АРАБ ТІ­ЛІН­ДЕГІ КІР­МЕ СӨЗ

Кірме сөздердің араб тіліне ену кезеңдеріне байланысты олардың тілде игерілу дәрежесі әртүрлі, мыс., «классикалық кезеңдегі кірме сөздерге тән қасиет олардың толықтай дерлік игерілуі, ассимиляцияға ұшырап, тұрақтануы, ал қазіргі заманғы еуропа тілдерінен енген кірме сөздер тілдің лексика-семантикалық жүйесінде толық игерілмеген, толық аяқталмаған үдеріс» [1, 98 б.] Классикалық кезеңде енген сөздер тарихи ұзақ мерзімде тілге сіңіп, араб тілінің төл сөздері сияқты сөзжасам ережелеріне бағынып, олардан туынды сөздер жасалған. Кірме сөздердің ассимиляциялану деңгейі олардың тілге ену әдістеріне де байланысты жүзеге асады, 1) ұзақ уақыт бойы ауызекі тілде қолданылып, сол тіл өкілдерінің қатысуымен қайта өңделіп, өзгеріске ұшырап енген сөздер; 2) жазба тіл арқылы енген кітаби лексика [1, 99]. Алғашқы әдіспен енген сөздердің тілге сіңу деңгейі жоғары, олар араб тілінің фонетикалық, морфологиялық, сөзжасам қағидаларына бағынып, осы тілдің төл сөздеріндей қабылданса, 2-топтағылары көбінесе жазба тілде қолданылып, көп өзгеріске түспеген сөздер. Сонымен қатар, кірме сөздердің игерілу дәрежесі олардың төркініне – тілдік семьясына да байланысты. Генетикалық және құрылымдық жағынан ортақ белгілері мен қасиеттері арқылы бір тілдік семьяда болып табылатын тілдердің бір-бірімен ықпалдасуы, сөз алмасуы және ауысқан сөздерді игеруі дыбыстық жүйесі мен морфологиясы бөтен, басқа тілдік бұтаққа, семьяға қатысты тілдермен салыстырғанда терең де оңай болатыны белгілі. Араб тіліне сыртқы лексикалық-семантикалық ықпалдардың түрлі болғаны белгілі, олардың әсері нәтижесінде «а) кірме сөздер; ә) калька сөздер; б) кірме мағыналар» пайда болды [1, 98]. Ерте дәуірде араб тілінің сөздік қорының кірме сөздермен толығуы алғашқыда жекелеген адамдардың қатысуымен жүзеге асқан болса, кейінірек араб қоғамында орын алған түбегейлі өзгерістермен қатар жүрді. Арабтар өз аумақтарынан географиялық тұрғыдан алыстаған сайын бейтаныс дүние – жан-жануарлар мен өсімдіктер атауларында, егіншілік пен қолөнер – материалдық мәдениеттің басқа да салаларына байланысты, бұрын тілде болмаған ұғымдарды білдіру үшін басқа тілдерден жаңа лексика мен терминдер қабылданды. Сонымен қатар бұ­ 108 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 Араб тіліндегі кірме сөздер рын тілде бар сөздерді кірме сөздердің ығыстырып шығаруы, кейде араб тілінің төл сөздері мен кірме сөздердің синоним түрінде қатар қолданылуы да жиі кездесетін құбылыс. Мысалы, басқа тілдерден енген мына сөздер: yamm – арабша bahr – теңіз, sirat – арабша tariq, sabil – жол, tur – арабша jabal – тау, qostas – арабша mizan – таразы, т.б. Құранда араб сөздерімен синонимдік қатарда қолданылған осы qostas – қостас, (арабша mizan – таразы) сөзінің төркіні түркілік (оның ішінде қазақ тіліне де өте жақын) екені көрініп тұр. Классикалық дәуірдегі араб сөздігінің баюына ең көп әсер еткен тіл ‒ парсы тілі. «Исламға дейін кең қолданыста болған көптеген парсы сөздері кейін тілден шығып қалды» [1, 100]. Соған қарамастан, араб тіліндегі кірме сөздердің ішінде парсы сөздері басымдыққа ие. Бұл тілден енген сөздердің негізгі бөлігі отырықшы мәдениеттің, үй шаруашылығы, ыдыс-аяқ, сондай-ақ еңбек құралдары, қолөнер бұйымдары