Атырау облысының тұрақты даму мәселелері

Опубликовано Август 8, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Тұрақты даму жекелеген қала, аудан немесе біртұтас мемлекет шеңберінде экономикалық өрбу ғана емес қоршаған ортаға экологиялық жүктемесін азайтып, максималды түрде қоғам қажеттіліктерін пайдаланғанда тұрғындар денсаулығына шығынды азайта отырып ұрпаққа толыққанды жеткізу болып табылады. Зерттеу жұмысының мақсаты Атырау облысы тұрғындар денсаулығы жағдайына әлеуметтік экономикалық және экологиялық факторлар аясында сипаттама беру. Зерттеу материалдары мен тәсілдері Статистикалық мәліметтерді талдау арқылы қоршаған орта жағдайы мен Атырау облысы тұрғындар денсаулық көрсеткіштеріне шолу. Зерттеу нәтижелері Қарқынды дамып жатқан Қзақстан Республикасының экономикасы дамудың жаңа кезеңдерін өткеруде. Заманауи жүйелі бағдарламаларды қолданудың арқасында, дамушы елдердің тізіміне ілініп отыр. Бірақ, мұндай үдемелі жағдай өзінің кемшіліктерін де көрсетуде. Біздің еліміздің экономикалық жағдайы, нарықтағы шикізат бағасына тікелей байланысты. Осындай тәуелділік, ең ауқымды және маңызды экономикалық саланы – мұнай мен газ өндірісін қамтуда. Республикада жұмыс атқарып жатқан көптеген мұнай-газ кен орындары жаңа заманның талаптарына сай жұмыс қарқындылығын үдетуде. Бұл үрдіс, экологиялық жағдайға айтарлықтай зиянын тигізеді. Атырау облысы ірі мұнай және газ кен орнымен ерекшеленеді. Атырау облысының әлеуметтік экономикалық даму динамикасы Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық қағидаларына сәйкес келеді және аймақтың бәсекеге қабілетті тұрақты дамуына негіз бола алады. Облыстағы экономикада басым сала энергетикалық, құрылыс материалдары, агроөндіріс пен балық өндіру саласы жақсы дамыған. Өндірістегі барлық ішкі өнімінің жартысына жуығы өнеркәсіп саласы болып табылады. Атырау облысы өндіріс көлемі бойынша республикада бірінші орында тұр. Осы негізде тұрақты дамуға жаңа базалар құрылуда: әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту, жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті тұрғындарды максималды жұмыспен қамту, қадрлар дайындау жұмысы атқарылуда. Алайда облыс республикадағы экологиялық қолайсыз аймақ қатарында ерекше аталады. Аймақтағы экологиялық жағдайды табиғи климаттық, антропогендік факторлар мен мұнай және газ өндірісінің қарқынды дамуын қалыптастырады. Әлемдік деңгейдегі мәселелердің бірі – мұнай өндірісінен пайда болатын қалдық өнімдерінің қоршаған ортаны ластауы. Осыған орай, бұл мәселені шешуге, бүгінгі таңда үлкен назар аударылуда. Себебі, жоғарыда айтылып кеткен ластаушы көздер қоршаған ортаға әсерімен қатар, адам ағзасында туындайтын қайтымсыз әсерлерге, түрлі ауруларға шалдықтырады. Мысалы, биосфераға түсетін көптеген ластаушылар, мұнай өнімдерінің қалдықтары. Ал, сол өнімдердің тең жартысын жаққыш, сылағыш материалдары құрайды. Батыс Қазақстан территориясында ірі мұнай газ кен орны Теңіз аймағы болып табылады, бұл стационарлы көздерден шығарылатын ластаушылардың 75% құрайды. Осы ластаушылардың 94% газ тәрізді түзілістер құрайды: көміртегі оксиді (35% жуық), көмірсутектер (30% жуық), азот оксиді (20% жуық), күкірт ангидриді мен қатты заттар (10% жуық). Аурушаңдық пен атмосфералық ауадағы ластаушылар арасындағы қатынасына көптеген корреляциялық байланыстар мысал ретінде келтірілген. Олар тыныс алу жүйелерінің, ангидрид пен күкіртсутек концентрацияларының арасындағы тәуелділік; қан және қан айналу мүшелерінің