Архаикалық және қарабайыр мәдениеттер

Кез келген қоғам өз көзқарасы тұрғысынан мәдениетті үш түрге бөледі деген ой айтқан едік: осы заманғы, бірақ, жер шарының өзге бөліктерінде орналасқан; сол кеңістікте жария болған, бірақ, уақыт жағынан бұл мәдениеттің алдында өмір сүрген; үшіншісі — уақыт жағынан да алда, кеңістіктің де өзге бөлігінде орын тепкен мәдениет. Бұл үш топ тең дәрежеде танылмағанын көрдік. Үшінші топ хақында және архитектурасы мен рудиментарлық техникасы болмаған, жазбасы жоқ мәдениеттер (сол кезеңде жер шарын мекендеген халықтың тұратын аймағына қарай 90­99 пайызы солай болған) туралы айтқан кезде олар жайында ештеңе біле алмайтынымызды мойындаймыз, олар туралы айтқандарымыздың барлығы еш негізі жоқ долбар ғана. Керісінше, бірінші топқа кіретін мәдениеттер арасында уақыттың ағымы бойынша қарым­ қатынас орнатуға талпынушылар әрекеті қызығуға тұрарлық. Электр жарығы мен бу двигателі туралы елі күнге естіп­білмеген осы заманғы қоғамдар батыс өркениетінің қазіргі даму деңгейі туралы көзқарасымызға әсер етпеуі мүмкін бе? Жазу­сызуды, металл өндеуді білмесе де жартастарда сурет салып, тас құралдар жасаған түз тайпалары мен Франция мен Испаниядағы үңгірлерде дәл осындай із қалдырған ескі өркениеттер арасында ұқсастық жоқ деп айта аламыз ба? Жалған эволюционизм дәл осы жерде үстемдік құрған тәрізді. Сәті түсе қалғанда (батыс саяхатшысы Шығыстан орта ғасырлар ізін, Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Пекиннен Людовик XIV дәуірін, Австралия мен Жаңа Гвинеядағы тұз халықтарынан «тас ғасырын» табу бақытынан бас тартар ма еді?) ойланбастан бас қоятын бұл әзәзіл ойын өте зиянды. Жойылып кеткен өркениеттер бізге кейбір қырларымен ғана белгілі, өркениет дәуірі бізден қашықтаған сайын мәліметтер де аз кездеседі, өйткені, дәл сол қырлары ғана уақыттың тезінен сүрінбей өтіп, бізге жетіп отыр. Яғни, бөлшекті бүтін ретінде қабылдап, қос өркениеттің де кейбір аспектілері (жойылып кеткен және қазіргі) арасында бірдей тұстар, барлық аспектілер арасында ұқсастықтар бар деген тұрғынынан келу керек. Бұл тұжырым қисындық тұрғыдан қате ғана емес, көп жағдайда фактілермен жоққа шығарылып отырады. Жақын күндерге шейін тасманиялықтар мен патагондықтар тастан жасалған құралдарды пайдаланса, австралиялық және америкалық тайпалар оларды әлі жасап жатты. Бұл құралдарды зерттеу біздің осы саймандардың палеолит дәуірінде қалай кәдеге жарағанын түсінуімізге жәрдемдеседі. Англиядан Оңтүстік Америкаға, Франциядан Қытайға дейінгі аралықта тас қайлалардың пішіні мен дайындау техникасы екі­үш жүз мыңдаған жылдар бойы бір қалыптан өзгермей тұруы үшін оларды қалай пайдаланды екен? Археология, ескерткіштерден жүз­жүздеп табылған үшбұрыш түріндегі атты құпиялы заттардың не мақсатқа пайдаланылғаны туралы неге бір де бір тымды долбар жоқ? Бұғы сүйегінен жасалған «batons de commandement» деген не? Артына сан түрлі геометриялық пішіндерден тұратын оймақтай қашалған тастар қалдырған, бірақ көлемі кісінің қолында болатын бір де бір құралы табылмаған мәдениеті қандай технологияны пайдаланған? Бұл күмәнді тұжырымдардан түйгеніміз: палеолит қоғамдастықтары мен қазіргі тұз халықтары арасында тастан қашалған құралдарды пайдалану тұрғысынан ұқсастық бар. Дегенмен, технология жайында айтқанда әріге ұзап бара алмаймыз, өйткені, белгілі бір материалды пайдалануда құрал түрлері мен оның қолданылу мақсаты әркелкі болды, бұл тұрғыдан олардың біреуі арқылы екіншісіне қатысты мәлімет алу қиын. Ал, олардың әлеуметтік институттары мен діни наным­сенімдері туралы мағлұмат қалдыруға мүмкіндіктері болды ма? Мәдени эволюционизмнен бастау алған әйгілі тұжырымдардың бірі — орта палеолит дәуіріндегі халықтар қалдырған жартастағы суреттерді аңшылық салттарымен қатысы бар сиқырлы бейне санаушылық. Мұның түсіндірмесі мынадай: қазіргі қарапайым популяциялардың маңызын жоғалтқан аңшылық салттары бар; ежелгі жартастардағы суреттер саны жағынан да, ормандардың түкпірінде