АРАБ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Салыстырмалы-тарихи және типология- лық тіл білімі, тікелей теоретикалық түрінен басқа қолданбалы өзгешелікке ие болуы қажет. Сондықтан, ізденудің объектісі саналатын тілдегі қазіргі мәселелерге жүгіну қажет. Қазіргі кезде Таяу Шығыс жайлы информацияны жеткізу туралы өткір сұрақтар туындап отыр. Әсіресе, араб елдерінің құқықтық жүйесі жайлы мағлұмат жоқтың қасы. Негізінен елімізге Араб әлемі жайлы информация, сол елдерде болып жатқан процестер мен өзгерулер үшінші қолдан, немесе толыққанды емес күйде, немесе кешігіп келеді. Бәріне мәлім, ізденушінің алдында әрдайым мәдени бөгем болады. Ол негізінен тілдік бөгемге байланысты. Заңдық мәтіннің мағынасы оны оқу барысында көрінеді. Ол мәтінді мағынамен қамтамасыз ететін интерпретатор болу керек. Алайда, интерпретаторлардың интелектуалды қабілетінің ( білімі, мәдени деңгейі, соның ішінде құқықтық) әртүрлі болуына байланысты, мағына әртүрлі болуы мүмкін. Заң шығару техникасының жалпы мақсаты болып, құқықтық нормалар мәтінінің қол жетерлігіне жету (олардың мағынасы жағынан). Алайда, ол заң мағынасына және заң дәлдігіне қайшы келмеуі керек. Құқықтық акттың сыртқы түсіндірмесі; құқық (заң) адамдардың санасы мен еркіне тек тілдің көмегімен әсер етеді. Сол тіл арқылы құқықтық жарлықтар мазмұндары жайлы информация жеткізіледі. Тіл көмегімен заң шығарушының ойы сыртқы қолданысқа қабілетті. Бұл мақала араб елдеріндегі заңдық тілге, құқықтық терминдерге, құқықтық тілінің дамуына арналған. Европа мен АҚШ- тың заңдық техникасы еліміздің тіл білімімен қалай болса да зерттелген. Алайда, Таяу Шығыстың заңдық техни- касы елімізде мүлде зерттелмеді десек болғаны. Қазіргі кезде араб әлемі жайлы мағлұмат Қазақстанға агенттіктер арқылы немесе Ресей дерек көздері арқылы келеді. Араб елдерінін құқықтық тілдерінің ерекшеліктерін зерттеу практикада заңдық документтерді занды түрде аудару тусінігімен байланысты болып келеді. Біздің ойымызша, қысқаша айтқанда араб елдерінің құқықтық тілінің қалыптасуына және дамуына әсерін тигізген мына факторлар: Исламдық заңтану әсерінің факторы – фикх және оның құрамы құқықтық құраушы Құрандық белгілеулер, құқықтық мазмұнды хадистер, құқықтық доктрина — исламдық құқықтық мектептердің теориялық ережелеріне негізделген; Жерорта теңізінің аймақтық құқықтық жүйесіне римдік құқықтың әсерінде көрінетін, тілдік үздіксіздің лингвогеогра- фиялық факторы; Құқыктық араб тілінің құрылуына әсер еткен лингвогеографиялық фактор. Енді осыларға қысқаша тоқталып өтейік. Ең бірінші болып Құқықтық араб тілінің базалық категорияларының орнауына әсер еткен фактор ретіндегі фикхтың (исламдық заңтану) лексикалық және синтаксистік құрылымын айтайық. Араб құқықтық тілінің қалыптасуына әсер еткен фактор осы фактордың мазмұнын ашайық. Фикхтың түсінік- темелік аппараты деп біз, араб халифатынын құқық тәжіриебесінде қалыптасқан, және де кейінректе, мемлекетті исламдық ұстанымдар бойын- ша құрған елдерде қолданылған түсінік ретінде түсінеміз. Араб құқықтық тілінің түсінектемелік аппаратының бұл сигменті туйсікпен қабылдауға неғұрлым күрделі болып келеді, себебі Ресей елінде құқық діннен әлде қашан бөлінген. Араб елдерінің заң техникасының тілі табиғи тұрғысынан исламның фундаменталды діни постулаттарының рөлімен әлі күнге шейін санасатын болып келеді. Араб елдерінің құқықтық тілінің дамуы ислам заңтануының болуы – фикхпен тығыз байланысты. Құқықтық араб тілінің лексикасының кезеңдерге бөлінуі. Ағылшын тілінде фикхтың анықтамасы доктор Джордж Макдисимен: » The Juridical Theology of Shafi’i: Origins and Significance of Usul