Алматы қаласы – Қазақстанның жүйелі түрде көпжылдық ластану деңгейі жоғары болып табылатын қалаларының біріне жатады. Осыған байланысты Алматы қаласы республиканың экологиялық жағынан қолайсыз болып табылатын қалаларының қатарына кіреді. Әуе бассейнінің табиғи желдетілуінің әлсіздігі және жылжымалы көлік көздері мен зиянды заттар тасталатын стационарлық көздердің көптігі қаланың табиғи ортасының жағдайына кері әсерлерін тигізеді. Атап айтар болсақ 80-жылдарда космостан тартып алынған суреттер зерттелінген кезде Алматы қаласын металлургиялық орталықтары бар Магнитогорск пен Челябинск қалаларымен бірге бір қатарға қойылған болатын [1]. Шын мәнісінде Қазгидромет мәліметтері бойынша ірі индустриалды мекемелердің болмауына қарамастан Алматы қаласының әуе бассейнінің қарқынды ластануы соңғы жылдары яғни соңғы он жылдықта республикамыздың көптеген индустриалды орталықтарын, атап айтқанда Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Теміртау, Өскемен және Екібастұз қалаларынан басып озып тұрғанын 1-суреттен көруге болады. 1-суреттен көргеніміздей 2011 жылдары Алматы қаласының ластану деңгейі атмосфераның ластану индексі (АЛИ) 15-ті құрайды, яғни Қарағанды қаласын басып озып тұр. 2012 жылдары аздап төмендегендігі байқалады, алайда оның Қазақстанның басқа да өндірістік қалаларынан едәуір жоғары екендігі байқалады. Ал 2013 жылдарға қарай ластану индексінің қайтадан 12,8 есеге қарай жоғарылағандығын көре аламыз. Алматы қаласының жекелеген аудандарындағы атмосфераның бірнеше заттармен ластануын бағалау үшін жыл сайын атмосфераның ең көп жоғары ластанатын тізімдерін құрастыру арқылы атмосфераның ластануының кешенді индексі есептеледі. Атмосфераның ластануының кешенді индексін есептеу үшін (АЛИ5 ) мәні жоғары болып табылатын бес заттың бірегей мәнін қолданады. Атмосфераның ластану деңгейі атмосфераның ластану индексінің бірегей болуы арқылы бір затпен жалпылама түрде көрсетіледі. Осыған байланысты атмосфераның ластану индексінің шамасы 2,5-тен төмен болған жағдайда таза атмосфера; 2,5-7,5 – аздап ластанған атмосфера; 7,5-12,5 – ластанған атмосфера; 12,5-22,5 – қатты ластанған атмосфера; 22,5-52,5 – өте жоғары ластанған атмосфера; 52,5 – айрықша ластанған атмосфера деп бағаланады [2]. Ал ауаның ластану жағдайын ауадан сынама алу арқылы және талдау нәтижелері арқылы бағаланады. Сапаның негізгі көрсеткіштері болып тұрған мекендердің ауасындағы ластайтын заттардың шектеулі рауалы концентрациясы (ШРК) болып табылады. ШРК мәндері «Атмосфералық ауаны ластайтын заттардың тізімі мен оның кодында» берілген [3]. Ал мәндері Қазақстан Республикасы бойынша тұрғылықты мекендердегі ауада жекелеген қоспалардың шектеулі рауалы концентрацияларымен бағаланады [4]. 1-кестеге сәйкес көміртегі тотығының ШРК орташа тәуліктік мәні – 3 мг/м3 , азоттың қос тотығының мәні – 0,04 мг/м3 , қалқыған заттар – 0,15 мг/м3 , күкірттің қос тотығы – 0,05 мг/м3 , формальдегид – 0,003 мг/м3 тең. Алматы қаласының жерүсті қабатындағы негізгі ластаушы заттардың орташа жылдық концентрациясы шектеулі рауалы деңгейден бірнеше есе жоғары екендігін көрсетеді. Жыл сайын қаланың ауасына жылжымалы көздерден шамамен 180 мың тонна ластаушы заттар тасталады. Олардың мөлшері он жыл ішінде екі еселенді яғни, 200 мың бірлікке жетті. Бұдан басқа қалаға жыл сайын 50 мың бірлікте басқа қаладан автокөліктер кіреді, бұлардың тастайтын шығарындылары ескерілмеген. Тек бір ғана автокөліктерден тасталатын шығарынды 150 мың тоннаға дейінгі мөлшерді құрайды. Яғни бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады [5]. 