Антропологиядағы тарих пен ғылым

Кребердің менің ғылыми жұмыстарыма ғана емес, менің өзіме де берілген талдауды қамтитын мақаласын қызыға оқып шықтым. Мүмкін мен оны да, басқасын да дұрыс бағалап отырмаған шығармын. Соған қарамастан мұндай пайымдауларға өзімнің үзілді­кесілді қарсылығымды білдіргім келді. Мен жас кезімде көп уақытымды физика мен географияны зерттеуге бергенім, — нағыз шындық. 1887 жылы осы жолдардың авторы бұл пәндердің іргелі алғы шарттарының әртүрлілігі жөнінде ойын білдіре отырып, оған өзінің қатынасын анықтауға тырысады жөне компоненттерінің жалпы себептерге еш қосылмайтынына қарамастан бүтін ретінде қабылданатын феномендермен айналысушылар қатарына саналы түрде кірді. Басқа сөзбен айтқанда, мені басында күрделі құбылыстарға саналы жету мәселесі қызықтырған болатын. Бұл қызығушылық, мен кейінірек географиядан өз назарымды этнологияға аударған кезде де, басым мәнінде сақталды. Құбылысты түсіну үшін оның не екендігін білу жеткіліксіз, оның қалай пайда болғанын білу қажет. Біздің мәселе — тарихи мәселе. Д ­ р Кребердің пікірі бойынша, «кез­келген салаға тарихи тұрғыдан келудің айқын белгісі, уақытша салдарды қарастыру емес (алайда, тарихи импульстер шынайы және күшті болған жерлерде, онан да бас тарту қиын), керісінше толық суреттеуге ұмтылу болып табылады <…> Тарихи үрдіс — бұл тура сол күйінде қарастырылатын құбылыстардың байланысы, ал ол құбылыстардан тартқылап және сығып алатын нәрсе емес». Мен, бұл жерде ешқандай мағына көрмей тұрғанымды, мойындағым келеді. Бізде мәдениеттердің азды­көпті бара ­ бар болып есептелетін суреттеулері бар және олар — өте бағалы мәліметтер. Олар бізге мәдениетті өзінің іс­әрекетінде көрсететін өте жақсы көрнекі жадығат береді, оның астарынан мен мәдениетпен бақыланатын жеке адамның өмірін және жеке адамның өзінің де мәдениетке әсер етуін түсінемін. Бірақ бұл тарих емес. Тарихи талдаулар сипатталған материалды басқалай қолдануды талап етеді және бұл жерде археологияға, биологияға лингвистика мен этнографияға көңіл бөлген артығырақ. Егер Кребер менің 1885 жылы жазған алғашқы этнологиялық тәжірибемді «Орталық эскимостарды» («The Central Escimo») тарихи зерттеу деп ұқса, онда мен оны түсінуден бас тартамын. Бұл жұмыс — халықтың күнделікті өмірін асқан ыждағаттылықпен зерттеуге негізделген суреттеудің мысалы, оның кейбір олқылықтары бар, ол сол кездегі коп сұрақтарға менің төмендігімен түсіндіріледі. Ондағы тарихи тұрғыдағы кейбір элементтер зерттелетін тайпаны Маккензи бассейніндегі үндістер мен өзге де эскимостық тайпалық топтармен салыстырғанда және бұдан да ертеректегі эскимостық тайпалар жайлы материалдардың талдауларынан немесе олардың көне көшіп­қону жолдары жайлы болжамдарынан байқалды. Ондағы қалған нәрсенің барлығы — таза суреттеулер. Егер де мен өзімнің кейініректегі жұмыстарымда географиялық жағдайларға көп сүйенбеген болсам, оның себебі географиялық факторлардың анықтаушы рөліне деген бұрынғы сенімділігім — менің 1883­84 жж. экспедицияға аттанған кездегі сенімділігім — мәдени өмірдің шығармашылық элементтері ретінде көңілім қалуымен ауысты. Мен олардың тар шеңберлі және түрін өзгерткен мәдениеттер үшін маңыздылығын әрқашан мойындай аламын, бірақ өзімнің кейінгі кездердегі дала зерттеулерімде бұл сұрақ қосалқы орында қалды, өйткені оны қарастыру оған ерекше айқындылық қоспас еді. Д ­ р Кребердің есіне бір кішкентай оқыс оқиға жайлы түсіргім келіп отыр, ол менің мәдениеттің социологиялық және психологиялық