мен асыл тастар, минералдар және дәрі-дәрмек атауларына байланысты болып келеді. Мысалы: «ibriq – тұтқасы мен шүмегі бар құмыра – қазіргі шайнек; jarrah – су таситын құмыра, kuz – көзе, тұтқалы құмыра; tabaq – табақ, тарелке; qasъah – ағаш табақ, шара; finjan – чашка; shamъadan — шамтұғыр (шам қойғыш); siraj – шырақ, шам; kis – қалта, қап; sarj – ер; hanjar – қанжар; zinjir – шынжыр; fulaz – болат; үй және оның бөліктеріне қатысты сөздер: dihliz – алдыңғы бөлме, дәліз; suradiq – балдахинді павильон; (айрықша жағдайларда қойылатын) sirdab – жертөле; handaq – ор, шұңқыр; мата, тері – киім тігуде қолданылатын заттар: ibraysam – бархат; dibaj – парча; sundus – жұқа парча; istabraq – қалың парча; sammur – бұлғын; sinjab – тиін; qaqum – ақ тышқан; jawrab – шұлық; tarbush – феска т.б. асыл тастар мен минералдардың атаулары: jawhar – асыл тас, жауһар; jamast – аметист; firuzaj – көгілдір ақық – бирюза; yaqut – жақұт; бау-бақша дақылдары және мәдени өсімдіктердің атаулары: narjis – нарцис; banafsaj – фиалка-шегіргүл; yasmin – жасмин; babunaj – түймедақ; hiyar – қияр; ‘isbanah – шпинат-саумалдық; ful – бұршақ», ustaz – жетекші, ұстаз; barnamaj – бағдарлама; wazir — уәзір, министр; bustan – бақ; diwan – өлеңдер жинағы; dustur – конституция; (бастапқы мағынасы – «ереже» ) ‘askar – әскер; tiraz – стиль; namuzaj – үлгі; fihris – тізім; mahrajan – мереке, фестиваль; maidan – алаң; darwish – дәруіш; bah`si`s – бахшиш; парсы тілінен енген бұл сөздердің көбі қазіргі араб тілінде кең қолданыста, олардың кейбірінің бастапқы мағынасы азды-көпті өзгеріске ұшыраған. «Парсы тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер де бар. Мысалы: bitaqah – карточка; daftar – дәптер; ratinaj – смола, шайыр; sukkar – қант, шекер; ’aruzz – күріш; shatranj – шахмат, т.б.» [1,100]. Араб тілінің сөздік қорын толықтырған тілдердің бірі – арамей тілі, оның сириялық диалектісі. Арамей тілі – семит тілдерінің бір бұтағы. Арамей тілінен өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне байланысты, егіншілік және қолөнер ұғымдарына қатысты сөздер енген. Мысалы: bur – тың (өңделмеген) жер, tur‘ah – канал, saqiyah – арық, tahun – диірмен, tannur – тандыр, ’attun – үлкен пеш, libn – қам кірпіш, ’ajjur – күйген кірпіш, mirwahah – желпуіш, веер, qufl – құлып, sikkin – пышақ, mismar – шеге, fahhar – қыш ыдыс, sirbal – жейде, көйлек, киім, hullah – екі құрамдас бөліктен тұратын әдемі көйлек (қазіргі тілде костюм), ’iklil – диадема, qubba‘a – бас киім; кәсіп атауларына қатысты сөздер: hayyat – тігінші, sarraf – алмастырушы, fallah – егінші шаруа, fahhar – қыш құмыра, qassar – мата бояушы, mallah — теңізші, najjar – ағаш шебері, rubban — капитан, qassab – қасапшы, мал союшы» [1,101]. бұл сөздердің ішінде айрықша әріптермен берілген сөздер араб тілі арқылы қазақ тіліне де енген. Араб тіліндегі христиан дініне байланысты сөздердің де басым бөлігін осы арамей тілінен енген сөздер құрайды. Мысалы: kanisah – шіркеу, dayr – монастырь, qurban – құрбандық шалу, naqus – қоңырау, mazbah – алтарь. Сонымен бірге мына сөздердің де шығу төркіні арамей тілі деп көрсетіледі. Мысалы: ‘alam – әлем, ғалам, hayah – өмір, hayyawan – жануар, zaytun salah – намаз, hatam – сақина, перстень, taba‘ – мөр, kitab – кітап, kurras – дәптер. Араб тілінің сөздік қорында эфиоп, көне еврей, копт тілдерінен енген сөздер де бар. Мысалы, «…minbar – мінбе, mihrab – михраб (қыбыла жақты нұсқаушы) , mushaf – Құран бумасы, munafiq – екіжүзді, аяр, burhan – түсініктеме, дәлел, ma’idah – ас үстелі, дастархан – сөздері эфиоп тілінен, ал йудаизм дінінің реалийлеріне байланысты сөздер, мысалы, talmud – талмуд , turah – тора, haham — раввин, fish – пасха, magallah – кітап, » (1,102) көне еврей тілінен, ал qutn – мaқта копт тілінен енген. Осы жерде айта кететін бір нәрсе – ол қазақ тіліндегі кейбір араб сөздерінің түп-төркіні тым әріде екені байқалады. Алайда «…араб тіліне басқа семит тілдерінен енген деп танылатын көптеген сөздердің нақты этимологиясын анықтау қиын. Бұл тілдердің сөзжасам жүйесінің ұқсастығы мен ISSN 1563-0226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2 (72) 2015 109 Әбідін З.А. түбірлердің ортақ болуы, тарихи-тілдік мәліметтердің болмауы да туыс тілдердегі кең қолданыстағы сөздердің бастапқы шығу төркінін дәл анықтауды қиындатады» [1,102-103]. Араб тіліне византиялық дәуірдегі грек тілінен түрлі ғылым салаларына байланысты терминдер, сонымен қатар тұрмыстық сөздер де енген. Мысалы: ’usturah – аңыз, тарих, jins – тек, сұрып, dirham – дирһем, zawj – жұп, falsafa – философия, qanun – заң, musiqa – музыка, lugah – тіл, ustul – флот, funduq – қонақ үй, nafurah – субұрқақ, фонтан, qarib – қайық, kurunb – орамжапырақ, qirmid – черепица, qamis – көйлек, жейде, qindil – шырағдан, шам. Латын сөздері болып танылатын сөздер негізінен арамей және грек тілдері арқылы енген. Мысалы, barid (veredus – почта аты) – пошта, qasr (castra) – сарай, sirat (strata) – жол, burqan – бұлқан, вулкан, qantarah – арка, qintar – кантар (салмақ өлшемі), dinar – динар (ақша бірлігі), qaysar – патша, цезарь. Араб тілі мен түркі тілдерінің арасындағы ықпалдастықты жүзеге асырушы тіл, негізінен түрік тілі болды. «Араб – түрік тілдерінің өзара ықпалдасуы жан-жақты да күрделі тілдік құбылыс болып табылады» [1, 108]. Түрік тіліне араб лексикасы өте көп енгені мәлім, олардың басым бөлігі бастапқы мағынасын сақтап қалса, енді біраз бөлігі түркілік жаңа семантикалық, грамматикалық интерпретацияға ұшырады. Ұзақ тарихи мерзімді қамтыған осман-түрік билігі тұсында араб мемлекеттері аумағында мемлекттік тіл қызметін түрік тілі атқарды. Осы кезеңде араб тіліне, әсіресе, оның жергілікті диалектілеріне түрік лексикасы да көптеп енді. Түрік тілінен енген сөздерді екі топта қарастыруға болады: 1) шығу төркіні жағынан таза түрік сөздері; 2) түрік тілінің фонетикасы, морфологиясы мен сөзжасам жүйесінің заңдылықтары бойынша өзгеріске ұшыраған араб сөздері. [1,108]. Араб тіліне түрік тілінен негізінен әскери және әкімшілік лексика, мысалы: wujaq – ошақ – әскери корпус – құрамында мәмлүктер мен түрік жауынгерлері бар әскери бөлім; buluk – ошақтан кішірек әскери бөлім; аға немесе бас-баш сөзімен жасалған әскери шен атаулары: qul agasy- қол ағасы – күзет ағасы, buluk agasy – бөлік ағасы (бөлім басшысы), unbashyy – онбасы, yuzbashyy – жүзбасы, binbashyy – мыңбасы, buyukbashyy – жоғарғы қолбасшы, т.