«Аласталған теке» тұжырымының семантикалық мағынасы

Сіз бұл жетілген кезең жөнінде өзге белгі арқылы «аласталған теке» атауын қолданып атаған едіңіз… Р.Ж.: «Аласталған теке» сөйлемі Вульгатаның caper emissaries сөйлемінен шыққан, ол apopompaios грек сөзінің еркін пайымы: «қатерлерді жоюшы». Бұл соңғы атаудың езі Септуагинта аталатын Библияның грекше аудармасында еврей мәтінінің еркін пайымы, оның дәлме дәл аудармасы: «Азазельге аталған». Әдетте Азазель шөл далада тұратын ескі жынынң аты деп саналады. «Левиг» кітабының XVI тарауыңда объекті теке болған ритуалды әрекет былай суреттеледі: Аарон қолдарын оның басына қояды және оған Израиль тұқымдарының барлық күнәларын, олардың барлық қылмыстарын және барлық күнәсін жүктейді. Оларды текенің басына жүктегесін ол оны күтіп тұрған бір адамға ертіп шөл далаға апарғызады; және теке өзінің үстіндегі барлық күнәларды шөл далаға алып кетеді. (Левит, 16, 5­10). XVIII т. Бастап зерттеушілер және әуестенушілер еврейлердің аласталған теке ритуалын отан ұқсас өзге ритуалдармен жақындастыруға тырысады. Мысалы, өзінің «Философиялық тарихында» Ранал үнділер жөнінде былай жазады: «Оларда аласталған ат бар, ол еврейлердің аласталған текесіне ұқсас». Ж­ М.У: Менің білуімше, «аласталған теке» сөзі ритуалды институт және санадан тыс һәм еріксіз психосоциологиялық тетік қосарлы мәнін тек мәдени оқудың кең қозғалысына қатысушы қоғамдар тілдерінде, нақты айтқанда, Орта ғасырлардың ақырынан бастап батыс тілдерінде және сонымен қатар өзгелерде тапқан және содан бері ол осы мәнін сақтап келеді. Алайда, бұл мағыналық сабақтастық парадокс тудырады. Көпшілік қолдаған пікір бойынша, ритуал және еріксіздік антиподгар болмақ. «Аласталған теке» и сөйлемінде олар қалай бірігеді? Р.Ж.: Бұл сабақтастықтың қызық болатыны, ол этнолоиялық ғылым және адам жөніндегі ғылымдар ресми түрде тұтас мойындамаған заттар туралы кең тараған болжамды ашады: ритуалды формалар және адамдардың өз үрейі мен таластарын еріксіз құрбандарға ауыстыру әмбебап талпыныстары арасында байланыс бар. Француз тіліндегі (bouc emissaire) «аласталған теке» сөйлемінің бұл семантикалық екіұштылығы ағылшын scapegoat, неміс Suendenbock және барлық қазіргі тілдерде табылады. Біз бұл туралы қанша ойласақ та бұл «аласталған текенің» екіұшты мағынасында жоқ біз ешнәрсе айтпаймыз. Мағынасыздықтан және кенеттіліктен аулақ біздің гипотеза біз «рационализм» деп атаған құбылыстан бастап, кең қолданушы тілдей үнсіз тірлік етеді. Біз бұл екіұшты мағынаның «семантикалық қызықтығын» түсіндіруге тырысамыз. Бұл «қызықтылықты» бізден бұрын ешкімнің сұрастырмағаны да қызық. Егер этнология тарихын қарастырсақ, діншілдік теорияларының орасан зор саны ұсынылған. Бірақ оның өз табиғатын әйгілейтін тек тіреуі ғана бар. Және ол ең кемінде екі немесе үш ғасыр бойы батыс тілдерінде жазылған. Этнология Фрезер «аласталған теке» ритуалдары деп атаған нәрсеге назарын аударғанда (ал бұл барған сайын сирек кездеседі) онда ол тіпті оларды түсіндіруге де талпынбайды; ол кейде әлгіні анықтаманы қажет етпейтін «жақсы танымал құбылыс» деп анықтаса, кейде тағы да анықтауды қажет етпейтін «үлгіден ауытқу» деп санады, өйткені оның «шын социологиялық мәні жоқ». Бұл екі жағдайда да әңгіме зерттеуден бас тарту жөнінде болмақ, өйткені ол барған сайын қауіпті болар еді, нағыз анықтаманы іздеген этнолог ол Фрезер және оның бергенін біздің тіл фанатиктері еш өзгеріссіз қабылдаған, ал мәселе тек тым асығыс қабылданған метафора еді ғой. «Дөрекі жабайылар» дейді ол, moral burden, немесе ар жүгі ұғымына сүйенген және олардың ойына егер ар жүгін белгілі құрбандарға арқалатса, одан құтылуға болады деген, әрине, күлкілі идея келген. Нәтижесінде бәрі