Қайта өркендеу дәуірі (ренессанс)

Италия қайта өркендеу дәуір. Орта ғасырларда мәдениеттің орталығы қамалдарда, ғибадатханаларда, монастырларда көрініс тапты. Бірақ уақыттың өзгеруіне байланысты: қалаларда мануфактуралар пайда болып, сауда­саттық дамыды. Өмірде көрінген жаңа жағдайлар жаңа ой­сананы дымытты. Егер де орта ғасырлық христиандық моларь адамдарды нағыз жұмақ өмір келесі өмірде басталады деп сендірсе, ал жаңа дүниетаным адамның өлгеннен кейін емес жер бетінде өмір сүріп жатқан кезінде­ақ бақытты өмір сүруіне құқығы бар екендігін делдеп, бақыт дегеніміз алға қарай дамуға ұмтылыс пен білімге деген құштарлықта және шығармашылық еркіндікте деп түсіндірді. Суретшілер әсем сұлулықты аспаннан емес, жерден іздеді. Шығармашылықтың үлгісі ретінде готикаға қарама­қарсы, антикалық өнерді алды. Қасиетті жазулардың орнына антикалық авторларды зерттеп оқи бастады, солардың алғашқысы ұлы грек ойшылы Платонның еңбектері болды. Антикалық көркем формаларды қайта жаңғырту арқылы, суретшілер жеке адамның адамгершілік және эстетикалық құндылықтарын да бекітті. Адамзаттық құндылықтарды жеке адамның құндылығы деп қабылдау гуманизм деген атаққа ие болды және ол осы заманның дүниетанымдық негіздерін қалады. Осы заманның италиян философы Пико Делла Мирандолла, дүниенің дәл ортасында адам, адамға одан дүниедегі бар нәрсені түгел көруге, байқауға қолайлы деп, адамның дүниедегі орнын дәл белгілеп берген. «Құдайдың еркімен құдайдың образында» жасалған Адам өзін қоршаған ортаның сұлулығын қабылдау мен көру арқылы әдебиет пен кескіндеменің және мүсіннің негізгі тақырыбына айналды. Осылай Ренессанс немесе Қайта Өркендеу дәуірі деп аталатын мәдениет кешені пайда болды. Қайта Өркендеу дәуірінің кезеңдері: Қайта Өркендеудің қарсаңы. Проторенессанс (ХІІІ ғасырдың екінші жарты жылдығы). Дученто. Треченто (ХІV ғ. басынын мен ХІV аяғына дейін) Ерте Қайта Өркендеу. Кватроченто (ХV ғ. басы ) Жоғары Қайта Өркендеу. Чинквиченто. (ХV ғ. аяғы мен ХVІ ғ.басы.) Кейінгі Қайта Өркендеу. (ХVІғ. аяғы) Итальян сөзі «Rinascita» Л.Гиберти трактаттарында кездеседі, бұл сөзді суретші латынның «rinasci» – «қайта туылу» сөзінен алған. Дж Вазари, «Жизнеописаний наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих» деген еңбегінде «rinascimento» (возрождения) өзінің алдындағы суретшілердің шығармаларын атады. Вазаридың ойынша, «Возрождение» ­ бұл адамның табиғатпен байланыста болған, табиғи жағдайына қайта оралуы. Сондықтан «Табиғат» ­ үлгі, ал ежелгі үлгі – мектеп». 1860 жылы француз тарихшысы Ж.Мишель итальян терминіне Ренессанс деген атақ берді. Осыдан бастап «Ренессанс», «Возрождение», «Қайта өркендеу» деген сөз тіркестері орта ғасыр мен жаңа кезеңге дейінгі аралықтағы дәуірдің жалпы атауына айналды. Гуманизм идеалогиясының дамуы, идеяларды, христиандық өнердегі тақырыптар мен сюжеттерді кеңейту, көркем формаларды жаңарту Классицизмнің қарсаңы – антикалық идеалға бағытталған және «уақытқа қатыссыз» өмір сүретін, көркем бағыт болды. Бірақ өнер тарихы тек итальяндық ренессанспен ғана таныс емес. К.