б. Мұндағы «buyuk» сөзін қазақ тіліндегі «биік» сөзімен төркіндес деуге болады, дәл сол «buyuk» түрінде кейбір түркі тілдерінде (мысалы өзбек) айтылады. Shawush – шәуіш – ең төменгі әскери шен. «­Шәуіш» сөзі түркі тілдерінің бірқатарында кездеседі» [5, 45]. Әскери бөлімдердің қатардағы жауынгерлері yuldash – жолдас, yasaqjiyy – жасақшы – консулдықтағы қарулы күзетші, т.б. Сонымен қатар сан-салалы тұрмыстық сөздер де көптеп енген. Араб тіліне түрік тілінен еніп кең қолданыс тапқан мына сөздерді атауға болады: ‘araba – арба, bugaz – бұғаз,айлақ, sanjaq – ту, bayraq – жалау, tamgah (damgah) – тамға-таңба (орыс тілінде гербовая марка), jazmah – етік, tanakah – кофе әзірлеуге арналған ыдыс, shantah – шабадан (чемодан), sujuq – шұжық, kabab – кебаб, buzah – сыра, боза, boyah – бояу, badrum – жертөле, kubri – көпір, qalawuz – бұранда шеге, burgiyy – винт, т.б; «tajastana – свободно улечься» [2,130] сөзі де түркілік түбір сияқты, себебі бұл сөз араб тілінің төл сөзі болса, одан түбір ұясында кемінде бірнеше сөз туындар еді, ал ол жалғыз берілген. Бұл қазақ тіліндегі «жастан (-у)» сөзімен мағыналас екені көрініп тұр, бұл сөз сонымен қатар үлкен сөздікте алфавиттік тәртіпте «jastana» ұясында көрсетілген. Түрік тілінің — jiyy (қазақ тіліндегі -шы) жұрнағымен араб тілінде бірқатар сөздер жасалған, мұндай сөздер кәсіп атауларын білдіреді. Олар араб тіліндегі негіздерге жалғану арқылы да жасала береді, не болмаса түгелімен түріктік болуы да мүмкін. Мысалы: ‘arabajiyy – арбакеш, atashjiyy – от жағушы, mahzanjiyy – қоймашы, nawbatjiyy – кезекші, midfa’jiyy – артиллерист,зеңбірекші, tilifunjiyy – телефонист, т.б. Бұл морфема арқылы жасалған сөздер араб тілінде өте көп болғанымен, олардың басым бөлігі жергілікті диалектілік деңгейінде қолданылып, араб әдеби тіліне тереңдеп кірмеген. Араб-түрік контаминациясы араб сөздерінің түріктік қолданыс арқылы тілге қайта келу құбылысынан көрінеді. Түрік боданынан босағаннан кейінгі кезеңде араб елдерінде әкімшілік, заңдық, әскери терминологияда түрік тілінің әсерімен бастапқы мағынасы өзгерген араб сөздері қолданылды [1,109]. Мына араб сөздері түрік тілінен морфологиялық қана емес мағыналық жағынан да азды-көпті өзгеріп, қайта енген сөздер болып табылады: ’imda’ – қол қою (подпись), ’irad – кіріс, табыс, rasm – пошлина (салық түрі), awraq – құжаттар, qarar – қаулы,қарар; ma‘ash – зейнетақы, muqawalah – мердігерлік, tahsil – оқыту, ta‘assub – фанатизм, т.б. Араб негіздерінің қосылуы арқылы жасалған мынадай сөздер де түрік тілінің әсерімен пайда болған. Олар: ‘ardhal – арыз, өтініш, qa’immaqam 110 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 Араб тіліндегі кірме сөздер – округ бастығы; ал мына сөздер араб негіздері мен түрік тіліндегі -lik немесе парсының -dar аффикстері арқылы жасалып, араб тіліне қайта енген, олар: haramlik – үйдің әйелдер отыратын бөлігі, salamlik – қонақ бөлме, hukumdar – полицмейстер, silahdar – қару ұстаушы. Aраб тілінің сөздігінде географиялық тұрғыдан араб елдерінен алыста жатқан халықтардың тілдерінен аралық тілдер арқылы енген сөздер де бар. Мысалы: batal – батыр (монғол), kursiyy – тақ, орындық (қытай), misk – мускус (санскрит), сөздері енген [1,103]. Осы тұста айта кететін бір мәселе, араб тіліндегі «batal» – «батыр» монғол сөзі деген дерекке қатысты, бұл сөз этимологиялық сөздіктерде моңғол сөзі деп келтіріледі. Біз бұл ойға күмәнмен қараймыз, себебі, «батыр» сөзінің кейбір тілдердегі (мысалы, өзбек тіліндегі) нұсқасы – «баһадур» (орыс тілінде – богатырь) яғни «bahа’u» және «dur» сөздерінің бірігуінен жасалғаны анық көрінеді. Бұл сөздің алғашқы бөлігі араб тіліндегі Баһауддин т.