ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Опубликовано Июль 24, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Заман ағысы көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп барады. « Алдымен саясат, сосын ғана экономика » деген қағидатты ұстанатын заман келмеске кетті. Бүкіл әлемге ортақ дүркін өзгерістердің ішінде экономика саласымен қоса қаржылық жүйе де бар. Қазақ елі біртұтас мемлекет болып құрылғалы бері салқыны үш рет қайталанып сезілген қаржы дағдарысы (Кеңес Одағының ыдырауы тұсында отандық экономиканың тоқырауы, Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысы және Дүние жүзіндегі барлық елдердің дамуына тікелей әсер еткен жуырдағы жаһандық дағдарыс) саясаттың экономиканы емес, экономиканың саясатты билейтіндігін ашып көрсетті. Кез келген мемлекет үшін экономика бәрінен де маңызды. Өз елінің ары қарай дами түсуі үшін, қай елдің басшысы болмасын әріптес мемлекетпен келісім шарт жасамас бұрын алдымен елі үшін экономикалық тиімділікті санамалап, содан кейін ғана саяси іс-қимылға көшетін болды. Мұның бәрін тектен текке айтып отырғаным жоқ. Әлемнің сексен елінен үш 268 мыңнан астам өкілінің қатысуымен Астанада өткен халықаралық экономикалық форумның мақсаттарының бірі — бүкіл әлемге ортақ қаржы дағдарысының қайта айналып соғуының алдын алу, ең құрығанда оның салдарын азайту болатын. Форум мақсатына жетті ме, жетпеді ме, ол туралы бірдеңе айта қою әзірге қиын. Себебі, бұл уақыт өте келе көрінетін нәтиже. Менің айтпағым Президент көтерген мәселенің мәнісіне үңілу. Мемлекет басшысы бүтін әлемге ортақ мәнді әңгіме айтты. «Дағдарыстың басты сабағы – экономикалық теңгерімсіздіктерге жол бермеу. Осы ретте ауыр болса да бақылаусыз бетімен кеткен қаржы рыноктарын төтенше бақылауда ұстаудың маңызы мен пайдасы зор. Реттелмеген қаржы секторына үйлестірілген ашық капитал – бұл баяу жарылатын бомбамен тең. Ол бұған дейін де бір рет жарылды, әлі де талай жарылуы мүмкін» деген Президент мұны дағдарыстың бірінші сабағы деп түсіндірді. Президент айтқан дағдарыстың екінші сабағы, дамушы елдер үшін индустриялық және инновациялық саясаттың маңызының артуы болды. Ал үшінші сабағы — жеткілікті дәрежедегі әлеуметтік саясаттың қажет екендігіне түсініктің артқандығымен ерекшеленеді.[1] «Соңғы кездері әлеуметік саясаттың рөлі негізсіз төмендетілді. Араб елдерінде, соның ішінде дамыған бірқатар елдердегі соңғы оқиғалар халықтың әлеуметтік жағдайын тұрақты назарда ұстаудың өткірлігін көрсетіп берді. Өкінішке орай, нарықтық күштер жұмыспен және азық-түлікпен, әлеуметтік қорғаумен және тұрақтылықпен қамтамасыз етудің сайма-сай міндеттерін барлық жерде бірдей шеше алған жоқ.Осының салдарынан дамыған және дамушы экономикалардың арасында айырмашылық ұлғайып, сауда даулары, валюталық кикілжіңдер, мемлекеттік қарыздар көбейіп ,жұмыссыздар мен аз қамтылған халық саны өсті. Әлемде бірінші рет бүтіндей мемлекеттердің банкроттық жағдайға тап болуы пайда болды» деген Президент сөзінің астарында ендігі міндет дағдарыс сабағынан нәтиже шығарып экономикалық қыспақтан қиналмай өтудің жаңа моделін жасау керек деген емеуріннің жатқаны анық. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ескі валюталардың орнын басуға келетін өңірлік және әлемдік қаржы құралдарының жаңа санатының мынандай жеті өлшемді қамту қажеттігін атап көрсетті: Біріншіден, бұл – ескі заңға дейінгі немесе тіпті заңсыз әлемдік резервтік валютаға қарағанда жаңа заңды әлемдік валюта болады. Екіншіден, бұл – бүкіл адамзаттың мүддесі үшін жаңа демократиялық эмиссиялық орталық эмитациялайтын жаңа демократиялық валюта болады. Үшіншіден, бұл – жалған құнды ескі иллюзиялық бағалауға қарағанда шынайы құнды нақты өлшеудің құралы. Төртіншіден, бұл – бақылаусыз қорланудың ескі құралдарына қарағанда пайда өндірісін бақылаудың жаңа қаржылық құралы. Бесіншіден, бұл – өзімшілдікке дүниеқорлыққа және ашкөздікке қызмет ететін бәсекелестікпен пайда табудың емес, елдердің, халықтардың, әлем мен адамзаттың біртұтас ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қызмет ететін бәсекелестік пен пайда табудың тұтас мүдделес, жаңа қаржылық құралы. Алтыншыдан, бұл – барлық арқаулық дәстүрлі құндылықтарды қирататын құндылықтардан тыс бәсекелестік пен пайда табу емес, елдердің, халықтардың, әлем мен адамзаттың дамуының ортақ құндылықтарын нығайта түсетін мақсатқа бағытталған бәсекелестік пен пайда табудың жаңа қаржылық құралы. Жетіншіден, бұл – мән-мағынасыз дүние жиюшылық пен тұтынушылықтың ескірген құралдарына қарсы тұратын елдер мен халықтардың, әлем мен адамзаттың дамуының асқақ мұраттарына толы пайымдалған пайда табудың бәсекелестік пен дамудың жаңа қаржылық құралы.[2] Жаңа қаржылық сәулет құратын кез жетті. Қазіргі жаһандық экономикаға жаһандық валюта қажет. Бүгінде әлемде пайдаланылып келе жатқан резервтік валюталардың бірде- бірі тауарлар мен қызметтердің шынайы құнын нақты бағалай да, өлшей де алмайды. Дүниежүзілік валюта – өзі ақаулы, оны мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнелі 269 түрде «дефектал» деп атаған. Соңғы жүз жылда доллар он еседен астамға құнсызданған. Бұл үрдіс ақырғы жылдары қарқындай түсті. Қаржы қатынастарын долларландырудың келеңсіз факторлары қаржы дағдарысы барысында айрықша көрінді. Жаһандану жағдайында мұның өзі американдық ақша бірлігінің рөлін әлемдік резервтік валюта, жалпыға ортақ балама ретінде сақтуға ұмтылыс пен жаңа ойыншылардың пайда болуы – еуро, иена, юань, рубльдің арасындағы қарама-қайшылыққа соқтырды. Жаһандық дағдарыстан шығудың мәні осынау өздерін әлдеқашан түгесіп болған әлемдік валюталардан жаңа саладағы жаңа қаржы құралдарына көшу болып отыр. Әлемдік жаңа қаржы құралының бірнеше нұсқалары ұсынылуда. Бірақ олардың қай-қайсысының да өзіне тән кемшіліктері бар. Әлемдегі ең дамыған, әншейінде басқа елдерге «демократиялық құндылықтар кенже қалған, адам құқығы тапталып, әр түрлі қудалаулар мен теңсіздіктер орын алып отыр» деп айып тағып, ақыл үйрететін алпауыт елдердің өзі бір ел емес, бүгінгі бүкіл адамзатқа ортақ қаржы — экономикалық қиындықтарды шешуге аса ықылас танытпай отыр. Оның себебі, нарықтық қатынастар халықаралық ықпалдастықтың негізгі ұстанымы болып саналатын бүгінгі жағдайда ешкімде қолындағы барын тектен-текке бергісі келмейді. Тіпті ол әділетсіз саналған күннің өзінде өнімнің орнына ақша сатып-ақ байып отырған қай елдің де одан айрылып қалғысы келмейтіні анық. Ал өткен ғасырдың орта тұсында, адамзат екінші дүниежүзілік соғыстан әбден қалжырап, есеңгіреген сәтте әлемдік валюта ретінде қалыптасқан долларды басып шығару құқығына ие жалғыз ел – Америка Құрама Штаттары өзінің осы валютасы арқылы тек байып қана отырғаны жоқ, ол тіпті әскер жібермей-ақ бүкіл әлемді билеп, ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстап отырған алпауыт мемлекет! Мұндайда біздің қазақ «аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» дейді. Бабалар даналығының дүрбісін бүгінгі ақиқатқа қарай бағдарлайтын болсақ, басқаны былай қойғанда, өздерін өркениеттің ошағы санайтын кәрі құрлықтағы ең дамыған елдердің өзі түк бітіре алмай отыр. Бұдан он жыл бұрын өз экономикаларын нығайтып, аймақтық валюта ретінде халықаралық қаржы нарығында америка долларларының ықпалына әсер ету мақсатында өмірге келген евроның да құны күнде құбылып, бір қалыпқа түспей отыр. Доллар әлемдік валюта болып қалыптасқан тұста мұның ақыры неге әкеліп соғатынын аңғармаған АҚШ одан қазір құтылғысы келген күнде де, оны қалай залалсыз жүзеге асыруға болатынын білмейді. Өйткені, доллардың бұл артықшылығы жоғалатын болса, онда қазір төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріне тарап кеткен 400 триллионнан аса «көк қағазды» тұтынатын Азия мен Америкадағы небір дамыған экономикалардың бәрі бірдей залал шегіп ұзақ уақыт естерін жия алмайтындай дәрежеде есеңгіреп қалатыны сөзсіз. Ал АҚШ-тай алпауыт КСРО-ның кебін киіп, алпыс бөлшекке бөлініп кетуі де ғажап емес. Екінші жағынан, әлем Назарбаев ұсынып отырған ұлттық валюталардан жоғары тұратын бірыңғай валютаны ертерек қабылдамаса, қаржылық қиындықтар әбден асқынып, жаһандық экономика жазылмас дертке шалдығатыны да көрініп тұр. Осы тұрғыдан Қазақстан басшысының бастамасы – өте маңызды ғаламдық мәселе. Қаіргі кезде барша мемлекеттің алтын-валюталық ұлттық қорларының 55 пайызы доллар болуы заңдылыққа айналғандай. 2007 жылдың тамызынан кейін көптеген мемлекеттерде бұл көрсеткіш азайды. Сондықтан да «сандықтағы» мол доллар массасы айналымға шығып кетіп, АҚШ ұлттық валютасын мүлде құнсыздандырып жіберді. Ал оның құнсыздануы баршаға зиянды болатыны сөзсіз. Мінеки, жаңа аймақтық ортақ валютаны өндіріске енгізудің басты қажеттілігі осыдан туындайды. Біздің де Ұлттық қорларымыздағы қазынамыз босқа құнсызданбауы үшін де аймақтық ортақ валюта керек. Екіншіден, белгілі бір одақта интеграциялық процесс жеделдеуі үшін аймақтық ортақ валюта қажет. Біздің Кедендік үштік одақ жағдайында бір-бірімізден доллар арқылы есеп айрылысып жатудың қажеті жоқ ал жекелеген мемлекеттердің ұлттық валюталарын халықаралық сауда-саттықтағы өтем құралы ретінде пайдалансақ, онда әлгі валюта доллардың, валюта иесі мемлекет АҚШ-тың кейпін киіп шығады. Міне, сондықтан да бізге үш мемлекетке теңдей қызмет ететін ортақ валюта қажет. Ол – әр мемлекеттің ұлттық қорларында ең кемі жиырма бес пайыздық үлеске ие болса, нағыз жетістік сол болар еді. 270 Бүгінгі таңда ТМД елдері арасындағы барлық есеп айрылысулар долларлық эквивалентте жүргізіледі. Ал төлемдер болса, америкалық және батыс еуропалық банктер арқылы жүзеге асырылады. Соған сәйкес комиссиялар ортадағы делдалдардың қалтасына түседі де, транш жүргізу бірнеше күнге созылып кетеді. Мұндай операциялар миллиардтаған доллардың басына су құяды. Ал бірыңғай есеп айрылысу жүйесі құрылса, есеп айрылысулар тікелей жүргізіліді. Сондықтан да аталған құрылым айналымда ұлттық валюталардан жоғары тұратын есеп айырылысу бірлігі болуы шарт. Қазақстан Президентінің болашақтағы әлемдік валюта жүйесін концептуальды елестетуінің жүзеге асатынына күмән жоқ. Елбасының бұл ұсынысы ғаламдық дамудың өткір талабынан туындап отыр. Осындай әлемдік экономикадағы аумалы- төкпелі жағдайды басқалардан бұрын аңғарып, өз ұсынысын жасаған Мелекет басшысының пікірін толық қолдаймын. Қолдайтын себебім, аймақтық валютаға ұмтылғаннан гөрі, бытыраңқылық танытпай, ортақ валютаға жақындау дұрыс. Ортақ валюта арқылы ғана біз доллардың құрсауынан босай аламыз. Оны әлемдік деңгейдегі сарапшылар мен саясаткерлер де қолдап жатыр. Ортақ валюта орнатуға болады. Оған, біріншіден, уақыт керек. Екіншіден, әлем елдері арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық қажет деп ойлаймын.

Оставить комментарий

Загрузка...