Г.Юнг анықтамасы бойынша: «Қайта өркендеу – жалпы психикалық шынайылық: метемпсихоз (переселение душ), айналу немесе жанның қайта дүниеге келуі (ихз мертвых), қайта жаңғыру, ал қысқаша мағынада айтсақ трансформациялану үрдісі. Қайта Өркендеу, барлық жағдайдағы, рухани жетілудің жаңаруы». Каралиндік Қайта өркендеудің рухтандырушысының бірі, Теолог және поэт Алкуин, Қайта Өркендеуді, «Рим қайта өркендеуі» жайында жазғанымен, діннің жаңаруы деп түсіндірген. ХІІ ғ. мен ХІІІ ғасырларда Римде «грек қайта өркендеу дәуірі байқалады. ПРОТОРЕНЕССАНС. Ренессанстың отаны Флоренция деп саналады – ең алдыңғы қатарда кейінгі Орта ғасырлардағы, бейнелеу өнеріндегі алғашқы жаңа қозғалыстар, әдеби шығармалар байқалған Италия қаласы. (Данте, Петрарка, Боккаччо). Проторенессанс ешбір еуропалық мемлекеттер өнерінде кездеспеген, итальяндық құбылыс болды. Италияда оның етек жайуы Тоскан және Риммен шектелді. Жаңа типтегі өнерге ең алғашқы болып қадам басқан, флоренциялық суретші Чимабуэнің шәкірті ­ Джотто ди Бондоне (1276­1337). Джотто ди Бондоне бейнелеу өнерінің проторенессанстық кезеңінің орталық фигурасы болып есептеледі. Суретші Италиядағы көп еңбекті қажет ететін мозайканы фреска техникасымен алмастырды. Антикалық дәстүрден бастау алған, бұл техника, ренессанстық кескіндеме талабына неғұрлым жақын келді: біріншіден, ол заттардың жұмырлығы мен жазықтығын неғұрлым дәл бере алды; екіншіден, фреска арқылы көп фигуралы композиция тұрғызуға мүмкіндік туды. Қайта өркендеу дәуірінде кең тараған өнерге айналған, Джотто шығармашылығы, кескіндемедегі ұстаным – табиғатқа еліктеуді тез іске асырды. Ол Византияда да, Ортағасыр өнерінде де кездеспеген, дәл тірі адамнан, яғни натурадан көшіріп салуды бастаған алғашқы суретші. Джотто кескіндемеге шынайы кеңістік пен шынайы заттарды енгізді. Оның кескіндемесіндегі фигуралар жұмыр бола бастады. Ал, ол бұндай эффектіге түстерді моделдеу техникасымен жетті – «rilievo», антикалық кезеңде мәлім болған оптиакалық эффектіні қайта дамытты: адамның ашық түсті неғұрлым көзіне жақын, ал қараңғыны неғұрлым алыс етіп қабылдауы. Джотто бірінші болып жазық бетті бейнелеу дәстүрін бұзды. Оның фигуралары сары алтын түсті фонда емес, пейзаж немесе интеръерден орын алды. Сондай ақ, оның суреттерінде көкжиек сызығы көз деңгейінде орналасты. Джотто осы принциптердің барлығын, оның негізгі фрескада жазылған сиклді жұмыстарында орындады. Мысалы, Падуедағы Санта­Мария дель Арена капелласындағы роспись жазу үрдісінде іске асырды. Ол бұл росписьте бірінші болып, дәстүрлі християндық сюжеттерді жаңаша талдады және жаңа апокрификалық (мазмұны дінді насихаттауға арналмаған, сондықтан оны шіркеу қабылдамаған, тіпті оған тиым салатын, библиялық сюжеттен алынған шығармалар) әдебиетті енгізді. Ол шіркеу капеллаларындағы екі немесе үш ярусты орналасқан росписьті циклды жеке бөліктерге бөліп, бейнелеудің жаңа түрінің дамып қалыптасуының негізін қалаушысы болды. Бұндай циклді бөлу