АЙҚЫНДАУДЫҢ КӨШПЕНДІЛЕР ПОЭТИКАСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ

Жанр деп, егер кең мағынада алатын болсақ, көркемдік жүйесі бірыңғай ескерткіштер жиын- тығын немесе тобын айтуға болады. Жанр нақтылы мазмұн мен соған сәйкес көркем құралдар жиынтығының жүйесі, осы жүйенің ішінде айтарлықтай маңызы бар компоненттің бірі — поэтика. Поэтика ұғымы — композиция мен көркем құралдардың бірлігі /1, 2386/. Енді осы көркем құралдарына тоқталып өтелік. Мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі елде өмір сүріп, бар өмірі табиғат аясында өткен ақын, жыраулар адам өмірінің қат-қабат құбылыстарын өздері өмір сүрген табиғи орта, мал шаруашылығы, өсімдік әлемі, жануарлар дүниесіне қатысты сөздермен салыстыра береді. Ақын-жыраулардың тілдік, көркемдік құралда- ры табиғаттан алынды, соған үйлесті. Олар заттық құбылыстарды сезімге айналдырғанда олардың арасына теңсіздік белгі қойылмайды. Ол үшін зат та сөз, сөз де сөз. Екеуі бірдей әрекет иесі. Жырда кез келген образ затпен бір. Ақын кеңістігі бәрін заттандырып, затты қайта жандандырып отырады. Оның қабылдау кеңістігі, объектісі тірі, өзі соның бір мүшесі, оқиғалар тағдыры — өз тағдыры. Заттың ішінде оның сыры жасырынған. Ақын-жыраудың мақсаты осы сырды нақтылап, қайта затқа айналдыру. Көркем шығармадағы әртүрлі бейнелеу құралдары: метафора, эпитет, теңеу, метонимия- бұлар да образ – сөз образы. Әрбір бейнелеу құралы — идея көрінісі. Бейнелі құрылымның барлық элементтері суреткердің көркем дүниетанымын, көзқарасын айқын- дайды. Сан ғасырлар бойы халық ауыз әдебиеті және жеке индивидуалды поэзия қазақтардың сөз өнерінің негізгі формасы болды, ол халыққа оның тарихын, көркем өнерін, драмасын ауыстырды. А.Мецтің араб көшпенділері жайлы айтқан пікірі типология жағынан қазақтарға да келеді: «Көзге бірден көрінетіні, — деп жазады ол, — поэзияның бейнелеу өнерін де бірге алып жүруі» /2, 2176/. Бірақ қазақ әдебиетінің эстетикалық маз- мұнын зерттеп, ұлттық поэтиканың негізін салған сол бейнелеу құрылымдары мен амалдарын қарастырумен бірге жүруі тиіс. А.Н.Веселовский бұл туралы: «…поэтиканың тілін қалыптасқан жерінде, яғни халық поэзиясы топырағында зерттеу қажет» /3, 4196/. Ғасырлар бедерінен өткен сөз сонау заманда болған, көбіне ұмытылған жайттардың даусы секілді. Ол бойына халық образдылығының күш- қуатын, халықтың бейнелеу амалдарын дарытқан. Теңеу, эпитет, метафора, басқа да көркем тәсілдер ғасырлар арқылы халықтың теңдесі жоқ көркем ойларын ала келді, болмысты эстетика тұрғысынан қабылдау амалдарын да әкелді. Айқындау — эпитет — заттың, кұбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын, сол себепті екі халықтан шыққан ақындардың шығармаларында ол көптеп кездеседі. Бір топ эпитеттер батыр, батыр арманы, оның құрал-жабдықтарын айқындай түседі («жағасы алтын, жеңі жез, шығыршығы торғай көз сауыт киер ме екенбіз?!» — Ақтамберді), бірқатар айқындаулар табиғи орта, табиғат құбылыстарына орай беріледі («Қоғалы көлдер құм сулар, қоныстар қонған өкінбес» — Доспамбет), айкындаулардың бір тобын жан- жануарлар дүниесіне орай кездеседі («Жез қарғылы құба арлан» — Шәлгез, «қара бұлан терісін етік қылар күн кайда?» — Доспамбет), эпитеттердің бірсыпырасы өмір, мекен-жай, тұрмыс-тіршілік көрінісі, көшпелі өмірге тән әрқилы этнографиялық жайларды айқындай түседі («Салп-салпыншақ анау өзен, салуалы менім ордам қонған жері» (Қазтуған), «Зерлі орындық үстінде, Ақ шымылдық ішінде Тұлымшағын төгілтіп,… Ару сүйдім өкінбен» — Доспамбет), әйел образдарын жасауда жырау- ларымыз қолданатын айқындауыш сөздер (ақ бет, талма мойын, дегдар қыз, жұпар қойын, қыналы бармақ, сұлу қатын) бар. Енді кейбір айқындауларды толығырақ қарастырып өтелік. Ақын, жыраулар «боз» деген айқындауды бірқатар тұстарда пайдала- нады (боз орда, боз ат, боз қасқа қой, боз жусан). Бұл айқындаудың поэзияда қолданылуы көне дәстүр көрінісі, ол халық ұғымында киелі, қасиетті түс. Сондықтан да халық әдебиетін тудырушылар оны әркез қадірлі, қасиетті деген заттар мен құбылыстарды суреттеуде мол пайдаланып отырған, Асан Қайғы «Боз сазаны тоқтыдай», Доспамбет «Ілісесі биік боз орда». Тағы да мол қолданған эпитеттердің бірі — «ақ», ең қалаулы түс, қасиетті ұғым (ақ ана, ақ сүт, ақ бөпе, ақ бесік, Ақ Жайық). Жаны, ары таза адамды «ақ адам» атайды. «Ақ» айқындауының арғы тегі пәк — таза деген ұғыммен байланысты. Сөйтіп, халықтың «ақ» сөзін қасиетті, құштар, қадірлі үғымдарға байланысты айтады. Өмірдегі алуан адамдар мен заттардың, қилы-қилы құбылыстардың сапасы мен қасиеті қандай болса да, олардың бірқатарын «ақ» деп айқындау халықтың мол мейірім, іңкәр көңілінің, үлкен үміт, телегей тілегінің, шалқар сезімінің, асыл арманының куәсі. Сондай-ақ ақын, жыраулар ару торы аттың табаны қара, Жайықтың суы көгілдір, киіктің түсі сарғыш болса да, арғымақ атқа қанат байлағандай халық ұғымындағы жүйрік- тік, дүлдүлдік сипатты дарытып «ақ табан» деп, туған жердің өзені Жайыққа «Ақ Жайық» атағын тағып, сарғыш киікті «ақ киік» деп айқындау берген. Мысалы, Қазтуған жырау «Алаң да алаң, алаң жұрт, ағала ордам қонған жұрт», Доспамбет «Ақ желкенді жел бастар», Үмбетей жырау «Ақ шәуліге қос тігіп», Тәтіқара ақын «Ақ сұңқар құстай түледі», Шал ақын «Ақ бетіне қан құйған» деген жолдар бар, барлық мысалдарда «ақ» сөзі ерекше мән беріп тұр. Бәдәуи ақындары да «ақ» сөзін киелі мағынада қолданған.

Читайте также:  Мәдениеттер арасындағы қарым-қатынас

Оставить комментарий