Anamnesis және тарихнама

Гректер үшін де тарихи оқиғалар ешқандай сотериологиялық мағлұмат бере алмайды. Соған қарамастан, Грекиядағы историография Геродоттан басталады. Геродот өзінің Тарихтарын адамдардың ерлігі туралы жадтың ғасырлар тұңғиығында ғайып болып кетпеуі үшін жаза бастағанын деп айтып түсіндіреді. Ол гректер мен варварлардың істеген істері жөніндегі жадты сақтауды ниет қылды. Антик заманының басқа тарихшыларының мотивтері басқаша адам игілік үшін күресті көрсетуге талпынған, Полибий үшін, дүниенің бүкіл тарихының соңғы және ең жоғарғы нүктесі — Рим империясы. Ол өзінің кітаптарын тарихты зерттеу барысында жинақталған тәжірибенің өмірдегі ең жақсы жол басшы болады деген оймен жазды; Дит Ливий тарихтан «бізге және біздің елімізге арналған модельді» іздеген. Осы авторлардың ешқайсысы, тіпті, экзотикалық құдайлар мен теологияларға құмар болған Геродот та, өз Генрихын, Израильдің өте ежелгі тарихи баяндарының .шторларының жазғаны сияқты жазбаған, яғни, қандай да бір халықтың өмірінде құдайы жоспардың (бұйрықтың) және Жоғарғы Құдайдың болғандығын дәлелдеу үшін жазбаған. Бұл гректік және латындық историографтар діни сезімнен мақұрым болған дегенді білдірмейді. Бірақ, олардың діни тұжырымдамасы жалғыз және тұрпатталған Құдайдың Тарихқа килігуін (вмешательство) қарастырмаған, олар тарихи оқиғаларға, осындай оқиғалардың израильдіктерге жасаған ықпалы сияқты, діни мән­мағына бермеген. Айтпақшы, гректер үшін тарих ғаламдық процестің қалыптасу заңдары негіздеген аспекттерінің бірі болған. Тарих кез келген ғаламдық құбылыс сияқты, адамзат қоғамдарының да пайда болып, дамып, азғындап және жойылып кететіндігін көрсетіп берді. Міне, сондықтан да, тарих таным нысаны бола алмады. Соған қарамастан, халықтар өмірінің мәңгі қалыптасу процесін бейнелейтін болғандықтан және, ерекше маңыздысы, адамзаттың жадында әр түрлі халықтардың ерлігін, көрнекті тұлғалардың есімдері мен істерін жадта сақтайтын болғандықтан, озалнама (тарихнама) қажет және пайдалы. Біздің ниетімізге Августин мен Джоакимо де Фьориден бастап, Вико, Гегель, Маркс және бүгінгі тарихшыларға дейінгі тарихтың түрліше философиялық жүйелерін қарастыру кірмейді. Бүл жүйелердің барлығы да бүкіл әлемдік тарихтың мән­мағынасы мен бағытын ашуды мақсат қылады. Бірақ бүл біздің масатымыз болып табылмайды. Бізді қызықтыратыны Тарих ие болған мән­мағына емес, тарихнама: басқаша айтқанда, бізді адамның өзімен тұстас оқиғаларды адамзат жадында сақтауға мүмкіндік беретін әрекеті және адамзаттың өткені туралы мүмкін болғанша дәл білуге деген талпынысы қызықтырады.