ХV ғ. монументалистерінің барлығының шығармаларында өзгеріссіз қалды десек те болады. Джоттоның шығармаларындағы композиция құрылымы әртүрлі. Симметрия Джоттаға тән емес, ол неғұрлым еркін композицияны қолдады. Мысалы, «Қасиетті Иокимнің бақташыларға оралуы» атты картинасындағы, орталық фигура қайғыға түскен Иокимнің бейнесі болғанымен, фрескада оның фигурасы шетінде бейнеленген, тек оған қуана жүгірген кішкентай ит қана, фигураны картинамен байланыстырып тұр. Сол сияқты «Иуда ишараты» картинасы да осындай композициялық шешімде жазылған. Джоттоның көркем шығармашылықтағы реформаларық жаңашылдығы өте терең және оның бейнелеу өнерінің жаңа принциптік бағыттының дамуына қосқан үлесі мол. ТРЕЧЕНТО. ХІV ғ. соңына қарай проторенессанстық кезең өнеріне треченто кезең өнері келеді. Бұл Италиядағы готикалық бағыттың кең тараулуынан, папа орнына француздың келуімен байланысты. Папа резиденциясының Авиньонға көшуі – католиктік шіркеуді францияға бағынышты етіп қана қойған жоқ, тіпті Франция мен Италияның арасында экономикалық та, мәдени де жағынан бағынышты етті. Италия үшін готика кейінге қайта оралу болды. Проторенессансты басынан өткізген Итальяндықтар үшін, готикалық бағыт шіркеулердің фасады мен ішкі интеръерін безендірумен тығыз байланыста дамыды. Ұштары үшкірленіп аяқталатын аркалар, мұнаралар, роза­терезелер – жазық беттегі готикалық сурет қана. Осыған мысал, Флоренциядағы Санта – Кроче мен Санта – Мария Новелла шіркеуі, Дож Сарайы және Венециядағы қасиетті Марк соборы. Италияда бұл жат элементтер болғанымен, готикалық бағыт тек Сиенада ғана мойындалды. Готикалық формалар, әсіресе терезелер мен шарғыға ұқсас мұнаралар, көптеген сарайларда қайталанды. Сиенадағы течентоның ең жоғарғы жетістіктері Дуомо кафедралды соборында көрініс тапты. Көркемөнердің нағыз кереметі – Сиеналық собордың инкрустацияланған едені, мәрмәрда орындалған кескіндеме. Сиеналық ең мықты суретшілер орындаған, суреттер, граффит техникасында жасалды, яғни жалпы ақ фонға түрлі­түсті мәрмәр ендірмеленген жіңішке қара сызықтардан құрылған, мәрмәр таста орындалған аса ірі гравюра 31 . Сиеналық кескіндеменің негізін қалаған суретшілер Дуччо ди Буонинсенья (1255­1319) мен Симоне Мартинилер (1284­1344) еді. Дуччо өзінің шығармаларында ескі готикалық манераны готикамен жалғастырды. Оның жұмыстары керемет сәнділігімен таңқалдырады: піл сүйегі мен алтын түстес фонда, асыл бағалы тастарға ұқсас, бояу түстері жарқырап тұрды («Маэста», Құдай ана кішкентай бала Христоспен). Симоне Мартиниге белгілі бір түстердің гаммасы тән, ол көк және қызыл түстердің үйлесімділігі мен алтын түстерді көп пайдаланған; алтын түсті фон мен жазық бетті бейнелер; композицияны екі бетті (диптих) немесе үш бетті (триптих), үшкір аркамен аяқталған және готкалық өрнекпен (кресті гүлдермен, үш жапырақты гүл) ойылған жиектің ішінде орындалған. Суретшінің бағыты ең әйгілі жұмысы «Благовещенияда» іске асқан. Ағаш тақтайшаға орындалған бұл алтарлы композиция, жоғарғы жағы бедерленген