Араб новеллистикасындағы әйел мен бала тақырыбы

Опубликовано Июль 29, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Әйел проблемасы – Иса ан-Наури шығармашылығындағы ең басты тақырыптардың бірі, ол новеллаларында әйелдер теңсіздігі жайлы егжей-тегжейлі қарастырған. Жазушы әйелдер теңсіздігін заңдастыратын ескі салт-дәстүрлерге қарсы шығады. Яғни әйелдерді қамауда ұстау, оларды күштеп тұрмысқа беру, қалың мал алу, отбасындағы ауыр тауқыметі тағысын тағылар. Мысалы, жазушының «Шейха» (1967) новелласында қыздарды қамауда ұстап, содан соң оларды тұрмысқа беру салты қатты сыңға алынды. Әйелдер мәселесін көтергенде, жазушы олардың сауатын ашу қажет деп ойлайды. «Уәделелескен сыйлық» («Хадийа ма тазалу вадан», 1967) шығармасында мектеп жасына толған қыз баланың мектепке баруына тиым салу қатты сынға алынды. Ондағы кейіпкер сауатын ашу құқығынан ғана айырылып қоймай, сонымен қатар жеке бақытынан да айырылады. Өйткені оның ғашығы сауатты әрі одан сұлу қызға ғашық болады. Ескі салт-дәстүрлерді өзгертіп, өз бақытың үшін күресу қажет деген ойлар «Шейха» және «Уәделелескен сыйлық» новеллалары кейіпкерлерінің санасына кіріп те шықпайды. Сонымен қатар Иса ан-Науридің шығармасында әйелдердің бостандығын шектейтін, тұлғаның дамуына кедергі жасайтын отбасылық патриархалдық қатал тәртіпке қарсы шыққандардың да бейнелерін көруге болады. «Сегіз әпкелі-сіңілі» («әл-Ахауат ас-самани», 1967) атты новелланың кейіпкерлері дәл сондай. Жазушы отбасында міндетті түрде ұрпақ жалғастырушы, мұрагер – ұл болу қажет деген ұғымның әділ еместігін көрсетеді. Алғашы бес қыз білім алып мектепте сабақ береді. Қыздардың біреуі ауылда өте жақсы тігін шебері болып ала- ды. Қыздардың бар тапқанын әкесі өзіне алып қояды. Әкесі Бальзактың Гобсегіне ұқсап кетеді, ақша оның өмірінің мәні, өмірдің мәнін ақшамен анықтайды [1, 64-65]. Ақшадан айы- рылып қаламын деп, қыздардың қалың малын 500 алтын тиынға бағалап, олардың тұрмыс құруларына кедергі етеді. Бірақ жазушы айтқандай, «қысым және шеттетудің бір ғана соңы бар, ол – төңкеріс». Әкесінің қаһарынан қорықпай, бірінен соң бірі қашып, тұрмысқа шығады. Иса ан-Наури шығыс әйелдерінің тұрмысқа шығуының бір ерекшелігіне назар салғанын айта кету қажет, яғни қызға ӘОЖ 821. 441.21 * Көптілеуова Д.Т., Ахметбекова А.К. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы қ. *E-mail: dina0028@mail.ru Араб новеллис- тикасындағы әйел мен бала тақырыбы 148 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 Араб новеллистикасындағы әйел мен бала тақырыбы қалың мал беру, бұл оны отбасылық бақытынан айыруы мүмкін. «Күз» («әл-Хариф», 1967) новелласында қалың мал тақырыбы қаралған. Ауыл басшысы өзінің сұлу қызы Иданы 300 алтындалған османдық лирге бағалайды. Оның жастық шағы отбасылық бақытқа қол жеткізу арманымен өтіп кетеді. Отыз жасында ол ата- анасынан айырылып, ағасы ол үшін үлкен қалың мал сұрай алмай, сөйтіп 50 жастағы көршісі Сәлімге тұрмысқа береді, бірақ ол бақытты бола алмады, оның бес баласы, артынша күйеуі де өледі. Ида жалғыз қалады. Иса ан-Наури новел- ларында көтерген тақырыптарының тағы бірі діни