б. сөздерде кездесетін арабша«bahа’un – красота, великолепие, блеск» ал «dur» – «dar» сөзінің көптік формасы. Үлкен арабша-орысша сөздікте бұл сөздің 1) мағынасы «жилище, дом»; 2) страна және 3) «поле» (напр. шахматной доски) деп көрсетілген, олай болса, «баһадур – батыр – богатырь – батоор» түрінде кездесетін бұл сөздің түп-төркіні араб сөзі, яғни орысша мағынасы «красота, блеск поля», қазақ тілінде «(күрес-шайқас) алаңының жарқылы, яғни «батыр». Ал қазіргі араб тіліндегі «батыр» мағынасындағы «batal» – түрі сол араб сөзінің басқа тілдерге ену арқылы өзгеріп, тілге қайта енуі, бұл тілдер арасындағы ықпалдастықта кездесетін құбылыс. Араб тіліне ағылшын, орыс тілдерінен енген сөздер онша көп емес. Мысалы, ағылшын сөздері саусақпен санарлық, олар: lansh – катер (launch); winsh – көтергіш кран (winch ); warshah – шеберхана (workshop), т.б. Ал орыс сөздері мүлдем аз, түрік тілі арқылы орыс тілінен shay – шай сөзі енген. Аударма әдебиеттерде орыс және кеңестік реалийлерге қатысты сөздер кездеседі. Мысалы: samawar – самауыр; fudka – водка; sufyat – sovyit – совет; lininiyy – лениншіл; balshafiyy – большевик; kulhuz – колхоз; sufhuz – совхоз; Спутник-1 сөзі жалқы есім түрінде қолданылады. Жаңа заманда араб елдеріндегі араб әдеби тіліне кірме сөздердің енуі ол елдермен мәдени, саяси және экономикалық қарым-қатынас жасап отырған көршілес еуропа елдеріне, ол елдердің тілдеріне байланысты болды. Солтүстік Африка – Мағриб елдерінде және Сирия мен Ливанда француз, Ливияда – итальян, Египетте және Иракта ағылшын тілдерінің әсері, олардан кірме сөздердің енуі көптеп байқалды. Қазіргі заманғы кірме сөздер араб жазуы арқылы транслитерация әдісімен игеріледі, мұндайда шет тілінен енген сөз құрамындағы дауысты дыбыстар алиф, `уа`у, йа — ا ،و ،ي әріптерімен немесе жартылай харекеттермен беріледі. Олардың көптік формалары көбінесе ұзақ — атун аффиксімен жасалады, ал – иййун қосымшасы арқылы қатыстық сын есімдер, – иййатун қосымшасымен дерексіз (абстракт) есімдер жасала алады. Араб тілінің кірме сөздерді қабылдау мүмкіндігі жоғары. Оның лингвистикалық жүйесі басқа тілдерден енген сөздердің оңай бейімделуіне, сол арқылы ол сөздердің арабтануына қабілетті. «…тіл тазалығын жақтаушы пуристік көзқарасты ұстанушылар бір кездегі ұлан-ғайыр аумақ халықтарының ғана емес әдебиет пен сан- салалы ғылым тілі болған араб тілінің дамуына кедергі келтіріп отыр. Бұдан «тіл зардап шегеді» дейді оларды сынаушылар [4, 8]. Тілдер арасындағы ықпалдастық – үздіксіз жүретін қоғамдық-әлеуметтік үдеріс. Әртүрлі факторлар негізінде халықтар мен мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың қарқынына байланысты ол ықпалдастықтың сипаты да өзгеріп отырады. Ал қазіргі жаһандану дәуірінде бұл үдерістің барынша қарқын алып отырғанын араб тіліне халықаралық сөздер мен терминдердің, неологизмдердің енуінен көруге болады.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar