Анархиялық қоғам туралы

Мемлекеттердің осы заманғы жүйесінің тарихында ойдың бір­бірімен өзара бәсекелес үш бағыты қалыптасты: олар ­ халықаралық саясатты соғыс ахуалы ретінде қарастыратын гоббстық, немесе реалистік, дәстүр; ықтимал адамзат қоғамдастығының халықаралық саясатта қызмет етуін қарастыратын канттық, немесе әмбебаптық дәстүр; халықаралық саясатты халықаралық қоғам тінінде қарастыратын гроцийлық, немесе интернационалиста дәстүр. Мен халықаралық қоғамның гроцийлық, немесе интернационалистік идеясындағы негізгі нәрсені және оны бір жағынан, гоббстық дәстүрден, екінші жағынан, канттық дәстүрден не өзгешелейтінін баяндаймын. Ойдың осынау үш бағытының әрқайсысы халықаралық саясаттың табиғатын сипаттауды және халықаралық жүйе субъектілерінің тәртібіне қатысты бірқатар постулаттарды қамтиды. Гоббс дәстүрі халықаралық қатынастарды бәрінің бәріне қарсы соғыс ахуалы ретінде, әрбір мемлекет басқаларының бәріне қарсы тұрған күрес аренасы ретінде сипаттайды. Гоббс көзқарастарына сәйкес халықаралық қатынастар мемлекеттер арасындағы анық көрінетін жанжал болып табылады және нәтижесі нөлге тең ойынды еске салады; әрбір мемлекеттің мүдделері кез­ келген басқа мемлекеттің мүдделерін жоққа шығарады. Нақты халықаралық қызмет, оған жалпы алғанда бәрінен тұрпатты немесе оны түсінудің кілтін бәрінен жақсы беретін нәрсе ­ соғыстың дәп өзі. Осылайша, Гоббс көзқарасы бойынша, бейбітшілік ­ бұл соңғы соғыстан кейін күшті қалпына келтіру және келесі соғысқа дайындалу кезеңі. Халықаралық тәртіптің гоббстық постулаты ­ басқа мемлекеттер жөнінде өз мақсаттарына жетуде мемлекет бостан және қандай да бір моральдық немесе құқықтық шектеулермен маталмаған.

Осынау көзқарастарға сәйкес «мораль» және «заң» ұғымдары тек қоғам тінінде, ал халықаралық өмір ­ қандай да бір қоғамның шекарасынан тыс қолданылады. Егер халықаралық саясатта қандай да бір моральдық немесе құқықтық мақсаттарды жүргізу керек болса, бұл тек мемлекеттің өзінің моральдық немесе құқықтық мақсаттары бола алады. Мемлекет өзінің сыртқы саясатын өзіндік бір моральдық және құқықтық вакуумда жүргізеді (Макиавелли жасағанындай) немесе мемлекеттің сыртқы саясаттағы тәртібінің моральдылығы оның өзін­өзі орнықтыруында (Гегель мен оның ізбасарлары санайтынындай) деп тұжырымдалады. Гоббс дәстүрінің жақтастары үшін мемлекеттердің бір­бірі жөніндегі тәртібін шектейді деуге болатын бірден­бір ережелер немесе принциптер бар, олар ­ пайда немесе орындылық ережелері. Осылайша, келісімдерді, егер олар орынды болса, орындауға болады, егер оларды сақтау орынды болмаса ­ бұзуға да болады. Канттық, немесе әмбебаптық дәстүр басқа бір өрескелдікті көрсетеді ­ ол халықаралық саясаттың мәністік табиғаты мемлекеттер арасындағы жанжал емес, мемлекет индивидуумдарын немесе азаматтарын біріктіретін трансұлттық әлеуметтік байланыстарда деп санайды. Кант көзқарастарына сәйкес халықаралық қатынастардың басты объектісі тек сырттай ғана мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады, ал шын мәнінде бұл адамзат қоғамдастығындағы барлық адамдар арасындағы қатынастар, тіпті мұндай жағдай іс жүзінде емес, ықтималдықта болса да солай; бұл нақты болмысқа айналғанда мемлекеттер жүйесі қажетсіз болатындықтан адыра қалады.

Читайте также:  Механика туралы қазақша реферат

Әмбебаптық көзқарасқа сәйкес бүкіл адамзатты біріктіретін қоғамдастық шеңберінде барлық адамдардың мүдделері бірдей; осы тұрғыдан қарастырылатын халықаралық саясат ­ Гоббс көзқарасының жақтастары кесіп айтатындай нәтижесі нөлге тең «бөлетін» ойын емес, нәтижесі нөлге тең болмайтын ойын. Мүдделер қақтығысы мемлекеттердің билеп ­төстеуші элиталарының арасында болады, бірақ бұл орын алып отырған мемлекеттер жүйесінің үстірт, немесе өткінші деңгейінде ғана орын алады; дұрыс түсінілген жағдайда барлық адамдардың мүдделері бірдей. Кантшылдардың пікірі бойынша, халықаралық қызметтің ең тұрпатты үлгісі болып табылатын нақты түрі ­ идеологияның өзінің кеңістіктік жанжалы, ол мемлекеттердің шекаралары арқылы таралып, адамзат қоғамын екі қосынға ­ адамзатқа іштей тон қоғамдастық өкілдеріне және олардың жолында тұрғандарға, ақиқат діндарларға және еретиктерге, құтқарушыларға және езілгендерге бөледі. Халықаралық саясаттағы моральға канттық, немесе әмбебаптық көзқарас Гоббс тұжырымдамасына қарама­қарсы: халықаралық қатынастар саласында мемлекеттердің қарекеттерін шектейтін моральдық императивтер бар, бірақ бұл императивтер мемлекеттер арасындағы қатар өмір сүруді немесе ынтымақтастықты міндеттемейді, керісінше, мемлекеттер жүйесін құлатып, оны космополиттік қоғаммен алмастыруға міндеттейді. Кантшылдық көзқарасқа сәйкес, халықаралық саясатта адамзат қоғамдастығы тек басты нақты болмыс емес (адамзат қоғамдастығын нақты іске айналдыратын күштер бар деген мағынада), асқақ моральдық мұраттардың мақсаты немесе объектісі болып табылады. Асқақ мораль императивтері талап етсе, мемлекеттер арасындағы қатар өмір сүру мен әлеуметтік аралас ­ құралдастықты қолдап отыратын ережелерді елемеу керек.