2-кестеде көрсетілген негізгі ластаушылар бойынша қаланың әуе бассейінін ластайтын негізгі ластаушы заттардың үлесін көміртегі тотығы алады, бұл 2008 жылдары 171,13 болып отыр. Бұл көрсеткіш жалпы шығарындының 171,13 мың тоннасын құрады. Сонымен қатар, атмосфераның ластануына азот тотығы да өз үлесін қосуда, яғни бұның мөлшері әр жылдарға байланысты 8,864 – 15,98 мың тоннаны құрайды. 2008 жылдардан бастап жалпы шығарынды заттардың мөлшері біртіндеп ұлғая бастайды. Егер, АЛИ (атмосфераның ластаушы заттар индексі) бойынша қаланың атмосферасының ластану динамикасын бақылайтын болсақ (2-сурет) онда 2007-2013 жылдарға дейін қалай өзгеретіндігін көруге болады. 2000 жылдары жоғары болған және ол АЛИ бойынша күшті ластанған ауаға сәйкес келеді. Ластану көрсеткішінің төменгі деңгейі 2003-2005 жылдарға сәйкес келеді. Бұл сол жылдарда Қазгидрометеорологиялық мәліметтердің жеткіліксіз болуымен байланысты болып табылады. Сол уақыттарда жұмыс істеп жатқан жылыту қазандықтарының, өндірістік және құрылыс мекемелерінің әсіресе бақылауға алынбайтын көліктер мен жеке тұлғалар атмосфералық ауаның ластаушы заттармен жоғары деңгейде болуына өз ықпалын тигізді. Жоғарыда келтірілген мысалдардың нәтижесінде Алматы қаласының өте жоғары деңгейде ластанған деп қорытындылауымызға болады. Алматы қаласының климаттық жағдайлары әртүрлі ластаушы көздерден, шығарылатын ластаушы заттардың таралуы, атап айтқанда атмосфераның жерүсті қабатындағы ауаның ластануында белгілі рөл атқаратын автокөліктерден шығатын газдар үшін қолайсыз жағдай туғызады. Автокөліктерден шығатын газдар атмосфералық ауаға адамның бойымен шамалас деңгейде түседі, сөйтіп, өндірістік көздерден тасталатын шығарындылармен салыстырғанда олардың мөлшері анағұрлым жоғары болып келеді, бұл тұрғындар денсаулығы үшін қауіптілікті туғызады. Құрамында көміртегі тотығы, азот тотықтары мен қатты заттар бар өңделген газдар атмосфераның жерүсті қабатына жиналады. Олардың көп бөлігі асфальтты жолдар мен топырақтарға барып тұнады. Құрамында металл араласқан шаңдар тыныс алу жолдары арқылы адамның ағзасына түсіп, әртүрлі аурулардың дамуына әкеп соғады. Алматы қаласы тау бөктерінде орналасқан, бұл желдің барлық бағыттарында аэродиами0 500 1000 1500 2000 2500 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 Күкірттің қос тотығы Көміртегі тотығы Азот тотығы Басқа да заттар 2-сурет – Ластаушы заттар динамикасы 3-сурет – 2002-2013 жылдардағы Алматы қаласында атмосфераның ластану индексінің (АЛИ) өзгеру динамикасы ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы. №1/1 (43). 2015 64 калық көлеңкеде қалады. Мұндай жағдайда инверсия байқалып, шығарындылардың көтерілуіне бөгет болады. Осыған байланысты олардың жердегі концентрациялары күрт ұлғаяды. Бұдан басқа қаланың ойластырылмаған, дұрыс жоспарланбаған құрылысы табиғи ауа қозғалысының горизонтальды бағытта қозғалуына кедергі жасайды. Соңғы онжылдықта тау ауасы ағымының тасымалдаушы аумағы болып табылатын қаланың оңтүстігінде құрылыс пайызының тығыздығының жоғарылағандығы байқалып отыр. Осының барлығы ауаның сапасын жақсарту үшін қаланың атмосферасының ластану деңгейін одан да тереңірек зерттеу қажет екендігін айтады.
Оставить комментарий