғой. Ceбeбi Шәкәрімнің мәселесі қалай шешілгенін ол кici жақсы біледі. Сөйтіп анықтамамызды жан­жақты қарай, әpбip сөзіне ерекше мән беріп оқып шықты. Eндi өзімізде де аздаған қорқыныш бар. Бұл жолы үш адамды ақтайық деп отырмыз. Одан кейін А.Байтұрсыновтың халыққа белгісіз бip мәселелері болды. 1929 жылы партияның XV съезінде Бухаринді әшкерелеуге байланысты үлкен айтыс болды. Сол жөнінде Ахан өзінің Қостанайдағы бip бажасына мынадай хат жазыпты: «Мынау большевиктер өзара бip­бipiмен айтысып­тартысып жатыр. Сендер қапыда қалмаңдар», — деп жолдапты. Осы хаты МҚК­нің қолына түcyi мүмкін ғой. Бұл жерде Ахан аңқаулық танытқан. Жазған хаттарының бәpi тексерілетін болғандықтан, мұндай нәрсені жазуға болмайды ғой. Біз енді «Ән айта алмайтын айғайға басады» демекші, Аханның Ленинмен кездескен жерлерін, оны қолдаған тұстарын баса айттық. Ceбeбi, онсыз ақтап алу өте қиын.

Сөйтіп қорытындының бәpi біткен соң, мен В.М.Мирошникпен кездесіп: «Біздің жасап жатқанымыз бip мәселе. СОКП­ның Орталық Комитетінің тарихқа объективті түрде қараңдар деген нұсқауы бар. Сталин заманында тарихты бұрмалаушылық болғанын өзіңіз жақсы білесіз. Сондықтан қазір Москвадан көп сұраныс түсіп, тыйым салынған кітаптар, репрессияға ұшыраған адамдар ақталып жатыр. Ал бізде бұл мәселенің шешілуі қиындау болып тұр. Өзіңіз білесіз, Пікірімді зорға ақтадық. Бұл ақталайын деп отырған киллердің рухани дүниелері керемет. Олар орыстың көптеген көрнекті адамдарымен дос болып қатар жүрген. М.Жұмабаев Ресейдің көптеген ipi ақындарын үлгі тұтқан. А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытовтар да осындай дәрежедегі адамдар. Олар ешқандай ұлтшыл емес. Барлығы Абайдың шәкірттepi. Абай қазақ халқын орыс халқымен достыққа қаншалықты шақырып үгіттесе, бұл азаматтар да осындай бағытты ұстанған», — деп түсіндіргеннен кейін, бұл қайтып бюрода қарсы пікіp танытып сөйлемеді. Біз бұл мәселе бюрода қалай талқыланады, қандай кедергілер болады деп уайымдап жүргенімізде, ол оңай ­ ақ өтіп кеттi. Ceбeбi МҚК­ның бастығы бұл жолы үндемеді. Бұдан былай өзгелерді ақтаған кезде, осы кісімен алдын ­ ала жолығып сөйлесіп жүрдім. Және өзінің бipгe жұмыс істейік деген ұсынысы бар еді ғой. Кейін ол ешқайсысына да қарсы болған жоқ. Шынын айтқанда, ол кісінің білетін материалдары шамалы ғой. Ceбeбi ол Новосибирскіден бе, әйтеуір, 6ip жерден келген адам. МҚК­нің қызметкерлері қандай мәлімет берсе, солардың қате мал емдеулері бойынша сөйлеп отыр. Мен оған Москвада жүріп жатқан саясатты біздің жергілікті адамдарға түсіндіріп беру керектігін айттым. Ол өзi де қарсы болмады. Yшеyi де ақталған соң біздің қуанышымызда шек болмады. Мен бip жағынан өзімнің осы арыстарымызды ақтауға тікелей қатысқаным үшін тағдырыма дән ризамын. Әрине, кейін олар менсіз­ақ ақталар еді ғой. Бipaқ мен дәл 1987­ 88 жылдары ақтау жұмыстары бойынша құрылған комиссияны басқарғанымды өзім үшін үлкен мәртебе санаймын. Әуелі әрине сескендік, дегенмен нәтижесі оңды аяқталды. Басында жұрттар: «ОК­нің хатшысы неге басқармады. Москвада А.Н.