дәстүр мен олардың отбасымен байланысы, бақыт туралы ұғым. «Ауыл молдасы» («Хури әл-қарийа», 1956) атты новеллада жас католик Джерастың он алты жасар Захиге деген баянсыз махаббаты туралы айтылған. Құдайға қызмет ету жолын таңдау арқылы ол өзін отбасылық бақытынан айырды. «Жақсылық, ақылдылылық» адам табиғатына қарсыласу, – деп дін үйретеді [1, 126]. Бірақ «жақсы істер» жолына түсу «адам жүрегі жақсы көрмейді, сезімі мүлдем жойылып кетеді де- ген сөз емес», «жанның сұлулық алдында бас июіне тиым салу дегенді білдірмейді». «Новелла авторының айтуы бойынша махаббат – адамға қажетті дүние, ол адаммен бірге туылып, бірге өледі». Осы ойды новелла кейіпкері де ұстанады, ол «махаббат – қылмыс емес, бұл қасиетті сезім… иә қасиетті… соның арқасында отбасы құрылады, соның негізінде адамдық қоғам қалыптасады». Джерас күмәнданады: «Егер менің үстімде осы қара киім болмағанда… мен ғашық болып, мені де біреу жақсы көрер еді». Діни парыз оған Захиге өз сезімін айтуға «адами әлсіздікті тануға» мүмкіндік бермейді. Джерастың «ізгі жолдан» кері қайтуға батылы жетпейді, ол іштей қайғырып, қынжылады. Захи мен оның досы Саман Раджи екеуінің некесі қиылғанға үш күн қалғанда, ол басқа ауылға көшіп кетеді. Бірақ Иса ан-Науридің пайымдауынша бұл, Джерас үшін тығырықтан шығудың жолы емес: «Жаңа ауылда басқа Захидің пайда болмайтынына кім кепіл?». Шіркеу қызметшілері – кәдімгі адамдар, оларда да сезімнің болатыны туралы пікірлерді Иса ан-Науридің «Жану» («әл-Истихрак», 1961) аты новелласында кездестіруге болады. Осы новелланың кейіпкері тіршілік етудің мәні – өзің- ді құдай жолына арнап, дұға етуде деп түсінеді. «Біздің барлық біліміміз жанды бұл өмірге емес, ол дүниеге дайындау үшін ғана қажет деп пайымдайды». Шіркеу мейрамы кезінде безендірілген шіркеуді көргенде, қуаныш күл- кісін естігенде, қоңыраудың дыбысын естігенде ол өзін ерекше бақытты сезініп, қуанышқа кенеледі: «Мен мейрам күні оқылған дұғаға қарапайым адамдармен бірге қатысқаннан, гимн- ді орындағаннан ерекше ләззат алам». Кейіп- кердің түсінігінен тыс қалып тұрғаны тек әйел- дерге қалай қарау керектігі: ол тұрмыстағы әйелдер туралы көзқарасты қана біледі, әйел адам – шайтан, ол адамды күнәға итермелейді. Сонымен қатар әйел адамның бақыттың, сұлу- лықтың, махаббаттың қайнар-көзі деген пікір- лерді де естіген болатын. Яғни өмірде әйелсіз бақыт, қуаныш, махаббат жоқ дегенді білдіреді. Новелла кейіпкері күмәнді ойлардан арылу үшін шіркеу ішіндегі ақ қойдың жанында ұйықтап жатқан баланың суретіне қарайды, сөйтіп жаны тынышталады. «Әпкемнің өлімі» («Маут әл-амма», 1967) атты новелланың кейіпкері Умм Саман құдай алдында үреймен, оған деген қатты сеніммен өмір сүрді. Аллаға бас июді өз балаларына да үйретті: «Алладан қорықсаңдар, балалар, бақыт- ты әрі жақсы өмір сүресіңдер. Онсыз махаббат та, санаға тыныштық та жоқ» дейді. Жазушы ұлттың күші сенімді нығайтуда деп, дінмен адамның бойында жақсы қасиеттерді тәрбие- леумен байланыстырады. Жазушы дін төңіре- гінде ұлттың бірігуін Шығысқа ғылым мен білімнің жетістіктерін ғана емес, сонымен қатар «бостандық» деген ұранмен сол жерге жат, әдепсіз қылықтарды әкелген еуропалық отаршылдық саясатқа, батыс өркениетіне қарсы тұрумен байланыстырады. 