оюмен (резьбамен) ойылған, керемет туындылар қатарына жатады. Флоренциялық кватроченто – ерте қайта өркендеу. ХV ғасырдағы Кватречентоның алғашқы рөлі Флоренцияда жақсы көрінді. Қала, ежелгі Вилландар мәдениеті, кейіннен этрустар, IV ғасырда християндықты қабылдаған жерде негізделді. ХII ғасырда қала­коммуна болып қалыптастырған және ағайынды Гизано мүсіндерін, данышпан Данте мен Джотто өнерде өз іздерін треченто өнерінде қалдырған. Кватреченто заманында Флоренция ренессанстық мәдениеттің орталығына айналды. 1434 жылы Флоренция билігі банкирлік династияны қалыптастырған герцег­меценат Козимо Медичи қолына өтеді. ХV ғасырда Флоренция сәулет өнері тек ордерлі жүйедегі антикалық өнермен ғана байланысты емес, онда итальяндық роман стилінің қайта өңделген «инкрустациялау» стилі де дамиды. Рим архитектурасының негізгі ерекшеліктерінің бірі ­ жазық бетке архитектуралық элементттерді жапсыру, тегістеу: пилястралар, карниздер, калонналарды пайдалану. Жаңа бағыттың негізін қалаушы ­ Филиппо Брунеллескидің (1377­1446) шығармашылығының орталығы ретінде, бірнеше он жылдарға кейін қалдырылған Санта – Мария дель Фьера соборының күмбезін жалғастыруды мысалға айтуға болады. Брунеллески калонна мен арканы біріктіріп, терең ашық лоджия мотивін П – ге ұқсас Тәрбие үйінің фасадында пайдаланды. Екі қабатты үй қарапайымдылығымен, жеңіл өлшемділігімен және горзонтальды сызықтардың дәлдігімен ерекшеленді. Аркалардың аралықтарында Андрее делла Роббидің құндақталған бала бейнеленген керемикалық медальондары орналасқан. Тәрбие үйіндегі сәулет өнеріндегі конструкциялық және декоративтілік жетістіктерді Флоренциядағы Санта Кроче шіркеу жанындағы Пацци капелласында іске асырды. Ордерлік жүйеде капелланың ішкі кеңістік мәселесі де шешілген. Олардың қабырғалары пилястралармен бөліктерге бөлінген, ништермен және медальондармен безендірілді. Пилястралар жартылай дөңгелек күмбездермен және карниздермен аяқталып тұр. Мүсінді сәнді элементтер мен әсем графикалы сызықтар, кереғарлы түстердің үйлесімі мен керамикадан жасалған медальондар жазық бетті айқындай түсіп, жарық интеръердің біртұтастығынан хабардар етеді. XV ғасыр италияндық сәулет өнеріндегі ең бір басты мәселе палаццо (қала сарайы) құрылысының негізгі принциптерін ойластыру болды. Осы кезде жабық тұтас объемды есіктері ауладан шығатын бірнеше бөлмелері бар, төртбұрышты планды, үлкен құрылыс ғимараттың түрі пайда болды. Брунеллеский атымен Питти палаццосы байланысты. Мұндағы тастардың үлкен өлшемі архитектуралық формалардың алыптығын айқындай түскен. Горизонтальды бөлінген сызықтар ғимараттың үш қабаттан тұратынын анық көрсетіп тұр. Ал, үлкен сегіз метрлі терезе порталдар ғимаратты асқақтата түседі. Ренессанстық сәулет өнерінің даму кезеңі, энциклопедист­теоретик, өнер жайындағы бірнеше трактаттардың («Десять книг о зодчестве») авторы, сәулетші Леон Баттист Альберти (1404­1472) шығармашылығымен байланысты. Ішкі ауласы бар төртбұрышты планды, үш қабатты ренессанстық дәстүрмен салынған