Аллегоризм және эвгемеризм туралы

Бұл сын мифті қиратар сын болудан гөрі, қарапайымдалу психологиясы мен қарабайыр рационализм үшін жасалып отырған бүкіл елестетілген дүниенің сыны болып табылады. Өйткенмен, Гомер мен Гесиодтың мифологиясы грек қоғамының бүкіл жоғарғы қабатын қызықтыруын жалғастыра берді. Бірақ, енді мифтер сөзбе­сөз мәнінде қабылданбайтын болды: олардан енді «астыртын мән ­ мағыналарды», астар ­ ойды (подтекст), термині кейінірек қолданыла бастаған) іздей бастады. Енді шыққан Феагеннің өзі, Гомердегі Тәңір иелер не адамдардың қабілеттерін, не түрлі­түрлі табиғи стихияларды көрсетті және тұлғалайды деген ой айтты. Гомерлік мифологияның және, тұтас алғанда, барлық діни дәстүрлердің аллегориялық түстеп ­ жорылуын стоиктер де жалғастырды, дамытты. Хрисип грек тәңір иелерін физикалық және этикалық принциптерге дейін жеткізді. Гераклиттің «Quaestiones Homerical» (б.з. I ғ.) деген шығармасынан аллегориялық жорулардың тұтас коллекциясын табуға болады: мәселен, Зевстің Гераны байлап тастайтын мифологиялық эпизод эфир ауаның шекарасы болып табылады дегенді білдіреді. Пилон Ескі Өсиеттің «жұмбақтарын» бейнелеуге, және жұмбақтарын шешу ушін аллегориялық әдісті пайдаланған.

Төменіректе көретініміздей, кейбір аллегориялық қондырғылар, нақты алғанда, екі Өсиет арасындағы типология, сәйкестік және салыстырулар шіркеу әкейлері, ең алдымен, Ориген тарапынан кеңінен қолданысқа ие болды. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, аллегория Грекияның өзінде ешқашан таралмаған, анағұрлым үлкен табыспен ол Александрия мен Римде қолданысқа ие болған. Соған қарамастан, сан алуан аллегориялық түстеп ­ жорулар арқасында, Гомер мен Гесиод грек элитасының көкірегінде «құтқарылды» және Гомердің қаһармандарына өзіндік жоғарғы мәдени құндылықтарын сақтап қалудың сәті түсті. Грек пантеоны мен гомерлік мифология тек қана аллегориялық әдістің арқасында құтқарылып қойған жоқ. Б.з.д. III ғасырдың басында Эвгемер, «Қасиетті тарих» атты философиялық сапар түріндегі романын жариялады; ол тез және ғаламат табысқа ие болды. Энний оны латыншаға тәржімеледі; айтпақшы, бүл — осы тілге тәржімелеген ең алғашқы гректік мәтін. Эвгемерге құдайлардың пайда болуының сырын ашудың сәті түскендей болып көрінді: олар бұрынғы құдайыландырылған патшалар болып шықты. Бұл Гомер тәңір иелерін сақтауға ұмтылған тағы бір «рационалистік» әрекет болатын. Олар жаңа «бойлымға» — тарихи (дәлірек айтқанда, тарихқа дейінгі) деңгейдегі болым сипатына ие болды: мифтер ілкі патшалардың істері мен әрекеттері жөніндегі естеліктердің елестету барысындағы өзгерінділері болып түсінілді. Эвгемер арына сүйене отырып, адамға олай болса, болымсыз екендігін дәлелдемек болған Лактанс пен басқа да христиандық апологеттердің ойыларына да кірмеген аса маңызды салдарларға ие болды.

Читайте также:  Сәулет өнеріндегі таңба

Аллегориялық жаңаша мән ­мағына беру мен эвгемеризмнің арқасында, және, әсіресе, ұзаққа созылған демифологизация мен христиандықтың жеңісіне қарамастан, әдебиет пен пластикалық өнер атаулының барлығы да құдайлар мен қаһармандар туралы мифтердің төңірегіне шоғырланған уының арқасында, ежелгі тәңір иелер мен қаһармандары ұмытылмады. Бұл бұл ма, Жан Сенектің өзінің «Мәжуси тәңір иелер былайша сақталып қалды» деген тамаша кітабында көрсеткеніндей, эвгемеризацияның әсерімен грек тәңір иелері » бүкіл орта ғасырлардан аман­есен өтіп, өздерінің бұрынғы мистикалық формаларынан айырылып қалғанына қарамастан жаңа, күтпеген реңкке ие болды. Ренессанстың еңбегі алдымен «классикалық формаларды» қалпына келтіруде болып отыр . Қайта өрлеу дәуірінің соңына таман Батыста, бір мезгілде орта ғасырлар антикалық заманды жеке тарихи орта, өткен уақытқа кеткен кезең деп қарастырмаса ал, ендігі жерде грек ­латындық «мәжусилік» пен христиандықты бітістіру мүмкін еместігін түсінді . Осылайша, секулярланған және эвгемерленген грек тәжірибелері сақталып қала отырып, Ренессанс дәуірінен і метал ғылыми зерттеудің нысанына айналды. Мұның себебі, батып бара жатқан антикалық заман ендігі жерде Гомердің тәңір иелеріне де, мифтердің нағыз, ілкі мән ­ мағынасына да сенбейтін халге жетуінде еді. Христиандық анау мифологиялық мұраны, олардың енді тірі діни мағына мәнді сақтай алмауынан ғана қабылдай және сіңіре алды. ()л «мәдени мұраға» айналды. Қалай болғанда да, классикалық мұра антикалық заманның соңынан бастап Қайта Өрлеу иманына және XVII ғасырға дейін, мәдениетті адамдардың ешқайсысы да оларды сөзбе­сөз мағынасында қабылдамаса на, шығармашылықта, әдебиетшілер мен суретшілердің туындыларында ғұмыр кеше берді.

Оставить комментарий