Ана туралы өлең

Сәттерімнен безінгенде бағы кем,
Сенің күлкің ­ жаныма ем.
Жанарыңнан төгілетін шуақты,
Іздеп келем бәрінен.
Пері­қала батырғанда тырнағын,
Жалғыз гүлге ұқсап кетем құмдағы.
Сенен, Ана, әлемдегі ең ұлы,
ең әдемі Әуенді алғаш тыңдадым.
Жүйрік­жылдар берсін бе өз кезегін,
Ұсынып тұр тағы, міне, көзе­мұң.
Мінезінен қалды ма деп опық жеп,
Мені ойлап отырсың ғой, сеземін.
Қолын бұлғап кетсе­дағы бала күн,
Шырқаудан еш жалықпаймын Ар­әнін!
Өзің жайлы өлмес дастан бастап ап,
Сіңіп кеттім күйбеңіне қаланың…

Читайте также:  Маңғыстаудың флорасы мен өсімдіктер

Оставить комментарий