70-жылдары И.ан-Наури феолдалдық тәр- тіп, діни сенімдер, әйелдердің құқықсыз жағ- дайы төңірегіндегі тақырыптарды кең әрі жан- жақты қарады. Ол Батыс пен Шығыстың бір- біріне қарама-қайшы тұстарын зерттеді, өзінің шығармаларында көрсете білді. Мысалға, «Мейрам түні» («Лейла әл-ид», 1974) новел- ласында баланың ауыруы негізгі мәселе болып қаралды, және ол үшін шіркеуде өткізілген түнмен аяқталды [2]. Әйел тақырыбы психологиялық проблема- лармен тығыз байланысады. Жазушы әйелдердің құқықсыздығы олардың әлемді қабылдауда өз іздерін қалдыратынын көрсетті. Қаламгердің «Аурудан да күшті» новелласында («Акбар мин әл-алам», 1974), бірі Иорданияда тұратын, екіншісі Швецияда тұратын екі әйелдің қа- рым-қатынасын мысал ретінде көрсете оты- рып, әйелдер тақырыбын ашты, әлемді қабыл- дауларын, мінездеріндегі айырмашылықты көр- ISSN 1563-0226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2 (72) 2015 149 Көптілеуова Д.Т., Ахметбекова А.К. сеткісі келді. Аң аулау кезінде швециялық қыз жазатайым көз жанарынан айырылып қала- ды, иордандық қыз құрбысының жағдайына қайғырады: «Көз жана-рынан айырылғаннан асқан не жаман бар дейсіз? Бұрын барлық нәрсе жарық болып көрінген әлем қап-қара түске боялады». Бірақ құрбысының дауысы «ақырын, сенімді шығады, онда қайыру мұңаю байқалмайды». Сабырлылық, жарықты көруді қатты қалаудың нәтижесінде қыздың жанары қайтып оралады. Осы сезімдер аурудан да мықты болып шықты. Бірі қоғамнан оқшаулау өмір сүретін, басына түскен өмір тауқыметінен күндерін тек жылаумен өткізетін, ал екіншісі барлық қиындықты же- ңіп, өз бақытын қорғай алады. Қоғамдағы ала- тын орындары әртүрлі осы қыздардың болмы- сын қалыптастыра отырып, шығарма авторы қорқыныш үрейді жеңген шведтық қыздың күш жігерін асқақтайды. Ғажайыпты дәрігерлер, олардың білімі, тәжірибесі жасаған жоқ, оны бойжеткеннің «күш-жігері» жасады дейді. Осын- дай барлығын жеңе білетін қасиет шығарманың басқа кейіпкерінде мүлдем жоқ. Өйткені оның әлсіз, жігерсіз болуына көп жылдық шығыс әйелдерін қорлау әсер етті. Новеллист Фахри Қаауар да өз шығарма- шылығында қоғамда орын алатын түрлі мәсе- лелер айналасында, мысалы қоғам жүйесіндегі әйелдің рөлі, өмір шындығы алдындағы бала- лар әлемі және т.б. Ф. Қаауар қоғамды ырым- дарға сенетін, діни-нанымға толы етіп сурет- тейді. Оның шығармаларының басым бөлігі қарапайым адамдар даму жолында ескі патриар- халдық тіршілік шеңберінен тыс қалып, жаңа құбылыстарға бейімделе алмайтындарын сезін- ген кезде қалыптасып қалған үлттық көзқа- растарға қарсы бағытталған. Жазушы адамның оқшауланып қалғанын көрсеткісі келді. «Сейсенбі күні кешке» («Маса әл-хамис», 1980) новелласының кейіпкеріне де шындыққа қанағаттанбау тән. Өмірдің барлық мәні қызға деген махаббат, онымен тек демалыс күні ғана кездесе алады. Бірақ қожайыны оны бұл бақыттан да айырды, қызбен кездесуге мүмкіндік бермейді. Ф. Қаауар өз кейіпкерлерінің өмірлерінің қиындығын суреттей отырып, олар- дың ойлары мен көзқарастарынан көрі, олар- дың ішкі сезімдерін