орналасуы жағынан да маңыздан ада; бұл бейнелерді салған — аңшылардың өздері, демек, суреттер олардың аңшылық салты үшін көдеге жаратылған. Бұл дәйек аузымыздан шыға салысымен біз оның негізсіздігін байқаймыз. Бүл пікір осы салаға жатпайтын мамандар арасында кең тараған, өйткені адамзат мәдениеттерін жете бағалай бермейтін жалған ғылыми каннибализм сан түрлі «тұздықтарымен» пайдаланатын қарабайыр популяциялармен қарым — қатынасы бар этнографтар бұл фактілердің ешқайсысы да осы қарастырылып отырған ескерткіштер туралы қандай да бір долбар жасауға негіз болмайды деп бірауыздан тұжырымдайды. Әңгіме жартастағы бейнелер туралы болғандықтан, Оңтүстік Африкадағы суреттерден басқалары (кейбіреулер оларды жуықта өмір сүрген түз халықтарының еңбектері деп атайды), «қарабайыр» өнерлер дәл қазіргі Еуропа өнерінен алшақ болғаны сияқты мен мәдениетінен алшақ болды. Бүл өнерлер аса жоғары стильдену деңгейімен ерекшеленеді, ол тіпті шектен тыс деформацияға дейін барады, ал тарихи өнерге өткір реализм тән. Бұл жерден біз Еуропа өнерінің бастауын көргендей боламыз; алайда, бүл жаңсақтау, себебі, дәл сол аумақта палеолиттен кейін де өнердің өзге түрлері болды, бірақ, оларда мұндай ерекшелік болған жоқ. Географиялық орналасу орнының мұраға қалуы ештеңені өзгерте алмайды, дәл сол ауданда бірінен соң бірі әртүрлі популяциялар өмір сүрді, бірақ, олар өздерінің алдындағы буынның өнерінен бейхабар болды немесе оған онша мән бермеді, олардың әрқайсысы наным­сенім, техника және стиль жағынан бір­біріне қарама­қайшы болды. Колумб ашатын қарсаңдағы Америка өркениетінің деңгейі жағынан неолит дәуіріндегі Еуропамен шамалас болды. Алайда, бүл салыстырманы індете қарастырудың өзі артық: Еуропада жер өндеу мен андарды қолға үйрету қатар жүрді, ал, Америкада бұлардың біріншісі ғана жақсы дамыды, ал, екіншісі туралы олар ештеңе білмеді (білген күннің өзінде там­тұмдап қана). Америкада тас саймандар жер өндеу экономикасында да жалғасын тапты, ал, Еуропада ол металлургияның басталуымен қатар айтылады. Мысалдарды көбейте берудің қажеті жоқ. Адамзат өркениеттерінің байлығы мен ерекшеліктерін тани отыра оларды батыс өркениеті айтқандай артта қалғандар қалпында көруге талпыну әрекеті бұдан да күрделі өзге бір проблемаға ұшырасады: адамзаттың барлық қауымдастықтары (Американы қоспағанда, бүл туралы кейін тоқталамыз) артына бір­бірімен шамалас тарих қалдырған. Белгілі бір қауымдастықты басқа біреулерінің даму деңгейіндегі кезеңмен салыстырып көргенде, соңғыларында бір нәрсе болған болса, біріншісінде мүлдем болмаған немесе өте аз болғандығын байқаймыз. «Тарихы жоқ» халықтар туралы айтқан оңай (олар ең бақытты халық деп дәлелдеу үшін). Бұл формуланың мәні — олардың тарихы болған жоқ емес, белгісіз және солай қалады деген сөз. Ондаған, тіпті жүздеген мың жылдар бойы бұл халықтар да сүйді, жек көрді жапа шекті және соғысты. Шындығында, сәби халық жоқ, барлығы, тіпті балалық шағында күнделік жазбағандары да қария. Адамзат қауымдастықтары өткен уақытты біркелкі пайдалана алған жоқ деуге болады, кейбіреулері үшін бұл — бос өткен уақыт; бірі екі ұрттам ас ішсе, бірі есінеп орта жолда тұрды. Сондықтан, тарихтың екі түрін ажыратып айтамыз: біріншісі — тапқанын және жасағанын ұлы өркениеттердің негізін қалау үшін жиып­теріп дамытатын, ал, екіншісі — талантқа бай, қарекетшіл, біріншісіне тән синтездеу қасиеті жоқ тарих. Кез келген жаңалық өзі сияқты өзге жаңалықтарға сүйенетін алдыңғы толқынға ілесудің орнына дүрілдеген ағысқа тап болады, ал бүл ағыс өзінің бұрынғы бағытынан ешқашан жаңылған емес. Бұл концепция алдыңғы тарауларда әспет қарапайым дүниетанымға қарағанда ыңғайлы да қыртысты көрінеді. Біз мәдениеттер әр алуандығын суреттейтін, олардың ешқайсысын төмендетпейтін очеркімізден бұларға орын берудің сәті түсер деп ойлаймыз. Бұған білек сыбана кірісу үшін бірнеше мәселені қарастырып алған жөн.

Читайте также:  Әл-Фарабидің философиялық мұрасы

Оставить комментарий