Флоренциядағы Ручеллаи палаццосында Алберти әрбір қабатты бөліктерге бөлген, антаблемент және қабырғалары жеңіл сыбақ жүргізген ­ рустовкалау мен пиллястра жүйесін енгізді. Оның құрылыстарында антикалық мұра жаңаша көрініс тапты. Бірінші рет палаццо композициясы фасадына ордерлі архитектураның негізгі элементтері енгізілді. Мүсін өнері. Ренессанстық дәуірде мүсін өнері, сәулет өнері ансамблінің тең құқықты компонеті ретінде енеді. Мүсін өнері өмірге және шынайы өмір шындығына бет бұрады. Мүсіншілер, християндық мифологиялық образдар мен антикалық объектіні сақтай отырып осы заманда өмір сүріп жатқан адамдарды және осы заман кейіпкерлеріне мән­мағына береді. Бұлар портрет жанрының, салт атты мүсіндердің және қала алаңдарының безендірулерін дамытады. XV ғасырдың атақты мүсіншісі Лоренцо Гиберти (1381­1455) зергерлік шеберханада қол өнерінің негіздерін үйренеді. Оның шығармашылығы флоренциялық баптистерийді безендіруге арналған. 1401 жылы баптистеридің қақпасына жарияланған жарысты жеңіп шығып, солтүстік қақпаны жиырма жылға созылған уақыт аралығында безендіреді. Готикалық дәстүрде ойластырылған бұл қақпада, діни сюжетті композицияны жиырма сегіз рельефті квадрифолияға (төртбұрышты) сыйғызады. Оларды Микеланджело – «Жұмақ қақпасы» деп атаған, Флоренцияның мақтанышына айналған, Гиббертидің баптистеридің шығыс қақпасы тіптен басқаша ойластырылған. Он ірі көп фигуралы рельефті готикалық квадриолияны, бірнеше жобалы кескіндемелік композиция алмастырған. Италияндық ренессантық мүсін өнерінің нағыз реформаторы Доноттеллоның (ок. 1386­ 1466, толық аты – Донато ди Бетто Барди) көз алдында баптистеридің солтүстік қақпасының рельефтері жасалып жатады, ал, ол өзі Гибертидің шеберханасында тәрбиеленеді. Оның мүсін өнерінде ренессанстық иделға жеткізген, бірінші жалаңаш денелі мүсіні мен Қайта Өркендеу дәуірінің итальяндық ренессанстық пластикасына айналған Давид мүсіні (1430 жж. Флоренция, Ұлттық мұражай) еді. Ол ұлы жеңімпаз Голиафты жеңген, антикалық геройларға ұқсас жалаңаш бейнеленген, жас бақташы бала мүсіні. Жас баланың дене бітімі қатты соғыстан кейінгі демалыс кезіндегі жайды бейнелеген. Доноттеланың Римге сапары антикалық өнерді одан да терең түсінуіне көмектесті, ал оның дәстүрлері Флоренциялық собор кафедрасындағы рельефті шығармаларында көрінді. Салт атты қолбасшы Эразом да Нарни, Гаттамелат (1447­1453) деп аталып кеткен. Оның мүсінін жасау үшін мүсіншіге Марк Аврелияның антикалық мүсінінің әсері болса керек. Бұл Қайта Өркендеу дәуірінің антикалыққа қарағанда өзгеше берілген алғашқы атты мүсіні. Алып атына нық отырып, қолына қолбасшының аса таяғын (жезл) сенімді ұстанған ақылды да қатал Кондлтъер, оның бет бейнесінде, ­ ырқына бағындаған еркі мен күші берілген, портретті ұқсастықта бейнеленген, атты мүсін. Гаттемелат маңғаз басқан аттың жүрісімен бірге қабылданады. Кескіндеме өнері. Бейнелеу өнеріндегі жаңа ізденістер Флоренциядағы Санта Мария дель Кармин шіркеуінің жанындағы Бранкаччи капелла фрескасында «Бір бақыр