шынайы жеткізгенді дұ- рыс деп санады. Әлсіз адам қоғамда өз орнын таба алмайтынын, жеңілетінін «Фархан Фарих Саидтың күндері» («Йаумиат Фархан Фарих Саид», 1982) атты повесінде баяндады. Повесть кейіпкері бала күнінен өмірінің соңғы күніне дейін терең рухани күйзелісті бастан өткізді. Ол өз үйінде, отбасында бақытсыз. Ақын болуды армандаған, бірақ белгілі бір себеп- терге байланысты арманын жүзеге асыра ал- мады. Оның барлық бастаулары нәтижесіз, сондықтан оқиғаның көңіл-күйі тығырыққа тірелгендей болды. Жазушы кейіпкерлерінің басым бөлігі өздерін өздері қорғай алмайтын, аянышты жандар болғанымен, өздерін қорғай да, зұлымдыққа, әділетсіздікке қарсы тұра да алатын күшті кейіпкерлерді де кездестіруге болады. «Бейтаныс адам өлді» («Мата раджул ма», 1981) атты новеласының кейіпкері өмірден барлық жақсыны алуға және еркін болуға ты- рысады. Ол: «Мен қорқынышты түстегідей өмір сүргім келмейді. Сахнадағы актер тәрізді өлгім келмейді. Жаман рөлдерді ойнаудың қажеті жоқ. Жақсы өмір сүру ғажап емес пе!». Ф. Қаауар қоғам мен адамның жеке қа- сиеттерінде жасырын тұрған кінәлардың кесі- рінен пайда болған өмірлік қарама-қайшылық- тарды түсінуге тырысты. Өмір жағдайы, мағы- насыз дәстүрлер адам өмірін құртады. «Сандийана үңгірі» («Махара ас-Сандийана», 1973) новелласын мысал ретінде келтіруге болады. Новеллада араб ауылының тұрғында- рының санасын ырымдар билеп алғанын көр- сетеді. Қоғамның ақауларын ашу үшін, оның мүшелерін қараңғылықтан босату үшін қаламгер мифтер мен аңыздарға жүгінеді. Новеллада старостаның қызы Рабияны жақсы көріп қалған жас шаруа Сәлімнің қайғылы тағдыры туралы баяндалған. Оның махаббатын жаулап алу үшін Сәлім ерекше бірдеңе жасауға бел буады, халықтың аңыз-әңгімелері бойынша Сандийана үңгірін мекендейтін елестерден өзін және бүкіл ауылды құтқармақ болады. Сәлім үнгірге жалғыз аттанады, бірақ оның іс-әрекеті нәтижесіз болды: ол ақылынан адасады. Новеллада артта қалған араб қоғамының тұншықтырарлық атмосферасы мен адамдардың еркін ойлап, сезінуге кедергі ететін шектеулері суреттелген. Адамдардың жаны мен дене құлдығына итермелейтін сан жылдық пікірлерге қарсы шыға отырып, жазушы Сәлімнің ойлау мүмкіндігінен айыратын табиғи үрейін көрсете білді. Өзі жерге таяқпен бірге қағып қойған жейдесінен біреу ұстап тұр деп но- велла кейіпкерінің зәресі ұшты. Күлкілі жағдай қайғыға айналады. Жазушы халықтың басым көпшілігі надандық пен қараңғылықта өмір сүріп жатқанын дәлелді көрсете алды. Оның новеллаларында қазіргі заманның иордандық қоғамына ескіден мұра ретінде қалған феодалдық өткен өмірдің әлеуметтік және идеологиясынан 150 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 Араб новеллистикасындағы әйел мен бала тақырыбы шыққан нәтижені әшкерелеуді кездестіруге болады. Осылай: «Сузи неге жылайды?» атты новелада новеллист ата-ана мен балалар ара- сындағы проблемаларды қозғайды. Алдыңғы ұрпақ үйдің салт-дәстүрін сақтай отырып өмір сүрді, сөйтіп ата-ананың ойынша Сузи де солай өмір сүріп, оларға бағыну керек: үйден жалғыз шықпауы тиіс, бөтен балалармен, тіпті бірге оқыған болса да сөйлесуге, күлуге