Читайте также:  Қытайдағы қазақтар туралы қысқаша мәлімет

Мұндай қызығушылық Орта Ғасырлардан, әсіресе Қайта Өрлеу заманынан бастап үдетіле дами бастаған. Әрине, Қайта Өрлеу дәуірінде антикалық тарихтан ең әуелі «кәміл адамның» жүріс­тұрысына қажетті модельді іздеген. Тит Ливий мен Плутархтың, азаматтық және рухани өмір саласындағы үлгі алуға тұрарлық модельдері жеткізе отырып, европалық элитаны тәрбиелеудегі атқарған рөлі, дәстүрлі қоғамдардағы мифтің атқарған мифтің рөліне пара­пар деуге болады. Бірақ XIX ғасырдан бастап тарихнама өте маңызды рөлді ойнай бастады. Bafbic мәдениеті тарихнамалық анамнез бойынша орасан зор күш салуда. Ол, адамзаттың барлық өткенін қайта тірілтуді ниет қылып, барынша экзотикалық және барынша алыстағы қоғамдардың өткенін, сондай­ақ, Таяу Шығыс пен жойылып кетуге шақ тұрған «тағы» халықтардың алдыңғы тарихын анықтау, «ояту» және қалпына келтіруге талпынуда. Тарих көкжиегінің кеңеюі ғаламат жылдамдықпен жүруде. Бұл қазіргі дүниенің саны аз шабыттандырушы синдромдарының бірі. Тарихты Мысырдан, әдебиетті Гомерден, философияны Фалестен бастап келген батыс европалық мәдени провинциализм шегінен аттап өтуге әрекет жасалынды. Бұл бұл ма, историографиялық anamnesis арқылы «Меннің» тұңғиығына дейін түсуге болады. Егер бізге қазіргі заманғы австриялықты немесе оған ұқсас адамды түсінудің, палеолит заманының аңшысын түсінудің сәті түссе, онда бізге өзіміздің «Меніміздің» тұңғиығындағы ілкі қауымдық адамның экзистенциалды жай­күйін (қалпын) және жүріс­тұрысын «оятудың» да сәті түсер еді. Әңгіме жай ғана «сырттай» танып ­ білу, қандай да бір елдің астанасының атауы мен Константинопольдің құлаған жылын жаттау жөнінде болып отырған жоқ. Нағыз тарихнамалық anamnesis оз халқының жойылып кеткен немесе тарихи процестің жырақ шетінде тұрған халықпен ортақ болар тұстарын ашуды қажет етеді. Бүл археологиялық қазбалар немесе экологиялық зерттеулер арқасында ашылған өткенді, тіпті «ілкі бастаулық» өткенді шын мәніндегі қайта көрсету болып табылады. Соңғы жағдайында біз «өмір тұрпаттарымен», жүріп­тұру тұрпаттарымен, мәдениет типтерімен, яғни, тұтас алғанда, тарихқа дейінгі ғұмырдың құрылымымен жүздесеміз. Мыңдаған жылдар бойына адам, осыған деген өз істеді, және Аяны мифтік толғамынан оқиды. Осылайша ол дүниеге «ашыла» алатын еді және, осыны істеу арқылы Ғаламның киелілігіне жақындай алатын. Қайта Өрлеу дәуірінен бері, Жаһанның шексіздігі туралы ашылғаннан бері, адамзат ғұмырына (атам заманнан бері осылай істелініп келе жатқан) ғаламдық өлшем беру мүмкін болмай қалды. Уақыттың билігінің астында өмір сүріп және өзінің тарихилығының аумағымен шектеліп отырған бүгінгі заман адамының дүниеге іші.шуға» және уақыттық кеңістікте жаңа өлшемдерге шығуға талпынуын табиғи құбылыс деп есептеуге болады.

Читайте также:  XVI ғасырдың бірінші жарты жылдығы. Тоскан және Рим

Әрине, мұны үлкен жаңалық деп айтуға болмас: антик заманынан бастап, адам өзін, тарих алдында қорқыныш сезімін басынан кешіре отырып, өткен заман тарихшыларын білу арқылы жұбатып келеді. Бірақ, қазіргі заманның адамы сол мүмкіндікке ие: оның историографиялық көкжиегі болғандықтан, оған, anamnesis ­ тың арқасында, «Тарихқа ( аботаж жасай» отырып, ғаламат шығармашылық белсенділікке ие мәдениеттерді табудың сәті түседі. Батыстағы біздің замандасымыздың реакциясы, етер ол, мәселен, Үндістандықтардың македондық Ескендірдің Үндістанды жаулап алғанына, осы жаулап алушылықтың осы елдің кейінгі тарихына жасаған ықпалына қарамастан, ұлы жаугершінің есімін сақтамағанын білгенде қандай болар еді? Үндістан, басқа да дәстүрлі мәдениеті бар елдер сияқты, жекеге және индивидуалдыққа емес, тек үлгілік модельдер мен парадигмалық оқиғаларға ғана қызығушылық танытады. Батыс дүниенің историографиялық anamnesis ­ і өзінің басталу сатысында тұр. Оның мәдени резонансы жөнінде баға беру үшін ең құрығанда бірнеше ұрпақтың ауысу уақыты қажет. Бірақ, anamnesis, басқа деңгейде болса да, жад пен еске түсірудің діни мәнділігін ұзартады. Әңгіме Мифтер және, тіпті, діни ғұрыптар жөнінде болып отырған жоқ. Бірақ, әлдебір ортақтық бар: өткенді дәл және толық қалпына келтірудің маңыздылығы. Дәстүрлі қоғамдарда — мифтік оқиғаларды қалпына келтіру, қазіргі заманғы батыс европалық қоғамда — тарихи уақыттарда болып өткеннің барлығын қалпына келтіру. Осыны діттей беруге болмас, өйткені екі арадағы айырмашылық тым көзге ұрып тұр. Дегенмен екі anamnesis те адамды оның «тарихи сәтінің» сыртына шығара алады. Және нағыз тарихнамалық anamnesis, адамның, бір кездері Бетер текті Сүриеттер (сверхъестественные существа) көрсетіп берген деп есептейтін жүріс ­ тұрысын сол мәдениеттің талаптарына сай реттеген ілкі бастаулық оқиғалар Уақытына шығады.

Оставить комментарий