түсіндірулеріне, нақтырақ айтқанда, қазіргі уақытта бәрі функционалды деп атайтын бағытқа, қызығушылығымды жақсы сипаттайды. Мен одан бізге дейін аңыз бен әдет­ ғұрыптар түрінде жеткен, көптеген этнологтар үшін басты уайым болып табылатын «түпнұсқа» жөнінде басын қатырмай­ақ, салт­дәстүрлері туралы мәліметтер жинап беруін сұрадым. Нәтижесінде аңыздар жинағы туындады, олардың көбісі кең ауқымды болатын. Бұл жинақ жоғарғы мұратты үндістерді ғана мойындап, «кіші ат шабарлардың» қылығына тон нәрсенің бәрін жек көретін Алиса Флетчердің ашуын туғызды. Ол осы тұрғыдан д ­ р Кребердің жұмысын сынауға кіріскендіктен, мен «Экзотериялық доктринаның этнологиялық маңызы» атты шағын мақаламды жарияладым, мұнда экзотериялық және эзотериялық білімнің «функционалды» ара­қатынасын ашуға ұмтылдым және жоғарыда көрсетілген аңыздардағы қарапайым халықтың зияттық дағдылары зерттеуге тұрарлық екендігін көрсеттім. Мен баяндаған сол ойлар 1896 жылы Адольф Бастианның рухына бағышталған [Anniversary Volume for A. Bastian] жылнама үшін жазылған құпия одақтары жөніндегі хабарламада қайталап жарық көрді, одан кейін біраз басқа көзқараспен сол мәселе бойынша жазылған америка танушылардың 1904 жылғы XIV съезінде баяндалды (1906 жылы жарық көрді; кейінгі хабарлама мәдени қылық тұрпаттарының қалыптасуына көбірек қатысты болды). Бұл жұмыстарды мен мәдени­тарихи деп атауға құқым бар, өйткені осында басқа мәдениеттердің аясында өзіндік төлтума мәдениеттің керегесі қалыптасатын әдістер қарастырылады. Мәдениеттің тарихын қалпына келтіру талпыныстарымызда біз еріксіз жанама мәліметтерді пайдаланамыз, біздің міндегіміз — оларға үлкен сақтықпен қарау. Д ­ р Кребер менің бұл сұрақтарға қызығушылығым болмағандығын кінә етіп қояды. Мен, мүмкін, бұл жағдайда әлеуметтік құрылымды жаңғыртуға, құпия одақтардың тарихына, Американың Солтүстік ­ Батыс жағалауындағы халықтардың көркем стильдері мен аңыздарын жіктеуге көп жылдарымды босқа өткізген шығармын. Менің ойымша, мұндай түпкілікті зерттеу өздігінен ғана құнды емес, адамзат тарихындағы әмбебап белгілерді анықтау үшін де бағалы, өйткені әрбір жеке мәдениетте жалпы мәдени феномендер көрініс табады. Бұл тиянақты жұмыстан қандай ма болмасын құндылық табудан бас тарта отырып, д ­ р Кребер, мүмкін, керісінше кез ­ келген қызба армандауды қолдайтын шығар. Менің Нью ­ Йорк Ғылым Академиясының президенті ретінде жасаған «Америкалық нәсілдің тарихы» атты көпшілік алдындағы мақтауын басқаша бағалай алмаймын. Менің ойларымды қолдай отырып, ол мен оз қиялымның бұғауын бос жібергенімді де байқап өтті. 1895 жылдардың аралығында мен сол кезде белгілі материал Американың Солтүстік ­ Батыс жағалауы мен басқа да аймақтарының, Ескі Әлемнің мифтерінің ара­қатынасы жөнінде тиянақты талдау жасап, олардың тарихи туыстығын дәлелдеуге тырыстым, бірақ, д ­ р Кребердің пікірі бойынша, әрбір элементтің шығу тегін дәл анықтауға дауаламауы байланысты жарты жолда тоқтап қалған сияқтымын. Алайда мен қазір де өз пікірімде жөне мұндай нәтиже ерекше жағдайларда ғана мүмкін деген сенімдемін. Егер феномен бір жерде өзінің шарықтау шегіне жетсе, бұл оның осы жерде туындағанын дәлелдемейді. Д­р Кребердің мен негізсіз деп есептейтін қарама­ қарсы пікірге сенімділігі, оның жадығаттарға деген жеңілтек қатынасымен қоса, біздің әдістеріміздің әртүрлілігін белгілейді. Менімен ауызша сөйлескенде, егер менің жасаған қорытындыларым үшін үлкен ықтималдық қажет болса, ол азбен қанағаттануға дайын екендігін