ауруларының, азот диоксидімен байланысы; қатерлі ісіктердің, күкіртсутек және күкіртті ангидрид концентрацияларымен байланысы; жүйке жүйесі аурулары мен тыныс алу мүшелері ауруларының атмосфералық ауадағы күкіртсутекпен байланысы; туа пайда болған ауытқулар жиілігі, атмосфералық ауадағы азоттың екі тотығына, күкіртсутекке, көміртегі оксидіне тәуелділігі дәлелденді. Көптеген қазақстандық және шетел ғалымдарының еңбектері, қоршаған орта әсерінің балаларға әсерін зерттеуге бағытталған. Себебі, балалар қоршаған орта ластануына аса сезімтал болып келеді. Экологиялық қолайсыз аймақтарда оның ішінде Атырау облысында тұратын балаларда жиі тіркелетін аурулар аллергиялық – 27,2%, асқазан ішек жолдарының аурулары – 22,3%, жүрек көк тамырлар жүйесінің функционалды бұзылыстары – 18,8%, ЛОР-ағзаларының аурулары – 16,8%, көру мүшелерінің аурулары (миопия, астигматизмнің жоғары деңгейі) – 7,4%. Мектеп жасына дейінгі балаларда жоғары ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы. №1/1 (43). 2015 54 Атырау облысының тұрақты даму мәселелері мен тұрғындар денсаулығы тыныс алу жолдары ауруларының аса жоғары деңгейі белгіленген. Осы негізде зерттеу аймағындағы тұрғындар денсаулығы қоршаған орта жағдайының кейбір мәселелері қарастырылды. 2013 ж. «Казгидромет» РММ мәліметтері бойынша Атырау облысында атмосфералық ауаның ластану деңгейі төмен деп белгіленген. Атмосфераның ластану индексі (АЛИ5 ) составил 3,3 көрсетіп, төмен деп сипатталады. Азот диоксидінің орташа концентрациясы 1,8 ШРЕК құрады. Өлшенген заттар, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, күкіртсутек және аммиак концентрациялары гигиеналық норматив деңгейінде. 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда атырау облысы атмосфералық ауаның ластану деңгейі айтарлықтай төмендеген. Жоғары немесе экстремалды атмосфераның ластануы тіркелмеген. Атырау облысы жерүсті су объектілерінің ластануы 3 су объектілерінде бақылау жүргізіледі. Орал, Қиғаш, Шарановка өзендерінде ШРЕК асу деңгейі тіркелмеген. Соңғы жылдары зерттеу аймағындағы су объектілері өзгеріске ұшырамаған. Атырау облысы тұрғындарының алғашқы аурушаңдығы біршама төмен (24980,7 100 мың тұрғынға), бұл республикалық көрсеткіштентен төмен (2,4 есе). Сонымен қатар инфекциялық және паразитарлық аурулар балаларда 1,6 есе және 2,5есе ересекерде республикалық көрсеткіштерден жоғары. Алайда бұл көрсеткіш әлеуметтік жағдайдың төмендігімен, ауыз су мәселесінің қанағаттандырылмуы, территорияда санитарлық жағдайдың төмендігімен түсіндіріледі. Қанайналым жүйесі, несеп-жыныс мүшелерінің аурулары және сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіннің ауруларының жоғары көрсеткіштері байқалған, әсіресе балалар арасында. Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 1,4 есе республиканлық көрсеткіштен жоғары. Жастық құрылым бойынша салыстырмалы сипаттама бойынша аурушаңдық балаларда жоғары (45430,6 100 мың тұрғынға), бқл жасөспірімдерден 1,4 есе, ал ересектерден 1,7 есе жоғары көрсеткіш. Облыс тұрғындарының медициналық көмекке қаралуының басты себептері тыныс алу ағзаларының аурулары, бұл балаларда 23918,9, жасөспірімдерде 11353,4 ал ересектерде 6110,4 жағдай 100 мың тұрғынға келеді. Ересек тұрғындардың аурушаңдық құрылымында басты орында тыныс алу ағзаларының аурулары, тері қабаты мен тері шелмайының аурулары, жарақат пен уланулар, несеп-жыныс мүшелерінің аурулары, қанайналым жүйесінің аурулары, бұлардың үлесі 56,1% құрайды.

Оставить комментарий

Загрузка...