ақшаның құдіреті» («Чудо со Статиром»), «Жұмақтан қуылу» («Изгнания из рая») картиналарында көрініс тапқан. Мазаччоның бұл шығармаларында фигуралар мен пейзажды біріктіруге шешуші қадам басты және бірінші рет кесідемеде ауа перспективасын енгізді. Дәстүр бойынша, көп фигуралы «Бір бақыр ақшаның құдіреті» композициясында, Христос пен оның шәкірттерінен қалаға кірер алдында пошлин ­ статир талап етеді, картинада сол аңыздың әртүрлі эпизоды бейнеленген; Христостың әмірі бойынша Петрдің көлден ұстап алған балығы және оның аузында қақпашыларға берген ақша болады. Дегенмен, бұл балық ұстау мен төлем төлеу екі эпизод та – қалаға кірейін деп тұрған, апостолдар ұжымына қарағанда – композицияның орталығы бола алмайды және оларға көп мән берілмеген. Ал, апостолдардың фигуралары асқақ, массивті, олардың бет­бейнлері халық арсындағы адамдардың жеке тұлғалық келбетіне келеді. Тіпті кейбір ғалымдардың айтуынша картинаның сол жақтағы шеткісін Мазаччоның өзінің портреті деп те жүр. Қолдың кәдімгі табиғи қозғалысы, қимыл­қозғалыс, Петрдің тиынды іздеу жанрлы мотиві мен дәріптеп жазылған пейзаж сол заманды бейнелеген. Флоренциялық кватроченто – ренессантық ерте кезең ­ Қайта өркендеу дәуірінің ең керемет кезі, ал Сандро Боттичелли (1445­1510) оның ең жоғарғы өкілі болып белгіленді. Оның өмірі жайында мәліметтер көп емес, бірақ суретші өз заманының руханилық мазмұнын жоғары деңгейде бейнеледі. Оның шығармашылығында екі кезең анық байқалады. Біріншісі – бұл уақыт Джулиана Медичи, Симонетта Веспуччи, Лоренцо Великолепныйлармен байланысты. Сол кезеңде суретшінің шығармашылығы «Көктем» және «Венераның туылуы», «Венера және Марс», «Гранат ұстаған Мадонна», және т.б көркем туындыларда айқын көрініс тапты. «Венераның туылуы» атты картинасында теңіз көбігінен жаралған, жалаңаш әйелдің ойшыл образы, ал бұл ұялшақ Венераның классикалық образы, ол махаббаттың екі жағын да білдіреді: байсалдылық (оның символы Ора нимфалар) және сезімталдық (Оның символы Земфира). Боттичеллидің екінші кезеңі – Савонарола кезі және Италияға сол кезде төнген тархи кезең, бөтендердің енуі кезіне тұстас келді. Бұл кезеңде суретші шығармашылығынан антикалық сюжеттер жоғала бастайды, ал суретшінің өзі Джироламо Савонароланың «плакс» сектасының мүшесінің біріне айналады. Сол кездегі мәдениетке бағытталған, діни­мистикалық уағыздар, Боттичелли санасына өте қатты әсер етті. Осының салдарынан Боттичелли өзінің жалаңаш фигуралы бейнеленген картиналарын отқа апарып жақты. XV ғасырдың соңғы үшінші жартысындағы көрнекті мүсінші және кескіндемеші Андрее Верроккьо (1435/36­1448), көбіне Медичи тапсырыстарымен жұмыс жасаған. Оның ең әйгілі жұмысы Венециядағы Сан Джовани алаңында орнытылған «Кондатьер Коллеони» мүсіні. Қайта Өркендеу дәуірінде дүниеге келген Донателлоның «Гаттамелатасы» мен Верроккьоның «Коллеони» атты мүсіндері өнердің классикалық үлгісіне айналды.

Читайте также:  ДІНТАНУДАҒЫ СЕКТАТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Оставить комментарий