АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСУІ

Елбасы қазіргі заман талабына сай, ХХІ ғасыр Елордасын салып, Астананы әлемнің ең жақсы отыз қаласының қатарына қосуды мақсат еткен болатын, ал қазіргі заманғы қала – демографиялық, экономикалық, географиялық тұрғыдан өзін қоршаған экономикалық кеңістік және табиғи ортамен тығыз байланыстардан құралған күрделі әлеуметтік – экономикалық ағза. Жақында Елордамызда сәтті өткізілген ЕЫҚҰ саммиті мен қысқы Азиялық ойындар Астананың саяси, экономикалық тұрақтылық пен конфессияаралық және ұлтаралық келісім нышаны мен көптеген халықаралық шаралардың өткізілу орталығы ретінде өзін таныта алды деп батыл айта аламыз. Астананы есімізге алғанда әдетте біз еліміздің, саяси, экономикалық, әлеуметтік–техникалық прогресстің көріністерін елестетеміз, бірақ қала санының көбеюі мен өркениет урбанизациялануының өз кезегінде теріс жақтары да бар. Қаланың техногенді ортасы бірінші кезекте адамның денсаулығына зардабын әкелуі мүмкін. Астананың Алматыдан Астанаға көшкеннен бері халық саны ұдайы өсімге ие. Қала халықының өсуі табиғи өсім және көші – қон есебінен қатар жүріп келеді. Халық саны осы қалпында өсуін жалғастырса, төрт жыл ішінде миллиондық межеден асуы ықтимал деген болжамдар бар. Небары он екі жыл бұрын 1999 жылғы санақ нәтижесіне сәйкес Ақмола халқының саны үш жүз он сегіз мың адамды ғана құраған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, астана көшкеннен бері Астана қаласы халық санының тек позитивті өсіміне ие болып отыр. Халық санының жылдам өсуі 1997 жылғы желтоқсан айындағы республикалық және мемлекеттік органдардың Астанаға қайта дилокациялануы жөніндегі шешімнен кейін байқалды. Осылайша 1999 жылы халық саны 318,2 мың адамды құраса, 2000 жылы – 381 мың адам және 2001 жылы — 440,2 мың адамға жетті. Бұл жылдары Астанаға келген 216 азаматтардың 30-40%-ы қалаға тіркелмеген және миграцияның мерзімдік сипатына ие болған. Сондықтан бұл мигранттардың жастық жыныстық, ұлттық құрамымен қатар қай уақытта, қандай көлемдерде келіп қалада тұрақтанғандығы толық анықталмаған. Құжаттандыру мен қосымша тіркеу бағытында жүргізу шараларынан кейін ғана Астана қаласындағы халық санының айқын көрінісін бақылауға мүмкіндік туған, статистика мәліметтері бойынша халық саны едәуір өсіп, 2002 жылы халық саны 493,1 мың, ал 2003 жылы Астана жартымиллиондық қалаға айналып, тұрғындарының саны 502 мың адамды құрады. 2004 жылы Елорда тұрғындары 510,5 мың адамды құрап, 2005 жылы — 529,3 мың адмға жеткен, 2006 жылы – 550,4 мың адам, 2007 жылы – 574,4 мың және 2008 жылғы 1 қаңтар көрсеткіші бойынша 602480 [1], 2010 жылы 1-қазан айының мәліметі бойынша 719 мың адамды құрады [2]. Қазіргі замандағы әлемде халық санының өсуі әртүрлі факторларға байланысты. Кей жерлерде халық саны қаланың өз табиғи өсімі есебінен көбейеді, бұл көбіне Шығыс елдерінің сипаты. Басқа жағдайларда қала халқының өсуі әкімшілік территориалды шекаралардың өзгеруі мен қала маңындағы елді мекендердің қала құрамына қосылуы кезінде болады. Бірақ қала халқы өсуінің негізгі факторын қалаға келген және кеткен халықтың айырмасынан шығатын миграцияның механикалық өсімі құрайды. Ал Астана қаласындағы халық өсімінде, статистика мәліметі бойынша, негізінен осы механикалық өсім үлесі басым болып келеді. Астанаға ауылдардан, Қазақстанның кіші, орта, үлкен қалаларынан халық миграциясының көрсеткіштері қала халқының өсімінің негізін құрауы – жоғарыда