Яковлев басқарып отыр ғой. Неге саған басқартады?» — деген. Мен оған: «Бұл Компартияның Орталық Комитеті бюросының қабылдаған шешімі. Мен оларға неге мeнi басқартасың деп айта алам ба? Сайланған соң қызметіңді атқаруға міндеттісің», — деп жауап беретінмін. Енді маған тапсырма берген соң орындауым керек емес пе? Бұлардың барлығын ақтап алғаннан кейін, Міржақып Дулатовқа да кезек келді. Бұл кісіні ақтау бiзгe өте қиынға соқты. Ceбeбi сол кезде ел арасында Міржақып Дулатов Амангелдіні өлтірді деген қауесет сөз тараған екен. Амангелді өлерінің алдында «Міржақып» деп қанымен жазып кетіпті дейді. Сол ceбeптi халық Амангелдіні өлтірген Міржақып деп ойлаған. Бұл кісінi көшеге қалдыру ceбeбiміз де осы. Комиссия жұмыстарына әдебиетші, тарихшы, философ мамандарды қатыстырып, ол кici туралы қандай материал бар, соның барлығын жан­ жақты тексердік. Міржақыпты ақтайтын, қаралайтын нендей құжаттар бар екен деп іздестіруге кірістік. Заң қызметкерлері де комиссия жұмыстарына қатысты. Әдеттегідей қызметкерлерімізді Ленинградқа аттандырайық деп жүргенде, бip күні хатшым келіп: «Ciзгe бip кici келіп отыр.

Міржақып Дулатовтың қызымын дейді, — деген соң: «Kipciн», — дедім. Бұл кiciмен мен өзім Абай көшесінде бip үйде тұрғанмын. Ол кici Қазақ энциклопедиясында орынбасар болып қызмет істейтін Сатыбалдин дегеннің әйелі. Содан Ғұлам апай менің қабылдауыма келіп: — Жабайхан шырағым, мен Міржақып Дулатовтың қызымын. Осындай реабилитация жұмыстарының жүріп жатқанын естіген соң комиссияның төрағасы деп ciзгe әдейі келдім,— деді. Мен: «Жақсы, келіңіз. Сіздің келгеніңіз өте жақсы болды. Бізге кейбір деректерді түсіндіріп, айтып бepepciз», — десем, ол кici деректерді айтқаны былай тұрсын, бүкіл Міржақып Дулатовтың материалдарын сақтаған екен. Содан маған: «Менде әкемнің барлық материалдары бар. Мен әкемнің ақталатынына сенгенмін», — деді. Ғұлам апай әкесін алып кеткен уақытта 12­ақ жаста екен. Шешесін де қоса алып кетіптi. 12 жасар қыз әкесінің бүкіл кітаптарын, құжаттарын бip қорапқа салып, орыс жолдас қызының үйіне тығып қояды. Жолдас қызына заттарын біреулерден сескенгеннен әкеліп отырғанын айтқан соң, әлгі бұның қандай материал екендігін білместен келісімін береді. Орыс қыздың шешесі де еш нәpceнi сезбейді. Қорапты жақсылап тұрып жауып, сол жерге тастап кетеді». Сөйтіп ол кici тiптi жолдасы Сатыбалдинге де айтпаған. Ceбeбi ол партия қызметкерін энциклопедияның орынбасары, өте белсенді адам болған. Міржақып Дулатовтың материалдары өз үйінде сақтаулы екендігін білсе, оның құптамасы, келіспесі, қарсы болары анық. Ғұлам апай радио, теледидардан жиі сөйлейтін. Мен өзім де ол кici жөнінде талай айтқанмын. Өзім осы күнге дейін ол кiciгe үлкен құрметпен қараймын. Өзiңiз ойлаңыз, 12 жасында халық жауы болып кеткен әкесінің материалдарын үйлері конфискациядан өтсе де, ешкімнің қолына тигізбей тығып қойған. Апайдың барлық материалдарды алып келгені біздің комиссия жұмысын едәуір жеңілдетті. Әйтпесе бiз бұл материалдарды Ленинградтан іздеп, қаншама уақытымыз кетер еді. Ал, Ғұлам апай барлығын тап­тұйнақтай қылып комиссияға ұсынды. Әкелген материалмен түгел танысып шықтық. Міржақып Дулатов Алашорда партиясының белсенді қайраткерлерінің бipi болған. 