айтқан болатын. Бірақ бұл — қазіргі ғалымның емес, эпикуриліктің сөзі. Менің тіл білімі тұрғысындағы жұмыстарымды сынау өз мақсатына еш жетпеген сияқты. Лингвистикалық өзара қатынастарды зерттеу тарихи зерттеудің қуатты әрекеті болып табылады және біз өзара тілдік қарым­ қатынастарда таза генетикалық ара­қатынасты болжағанымызға немесе терең өзара әсерлер мүмкіндігін жорамалдағанымызға байланыссыз ол осы қалпында қала береді. Бұл сұрақ тілдердің өзара байланысы жағынан маңызды, бірақ тарихи немесе тарихи емес тұрғыдағы түсініктерге ешқандай қатынасы жоқ. Егер ол шешілетін болса, біз лингвистикалық мәліметтерге тарихи пайымдама бере аламыз. Бұл жерде мен, басқа жағдайлардағы сияқты, негізсіз долбарлардың қарсыласы болып табыламын, оларға қырық пайыздық мүмкіндік те аз. Маған менің «Алғашқы қауымдық өнер» атты кітабымды сынағаны да — соның ішінде, онда көркем стиль қарастырылмайды деген тұжырым ­ түсініксіз. Соған қарамастан тек стиль сұрақтарына менде тұтас бір тарау бөлінген; арнайы Солтүстік Батыс жағалауының стиліне арналған тарау да бар, ол менің бұл мәселеге көзқарасымның үлгісі ретінде келтірілген. Стильдің не екендігі жөнінде, сол секілді тарих дегеніміз не деген сұрақтарға д ­ р Кребердің, мүмкін, өз көзқарасы бар шығар. Ал Солтүстік Шығыс жағалауының стильдік тарихы жайында жазбағаным үшін кінәлағанына келсек, өкінішке орай, олардың дамуы жайлы баяндайтын менде мәліметтер жоқтығын айтқым келеді. Біздің байқауымыз ол толық қалыптасқан секілді көрінеді және ақ отаршылармен қатынас ықпалының қарқынды дамуына байланысты жойылын бара жатыр деуге болады. Эскимостардың жергілікті шағын айырмашылығы және басқа да көрші тайпалардың көркем дәстүрлерінің өзара әсері, менің ойымша, бұл мәселе бойынша қосымша жадығат бермейді. Мүмкін, д­р Кребер менің мұндай, Шурцтің жабайы долбарларын қайталайтын, тарихты жазғанымды қалайтын шығар? Мен ешқашан тарих заңды және толыққанды, ал тарихи жаңғыру — әлсіз және жеміссіз деп санаған емеспін. Әрине, этнолог жазған кез­келген алғашқы қауымдық халықтың тарихы жаңғыру болып табылады және ол басқаша бола алмайды. Соған қарамастан нақты мәліметтерге негізделіп, сақтықпен жасалған жаңғырту мен азды­көпті қияли күйінде қала беретін кең ауқымды тұжырымдардың арасында айырмашылық бар. Бірқатар өте қатаң жалпы тарихи мәселелер, соның ішінде, нәсілдердің таралуы мен ара ­қатынасы, Америка мен Ескі Әлемнің, Африка мен Азияның және т.с.с. байланысы жөнінде менің азды­көпті нақтылы ой­пікірім бар және бұл ой­пікірлердің беріктігі олардың дәлелділігіне тікелей қатысты. Бұрын мен біреудің сақтықпен айтқан болжамын көбіне ақырғы шындық ретінде қабылдайтынмын. Д ­ р Кребер америка танушылардың 1928 жылғы Нью ­ Йоркте өткен съезіндегі антропологиялық әдістер жайлы пікірталасқа сүйенеді, бірақ деректерді толығымен дәл келтірмейді. Бұл пікірталас толығымен мәдени шеңберлердегі қағидаларға және басқа да тарихи жаңғыртулардың талпыныстарына көңіл аударған болатын. Соңында мен былай деп қорытындыладым, мен өмір бойы тарихи дамудың нәтижесі ретінде зерттеген мәдениетті түсінуге талпындым, бірақ барлық талқылаулар тарихи салдарға тірелгендіктен, мен advocatus diaboli ретінде, яғни суретті тереңірек түсіну үшін тарихи өзгерістерге әкелетін үдерістердің байыбына барғысы келетіндердің қатарында болып шықтым. Мұндай ұстаным мен үшін жаңалық болған жоқ, ол жайлы менің жоғарыда айтқандарым дәлел бола алады деп үміттенемін. Пікірталасқа қатысушылардың көпшілігі