Al-Fiqh,» кітабында берілген. Оның пікірінше, араб елдерінің осы заманғы құқығында түсініктер, келесі тарихи дауірдің тілдерінен берілген: Құрандағы құқықтық араб тілі, Құранның құқық құраушы аяттарының түсініктемесі: исламның тек құлықтылық- дүниетанымдылық негізі болып қана емес, құқықтық архетиптердің де негізі болып келеді;2 Суннадағы құқықтық араб тілі (хадистерден): әртүрлі жағдайлардағы Мұхаммед пайғамбарымыздың (салла Аллаху алейхи уа салам), істеген істері мен пікірлері жайындағы аңыздар тілі, соның ішінде құқықтық аңыздар, хадистер, әңгімелер; Исламдық заң мектептерінің құқықтық араб тілі; Осман империясының немесе сол уақыттағы империядағы құқықтық араб тілі; Отаршылдық дәуірдің (араб елдері батыс елдерінің отарында болған уақыттағы) құқықтық араб тілі; Өзіне батыс елдерінің заң тілінің элементтерін қосатын қазіргі заманғы құқықтық араб тілі: Араб аймағындағы елдерге еуропаның құқықтық теориясы- ның енуіне байланысты пайда болған (құқықтық араб терминдері); Араб тіліне аударылған осы заманғы, бірыңғайланған құқықтық лексика мен құқықтық терминдер, мысалы, INCOTERMS терминологиясы, және де жаңа кезеңде пайда болған, құқықтық институттарды сипаттаушы осы заманғы лексика. Жоғарыда келтірілген тізім бізге, құқықтық араб тіліндегі лексикалық бірліктердің олардың шығу тегінің көзқарасы жағынан алуан түрлілігін көрсетеді. Мен А.Н. Аллоттың мына пікірімен келісемін: араб тілінен заңдық мәтіндерді аударғанда лексикалық бірліктердің барлық спектрі назарға алынуы тиіс. Белгілі исламтанушы С.Махмасанидің ойынша фикх әдістемесі негізгі үш құрастырушыға негізделген: Құранға, хадистерге және факихтердің еңбектеріне (исламдық мемлекеттің болу кезеңінде шығармашылық құқық және құқық қолдану мен айналысқан ғалымдар). Сонымен Құран тілін және хадистерді, құқықтық араб тілін қалыптасуына әсер еткен факторлар ретінде қарастырайық. Араб елдерінің құқығының лексикасының Құрандық құрамасы, Құранның құқық құраушы аяттарынан тура немесе жанама шығатын уланғайыр лексикалық қат болып келеді. Бұл лексикалық қат ислам заңтануының (фикх) негізі болып келген және де араб елдерінің құқықтық тілінің болуы кезінде ұзақ жылдар бойы өзгермеген, және осы кезде де араб елдеріндегі заң тезаурусының негізін қалауды жалғастырады. Лексика- ның бұл қатының үлкен мәнділігінің тағы бір себебі, оның бір кездегі тарихи тұрғыда ислам елдерінің қауымдастығында болған араб емес елдердің көбісінің лексикасы- ның кіретіндігінде. Араб елдерінің құқықтық лексикасының Құрандық құрамасы уақыты бойынша Мединадағы сол заманғы өмірмен, тұрмыспен құрылған бірінші ислам мемлекетімен тығыз байланысты. Құранның (құқық құраушы аяттары) Құрандық лексиканы көрсету құралы болып табылады. Құрандағы құқық құраушы аяттардың негізгі ерекшелігі, ондағы құқықтық норманың айқын берилмегендігі болып келеді: Құранның аятында берілген белгілеулер кейін басқа нормалардың бейнелері болады. Құранның құқық құраушы аяттарынан құкықтық нормаларды шығару қажеттілігі, ислам заңтануында фикх деген саланың өмірге келуін мәжбүр еттті. Араб елдерінің құқықтық тілінің Құрандық құрамалық лексикасының мысалы ретінде құқықтық негіздерден міндеттемелік құқыққа (азаматтық құқықтың саласы) және мұрагерлік құқыққа (қалай араб тілінде болса, солай аудармалары да) қатысты ұстанымдылықты келтірейік. Мұрагерлік құқық саласы فرائض араб елдерінде ең қиын салалардын бірі болып келеді. Араб тілінен орысшаға және араб тілінен ағылшын тіліне аудармалардағы заңдық стильдің лексикалық бірліктеріне салыстырмалы талдау жургізейік.

Читайте также:  Әлемдік мәдениеттану ой-санасы

Оставить комментарий