бол- майды. Отбасының ар-намысын сақтап қалу үшін олар Сузиді мектепке жібермей, қамап тастайды. Жас араб интеллигенциясының белгі- лері бар ағасы Сузиді жақтағысы келгенмен, оның алған білімі, заман талабына сәйкес болу ынтасы газеттің соңғы бетін оқумен ғана шектеледі. Өткен өмірдің наным-сенімін өз санасында жеңе алмайды. Сондықтан ол осы наным-сенімдерден алшақ, білімді әйелге ғашық болады, бірақ оған үйленуге батылы жетпейді, Сузиді мектептен алып кету туралы шешімнің әділетсіз екенін білсе де, ата-анасына қарсы шыға алмайды. Жан күйзелісі, ата-анаға толықтай бағынышты болу, мағынасыз күн кешуге душар етті. Жазушыға араб интеллигенциясы әлсіз, жасық, өмірді өзгерте алмайтын адам ретінде көрінді. Олар жарқын болашақты армандайды, бостандық пен теңдік жайлы айтады, барлығы жақсы болатынына сенеді, бірақ ештеңе істей алмайды. Новелла кейіпкері Сузи де өз өміріне немқұрайлы қарайды. Ата-анасына, кейін күйеуіне бағынышты әйелдердің құқықсыз өмірі жылап- сықтаумен өтеді. Бұл мәселенің өзектілігімен қатар өмір- шеңдігі, болып жатқан оқиғаның мәнін түсінуі, заманауи адамның ішкі өмірін ашуы Қаауарды басқа да араб елдерінің жазушыларымен жа- қындата түсті. Қаламгердің «Сузи неге жылайды?» новел- ласының кейіпкері өзінің шешім қабылдай алмауымен, өмірге немқұрайлы қарауы сириялық Адил Абу Шалабтың «Біз санайтын жылдар» атты шығармасының кейіпкерімен ұқсайды. Сол секілді баланың ішкі жан дүниесін бейнелеудегі терең психологизм әйгілі палестиналық жазушы Самир Аззамның («Оның әкесі қайтыс болды») атты шығармасымен ұқсастық бар. Сондықтан болар көптеген араб елдерінде Қаауардың шы- ғармашылығына деген қызығушылық үлкен. Кувейттік Фарук Уади жазушыны «иордандық жазушылардың жаңа толқынының ең үздік но- веллисі деп, ал алдыңғы ұрпақ египеттік про- заик Мұхаммед Абд әл-Халим Абдаллаһ оны өзінің шеберлігі жағынан Египеттегі «Жаңа толқынның» жазушыларымен тең санаған». Мұстафа Мұхаммед әл-Фарра’ның айтуы бойынша оқиғаның қызық болуы, адамдардың санасында өткеннің жаңғырығын келеке ету арқылы, кейіпкерлердің жан дүниесіне кіріп кету, әлеуметтік шындықты сынау арқылы сатиралық бағытты ұстануы жазушы новеллаларына тән. Патриархалды қоғамда қазіргі заман өмірінің жаңа белгілерін сипаттау, өз өмірін басқаша жасауға ұмтылған жаңа адамдарды көрсете білу жазушының араб әдебиетіндегі сонылығы болып табылады. Жазушы жаңа өмірдегі адамның белгілерін Хайфаның бейнесінде жақсы көрсете білді («Сузи неге жылайды?»). Ол әдемі, ақылды және ең бастысы өз өміріне қатысты шешімдерді қабылдауда еркін: өзі-өзіне жігіт тауып, оған тұрмысқа шығу-шықпауын өзі шешеді. Көп ұзамай ол жоғары білімін дәлелдейтін диплом алып, өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрады, осылайша өзін-өзі қамтамасыз етеді. Хайфаның бейнесі – иордандық араб әдебиетіндегі жаңа құбылыс. Новелла төрт бөлімнен тұрады, әр бөлімнің өзіне тиісті атауы бар: «Ыза», «Амманнан келген қыз», «Ізетті жігіт», «Шешім». Олардың әрқайсысы араб әлеміндегі жас ұрпақтың тағ- дыры туралы фильмді еске түсіретін тиянақты аяқталған оқиғаны көрсетеді. Новеллада ішкі монологтар көп қолданылады. Мәтінде олар ар- найы курсивтермен белгіленген. Баяндаудың бірізділігі ойдың ағымымен аяқталады. Кейіп- кердің ойы оның ішкі әлемін психологиялық тұрғыдан неғұрлым терең әрі нақты ашылуына көмектесе отырып, оқиғаның үрдісімен арала- сады. Жазушы шығармашылығында балаларға ар- наған тақырыптар да ұсынылған. Балалар жазу- шының новеллаларында болып жатқан оқиға- ларды түсінсе де, түсінбесе де әлеуметтік және «үлкен» өмірдің психологиялық драмасының теңқұқылы қатысушылары болды. Тіпті белсенді қатысушылар деп атасақ та қателеспейміз. «Үш дауыс» («Саласат асуат», 1972) атты жинақтағы «Май құмырасы туралы» («Хикайа ибрик аз-зайт») аңызды мысал ретінде қарас- тырайық. Асыраушысынан айырылған ауыл отбасының өмірін баяндай отырып, қаламгер жетім қалған баланың ішкі жан дүниесін, күшейген ішкі түйсігін нақты аша алды. Баланың анасы жергілікті жер иесі Ибрагим Абу Аббасқа тұрмысқа шыққалы отыр, бала өзінің ерекше ішкі түйсігімен болашақ өгей әкесінің қандай адам екендігін сезе білді. Баланың санасында Ибрагим Абу Аббас – зұлымдық пен қатыгездіктің ISSN 1563-0226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2 (72) 2015 151 Көптілеуова Д.Т., Ахметбекова А.К. бейнесі. Шынында да байлық пен билікке ұмтылған Ибрагим Абу Аббас жесір әйелдерге үйленіп, олардың мал-мүлкін иеленген соң, қуып шығатын. Шынында баланың анасын дәл осын- дай жағдай күтіп тұрды және бала оны сезе білді. Соңында анасы баланың сезіміне құлақ салып тұрмысқа шығудан бас тартады. Ананың бейнесі – мейірімділік пен әділеттіліктің белгісі. Бұл – қайсар әйел. Ол өзі жалғыз баланың тәрбиесімен айналысып, үй мен малдың шаруасын қоса алып жүрді. Міне, осындай әйелдердің бейнесін араб әдебиетінде көп кездесуде. Көп жағдайда араб жазушыларының әңгі- мелерінде жесір қалған әйелдер басқа күйеу іздеп, өз балаларының бақытын ойламайтын. Мысалы, Х. ас-Сауахиридің «Айнаға көзқарас» («ат- Тахдик фи әл-мират») атты новелла кейіпкерінің тұрмысқа шығуы, өзін ешкімге қажетсіз болып сезінген бала үшін үлкен қасіретке айналады. Сюжетті баяндау баланың атынан жүргізіледі. Оның өміріндегі болып жатқан оқиғаларды баланың ішкі жан дүниесінің сезінуін түс аяны арқылы білеміз. Новелла баланың көрген түсін баяндау арқылы басталады. Оның түсіне өзіне ұмтылған үлкен бұқа кіреді. Бұл түс бір жағынан, әжесінің зұлым күштер туралы айтқан ертегілермен, екінші жағынан, анасының тұрмысқа шығуымен байланысты. Түс пен шындық бір-бірімен байланысып ерекше атмосфераны құраған Фахри Қаауардың келесі бір «Мен – патриархпын» атты новел- ласында баланың ішкі жан дүниесі ерекше назарда болды. Жазушы иордандық әдебиетте көтерілген (Иса ан-Наури) дін тақырыбын жал- ғастырды. Ол кішкентай балаларды күні-түні дұғаларды оқытып, мұғалімдер «сенімнің құпия- лары» жайлы әңгімелейтінін айтты. Ал балалар далада алаңсыз ойнағылары келді. Бірақ оларға ондай мүмкіндік берілмеді, новелла кейіпкеріне бас июді не өлімді таңда дегенде ол екіншісін таңдады. Осылайша жазушы баланың жан дүниесіндегі бостандыққа деген ұмтылысын, дәстүрдің тұзағынан құтылу деп символикалы түрде көрсетеді. Балалар тақырыбына басқа да араб жазу- шылары көңіл бөлді, соның ішінде жас новел- лист Мұхаммед Тамлий өзінің «Негізгі мәселе- лер бойынша жазбалар» («Мулахазат хаула қадийа асасийа», 1981) жинағына кірген новел- лаларында палестиналық лагердегі өмір сүрген балалық шақтарынан, ата-анасынан айырыл- ған («Самийа», «Абдаллах» және басқа әңгіме- лерінде) кішкентай балалардың өмірлері жайлы өте шебер көрсеткен Қазіргі заман араб жазушыларының балалар тақырыбына алаңдаушылық танытулары жас- тар өмірлерінің әлеуметтік жағдайын өзгерту қажеттілігінен туындаған, мемлекеттік мекеме- лердің назарын аш-жалаңаш балалардың тағ- дырына, сонымен қатар жас ұрпақты жоғары патриоттық сезіммен тәрбиелеуге жәрдем беруге аудару. «Шахмат ойнауға тыйым салынады» атты новеллада жазушының басты назары қарапайым адамдардың бостандығы мен құқықтарын шектеу түріндегі адам және қоғам арасындағы шиеленіс көрсетілді. Мазмұны жағынан реалистік новел- ла жазушының жаңа әдеби форманы іздеуде екендігін көрсетеді. Новелла көлемі жағынан шағын жеті бөлімнен тұрады. Баяндау біресе новелла кейіпкері – орта мектеп бірінің мұға- лімінің атынан, біресе «мұғалім мен қара көз әйнек киген адам арасындағы диалог түрінде» берілді. Мұндай композиция араб қоғамының екі өкілдерінің тіке тіресінде басты күшті анықтауға мүмкіндік береді, олардың бірі шексіз билік пен надандықтың, қатыгездіктің бейнесі болса, екіншісі – бостандық пен білімділіктің, мейірімділіктің бейнесі. Шындықтың бейнесі қиял-ғажайыппен алмасады. Новеллист, әдебиет сыншысы Махмұд Шүкейр (1941 ж. туылған) 1970-жылдардың ортасында Иорданияның қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатысушы болған. Ол екі новелла жинағының авторы: «Бөтеннің наны» («Хубз ал-ахарин», 1975) және «Палестиндік бала» («Ал-уалад ал-филастини», 1977). Сонымен қатар М. Шүкейрдің новеллала- рында өзін-өзі қорғай алатын жігерлі де қайсар кейіпкерлерді кездестіруге болады. Шығыста әйелді саудаласатын зат, ер адамдардың малайы ретінде көзқарастардың әлі де сақталғанына қа- рамастан, адами қасиеттері жоғары болатын да қайсарлы да әйелдер. Осылайша «Бөтеннің наны» атты новеллада Махмұд Шүкейр жүзім сата- тын шаруа әйелдің бейнесін жасады. Новелла кейіпкері Хадиджа Иерусалимде ақша табуға кеткен күйеуімен бірдей өз отбасын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге талпынды. Қала тұрғы- нына алданып қалған Хадиджа осы жағдайға қарсы тұруға күш табады. Хадиджа – еңбекқор, өмірге құштар, жарқын тұлға. Әдеби сыншы Абдаллах Ридуанның ойы бойынша, Хадиджаның бейнесі – қазіргі заман араб әдебиетінің «жарқын бейнелерінің бірі», ал «жазушының еңбегі жұмыскер әйелдің жігері мен әлсіз жақтарын нақты жеткізе білуінде». 152 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 Араб новеллистикасындағы әйел мен бала тақырыбы Қорыта айтсақ, араб новеллистері шығар- маларының басым бөлігіне түрлі әдеби тәсілдерді қолдану тән, олар жазушыға қоршаған шындықты толық әрі жан-жақты суреттеуге мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, қоғамның күйзеліс жағдайында адам психиологиясы ашылатын әңгімелерге тән

Оставить комментарий