айтылған тұжырымның дәлелі. Статистика агенттігінің айтуы бойынша, ауыл – қалалық көші – қонның қала халықының өсуінің негізі болып есептелуі – дамушы елдердегі урбанизацияның бастапқы көрсеткіші болып табылатынын атап өткен жөн. Халық санының қарқынды өсуі салдарынан қалада энергетикалық және су ресурстарына, транспорттық тасымал мен тұрғын үй – коммуналды шаруашылық қызметтеріне деген сұраныс артты. Бұл атмосфераға шығатын зиянды заттардың көлемінің артуы, тазалауға, сұрыптау мен утилизацияға мұқтаждығы бар өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көбеюіне әкеліп соқты. Өз кезегінде қала өз географиялық ерекшеліктеріне байлансысты ресурстарға аса бай емес. Астана климты шұғыл континентальды және аса қуаң болып кегендіктен, қала әсіресе су ресурстарының шектеулілігімен ерекшеленеді. Қаланың су артериясы қаланың оңтүстік бөлігінде ағып өтетін Есіл өзені болып табылады. Бұл су айдыны орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі көзі болып табылады. Оның ағыны тек қар суынан туындайды. Қала шекарасында Есіл өз бойына екі ірі емес Ақбұлақ және Сарыбұлақ ағыстарын қабылдайды. Су сапасы бойынша Астана 2 – классқа жатқызылады. Судың беткі қабаттарының ластану индексі 0,94 құраған. Салыстырмалы түрдегі мәліметтерді алсақ, Алматыда-2,15 (3-класс орташа ластанған), Қостанай-0,46 (1-класс таза), республика бойынша-2,62 (4-класс ластанған). Есілдің Ақбұлақ атты тармағы су сапасы бойынша 2-классқа жатады, бірақ Сарыбұлақ жылғасының Есілге келіп қосылуы кезінде Есіл өзенінің сапасы 2-класстан 3- классқа нашарлайды. Оның себебі: соңғы жылдары суға өндіріс және тұрмыстық қалдықтарының көптеп төгілуі, ашық су алаңдарында жүк және жеңіл автокөліктерді жуу фактілері. 2009 жылы 2007 жылға қарағанда Астанадағы қолданылған су көлемі 1,2 млн м өсіп, 59,8 млн м құраған. Канализациялық тазарту құрылғылары, жинақтаушы буландырушы құрылғылардың қазіргі заман талабына сәйкессіздігі де байқалады. Өкінішке орай, Астанаға қажетті канализациялық жүйенің азғындауы мен су құбырлары мен елді мекендердің су ағызу жүйесінің сапасын жақсарту мәселелері де жетерлік. Қаланың үлкен қарқынмен дамуы жағдайында бұл мәселелер айрықша көрініс береді .[3] Қала ауасының сапасына талдау жасасақ, Астананың атмосфералық ауасының жағдайы тұрақты емес. Егер 2008 жылы атмосфералық ауаның ластану индексі 8,09 болса, 2009 жылы ол 4,67-ге төмендеген, 2010 жыл бұл көрсеткіш қайтадан өсіп, 5,5-ке жетті. Мысал үшін Алматыда ластану индексі-12,1, Қостанайда-2,9, ал республика бойынша орташа индекс-5,6. Атмосералық ауа ластануының негізгі үш себебі бар.[4] Олар: 217 1) Стационарлық көздер: ЖЭО, қазандықтар; 2) Автокөліктер; 3) Ұйымдастырылмаған шығарылымдары бар көздер: құрылыс алаңдары, өндіріс алаңдары, цемент орталықтары, асфальтбетонды зауыттар, т.б.; Астана үшін бұлардың ішіндегі негізгі ластаушы — автокөліктер . Оның үлесіне барлық ластанудың 57% тиеді. Стационарлы көздер екінші орында. Стационарлы ластанудың негізгі көзіне Астананың 2 ЖЭО жатқызады. Қала өскен сайын, электроэнергетика мен жылу энергиясы қуатының да артуын талап етеді. Статистикалық есептеулер бойынша, стационарлы көздерден тарайтын ластану жылдан жылға өсіп келеді. Астана бойынша 2007 жылы 48,8 мың тоннаға, 2009 жылы 61,4 мың тоннаға көбейсе, 2010 жылы бұл тенденция сақталып, қала экосистемасының ауалық құрамына зиянды заттардың шығу эмиссиясы одан әрі өсіп, 65 мың тоннаны құраған. Астана атмосферасына қозғалмалы көліктерден туындайтын ластаушы заттардың эмиссиясының да айтарлықтай өскендігі байқалады.