Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету

Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету. Соңғы кезге дейін совхоз фермаларының орталық усадьбалары көбіне санитарлық тұрғыдан алғанда қанағаттанарлықсыз, кейде күтусіз, қараусыз қалған, қарапайым жасалған шахталық құдықтардан шығарылған суды, сондай­ақ тасымалданып әкелінген суды пайдаланады. Маңғышлақ түбегі өнеркәсібінің қауырт дамуы және партия мен үкіметтің үнемі көңіл бөліп отыруы село еңбеккерлерінің тұрмысына да елеулі әсер етті. Жағдай барлық жерде әлі де бірдей емес және барынша жетілдірілген болмаса да сумен қамтамасыз етілген осы заманғы талапқа сай салынған тұрғын үйлер, мәдени және қоғамдық орталықтар, мектептер мен ауруханалар пайда бола бастады.

Қазіргі уақытта екі совхоздың – Ильич атындағы (Үштаған селосы) көне Ералиев атындағы (Сенек селосы) совхоздардың орталық усадьбаларына дейін жұмыс істеп тұрған Сауысқан және Түйесу су жинаушы орындарынан су құбыры жүргізілген. Оның әрқайсысынан тәулігіне 250­300 текше метр су алынады. Суы әдетте тұщы және сапалы, бактериологиялық жағынан алғанда таза екені анықталды. Бірақ поселке ішінде су құбыры әзірше жоқ және ол әрбір тұрғын үйлерге жеткізілмеген. Осыған қарамастан бұл жерлерде бұрынғы суға деген тапшылық әзірше байқалмайды. «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы совхоздың орталық усадьбасы – Шайыр селосында да су өздігінен құйылатын, бұдан бұрынырақ барлау мақсатында жүргізілген скважиналардан құбырлар арқылы келтірілген. Мұнда жер асты суының пайдалану қоры бұл селоға жеткілікті мөлшерде (тәулігіне 1500 текше метр) бекітілген және келешектегі міндет – су құбырын әрбір үйге жеткізу мақсаты қойылып отыр.

Қаратаудың етегіндегі жер асты су көздерінен 150 метрден 1,5 километрге дейінгі қашықтықта Куйбышев (Куйбышев атындағы совхоздың орталық усадьбасы), Жармыс («Бозащы» совхозы) және Онды (Куйбышев атындағы совхоз фермаларының орталығы) селолары орналасқан. Олардың су қорлары аталған селолардың қазіргі заманғы тұрмыс жағдайларына сәйкес жүргізілетін барлық шараларын қоса есептегендегі қазіргі кездегі мұқтажын ғана емес, артып келе жатқан өскелең талабын да қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Су шығаруға көп шығын жұмсалмайды: ол әрқайсысының тереңдігі 50­100 м келетін 2­3 скважина және оларды электр насостармен жабдықтау керек. Бұған ЖЭС­60 типті жылжымалы электр станция энергиясын пайдаланады. Ақжігіт («Маңқыстау» совхозының орталық усадьбасы) және Опорная («Қарақұм» совхозы) селоларын сумен қамтамасыз ету үшін поселке ішіндегі су құбырларының жобасы бекітілген және оның құрылысы басталды. Қоңырат – Бейнеу – Құлсары магистральды су құбыры негізгі су көздері. Бұл су құбырлары 1975 жылы пайдалануға берілуі тиіс, сөйтіп аталған совхоздардың тұрғындарына оның суы келеді. Мұның нәтижесінде 460­разъезде орналасқан «Сам» совхозының орталық усадьбасын сумен қамтамасыз ету мәселесі де шешілді.

Читайте также:  НАСЫР ХОСРОУДЫҢ ПОЭЗИЯЛЫҚ МҰРАЛАРЫ

Сам құмды массивінің шегінде орналасқан Тұрыс, Қызыләскер, Сарша және басқа («Сам» және «Маңқыстау» совхоздары фермаларының орталық усадьбалары) селоларды сумен қамтамасыз ету ісі жер асты тұщы суларын пайдалануға негізделуі керек. Бұл елді мекендердің барлығы да жер асты суының мол қоры бар учаскелерге жақын (1,5­5,0 км) орналасқан. Жер асты суларын шығаруға, онша көп қаржы жұмсалмайды және тереңдігі 30­50 метрлік 2­3 скважиналы насостармен немесе тереңдігі 15­20 метр шахталы құдықтармен жабдықталды. Су кұбырлары үшін диаметрі 100 миллиметрден аспайтын болат немесе асбоцемент құбырларды пайдалануға болады.

