Аристократия туралы түсінік

Аристократия туралы түсінік. Бұл арада бізде бір-­бірінен айырмашылығы елеулі екі шартты тұлға бар, атап айтқанда: Үкімет және егемен; демек, біреуі барлық азаматтарға қатысты, екіншісі – тек басқару мүшелеріне қатысты екі ортақ ырық бар. Осыдан келіп Үкімет ішкі тәртіпті өз қалауы бойынша енгізе алатын болғанымен, ол халыққа тек егемен атынан, яғни халықтың өз жағынан сөз арнай алады; мұны ешқашан ұмытпау керек. Алғашқы қоғамдар аристократиялық пошыммен басқарылды. Отағасылар жиналып алып, өз ортасында қоғамдық мәселелерді талқылаған. Жастар тәжірибе беделіне ізетпен бас иген. Абыздар, ақсақалдар, сенат, геронттар деген атаулар содан шыққан. Солтүстік Американың жабайылары өздерін осы күнге дейін осылайша басқарады және өте жақсы басқарады. Бірақ бастапқы құрылыспен жасалған теңсіздік жаратылыстық теңсіздіктен басым бола түскен сайын, байлық немесе күш­құдірет жасы үлкеннен көбірек құрметтеле бастады да, аристократия сайланып қойылатын болды. Ақыр соңында билік байлықпен бірге әкеден балаларға қалдырыла бастап, отбасын аристократия ете бастаған соң, Басқарма да мұрагерлікке айналды, сондықтан жиырма жасар сенаторларды көруге болатын еді.

Сонымен, аристократияның үш тегі: табиғи, сайланбалы жөне мұрагерлік тегі бар. Бұлардың біріншісі өз дамуының алғашқы кезеңінде тұрған халықтарға ғана жарамды; үшіншісі Басқармалардың ең нашары; екіншісі – бәрінен жақсысы; бұл – сөздің төл мағынасындағы аристократия. Бұл орайда өкіметтің екі түрі де бір­бірінен бөліп көрсетілетінін былай қойғанда, аристократияның мұндай тегінің оның мүшелерінің сайланатыны секілді де артықшылығы бар. Өйткені халықтық Басқармада барлық азаматтар магистрат болып туады; сайланбалы аристократия мансап иелерінің санын аз мөлшермен шектейді, және олар тек сайлану жолымен ғана мансап иесі бола алады 10 : мұндай тәртіпте адалдық, білімділік, тәжірибелілік және артық көрініп, қоғамдық құрметке ие болу үшін қажет барлық басқа қасиеттер шындап келгенде басқарудың кемеңгер болатындығының жаңа кепілі.

Читайте также:  ПАРСЫ АҚЫНДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРМАЛАРЫ

Мұның үстіне, жиналыстар неғұрлым сабырлы өтеді, істер жақсырақ талқыланады, неғұрлым тәртіппен әрі жедел атқарылады; Мемлекеттің сыртқа ықпалын белгісіз немесе көзге ілінбейтін тобырдан сыйлы сенаторлар жақсы жүргізеді. Қысқасы, аристократия көпшілікті басқаратын, олар өздерінің пайдасы үшін емес, солардың пайдасына басқаратыны мүлдем анық құрылыс қана ең жақсы және ең жаратылыстық құрылыс болады. Механизмді босқа қиындатып, таңдаулы жүз адам әлдеқайда жақсы атқара алатын нәрсені жиырма мың адамның көмегімен атқарудың түкке де қажеті жоқ. Алайда мынаны ескерте кету керек: бұл арада бүтіннің мүддесі жұртшылық күшін ортақ ырық ережелерін сақтауға кемірек жұмылдыра бастайды, және басқа бір сөзсіз болатын ауытқу заңдарды атқарушылық күштің бір бөлігінен айырады.

Ал айрықша шарттарға келсек, аристократиялық Басқарма тұсында жақсы демократия тұсындағыдай, халық ырқынан кейін заңдардың іле­шала орындалуы үшін Мемлекеттің тіпті де соншама шағын, адамдардың соншама қарабайыр да анайы болуы тіпті де шарт емес. Сондай­ақ халық саны да тым коп болмауы керек, бұл оны басқару үшін әр жерде шашырап орналасқан әкімдер өз округтерінде өздерін егемен секілді көрсетпес үшін әуелі тәуелсіз болып алып, сосын сайып келгенде билеп­төстеуші болуға ұмтылмауы үшін қажет. Бірақ егер аристократия халықтық Басқармаға қарағанда жақсылықтарды біршама азырақ талап еткенімен, есесіне оның өзіне ғана тән басқа жақсылықтарды – ол байлар тарапынан ынсапшылдықты, ал кедейлер тарапынан өз жағдайына қанағаттана білуді талап етеді, өйткені бұл жерде қатаң теңдік, тегінде, орынды бола қоймайды. Ондай теңдік тіпті Спартада да сақталмаған.

Айтпақшы, осынау пошым жалпы біршама мүліктік теңсіздіктің болуын көздесе, қоғамдық істерді басқару бұл іске басқалардан көбірек уақыт арнай алатын адамдарға тапсыру үшін істейді; бірақ, Аристотель айтқандай, бай адамдарды ұдайы артық көргендіктен емес. Керісінше, кедей адамды бағалау кейбір ретте халықты байлықтан гөрі адамдардың кеке басының артықшылығы оларды таңдаудың неғұрлым елеулі негізі екендігіне үйрететін болуы маңызды.

Читайте также:  Оңтүстік Қазақстанда «Ақ орамал» акциясы бастау алды

Оставить комментарий