Анархия туралы қазақша

Анархия туралы түсінік. Шынында да біз қазір экономикалық құлдық барда, бостандық туралы тіл безеудің бекер екендігін өте жақсы білеміз. Ақынның: Айтпа маған бостандықты: Жарлылардың талайында ­ құл болу! деген сөзі қазір жұмысшылар бұқарасының санасына, заманымыздың бүкіл әдебиетіне сіңді; ол сөз тіпті жұрттың кедейлігінің арқасында күн көретіндерді де бағындырып, оларды бұрын басқаларды қанауға құқығы бар екендігін мәлімдейтін өркөкіректіктен айыра бастады. Қоғамдық капиталды иеленудің осы заманғы пошымы бұдан былай орын алмауға тиіс ­мұнымен Ескі және Жаңа дүниенің миллиондаған социалистері келіседі. Тіпті капиталистердің өздері де бұл пошымның күні қараң екенін сезініп, енді оны бұрынғы батылдықпен қорғаудан тайсақтайды. Олардың бүкіл уәжі, сайып келгенде, сендер әлі жаңа ештеңе ойлап тапқан жоқсыңдар дегенге саяды. Бірақ меншіктің орын алып отырған пошымдарының тажалды зардаптарын теріске шығаруға да, оған өздерінің құқығын қорғауға да олардың жүрегі дауаламайды. Олар сол құқықты өздеріне рұқсат беріп отырғаннан пайдаланады, бірақ оны қандай да бір принципке негіздеуге ұмтылмайды. Және бұл әбден түсінікті. Мысалы, Парижді ­ соншама ғасырлардың туындыларын бойына сіңірген, тұтас бір ұлт кемеңгерлігінің жемісі, жиырма яки отыз ұрпақтың еңбегінің нәтижесі болып табылатын қаланы алыңыз. Осынау қаланың оны безендіре түсу үшін, оны сауықтыру үшін, оны асырау үшін, оған адамзат кемеңгерлігінің ең үздік шығармаларын жеткізу үшін, оны ой мен өнер ордасына айналдыру үшін ұдайы жұмыс істейтін тұрғындарын; осының бәрін жасайтын адамдарды Париждің көшелеріне әр беріп тұрған сарайлар, олардың бүкіл құндылығын біздің бәріміз бірігіп жасап отырғанда, бізсіз олар түкке тұрмайтын кезде, әділет бойынша қазіргі кезде олардың заңды иесі болып отырғандарға тиесілі деп сендіре аласыз ба? Халықтың залым тәрбиешілерінің күш­жігерімен осынау өтірік әлі де біраз уақыт өмір сүре алады.

Ол туралы тіпті жұмысшы бұқарасының өзі ойланбай тұра алмайды. Бірақ азшылықты құрайтын ой адамдары осы мәселені көлденең тартып, баршаның алдына қойған кезде оған қандай жауап берілетіндігіне күмән жоқ және халық ақылы былай жауап береді: «Әрине, жекелеген адамдар бүкіл осы байлықты жеке өзіне қаратып алса, онда баршаны тонап қана істей алған». Дәл сол секілді помещикке тиесілі ана немесе басқа бір жер оған заңды құқық бойынша тиесілі деп диқанды, ол осы өңірдің жиырма шақырымға дейінгі әрбір ұлтарағының тарихын айтып бере алатын диқанды сендіре алуға бола ма? Ақыр соңында, оны мына бір жердің, айналада сол жерді жыртуға қуана кірісетін диқандар толып жүргенде, анау бір помещиктің бағы мен мекен­ жайы болғаны абзал деп сендіре алуға бола ма? Ақыр соңында, жұмысшы мен кенші барлық осынау орасан тонаудың және темір жолдар мен көмір кеніштерін қымқырып кетудің мағынасын түсіне бастағанда, бай мырзалар жер мен зауыттарды заңды тонаудың қандай жолдарымен қолға түсіретінін аз­аздап түсіне бастағанда зауыт жұмысшысы мен кеншіні зауыт пен кеніштер олардың бүгінгі қожайындарына әділетті түрде тиесілі дегенге сенуге мәжбүр ету мүмкін бе? Жалпы шындап келгенде экономистердің жұмысшылардан гөрі байлардың өзін олардың басып алуының заңдылығына сендіруге тырысатын осынау барлық айла­шарғысына халық бұқарасы әйтеуір бір кездерде сеніп пе еді. Мұқтаждық пен жаншылған және қоғамның қамсыз топтарының тарапынан ешқандай қолдау таба алмаған шаруалар мен жұмысшылар жай ғана өмірдің өз ағымымен өте беруіне араласпай, кей­кейде ғана өз құқықтарын қатерлі істермен мәлімдейтін. Және егер қалалық жұмысшылар бір кездері капиталға жекеше иелік, бәлкім, ортақ пайдаға бола, қыруар байлық жинап алып, баршамен бөлісетін күн туар деп сене алса, бүгіндері сол адасу да, басқалары секілді, жойылып барады. Жұмысшы өзі бұрын қалай талайсыз болса, сол күйінде қала беретініне көзі жете бастады: өз қожайынынан өздерінің күшімен жиылған байлықтың титімдей бір бөлігін жұлып алу үшін, оның не көтеріліске, не ереуілге жүгінуіне, яғни ашығуына және абақтыға түсу қатеріне ұшырауына тура келеді, тіпті одан да жаманы императорлық, корольдік немесе республикалық әскер оғына жем болады. Сонымен бірге орын алып отырған тәртіптің басқа да, неғұрлым терең кемшілігі барған сайын айқынырақ көріне бастады.

Читайте также:  Пантүркілік ұстанымдағы партия

Ол мынада: жеке меншік орын алып отырған кезде, өмір үшін және өндіріс үшін қажет нәрсенің бәрі ­ жер, баспана, тамақ өнімдері, сол аз ғана адамдар дән өсіруге, үйлер салуға, мата тоқуға және жалпы ­ әркімнің молшылықта тұруы үшін қанша қажет болса, сонша өндіруге ұдайы бөгет жасап отырады. Жұмысшы біздің техниканың, біздің машиналардың күштілігі сонша, баршаға бәрін еркін жеткізе алатынын, бірақ капиталистер мен мемлекет барлық жерде оған кедергі жасайтынын бұлдыр да болса түсіне бастады. Шаруалар мен жұмысшылардың бәріне ағыл­тегіл не болуының қажеті жоқ: олар бұдан қорқады. Аш адамнан гөрі тоқ адамды ауыздықтап ұстау қиынырақ. Біз тек қана астықты, әртүрлі тамақты, әртүрлі киім­кешекті және басқаларын жұрттың бәріне ағыл­тегіл жететіндей етіп көп өндірмеумен ғана шектелмейміз; біз міндетті түрде қажет нәрселерді тіпті де өндірмейміз. Осы заманғы мемлекеттерде, шаруа помещиктердің ұқсатылмаған жерлеріне, олардың қазылар мен урядниктер күзететін мекен­жайлары мен бақтарына көз салғанда, ол мұны өте жақсы түсінеді; оның осынау бос жатқан жерлерді жыртып, соларда деревняларда жетіспей жататын астық өндірсе жақсы болар еді деп ойлайтыны тектен­тек емес. Кенші, аптасына үш күн қол қусырып қарап отыруға тура келгенде, ­ ал мұның өзі тас көмір бағасы төмендей бастаған бойда Англияда ылғи да болып тұрады ­ ол қаншама көмір қазып шығара алар едім және егер әрбір отбасында пешке жағатын көмір болса, қандай жақсы болар еді деп ойлай бастайды. Дәл сол секілді, зауытта жұмыс болмай, жүмысшы іссіздіктен өзін қайда сыйғызарын білмей сенделгенде, ол жұмыссыз сенделіп жүрген тас қалаушыны, жұмыссыздыққа шағынатын етікшіні және т.б. кездестіргенде ­ қоғамда бірдеңе жетіспейтінін өте жақсы түсінеді. Ол ең бір сорақы лапастарда қаншама халық тұратынын, балалардың жалаң аяқ жүргенін ­ және осылардың бәрі жүмысшыға керек екенін біледі. Бірақ әлдекім жұртқа осының бәрін салуға және істеуге бөгет жасайды, және оның бәрін сол лапастарды қымбат бағаға жалға беру, аш жүмысшыны ең аз жалақыға бола фабрикаға қуып тығу үшін істейді.

Читайте также:  Лечение простатита в домашних условиях

Ғалым мырзалар қалың­қалың кітаптар жазып, астықты тым мол өсіріп жіберіппіз, матаны тым көп тоқып жіберіппіз деп, фабрикалардағы қиын кезеңдерді нақ сол себеппен түсіндіргенде, егер біз олардан Англияда, Францияда, Германияда немесе Ресейде коп өндіріп жіберіп, енді оны жасаудың қажеті де болмай қалған не нәрсе еді деп сұрай қалсақ, шындап келгенде, олар жауап таппай, қатты қиналар еді. Жыл сайын Ресейден қаншама астық шығарылады деңіз, сөйте тұра, Ресейде өсірілген бүкіл астық Ресейдің өзінде қалса, ­ түп­түгелімен ­ соның өзінде жылына әрбір адамға 10 пұттан, яғни ешкім ашықпас үшін қанша астық керек болса, нақ сонша ғана болып шығар еді. Ресейдің жартысы үйде үйме­жүйме тұратыны соншалық, бір бөлмеде он адам ұйықтайтын болса, орманның тым көп болғаны ма? Немесе қалаларда үйлер тым көп пе? Сарайлар көптеу екеніне дау жоқ, ал жұмысшылар үшін тәуір пәтерлер көп пе ­ бір бөлмеде бес, он адам тұрып жатса? Немесе, тұтас миллиондаған адамдар жылына бір кітап та көрмей өмір сүріп жатса, кітап қажетінен мың есе көп өндіріледі: бұл ­ шенеуніктер. Олар, айна­қатесіз тым, тым көп өндіріледі; тек осы тауар туралы, неге екенін қайдам, ғалымдар кітаптарында жазылмайды. Ал бұл қай жері кем тауар! Кім қаласа, сол сатып ала берсін! Ғалымдар «артық өндіріс» деп атайтын нәрсе, шындап келгенде, қожайындар мен мемлекет тұлдыр қалдырмайтын жүмысшылар сатып ала алмайтын әрқилы тауар көп өндіріледі деген сөз. Қазіргі құрылыс тұсында солай болуға тиісті де, өйткені мұны баяғыда Прудон да байқаған ­ жұмысшылар өзінің жалақысына бір мезгілде өздері өндіретін нәрсені сатып ала алмайды және өздерінің мойнында отырған масылдар армиясына ағыл­тегіл тамақ жеткізіп тұра алмайды. Осы заманғы экономикалық құрылымның мәнісінің өзі бойынша жұмысшы ешқашан оның еңбегінің жемісін құрайтын игіліктерді пайдалана алмайды; және де оның еңбегі есебінен күн көретіндер саны барған сайын ұлғая береді.

Читайте также:  ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ МИРОВОГО РЫНКА НЕФТИ В УСЛОВИЯХ ГЛОБАЛИЗАЦИ

Ел өнеркәсіптік тұрғыдан неғұрлым дамыған болса, бұл сан соғұрлым көп бола түседі, өйткені еуропалық бұл орайда сондай­ақ толып жатқан азиаттарды, африкалықтарды және т.б. қанайды. Сонымен бірге өнеркәсіп баршаның қажеттерін өтеу үшін жетіспейтіндігі сезілетін нәрсені емес, дәл осы сәтте қожайындарға барынша коп пайда әкеле алатын нәрсені өндіруге бағытталады, және сөзсіз бағытталуға тиіс. Байлардағы ағыл­тегілдік сөзсіз жұмысшылардың жарлылығына негізделеді, және көпшіліктің осынау сорлылық жағдайы, өзін сатуға және өзі тындыра алуға қабілетті нәрсенің тек бір бөлігін ғана алып жұмыс істей беруге дайын жұмысшылар әрқашан болуы үшін қажет. Басқаша болса капиталист байи да алмас еді. Ал оған тек сол керек. Біздің экономикалық құрылысымыздың осынау өзгешелік белгілері оның мәнісінің өзін құрайды. Оларсыз ол тіршілік ете алмас еді. Егер жұмысшыны аштық қорқынышы мәжбүр етпесе, шынында да, өзінің жұмыс күшін ол өндіре алатынынан кем бағаға кім сатар еді? Бірақ біздің экономикалық құрылысымыздың осынау елеулі міндетті белгілері оны үзілді­кесілді айыптауға негіз береді.

Оставить комментарий