«Тұщықұдық» совхозының орталық усадьбасы қолайлы табиғи жағдайда орналасқан. Ол гидрогеологиялық және геофизикалық іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ащы су арасынан тұщы су линзасы анықталған Қызылқұм құмды массивінің жиегіне орналасқан. Линзаның жату тереңдігі 5­8 м, қалыңдығы 10 метрге дейін. Линзаның тұщы су қорын ескергенде совхоздың бүкіл халқын қамтамасыз етуге жеткілікті. Мұндай линзаларды пайдалану жөніндегі тәжірибелерді және атмосфералық жауын­шашын есебінен жер асты суларының толықтырылуы үшін, аса қолайлы жағдайларды (құмды массивтiң ашық жер беті, құмның біртекті құрамы, тікелей сүзілудің қысқа жолы) еске ала отырып, 2­3 скважинадан немесе тереңдігі 15­20 метрлік шахталы құдықтан тұратын су жинаушы құрылыс жасауға және диаметрі 100 миллиметрлік кез келген тұрбадан орталыққа дейін (ұзындығы 5 километрден аспайтын) су құбырын салуға болады. Мұнымен орталықты және жақын орналасқан фермаларды (Шебір және басқа) сумен қамтамасыз етуге болады. Фермаға су автотранспортпен жеткізіледі.

Қазіргі кезде Қызылөзен асыл тұқымды мал өсіру совхозының орталық усадьбасы­ Ақшүкір селосын автоцистерналармен тасылып әкелінетін сумен қамтамасыз етеді. Мұнда жер асты тұщы су көздері жоқ. Сондықтан Ақшүкір селосын сумен қамтамасыз ету мәселесі Шевченко қаласынан су құбырын салу (18 км) жолымен немесе жергілікті жерде теңіз суын тұщыландыру (аталған варианттардың экономикалық тиімділігін ескере отырып) жолымен шешілуі тиіс.

Читайте также:  Өлім және жерлеу рәсімдері туралы

Қызан, Ақшымырау («Ақшымырау» совхозы), Аққұдық, Қызылсу (Ералиев атындағы совхоз), Қызылөзен (Қызылөзен совхозы) селолары климаты аса қолайсыз жерге орналасқан. Бұл елді мекендерде 30­дан 80 километрге дейінгі радиустарда жер асты тұщы суы жоқ. Олар алғашқы күндерден бастап тасымалданып әкелінетін суды пайдаланады. Мұның өзінде үнемі су тапшылығын сезінеді. Суды тұтыну бұл жерде ең аз минимумға дейін жеткізілген яғни әрбір тұрғынға тәулігіне 10­15 литр су жұмсалады. Аталған селоларды сумен қамтамасыз ету проблемасын таяудағы жылдар ішінде ащы суды тұщыландыру және су кұбырлары құрылысын тездету есебінен шешу қажет. 300­ 800 метр тереңдікте өздігінен құйылатын ащы суы бар жоғары қысымды сулы горизонттар жатқан Қызан, Ақшымырау, Қызылсу және Каспий теңізінің жағалауына орналасқан Қызылөзен селолары үшін су тұщыландыру жұмысын ұйымдастырған жөн.

Қызан селосында қазіргі кезде тереңдігі 800 метрлік скважина бұрғыланған, ол альб шөгінділерінен жалпы минералдануы литріне 86,0 грамм болатын ащы су көзін ашты. Өздігінен құйылуда скважинаның дебиті секундына 6,0 литрге жетеді. Бұл жерде осы скважинаның негізінде Маңғышлақ энергозаводының қызметкерлері жасап ұсынған су тұщыландырғыш қондырғы жұмыс істейді. Қондырғының комплектісіне әрқайсының нақтылы қуаты 60 квт ДЭС­60Р типті екі генератордан тұратын дизельдік электр станциясы, буландырғыш­конденсациялаушы аппарат, газды және электрлі қыздырғыштар, диркуляциялық және вакуумдық насостар, дистиллят жинаушы бақ оларды жалғастыратын арматуралар мен құбырлар жатады.

Ералиев атындағы совхоздың екі фермасының орталығы орналасқан Аққұдық селосында мұндай мүмкіндік жоқ. Онда жергілікті жер бедерінің гипсометриялық жағдайына қарай жер асты сулары өздігінен құйыла алмайды, осыған байланысты оларды шығаруда қосымша қиындықтар кездесіп, көптеген қаржы жұмсауды қажет етеді. Сондықтан Қарынжарық құмды массиві ауданына орналасқан Аққұдық және басқа елді мекендерді сумен қамтамасыз ету проблемасын шешудің бірден­бір және сенімді жолы – 1975 жылы пайдалануға беру белгіленген Бейнеу – Сай – Өзен су магистралынан су құбырын жүргізу болып табылады. Кейбір шопандар бригадаларының жайылымдарын, мал өсірушілердің қыстаулары мен жазғы мал жайылымдарын да сумен қамтамасыз ету үшін құдықтардың суы пайдаланылады.

Читайте также:  МЕСТО ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОГО ПОТЕНЦИАЛА В ИННОВАЦИОННОЙ ПОЛИТИКЕ КАЗАХСТАНА

Оставить комментарий