Антропологиядағы салыстырмалы әдістердің шекаралары

Қазіргі антропология көрсеткендей адамзат қоғамының барлық жергілікті формаларының әртүрлілігі, дүниетанымы мен практикасы оның дамуы барысында бірқатар ортақ түп тамырлы белгілерін байқайды. Бұл маңызды жаңалық қоғамдық дамуды анықтайтын заңдылықтар бар екендігін түсіндіреді; осы заңдылықтардың біздің қоғамға әсері бізден уақыт пен кеңістік арқылы алыстаған қоғамға тигізген әсерінен еш кем емес; бұл заңдылықтарды тану бір өркениеттің тез дамып, екіншісінің артқа қалатынын себептерін түсіндіре алады; осы таным адамзатқа үлкен пайда әкелуге үміттендіреді. Ал енді бұл ақиқат айқын формулаларға ие болғандықтан, антропология бұрын онан тек экзотикалық салт дәстүрлер мен жабайы тайпалардың наным­сенімдерінің каталогін ғана көретін адамдардың да қызығушылықпен тудырды немесе ең жақсы жағдайда, олардың өзара байланысын, яғни, нәсілдер мен халықтардың ежелгі көшіп қону жолдарын анықтауға мүмкіндік жасады. Бірақ егер бірінші зерттеулер шынымен де бүл тарихи мәселеге толығымен берілсе, ал енді жағдай күрт өзгерді. Тарихтың пайдасы үшін бұдан бас тартып, қоғамдық дамудың заңдарын зерттеумен шектелуге шақыратын антропологтар пайда болды. Көзқарастардың өзгерісіне әдістердің де түптамырлы өзгерісі сәйкес келді. Егер бұрын мәдениеттердің бірдейлілігі немесе [ең болмаса] ұқсастығы олардың тарихи байланысының бұлтартпайтын дәлелі болып саналса, жаңа мектептер берілген феномендердің бұлай түсіндірілуін терістей отырып, оларды адамның ой іс­әрекетінің біртекті қарапайым көрінісі деп санайды. Американдық тұрғыдан бұл көзқарасты д ­ р Д. Г. Бринтон ерекше ықыласпен қорғаған, Ал Германияда — Бастианың көптеген ізбасарлары өз мұғалімдерінен асып түскен. Басқалары болса, адамның санасы басқаратын жалпы заңдарымен салыстыруға келетін тарихи байланыстарды жоққа шығармай, олардың практикалық және теориялық маңызына қатты көңіл бөлмейді. Осындай көзқарастарға қазіргі көптеген антропологтар ортақтасады. Бұл көзқарастар әртүрлі халықтардағы этникалық феномендердің ұқсастығын бақылауына немесе Бастиан айтқандай, негізгі адамзаттық ойлардың жан түршігерлік біркелкілігіне негізделген. Адамның абстрактілі түсініктері барлық жерлерде таралған бірнеше тұрпаттармен бітеді; әлеуметтік заңдар, өнертабыстар мен жаңалықтар жөнінде де осыны айтуға болады. Одан да әрі, ең таң қаларлық және логикалық идеялар мен дәстүрлердің синхронды пайда болуы, күні бұрын ортақ тарихи тамырларды жоққа шығаратын жағдайлармен бірге жүреді. Кез­келген тайпаның мәдениетін зерттеу ең әр түрлі деген тайпалардың жеке белгілерінің азды­көпті жақын баламаларымен қақтығысады. Ондай баламалардың көптеген мысалдары Тайлорда, Спенсерде, Бастианда, Андреде, Поста және басқаларда кездеседі, сондықтан қосымша мәліметтерге мұқтаждық жоқ. Біз тек қана сөз бүкіл кластардың құбылыстары жөнінде болып отырғандығы жөнінде айтамыз: бүл жерде о дүние жөніндегі көрініс, әрі шаманизм мифологиясы, әрі маңызды жаңалықтар (мысалы, от пен садақты ойлап табу), әрі тілдің грамматикалық негіздері және т.с.с. Бұлардың бәрі жалпы бастаулар жөнінде емес, мәдениеттердің өзара оңашалануы жағдайындағы осыған ұқсас белгілердің қос қатар пайда болуы жөнінде болып отыр. Бірақ әмбебап идеяларды анықтау — антрополог үшін бастапқы нүкте ғана болып табылады. Оған екі сұраққа жауап беруге тура келеді: 1) олар қайдан шықты? 2) әртүрлі мәдениеттерде қалай бекітілген? Екінші сұрақ оңайырақ келеді. Ойлар бірдей емес, түрі өзгерген түрлерде тіршілік етеді. Ғылыммен жиналған материал сыртқы да (яғни бұл сөздің толық мағынасында сыртқы ортамен байланысты) және ішкі де (яғни психологиялық белгіленген) көптүрліліктің себептерін көрсетеді. Қарапайым түсініктерді қалыптастыратын ішкі жөне сыртқы факті олардың әсері мәдениеттің өсуін анықтайтын бірнеше заңдылықтарды туындатады. Сондықтан біздің жұмыстарымыздың мақсаты — бұл факторлардың қарапайым көріністерді қалайша өзгертетінін көрсету. [Мұнда екі әдіс мүмкін]. Бірінші әдіс — өздігінен сұранып тұр және қазіргі уақытта оны көптеген антропологтар қабылдады. Ол нақты этнологиялық феномендер варианттарының не сыртқы [табиғи жөне географиялық ортасына қатынасты] және ішкі (санаға әсерімен) өмір жағдайларымен немесе керісінше, бұл варианттардың баламаларымен сәйкес келетін материалдар жіктемеге негізделген. Өмірлік жағдайларға сәйкестіктер осылай табылуы мүмкін. Бұл әдісті қолдана отырып — білім деректерінің аздығының өзінде — адамзат мәдениетінің бейнесін түсіндіретін себептерді анықтауға жақындаймыз. Фридрих Ратцель мен У. Дж. Макджи кезінде Риттер мен Гюйо пайдаланған материалдарға қарағанда, географиялық ортаның әсерін кеңірек деректі материалдарға сүйене отырып зерттеді. Әлеуметтанушылар болса халықтың тығыздығы мен басқа да әлеуметтік деректердің ролін зерттеген. Бұл қоғамның дамуына сыртқы деректердің әсерін жақсы түсінуге көмектесті. Психологиялық факторлардың әсері де осылай зерттелген. Штоль сендіру мен гиппозтизм құбылыстарын бөліп алып және оның әртүрлі халықтар мәдениетіндегі қалдықтарын талдауға тырысты. Тайпа арасындағы қатынастарды зерттеу кейбір мәдени элементтер оңай үндесетіндігін, ал кейбіреулері үзілді­кесілді ажырайтындығын және жоғары өркениеттің артта қалған халықтарға масыл болып таңылуы жөніндегі ескі пікірлер мәдени жетістіктермен алмасу секілді барынша барабар қағидаларға орын беруі керектігін көрсетті. Бақылаудағы құбылыстардың себептерін анықтау үшін біз бүл зерттеулердің бәрінде өзін ақтаған индуктивті әдіске сүйенеміз. Басқа бір мысал алайық. Кейінгі зерттеулерде көрсеткендей алғашқы дәуір өнеріндегі геометриялық бейнелер кейде табиғи түрлердің шартты түсіндірілумен туындайды, кейде ол техникалық себептерге қатысты, ал кейде бастапқыдан геометриялық болып қалыптасады немесе рәмізден дамиды. Қалай болғанда да ең әртүрлі ұқсас емес бастапқы жағдайлардан ұқсас тұрпатты ою­өрнектер пайда болады. Табиғатынан бір­біріне ұқсамайтын ор түрлі заттардың бейнесі уақыт өте келе тік төртбұрыш, ит құйрық, айқас өрнек және т.б. түрлерге айналады. Міне сондықтан бүл түрлердің барлық жерде көп рет қайталануы олардың не ортақ шығу тегін, не олардың дамуы ортақ психологиялық заңдылықтармен байланысты екендігін дәлелдемейді. Керісінше, өз бетінше дамудың төрт бағыты бастапқы нүктелердің көптігіне қарамастан бірдей нәтижелерге әкелді. Тағы бір мысалды айтпауға болмайды. Нықап (маска) көптеген халықта кездеседі. Олардың шығу тегін әрқашан түсіндіруге келмейтіндігін ескергеннің өзінде бірнеше ұқсас себептерді бөліп айтуға болады. Мысалы, нықапты жын­ шайтанды алдау үшін қолданды. Аурудың шайтаны адамға жұғайын дегенде оны масканың астынан танымай қалады. Осылай нықап қорғаныс ретінде қолданылады. Басқа жағдайда нықап — жын­шайтанның тұлғалануы. Жын­ шайтанның өз бейнесіне айналған нықап кескіні оны киіп жүрген адамға басқа қаскүнем жын­перілерді қудалауға көмектеседі. Кейбір нықаптың жәдігерлік мағынасы бар, олар аруақтардың рухын есте сақтайды. Театр қойылымдарында мифологиялық көріністерді ойнаған кезде де оны кеңінен пайдаланады. Бір ғана этникалық феномендер әр түрлі бастау көздерінен пайда болатындығын осы мысалдар анық көрсетеді. Бақыланатын дерек неғұрлым қарапайым болған сайын өр жерде ол әр түрлі жағдайларға байланысты пайда болу мүмкіндігі күшейе түседі. Сонымен біз көптеген қазіргі зерттеулердің бастапқы себепшісі үнемі дәлелдене бермейтіндігін аңғардық. Біз ұқсас құбылыстар үнемі ұқсас себептермен байланысты және осы себепке сәйкес адам ақыл­ойы да барлық жерде бір заңдылықтарға бағынады деп тұжырымдай алмаймыз. Біз бастау кезеңінде түрткі болған жағдайларды түсіндіріп беруді және ортақ себептері күмән туғызбайтын құбылыстармен шектелуді талап етуге толық мүмкіндігіміз бар, сонымен қатар барлық кез­келген салыстырмалы талдаулардың алдында осындай зерттеулердің болғанын қалар едік. Мысалға алғанда, тайпалық қоғамды зерттеу барысында қосылу арқылы қалыптасқан тайпаларды бөліну үдерісінде туындаған тайпалардан бөлек қарастыруымыз керек. Табиғи нысандардың өзгертілген бейнесін білдіретін, оның техникалық мүмкіндіктерінің негізінде қалыптасқан геометриялық ою ­өрнек бейнеден тыс қарастыруды қажет етеді. Бір сөзбен айтқанда, кең көлемде салыстыруды бастамас бұрын материалдың өзара салғастыруға келетіндігін дәлелдеу қажет. Мен айтып отырған салыстырмалы әдіс сөзсіз ұқсас және барлық жерде көрініс беретін себептерді іздейді, сонымен қатар адамзат қоғамының даму заңдылықтарын ашып, оның біртұтас бейнесін беруді армандайды. Мәдениеттің көптеген іргелі белгілерінің әмбебап (немесе, ең болмағанда, бірқатар оқшау аймақтар үшін тұрпатты сипатының болуы) олардың ортақ бастауымен түсіндіріледі; бұл өз кезегінде адамзаттың дамуы қайсыбір әмбебап төсім бойынша қалыптасады, ал оның барлық түр ­ нұсқалары соңғысының ұсақ бөлшектері болып табылады деген ойға әкеледі. Бүкіл ұқсас құбылыстар ұқсас себептерден туындаған деп түсіндіретін берілген теорияның қисындық өзегі жай ғана болжам екендігі түсінікті. Мысал қарастырайық. Біз жанұяның көптеген құрылымдық тұрпаттарын анықтадық. Патриархалды жанұялар кейбір жағдайларда матриархалды институттардан шыққандығын дәлелдеуге болады. Егер біз ұқсас құбылыстар барлық жерде бірдей себептерден дамиды деген болжаудан бас тартсақ, бізге патриархалды жанұялардың пайда болуы кейбір жағдайларда матриархалды, ал кейбір жағдайларда басқа жолдар арқылы қалыптасады деп тұжырымдауға ешкім кім кедергі жасамайды. Немесе тағы да мысал: о дүние жайлы көптеген көзқарастар ұйықтаған кезде көретін түс пен елестердің негізінде туындайды. Бірақ олардың ортақ шығу тегі жөніндегі сенімді ой­пікірді басқа деректердің жоқ екендігін күні бұрын білген кезде ғана айтуға болады. Сонымен біз салыстырмалы әдістің басты теориялық алғышарттары басқа түсіндірмені болжайтын деректермен өру үндесе бермейтіндігіне көз жеткіздік. Міне сондықтан да қоғамның қалыпты дамуының біртұтас төсімін жасауға ұмтылыстарының бәрі, олардың бүкілінің ерекше сонылығына қарамастан, құндылығы соншалықты күмәнді болып табылады. Қатар құбылыстардың ортақ деректерін көрсету мүмкін болмаған жағдайдың бәрінде тарихи дамудың көп түрлі нұсқаларын көре аламыз. Осыған байланысты антропологиялық зерттеудің басты міндеттерінің бірін еске түсірейік. Біз адам мәдениетінің дамуының ортақ заңдары бар деп ойлаймыз және оларды ашуға тырысамыз. Біздің талдауларымыздың басты мақсаты — оның белгілі бір кезеңдеріндегі мәдениеттің даму жолдарын анықтау. Ол әдет­ғұрыптар мен сенімдерді сол күйінде зерттеумен шектелмейді. Біз осы әдет­ғұрыптар мен сенімдердің өмір сүру себептерін белгіміз келеді, басқа сөзбен айтқанда олардың даму тарихын анықтауға ұмтыламыз. Қазіргі таңдағы осындай зерттеулерде қолданылатын әдіс ұқсас әдет ­ ғұрыптар мен сенімдердің түр ­ нұсқаларын салғастырып қарастыруға жөне ортақ психологиялық себептерін анықтауға негізделген. Мен жоғарыда айтқандай бүл соншалықты үлкен қарсылықтар тудырады. Сондықтан тарихи әдістің тікелей нәтижесі болып оның көмегімен зерттелетін әртүрлі тайпалық мәдениеттерді [суреттеу] тарихы болуға тиіс. Мен мұны біздің ғылымның соңғы мақсаты емес деп санайтын антропологтармен толығымен келісемін, өйткені жалпы заңдылықтарын шығару барысында да (осындай түрде ұйғарылғанның өзінде), олардың салыстырмалы құндылықтарын анықтау кезінде де оның әртүрлі мәдениеттердегі көрінісін нақтылап салғастырамыз керек. Алайда мен бұл әдісті қолдану кез­келген әрекеттің қажетті алғы шарты деп санаймын. Психологиялық мәселенің шешімі тікелей тарихи зерттеулерге байланысты. Әрбір жеке мәдениеттің тарихын меңгере отырып және оған сыртқы орта мен психологиялық жағдайлардың әсерін анықтағанда біз бір адым алға жылжимыз, өйткені осының арқасында берілген деректер басқа мәдениеттердің дамуында қаншалықты қатысқанын біле аламыз. Осыған орай дамудың әртүрлі варианттарын салыстыру жалпы заңдылықтарды ашуға көмектеседі. Бұл әдісті әдеттегідей іс жүзінде қолданғанда салыстырмалы әдіске қарағанда неғұрлым баянды, өйткені оның қорытындылары дамудың болжаулық жолдарына емес, нақтылы тарихқа негізделген. Тарихи талдауды сыншыл тәжірибе ретінде қарастыру керек, оған деректің дәлелденгені мойындалғаннан кейін ғана жүгінеді. Оның көмегімен жиналған мәліметтердің салыстырмалылығы анықталады, біздің ойлауымыз оның басты белгісі — үдерістердің біркелкілігі. Екі феноменнің тарихи байланысы дәлелденгенде олар тәуелсіз мәліметтер ретінде қарастырыла алмайды. Кейбір жағдайларда бұл әдістің тікелей нәтижелері соншалықты кең мағынаға ие, ол салыстырмалы зерттеулердің ең жақсы жетістіктерімен салғастырыла алады. Кейбір феномендердің таралу аймағының кең көлемді жерлерді қамтуы жергілікті мәдениеттердің жеке элементтерінің ортақ шығу тегін білдіреді. Бұл өз тарапынан адамзат тарихының ерте кезеңіндегі көп мәселелердің бетін ашады. Өз кезінде Эдвард С. Морзе орасан зор, бір­бірінен алшақ аймақтардағы садақпен ату тәсілі бірдей екендігін көрсеткен болатын. Бұл жаңалық кең көлемді жерлерде іс­әрекеттің ортақ бастауларының тікелей дәлелі болып табылады. Бірақ егер таяқты басқа ағаштың қуысына енгізіп, оған қарапайым қозғалыс жасау арқылы от алса (бүл кезде басқа алғашқы қауым халықтарының бәрі отты бұрғылау әдісі арқылы алатын), олардың бұл әдісін ерекше деп санауға барлық мүмкіндігіміз бар. Ал егер де біз әдет­ғұрпы бірқатар ерекше түрлерде бүкіл африка аймақтарына таралғандығын анықтасақ, бірақ Африка аймақтарынан алыс жерлерде еш белгісіз болса немесе ескінің сарыны ретінде кездессе, бүл оның африкалық түрлерінің таза жергілікті шығу тегін дәлелдейді. Сонымен антропологияның тарихи әдісінің керемет маңызын біз белгілі бір жағдайда нақтылы әдет­ғұрыптардың пайда болуына әкелетін үдерістерді анықтауға көмектескенінен байқай аламыз. Егер антропология мәдениеттің даму заңдылықтарын анықтауға ұмтылса, ол даму нәтижелерін салыстырумен шектелмей, мүмкіндігі бар барлық жерде оның жүрісін салғастырған дұрыс, ал ол үшін кіші географиялық таралу аймақтарындағы мәдениетті зерттеу керек. Біз салыстырмалы әдіс әрбір жеке мәдениеттердің бүкіл ішкі байланыстарын зерттеу арқылы алынған тарихи мәліметтердің негізінде ғана олар күткен нәтижелерге жеткізетіндігін көрдік. Салыстырмалы және тарихи әдістер, егер мен бұл атауларды заңды қолданып отырған болсам, басымдылық үшін бір­бірімен ұзақ уақыт бәсекелескен болатын, бірақ екі әдістің екеуі де жақын арада өзінің атқаратын қызметі мен тиісті орнын табатындығына үміт артуға болады. Тарихи әдіс қате ұстанымды терістеудің негізінде қалыптасқан болатын, ол мәдениеттердің ұқсастығы айқын көрініп тұратын жерлерде ғана байланыс бар деп есептейді. Атына ауызша да, жазбаша да мақтаулар айтылған салыстырмалы әдіс өте жұтаң нәтижелер береді және меніңше біз мәдениеттің қалыпты дамуының әмбебап төсімін құруға ұмтылған нәтижесіз талпыныстан бас тартып, мен осы жерде өзімше ұйғарғандай, біздің салыстыру әдісімізді кең де сенімді іргетасқа орнатқаннан кейін ғана ол өнімді нәтиже бере алады. Осы күнге дейін біз өзімізді азды көпті соны қиялдармен жұбатқан болатынбыз. Байсалды жұмыстар әлі де алда.

Читайте также:  Шакарим и Султанмахмут Торайгыров

Оставить комментарий