1911 жылы қазақ әдебиеті деп алғашқы роман — «Бақытсыз Жамалды» жазған. Өзi Казаньда білім алып, көптеген кереметтей шығармаларын жариялаған. Соның iшiнде «Жұт» деген өлеңі мен әкемнің аузынан ecтiгeнмін. Мен жұт жөнінде жазылған талай шығармаларды көрдім. Бipaқ Міржақып Дулатовтың сол бip ғана өлеңінде қазақ жұтының барлық сипаты, трагедиясы керемет көрсетілген. Ол кici тек ақын­жазушы, саяси қайраткер ғана емес, сонымен қатар математика және тағы басқа ғылымдардан еңбектер аударған. Осы күнде ол кісіні кейбір жұрттар математик деп жүр. Бipaқ Міржақып математик емес. Ол кезден қазақ зиялылары халықты ғылымға баулу үшін өзге тілден математика, биология, медицина саласындағы кітаптарды, оқулықтарды аударған. Осындай аудармашылардың бipi Міржақып Дулатов. Бұл кici газетте редактордың орынбасары болып, Кеңес үкіметіне бірталай қызмет еткен адам. Сөйтіп, комиссия мүшелері бұл кісінің шығармалары мен еңбектерін түгелдей қарап шыққан соң Амангелдіні өлтірді деген сөз қайдан шықты, осыны анықтай бастадық. Бұл кісінің Амангелді өліміне еш қатысы жоқ екен. Оны өлтірген басқалар және мүлде өзге жағдайда болған оқиға. Міржақып өлтірді деген мынадан шыққан көрінеді. «Амангелді» cпeктaклi жүріп жатқан уақытта актер Қапан Бадыров Алашорданың ба, әлде орыстың ақ офицерінің pөлін ойнап тұрып, үстіндегі киімін Міржақыпқа ұқсатып киген екен. Міржақып тipi кезінде басына түpкi қалпақ, сәнді киінетін, әдемi адам болса керек. Соны көрген жұрт: «Ә, Амангелдіні өлтірген Міржақып екен ғой» деп ойлаған. Оған ешқандай дәлел жоқ. Біз бұның барлығын тексеріп шықтық. Ал енді Міржақыптың ақындығына келетін болсақ, ол Абай идеяларын ары қарай дамытушылардың бipi. Енді бұл кiciгe орыс пен қазақтың мәдени байланысын нығайтуға қарсы ықпал жасаған дейтіндей ешқандай айып тағуға болмайды.

Читайте также:  «Жарғы» - Eciм ханның мұрасы

Жалпы қазақ зиялыларының ешқайсысы да орысқа қарсы болмаған. Әрине патшаның зұлымдығына, оның маңайындағы түрлі шенеуніктердің озбырлығына қарсы шыққан. Бipaқ орыстың әдебиетіне, Л.Толстой, Ф.Достоевский, А.Пушкин, Ю.Лермонтовтарға, орыстың мәдениетіне, философиясына еш уақытта қарсы болмаған. Осының бәрін бюроға өткізетін анықтамамызға дәлелдеп тұрып жазып берген соң, бұл кici де ақталды. Халық жақсы қабылдап, ол туралы әр түрлі мақалалар жарық көре бастады. Ақтау жұмыстары аяқталып әділ шешімін тапқаннан кейін, 1989­90 жылдары тағы бip мәселе пайда болды. Орталық Комитеттен Олжас Сүлейменовтың шығармашылығын қараңдар деген тапсырма келді. Олжастың «Азия» кітабы сынға ұшырап, Орталық Комитеттің осындай қаулысы шықты. Бұл мәселені тексеру үшін бұрынғы комиссия құрамына бipaз жаңа адамдар кіргізіп, қайта шақыртты. Бұл мәселе бұрын 1975 жылы да қатты көтерілген­тін. Мен оны өзім жақсы білемін. Ол кезде мен институт директорымын. Осы жылы мен Индияға кетейін деп жатыр едім. Олжас Сүлейменовтың «Азиясын» түгeлiмiз оқып шыққан соң, институттағы жігіттер, оның ішінде Мұрат Әуезов: «Олжастың кітабын талқылаймыз. Директор ретінде ciз қалай қарайсыз?» — деді. Оған мен: «Жарайды, талқылайық. Қарсы емеспін. Олжастың өзін де шақырайық», — деп келісімімді бердім. Олжастың кітабы ол кездегі саяси көзқарас бойынша дұрыс емес деп бағаланып, бipaз қиын мәселелер тұрды. Содан Мұрат Әуезов бастаған жігіттер жұрттың барлығына осындай күні мынадай тақырыпта талқылау болады деп хабарлап қойыпты. Сол екі ортада Москвадан есімде қалса, «Московский комсомолец» және тағы да бip журналда Олжасты сынайтын екі бірдей рецензия шықты. Ол рецензияларда Олжасқа тарихты бұрмалады, айтқанының бәpi дұрыс емес, орыс пен қазақтың достығына нұқсан келтірген деп жала жапқан. Енді мұндай кітапты оқығаннан кейін, мен институт директоры ретінде әлі кітаптың әpбip әрпіне шұқшиып оқып шықтым. Ceбeбi, Москвада бұл жөнінде үлкен дүмпу болып жатыр. Институтта мұны талқылайық деп отырмыз. Бұл туралы Орталық Комитетте де сұрайтынын білемін. Сондықтан мен ол кітапты оқып шығып, мынадай тұжырымға келдім: «Олжас бұл мәселеге тарихи тұрғыдан келген. Бұл әдicтi Маркс те, Ленин де қолданған. Мен сол өзімнің үйренген әдісіме салып: «Олжастың ойлары марксизмге қарсы емес. Маркс қандай да болмасын мәселеге тарихи тұрғыда қарау керек деген. Мәселен, XVIII ғасырдан бастап алатын болсақ, Ресей үлкен империя ретінде белгілі. Ал, қазақ және тағы басқа түрік тектес халықтар орысқа бодан болды. Үлкен мәдениеттен айырылды. Әрине, туристер де бip заманда өте күшті империя болған. Бipaқ дүние кезек дегендей. Ал енді Олжастың: «Орыс княздары өз алдына дербес бөлек болғаннан кейін далалықтардан әлсіз болған. Орыс ылғи да күшті, мәдениеті жоғары», — дегені, Лениннің көзқарасына қайшы. Ленин: «К любому вопросу надо подходить исторически. Как она возникла? Как развивалась? Чем стал?» — деп айтқан», — деген сөздермен Олжасты ақтап жатқаным ғой. Сөйлейтін сөзімнің жоспарын жасап, мәтінін әзірлеп қойдым. Бұдан құтылып кете алмайсың. Өзім де: «Ертең Олжастың кітабын талқылаймыз», — деп, рұқсатымды бергенмін.

Енді оларға: «Сендер оны талқыламаңдар» деп айта алмаймын. Сөйтіп талқылауға дайындалып жатқан кезде, қалалық комитеттің хатшысы Санжар Оразұлы Жандосов маған телефон соғып: — Жабайхан Мүбәракұлы, бізсіз де бip семинар өтеді дегенді естідік. Олжастың кітабын талқылаймыз деп жұртты шақырып қойыпсыздар, — деген соң, мен: — Иә, осындағы жігіттер, Олжастың кітабын талқылайық деген соң рұқсат бердім. Біз ол кітапты талқылағанда тек мақтайын деп отырған жоқпыз. Оның маңызын, құндылығын, жаңалығын объективті түрде қарап, сын ­ ескертулерімізді айтпақшымыз, — дедім. Оған әлгі кici: — Орталық Комитеттен телефон шалды. Ciз бұл семинарды болдырмауыңыз керек, — деді. Менің де жастау кезім ғой. Мен бірден қызбалыққа салынып: — Олай істей алмаймын. Кеше ғана олардың барлығына рұқсат бергенмін. Сондықтан да мен шешімімді өзгерте алмаймын. Ыңғайсыз ғой. Ciз өзіңіз ойлаңыз, кеше ғана қызметкерлермен осы кітапты талқылауға келісіп, бүгін болдырмауым мен үшін ыңғайсыз, — деп өтініш білдірдім. Сонымен қатар оны қалай талқылайтынымызды түсіндірдім. — Біз марксистік методологияны білмеген соң тұрғыдан талқылаймыз, — дедім. — Жақсы, сен онда араласпай­ақ қой. Бұл мәселені өзіміз шешеміз, — деген соң, мен үндемедім. Бipaқ ішімнен уайымдап тұрмын. Ceбeбi ол кезде партиялық ұйымға қарсы келу дегеннің өзi ыңғайсыз. Коммунист ретінде мен оған бағынуым керек. Енді мен бәрін де дәлелді түрде айтып бердім. Содан олар мынадай тәсіл тауып алған екен. Біздің философ жігіттердің барлығы қалалық комитеттің методологиялық семинарының мүшелері. Комитет бірден ертеңіне методологиялық семинарлар консультанттары мен жетекшілерін кеңеске шақыртады. Телефон соғып: «Міндетті түрде осындай жиналысқа келіңдер», — деген соң, бұлар бірден семинарды тастап, жаппай қалалық комитетке кетеді. Сөйтіп талқылауымыз болмай қалды. Бipaқ мен өзімнің осы кітап жайындағы ойымды бұдан кейін баспасөз бетінде жарияламағанмен, әркімдерге айтып жүрдім. 1989 жылы мен Олжастың мәселесін тексеретін комиссияның жетекшісі болдым. Комиссия құрамында негізінен шығыстанушылар қатыстырылды. Сөйтіп комиссияға салып кітаптың дұрыс­бұрыс тұстарын талдап, қорытындысын әзірледік. Kітaп методологиялық жағынан дұрыс зерттелген. Кемшіліктері де жоқ емес. Одан кейін Олжас тарихқа өз пікірін білдіруге құқылы. Бұл кітап жөнінде Орталық Комитеттің тұжырымдары, әрине, дұрыс емес. Сондықтан, мен: «Осыдан былай Олжастың кітабы идеологиялық жағынан ақталсын», — деген 10 беттей қорытындыны Орталық, Комитет бөлімшеге тапсырып, бюроны күттім. Ол кезде бірінші хатшы Н.Назарбаев болатын. Бұл менің осы кісінің алдында алғаш рет шығуым. Олжастың кітабы туралы өз ойымды баяндап болған соң маған бұл мәселе төңірегінде көптеген сұрақтар қойылды. Нұрекеңнің өзi де: «Мынасы қалай? Мына жағы қалай?» деген сияқты түрлі сұрақтарын жаудырып жатты. Бipaқ мен принципті түрде: — Бұл кітапты жан­жақты алып қарағанда, негізінен ғылыми тұрғыда жазылған. Деректерінің барлығы объективті түрде берілген. Бipaқ бұл мәселе жөнінде ғылымда әр түрлі көзқарас қалыптасқан. Мәселен, ғылымда біреулердің айтқаны қатып қалған қағида емес. Ол көзқарастың өзi де дұрыс болмауы мүмкін. Өйткені, олардың ойынша бүкіл тарихта орыс ұлы халық. Сол ceбeптi осындай ұлы халыққа дала мәдениетінің әcepi болуы мүмкін емес деп есептейді. Олардың көзқарасы бойынша тек орыс халқы ғана басқаларға үлгі көрсетіп, ықпал ете алады. Өзге халықтың орыс мәдениетіне әсер ете алатындығы олар үшін нонсенс. Бұларша орыс халқы тек Франция, Германия, Англия сияқты батыс европалықтармен ғана мәдени байланыс жүргізеді. Дегенмен, бұл пікіp теориялық жағынан дұрыс емес. Диалектика заңдылығына да кереғар. Мәселен, кереметтей ежелгі грек мәдениеті қaзip қайда? Александр Македонскийдің, Шыңғысханның, Батудың жаулап алған империялары ше? Рим немесе Алтын Орда тәрізді толып жатқан мемлекеттер қайда? Сол сияқты далалық көшпенділер де бip кезде дүниені жартылай билеп тұрғаны тарихқа мәлім. Әрине, кейін орыс мемлекеті күшейіп, XVIII—XIX ғасырларда Орта Азия түгелдей орыс мәдениетінің әсерінде еді — деп сұрақтардың бәpiнe ғылыми тұрғыдан дәлелді, тарихи фактілерге негізделген жауаптар айттым. Содан бұл кітапты идеологиялық тұрғыдан ақтап, Олжасқа айтылған сынның барлығы теориялық жағынан дұрыс емес деген комиссияның шешімімен толықтырдым. Оны Н.Назарбаев бастаған Орталық Комитет мүшелері дұрыс деп тауып, қолдайтындығын білдірді. Бiз де оған қатты қуанып қалдық.

Оставить комментарий