қандай ма болмасын «үдерістерді» қарастырғысы келмей, олардан оттан қашқандай үркіп, өздерінің жақсы көріп ұнататын теорияларында қалғысы келді. Өзінің «Солтүстік америкалық тайпалардың әлеуметтік антропологиясы» атты кітабының алғы сөзінде (Чикаго, 1937) Роберт Редфилд Кребердің тұжырымдарын қайталайды, соның ішінде оның тарихи анықтамасын қабылдайды: «Тарихшы болып өзін «функционалды» этнографиялық бағалаулармен шектемеген, [яғни] жеке қоғамдардың анықтамаларымен, оларды өзара салыстырмай, бірақ әрқайсысын «функционалды» өзара байланысқан және жарасымды үйлесімін тауып біте қайнасқан мүшелерден жинақталған бүтін ретінде қарастыратын адам есептеледі». Бірақ мұндай тұжырым бәрінен бұрын жақсы этнографиялық суреттеуді білдіреді, мен бұл жерде оны «тарих» деп есептейтін тарихшыны елестете алмаймын. Менің жұмысымның бүкіл Редфилдік сыны бір сөзге тіреледі: «Ол тарихты жазбайды және ғылыми жүйелерді жасамайды». Ескертпенің соңғысы менің көзқарастарыма тура келеді. Тарих — адамдардың жеке топтарының немесе бүкіл адамзаттың тарихы; бұл терминнің күнделікті мағынасында қарастырылуы және оған Кребер берген ауытқыған күйіндегі тарих; өзіне биологиялық, лингвистикалық және жалпы мәдени феномендерді қамтитын тарих, — бұл тарих соншалықты күрделі, біздің барлық келтірген жүйелеріміз әрқашанда субъективті және дәлелсіз болып қалады. Адасуларды кезі (мен оны тотеизм мәселесін талқылағанда дәлелдеуге тырыстым) жіктеулердің өзі болып табылады — кез­келген жүйенің қажетті элементі. Кребер мен Редфилдтің түсінігіңдей «тарихты» мен жеке мәдениеттің бас­аяғын қамтитын талдау ретінде анықтаймын, ол оның түрін суреттейді және жеке адамның мәдениетке, ал мәдениеттің жеке адамға динамикалық серпілісін сипаттайды. Бірақ бұл талдау қазіргі өмір сүріп жатқан түрлердің тарихи дамуы қалай өткендігі белгілі жерлерде ғана мәнге ие болады. Алғашқы қауымдық мәдениеттердің тарихы сәйкес келмейтін жадығаттардың негізінде жаңғыртылғанымен, оның кейбір бөлігі қорытындылар жасауға негіз береді. Менің ойымша, Радклиф ­ Браунның мұндай жаңғыртуларға бейжайлығы құжатталған тарихқа — әсіресе мәдениет тарихына — қатты сенуінен туындайды. Бірақ кейбір біздің археологияға немесе географиялық таралудың талдауларына сүйене отырып алынған нәтижелер өзінің маңыздылығы жағынан құжатталған мәліметтерден кем түспейді. Мәдени динамика мен кірігуді барабар бейнелеуге талпыныс, белгілі болғандай, көптеген қиындықтармен байланысты және қоғам мен организм арасындағы ұқсастық — ертеден келе жатқан пайдакүнемдік теориялардың бірі, оны өзінің функция жөніндегі ілімінде Радклиф ­ Браун пайдаланады — бұл жерде ол жұмыс істемейді. Менің жұмыстарымның қате түсіндірілуі өзімнің ғылыми жұмысымның басында «ескі пайдакүнемдік теориялармен» күресе отырып (қазіргі кезде де — біздің мәдениеттің категорияларын өзгеге ауыстыратындар сияқты), мен мәдениет жұғыстық зерттеу (1895, қар. Б. 425) және [dissemination] таратудың қаншалықты маңызды екендігі жөнінде айтқанмын. Бұл тарихи әдістердің жеткілікті тамыр жайғанын көргенде, мен (1910 жылдары) мәдени динамиканың мәселелеріне, мәдени кірігулер және жеке адам мен қоғамның өзара байланысына көңіл аудардым. Құбылыстардың абсолютті жүйелері — кешенді түрінде де, сол секілді мәдениет феномені түрінде де — мүмкін емес. Олар әруақыт біздің өзіміздің мәдениетіміздің көрінісі болып табылады.

Читайте также:  ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КОНСЕРВАЦИЯЛАУ

Оставить комментарий