[3] Көліктерден тарайтын ластаушы заттарда газтәрізділердің үлесі басым, оның ішінде көміртегі оксиді 80 пайыздай. Астанада қозғалмалы ластаушы көздердің үлесі 57%-дан асқан, бұл көрсеткіш халық санының өсуімен бірге автокөліктер санының да үнемі өсімімен және ластау деңгейі экологиялық нормадан асып түсетін, ескірген авто модельдердің әлі де көп қолданылуымен түсіндіріледі. Автокөлік санының өсу көрсеткіштері: 2007 жылы 155 мың, 2008 жылы 210 мыңнан аса, 2009 жылы 206 мыңдай автокөлік тіркелген. [5] Құрылыс қарқынының жоғарылауына байланысты жүк машиналары, әсіресе жүк тасымалдау қабілеті бар көліктердің саны күрт артты. Сонымен қатар ластаушы заттардың жоғары концентрациясына ие газдар шығаратын, үлкен көлемді қозғалтқышы бар джип пен басқа маркалы көліктердің саны өскен. Гидрометеорологиялық Орталықтың мәлімдеуі бойынша, соңғы жылдары Астана атмосферасының шаңмен ластану деңгейі айтарлықтай өсіп, 2007 – 2010 жылдары шекті рауалы концентрация мөлшерінен 2 – 3 есе асып кеткен, ал кейбір жеке күндері ШРК көрсеткіші 10 – 13 есе асып кетеді. Шаңның пайда болу себептеріне келетін болсақ, ол алдымен құрылыс алаңдары, содан соң автожолдар, қатты төсеніші жоқ көшелер. [3] Табиғи орталардың барлығы белсенді антропогендік әсерге ұшырауда. Бірақ орталардың бір айырмашылығы су және ауа табиғи орталары топырақ ортасымен салыстырғанда жаңа су және ауа ағындарының келуі арқасында және поллютант көздердің азаюы немесе жойылуы мүмкін болған кезде жылдам қалпына келу қасиетіне ие. Өз кезегінде қаланың топырақ қабаты бойына ластаушы заттарды жинақтап, уақыт өткен сайын ластаушыларды төменгі қабаттары мен жер асты суларына дейін жеткізеді. Бұл жағдай Астананы да айналып өтпеген. Астана топырақ қабатының бұзылуына ескірген су ағызу жүйелері, әсіресе Талдыкөл мәселесі, күл төгу жерлерінің шамадан тыс толып кетуі мен төгілу жүйесіздігі, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу технологияларының болмауы, қалада қарқынды құрылыс жүргізу мен карьерлер қазу және т.б көптеген фактілер әсер етеді. Бір жағынан, Астана қаласының табиғи климаттық ерекшеліктері мен интенсивті құрылыс жұмыстары, халық саны мен өндірістік — өнерәсіптік потенциалының күн санап өсуі астана экожүйесіне шамадан тыс күш түсіріп келеді. Екінші жағынан, қала халқының өсуі тұрғын үй, көлік, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарының ашылуы сияқты қала инфрақұрылысының сәйкес түрде дамуын талап етеді. Мұның барлығы қоршаған ортаға кері әсердің өсуіне тікелей әсер етеді, себебі барлық өндіріс кәсіпкерліктерінің табиғи ортада өзінің шығарынды, қоқыс, қалдықтарын орналастырып, оның техногенді ластаушыларына айналады. Сондықтан қаланың тұрақты дамуы көбіне оның экономикалық дамуы, саяси беделі, адами және жер ресурстарына иелік етуімен ғана емес, қала экосистемасының оңтайлы жағдайымен де анықталады. Әдебиеттер 1. «Астана» энциклопедиясы, «Народонаселение» бөлімі. «Атамұра» баспасы, Алматы, 2008 2. «Экономика и статистика» журналы №4 2010 жыл, «Қазақстан Республикасындағы демографиялық ахуал» мақаласы, 46-бет 218 3. Қоршаған ортаны қорғаудың Астана қаласы бойынша басқармасының мәліметі 4. Гидрометеорологиялық Орталықтың мәліметі 5. Астана қаласы бойынша ІІД мәліметі 2007, 2008, 2009 жылдар

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar