Антропологияның пәндік саласы

Клод Леви ­ Строс мырзаның 1960 жылы 6 қаңтарда Колледж де Франстың әлеуметтік антропология кафедрасының ашылуы кезінде оқыған инаугурациялық дәрісі 1958 жылы, осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын, Колледж де Франс әлеуметтік антропология кафедрасын ашу туралы ниет білдірген еді. Бүл ғылым, өмірде кездесіп қалғанда өзіміз ырым деп санайтын ойлаудың түріне ерекше көңіл бөледі, сондықтан да, мен сөзімді ырымға құрметпен қарау керектігінен бастасам айып етпессіз. Мифке тән құбылыс дегеніміз — біздің зерттеулерімізде ерекше орын алатын — бұрынғы заманды кері тірілтіп, бүгінгінің өлшеуіші ретінде тор көзді толтырғандай жапсырып отырып, адам бойында өзінің реалды танымы қарама­қайшы келетін тарихи жөне структуралық белгілері екі жаққа да сәйкес келетінін анықтау емес пе? Мифке тән белгілер түгелімен жинақталып болғанына көзім жетті ­ ау деген сәттен бастап, өзім де содан үлгі ала отырып: мағынаны түсініп, пайымдап алуға тырысып жөне бұрын өткен оқиғалардың кейбіріне шұқшия үңілуімнен алған сабағымды өнеге ете білуіме рұқсат етілсе әбден дұрыс болар еді. Қадірменді әріптестер, өздеріңіз шешім қабылдаған датаның өзі — 1958­жылы әлеуметтік антропология кафедрасын құру ұсынысы, алдарыңызда тұрған менің өзім қанша бас тартсам да қашып құтыла алмас дәстүрдің жаңарғанына куә, мұның өзі 8 цифр ғайыптан тайып қайталануын көрсетеді, ол Пифагордың арифметикасында 1 көрсетілген, химиялық элементтердің периодикалық кестесінде және медузалар симметриясы заңында да бар. Сіздердің бұл бастамаларыңыздан елу жыл бұрын сэр Джеймс Джордж Фрэзер Ливерпуль университетінде әлемде түңғыш рет әлеуметтік антропология деп аталған кафедрада инаугурациялық дәріс оқыған болатын. Одан елу жыл бұрын, бүгінде табаны күректей бір ғасыр болып отыр — 1858 жылы Франц Боас жөне Эмиль Дюркгейм дүниеге келген еді. Олардың ізін басып келе жатқан ғалымдар, бірі Америкада, екіншісі Францияда бүгінгі өзіміздің антропология деп танитын ғылымымыздың негізін қалаушылар болмаса да, дамуына зор еңбек сіңірген ғалымдар осы екеуі болатын деп санайды. Осы үш бірдей айтулы дата, үш адамның аты­жөні бүгін ойға оралып тұрғаны да заңды. Фрэзер мен Боастың аты ­ жөндері, әлеуметтік антропологияның және менің жеке басымның ағылшын­американ ойына қаншалықты қарыздар екендігі туралы қысқаша болса да, менің куәлік беруіме тура келіп түр. Өйткені менің алғашқы жұмыстарым ағылшын ­ американ ойына сүйене отырып орындалған болатын. Бұл дәрісте Дюркгеймге назар көбірек аударылатыны түсінікті де: Франция әлеуметтік антропологиясына сіңірілген еңбектің басым бөлігі соған тиесілі бола тұра, оның көптеген шет елдерде дүркіретіп атап өтілген жүз жылдығы өзімізде елеусіз қалды деуге болады, тіпті ешқандай ресми салтанат та өткізілген емес . Оның сіңірген еңбегіне деген осыншалықты әділетсіздікті, ол әділетсіздіктің біздің тарапынан да қатысы бар, себебін қайдан іздеуге болар? Оның бәрі өз тарихымызға немқұрайлы қарап, елеусіз тастауға тырысқанымызда, тіпті оған (Шарль де Ремюздің сөзін қолдансақ) «жиіркенішпен қарайтынымыз», сөйтіп, осы көзсіздігіміздің кесірінен, әлеуметтік антропологияның Гобино және Деменьеден айырылып қалғаны сияқты Дюркгемнен де айырылып қалу қауіпі төніп тұрғанын түсінуіміз керек. Солай бола тұра, менің қымбатты әріптестерім, араларыңыздағы өткен күндердің белгісіндей жақын достарым, егерде мен, шамамен 1935­шіжылы, біздің бразилиялық достарымыз алғашқы университеттерін ашарда Франция миссиясының еткен әсері туралы түсіндірмек болып, екі есімді алдымен атайтын — әуелі әрине, Пастердің есімін, содан соң — Дюркгеймді еске алатындарын айтсам сөзімді теріске шығара қоймас деп сенемін. Алайда, Дюркгеймді ойлаған кезде біз тағы бір парызға мойын ұсынамыз. Мэтрдің есімі аталған кезде оған көрсетілетін құрмет оның шәкірті, кейіннен ісін жалғастырушы Марсель Моссқа да көрсетілуі тиіс. 1931— 1942­іпіжылдар аралығында Марсель Мосс Колледж де Франста қоғамды зерттеумен айналысатын кафедраны басқарды. Морис Хальбвахс байғұстың ол оқу орыны қабырғасында еңбек етуі өте қысқа болғандықтан да, сіздер әлеуметтік антропология кафедрасын құра отырып Мосстың кафедрасын қайта жаңғырттыңыздар десем, шындықтың ауылынан алыс кете қоймаспын деп ойлаймын. Қалай болғанда да, алдарыңызда тұрған мына мен, Мосстың ақыл­ойына көп қарыздар екенімді аса ризашылықпен есіме аламын. Әрине, Мосстың кафедрасы «әлеуметтану» деп аталды, өйткені Мосс Поль Ривемен бірлесе отырып этнологияны дербес құққа ие ғылым ретінде таныту үшін зор еңбек сіңіре тұра, 1930 жылға дейін ол ісін аяғына дейін толықтай жеткізе алмады. Әрқайсымыздың білім беру ісіндегі жолымыздың байланысын дәлелдеу үшін, Мосстың өмірінде этнологияның алатын орынының күшейе түскендігін еске түсірсек те жеткілікті, 1924­шіжылыол, «әлеуметтанудың орны «антропологияның ішінде» деп мәлімдеді, және де Мосс, қателеспесем, француз терминологиясына «әлеуметтік антропология» деген сөзді 1938 жылы алдымен енгізген болатын. Мосс кейбір шектен шыққан талпыныстарының өзінде дюркгеймдік бағыттан ауытқымағанын сезіп отыратын. Мүмкін, бүгінде біз, баршаның көзі жеткен адал қалпында қала тұра, өзінің даңқты көшбасшысының доктринасын сәл қарапайым әрі қолданысқа ыңғайлы күйге түсіре алғандығын оның өзінен артығырақ түсінетін шығармыз. Ол бізді өлі күнге дейін қанатын кеңге жайған ауқымдылығымен, қисындық негізінің мықтылығымен және де зерттеу күтіп тұрған тұстары жетерлік көкжиектерінің биіктігімен таң қалдырады. Мосс миссиясының өзі Жаратқанға апарар жолдың тура астынан шыға келген осы таңғажайып ғимаратты салып бітіріп және іші­сыртын безендіруін беруде жатыр еді. Мосс, метафизиканың сіңірге ғана ілініп, үзілгелі тұрған кейбір мүшелерінің сыздауынан құтылып, ол доктринаны диалектиканың ызғарынан, силлогизмның күркірінен, антиномияның найзағайынан қорғауға бар күшін салды… Алайда Мосс дюркгейм мектебін бұдан басқа да қауіп ­ қатерлерден құтқара білді. Адам туралы ғылымға, оларды жаңартып отыру мүмкіндігін туғызу мақсатында, өзіндік ерекшелік туралы талапты ең бірінші болып енгізген Дюркгейм болуы керек. Олардың көпшілігі, әсіресе лингвистика XX ғасырдың басында оның пайдасын көрді. Адам баласының ойлау жүйесінің, ойлай білу қабілетінің әр түрлі болатыны туралы, феномендерді сараптау және идентификациялау мәселесін, ол феномендерді үйлестіріп отыратын олардың өзара байланысының табиғатын ашып алмай тұрып олардың қалай пайда болу және жаратылуы туралы сұрақтарға жауап іздеу мүмкін емес нәрсе. Әңгіме не жөнінде болса да, мәселенің өзегін жете танып алмай тұрып, оның пайда болу тарихы туралы пікірталасқа түсудің берері аз. Алайда, бүгінде «Әлеуметтік әдіс ережелерін» қайталап оқыған кезде, Дюркгейм ол қағидаларды іш тарта отырып қолданды ­ ау деген ойдан арыла алмайсыз: оларға әлеуметтікті тәуелсіз категория ретінде белгілеу үшін жүгінді, бүл жаңа категорияның біз танитын әртүрлі аспектілерге сай сан алуан ерекшеліктерге толы болуына көз жұма қарады. Логика, Тіл, құқық, өнер, дін — бұлар әлеуметтік проекцияның мәні, діңгегі (проекция) деген ұйғарым жасамас бұрын — демес бұрын — жеке­дара ғылым түрлерінің әрқайсысы осы аталған кодтар бойынша өзінің ұйымдастырушылық, пішіні мен ерекшелік функциясын тереңдеткені қажет еткенін күтудің қажеті де жоқ болар… Бүл олардың табиғатын, өзара қарым ­ қатынасын, байланысын ұғынуға жол ашар еді, мүмкіндік берген болар ма еді… Постулат, яғни сипаттауды керек етпейтін жорамал болудың орнына Әлеуметтік тәжірибе барысында байқалады: Белгілі бір нақты жағдайларды бақылау барысында ғана көз жеткізуге болатын ерекше пұрсатты талаптар, «Қоғам мен ондағы Институттардың тотальды кезінде ғана іске қосылады». «Алайда бұл тотальды — бір мезгілде заңдық, экономикалық, діни тіпті эстетикалық, морфологиялық күйде қала беретін өзіндік феномендердің ерекшелігін жоққа шығармайды» дейді Мосс «Сый туралы очеркінде»; жоққа шығара алмайтыны соншалықты сол тотальды түптің түбінде осы барлық жоспарлардың өзара функционалдық қарым­ қатынасынан тұрады. Мосстың осы анықтамасы оның алғашқыда Дюркгеймнің этнографиялық зерттеулерге дегеніндей жеккөрінішті жеке өзі қалай тез жеңгенін түсіндіреді. «Бәлкім бұл — аталған не басқа бір аралдың тұрғыны шығар» — деген Мосс. Соңғы сөзді айтатын теорияны емес, бақылаушы; ал бір жағынан ең соңғы сөзді айтатын бақылаушы да емес, жергілікті мекендеуші адам. Ақыр соңында өзін ­ өзі өз қоғамының бақылаушысы ғана емес теориясы кейпінде көрсететін туземдік рационалдандырған түсініктемелері нәтижесінде «бей сана категорияларды» танимыз. Бүл жөнінде Мосс өзінің алғашқы еңбектерінің бірінде «діндегі және лингвистикадағы сиқырдың, (магия) — анықтауыштары» деп жазған болатын. Осы терең талдау Моссқа, Дюркгейммен қарама­қайшылыққа бармастан (жаңа планда бұның болуы тиісті де) — адам туралы басқа да ғылым түрлерінің арасында көпір орнатуға мүмкіндік берді, тіпті ақылға қонбайтындай түрде қиратылғандары арасында да, мәселен — тарихпен, өйткені этнограф оның айрықша қырын сезінеді, — соңдай­ақ биология мен психология арасында. Әлеуметтік феномендер бірінші кезекте әлеуметтік, бұған қоса физиологиялық жөне психологиялық феноменнен тұрады деп айтылғандықтан — бұл да орынды. Мосстың өзі айтқандай, «тән, жан, қоғам — бәрі өзара ұштасқан» деген дәрежеге жету үшін талдауды жалғастыру жетіп жатыр. Тәнді бұл социология адамдарды солармен бірге қысқа не ұзақ мерзім ішінде өмір көшкен саяхатшылар мен этнографтар сипаттайтын түрде қарастырады. Ол адамдардың тарихи қалыптасу кезеңіне кіріге отырып, белгілі бір географиялық кеңістіктегі мекендеуін көрсетеді. «Оның түпкі мақсаты — топты оның бойындағы мінезімен бірге біртұтас күйде тану» — дейді Мосс. Егер нақты жүзеге асыру Дюркгеймдік әлеуметтануға күдік тудырған қауіптің бірі болса, Мосс оны дәл сондай табыспен басқа қатерден — автоматизмнен қорғап қалды. Дюркгеймнен және өзін әлеуметтану доктринасынан еркін санаған басқалардан бері қарай — әлеуметтану өте жиі түрде тарихқа, психологияға, құқық пен этнографияға зиян келтіретін мерзімінен бұрын піскен шала жемістей танылды. Әлеуметтану осындай ұрлықтың жемісіне өз рецепт қосуды ғана қанағат тұтты; оның алдынан шыққан мәселелердің бәрі тек «әлеуметтанушылық» шешіммен дайындалған жиынтықпен ғана қамтамасыз етіле алынатын.

Читайте также:  МОҢҒОЛ ДӘУІРІНДЕГІ ТҮРКІ ТЕКТІ АҚЫНДАР

Оставить комментарий