Еретиктермен қарым ­ қатынастағы адалдықтың тактикалық пайда тұрғысынан ғана болмаса, өзге мағынасы жоқ; таңдаулылар мен қарғыс атқандардың, құтқарушылар мен езілгендердің арасында егемендікке немесе тәуелсіздікке құқықты өзара мойындау туралы мәселе туындай алмайды. Гроцийшылдық, немесе интернационалиста дәстүр деп аталған нәрсе реалистік және әмбебаптық көзқарастардың арасында тұр. Гроцийшылдық дәстүр халықаралық саясатты мемлекеттер қоғамдастығы немесе халықаралық қоғам тұрғысынан сипаттайды. Гоббсшылдық дәстүрге қарама­қарсы гроцийшылдық дәстүрдің жақтастары: мемлекеттер аренадағы гладиаторлар сияқты жай ғана шайқасқа тартылған жоқ, олар бір­бірімен текетіресте ортақ ережелермен және институттармен шектеледі. Бірақ кантшылдық, немесе әмбебаптық көзқарастан өзгеше гроцийшылдар егемендер, яғни мемлекеттер халықаралық саясаттың басты субъектілері деген гоббсшылдық алғышартпен келіседі; халықаралық қоғамның тікелей мүшелері адам индивидуумдары емес, мемлекеттер болып табылады. Гроцийшылдық ұғымда халықаралық саясат мемлекеттер арасындағы абсолюттік мүдделер жанжалын да, мүдденің толық ұқсастығын да көрсетпейді; ол ішінара бөлектейтін, ішінара жасампаз ойынды еске салады. Нақты халықаралық қызметті тұтас алып сипаттайтын гроцийшылдық көзқарас бойынша ­ол мемлекеттер арасындағы соғыс емес, мемлекеттердің шекаралары арқылы таралатын кеңістіктік жанжал емес, сауда­саттық немесе неғұрлым қорыта айтқанда, бір мемлекеттің екіншісімен экономикалық және әлеуметтік ықпалдастығы.

Читайте также:  Таңшолақ бидің шешендік сөздері

Халықаралық тәртіп жөніндегі гроцийшылдардың қорытындысы мынадай: барлық мемлекеттер бір­бірімен қатынаста өздері құратын қоғамның ережелерімен және институттарымен маталған. Гоббсшылдық көзқарасқа кереғар, гроцийшылдық көзқарастың жақтастарының пікірі бойынша мемлекеттер тек естілік пен орындылық ережелерімен ғана емес, мораль мен заң императивтерімен де маталған. Бірақ әмбебапшылдардың көзқарасынан өзгеше бұл императивтер мемлекеттер жүйесін құлатып, оны адамзаттың жалпыға ортақ қоғамдастығымен алмастыруды бұйырмайды, мемлекеттер қоғамында қатар өмір сүру мен ынтымақтастық талаптарын мойындауды бұйырады. Осынау ой ағымдарының әрқайсысы халықаралық саясаттың орасан зор сан алуан доктриналарын қамтиды, ал олардың арасындағы байланыс өте әлсіз. Тарихтың әрқилы кезеңдерінде бұл ағымдардың әрқайсысы әртүрлі тілмен білдірілді және әрқилы проблемаларға, алаңдаушылықтарға байланысты пайда болды. Бұл арада осынау ағымдардың арасындағы өзара байланыстар мен айырмашылықтарды неғұрлым терең зерттеуге орын жоқ.

Халықаралық қоғамның гроцийшылдық идеясы мемлекеттер жүйесі туралы толғамдарда әрқашан болған фактысын назарға алу, сондай­ақ, ұсақ­түйегіне бойламай, ол идеяның соңғы үш­төрт ғасырдағы өзгерістерін атап өту жеткілікті. XVI және XVII ғасырлардағы секілді XX ғасырда халықаралық қоғам идеясы қорғануға мәжбүр болды. Бір жағынан, дүниежүзілік саясатты гоббстық, яғни реалистік тәпсірлеу екі дүниежүзілік соғыспен және халықаралық қоғамның оның бастапқы еуропалық шекаралар шегінен тыс кеңеюімен қуатталды. Екінші жағынан ­ канттық, немесе әмбебаптық тәпсірлеу мемлекеттер жүйесіне үстіміздегі ғасырда ере жүрген жанжал мен тәртіпсіздіктен қашу үшін сол жүйенің аясынан шығуға ұмтылыспен, сондай­ақ жаһандық трансұлттық ортақтық доктриналарына ­ коммунистік доктриналарына да, антикоммуниста доктриналарына да жаңа леп берген Ресейдегі және Қытайдағы революциялармен қуатталды. XX ғасырдағы халықаралық қоғам идеясы, XVIII және XIX ғасырларда үстемдік еткен мемлекеттер жүйесі идеясынан гөрі, сол жүйенің алғашқы ғасырларындағы идеяларға жақын еді деуге болады.

Оставить комментарий