англикан шіркеуінің жалбаруынан басталды, ал оның метафорасын ақымақтар тым тура қабылдаған; олар аласталған теке арқылы покаяние жасаудың қитұрқы тәсілін ойластырған. Мүмкін, «аласталған теке» сөйлемінің психо­социологиялық мағынасын ешқашанда назарына алмауға бекінген этнология, оны еріксіз тетікке аллюзия деп санап, бұл екінші мағынасына еш жүгінбес пе еді; оны біз ғылымилыққа талпынысы бар ілім өз теоретикалық тұрғысында мойындамайтын ұғымға жүгінуден тартынған шығар деп түсінер едік. XX г. Этнологиялық әдебиетінен алынған кездейсоқ мысалдың өзі оның олай емес екенін көрсетіп түр. Олар «аласталған теке ритуалдары» деп атаған барлық өзге категориялар сияқты тек одетте тірлікте жоқ деп саналатын ритуалды категорияны есепке алғанда ғана мұнда зиянды тренсфердің әрекеті аса айқын болғасын, этнологтар абайлаған «жақсы танымал», «жұмбақ ауытқу», немесе Фрезер семиотикасы стиліндегі іші қуыс символикалық анықтамалармен шектеледі. Ал енді «аласталған теке» жөніндегі мәселе ресми түрде жоқ болғаннан кейін оны әлгі сол бізге таныс этнологтар ұжымдық еріксіз катарсис мағынасында арсыз пайдаланады. Және бір мүмкіндік туса болды, олар, әрине, ритуалды әрекеттерге қатысқысы келер еді, немесе ұлы ритуалдар ашатын қауіпті күшті сезгенде әлгі күштерді тыныштандыратын нейтралды құрбандарды іздер еді. «Аласталған теке» сөйлемі этнологтар ауыздарынан олар Фрезер анықтаған катеторияға жатпайтын белгілі құрбандық шалу формаларына кездейсоқ тап болғанда шығады. Бұл контакт шынайы орнаған әрбір кезде, пайымдаушы мен ол суреттеуге тырысқан діни болмыс арасында қуат өткенде пайда болады. Оның болуы үшін ұжымдық еріксіз зорлық және ритуалдардың ұйымдастырылған зорлығы арасында оны тек бақылаушы интуициясына телу үшін тым тығыз және түбегейлі байланыс болуға тиіс. Бірақ мұның бәрі заңсыз өтеді; терминнің екінші мағынасы метафорикалық және тура мағынасын сақтайды, өйткені оның, қайталаймын, этнологиялық теорияда еш статусы жоқ. Жапон этнологы Macao Ямагуши өзінің тамаша тіпті ғажап істерінде жапондардың ритуалды институттарын, императорды, тейшаларды, театрды, қуыршақтарды ол өзі «аласталған теке» деп аттан бейненің басшылығымен жинайды. Кезбе театрдың кейбір формаларында аласталған іскені ойнайтын басты қаһарманның қойылым терминдеріндегі «ластығы» сонша, ол ешкіммен ешбір контакт жағылмай қоғамдастықтан аласталута тиіс. Біз бұл театрдан ритуалды қуылу және драматикалық өнер арасындағы дәнекер формаларды тапқандаймыз. Егер әдеби сыншылардың ол туралы ойлауға мұрсаты болса, олар біз өз театрымыздың мағынасын, оның ритуалға қатынасы және Аристотельдің атышулы катарсисі шешіп берер еді. Әйтсе де, Macao Ямагуши бүкіл мақала бойы ол өзі оған шешуші рол берсе де, «аласталған теке» тіркесінің нақты мәнін және маңызын қарастырмайды. Этнология да, сөздік те аласталған текенің қос семантикалық, ритуалды және еріксіз, мағынасы жөнінде ойланғысы келмейді. Екінші жөнінде сөздік бізге ол бейнелі қолдану дейді, ал Левиттегі қолданыста өз мағынасы болатын. Алға жылжығанымыз енді осы ма? Этнология сияқты орнықты ғылым менікі сияқты жаңа гипотезадан есеп сұрауға хұқылы. Ол талассыз нәрсе және ()із оған бағынамыз. Бірақ белгілі межеге дейін өзара тендік ақиқатты. Тілде көптеген ғасырлар түзілімінде жазылған гипотеза оны тек тұжырымдаған этнологиядан есеп сұрай алады. Өйткені біз елу жыл бойы қолданған және олар тек бакалея витринасындағы сәбіз бен қиярды еске түсіре бергесін олар туралы сөз қозғауға ешкімнің батылы жетпейтін, бірақ оларды ауыстыру ісінде ешкім табысқа жетпеген бұл мағынасыз ритуалды категориялизациялаудан бас тарту керек.

Читайте также:  Саяси партияларға бағынатын қысым топтары

Оставить комментарий