Айтылған тарих Қазақстанда

Қазақстанда да тарих айту дәстүрінің жаңа тұрпатын өмірге әкелді. Ол айтылған тарих1 делінеді. Соған сәйкес айтылған тарих бағытындағы іске асырылған жобалардың нәтижелері осы тарауда арнайы талдауға алынбақ. Айтылған тарихпен айналысудың алғашқы қадамы 2005 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры М.Қойгелдиевтің және шығармашылықтағы зиялылар тобының2 қатынасуымен Бәйдібек ауданы, Қошқарата ауылында өткен «Мәдени мұра: халықтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту жолдары» деп аталатын ғылыми­практикалық конференциядан бастау алады. Конференция түкпірдегі дәстүрлі қазақ ауылында өткізілген жаңа форматтағы жиын болды. Қарапайым халық пен кабинеттік ғалымдар арасындағы диалог зиялылардың тарихи таным көкжиегін кеңейте түсті. Аталған конференция материалдары жинақ түрінде баспадан жарық көрді. Жинаққа берілген кіріспеде профессор М.Қойгелдиев: «қоғамда мынадай бір пікір бар. «Тарихты жасайтын тарихшылар» деген. Белгілі дәрежеде, мүмкін солай да шығар. 1. «Айтылған тарих» дефинициясы жөнінде төмендегі параграфта арнайы баяндалады. 2. Тарихшы­ғалымдар және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі әдебиетші Мекемтас Мырзахметов, генерал Бақытжан Ертаев, Румынияның Қазақстандағы елшісі Василе Соаре, ақын Аян Нысаналин, тараздық еңбек ардагері Тілеуқұл Мамышев сияқты белгілі кісілер қатысып, ой­пікірлерін жамиғаттың талқысына салды.

Дегенмен, шынайы тарихты жасаушы да, оны қалыптастырушы да кәдімгі қарапайым халық. Өйткені нағыз шынайы ғылым, ғылыми тарих – халық өмірінен бастау алып, онымен қабысып, үйлесіп жатады. …Тарихи шындық пен өмір егіз ұғымдар»1, – деген ойды білдіреді. Жоғарыда Қошқарата конференциясын ұйымдастырып, оның тақырыбын белгілеген автор ретінде ол ғылыми жиынның мақсатын мынадай тұжырымдар арқылы береді: «…біз күрделі де түбегейлі өзгерістерге толы заманда өмір сүріп, өзіміз де адами өзгеру­есею жолындамыз. Өмірге жаңа мазмұн сападағы саяси жүйенің демократиялық және либералдық ұстанымдардың келуі, осы арнада жеке тұлғаның орны мен мүмкіндігі тағы басқа осы сияқты мәселелер кімді де болса бейқам қалдырмайды. Ең басты нәрсе осы жаңа қоғамды жасаушы тұлғалар арамызда жүр. Қоғамымызда болып жатқан осындай іргелі тарихи өзгерістер із­ түзсіз кетпей тағылымы мол ұлы тәжірибе ретінде кейінгі ұрпақтарға қызмет тіршілігінде атқарылып жатқан істер (1) қағаз жүзіне түсіп, фотоматериалдарға айналып, видеокассета және диктофон ленталарына жазылып, мұрағаттар қорларынан өз орнын алғаны жөн. Сол арқылы жеке отбасы жеке адамның жалпы қоғамымыздың толыққанды ғылыми шежіресінің бай деректік, фактілік негізі қаланбақ. Ағымдағы өмір жөнінде ел арасынан деректік материалдар жинаудың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни бұл жұмыс, белгілі дәрежеде, кәсіби тарихшылардың басшылығымен жүргені абзал. Осы мақсатқа орай еліміздің (2) университеттерінің тарих факультеттерінде «Тарих айту және сақтау» ісіне кәсібилік деңгей­ дәреже беретін мамандар даярлау қолға алынғаны жөн.

Читайте также:  СОВРЕМЕННОЕ ИСЛАМОВЕДЕНИЕ

Ал респбуликалық облыстық (3) мұрағат орындары «Тарих айту және сақтау» қорын ұйымдастырғаны заман талабына лайық шара болмақ»1, – деп біріншіден, айтылған тарих саласы бойынша тарихшы маман даярлау, екіншіден елішінен уақыт өткізбей түрлі тақырыптарға байланысты дерек қорын жинау, үшіншіден оларды жаңа технологиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, мұрағаттау қажеттілігіне көңіл аударады. 1Мәдени мұра: Қазақтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту жолдары» Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. ­302 бет. (4­6 бб). Жинаққа енген мақалалар легі отандық тарихты жаңа теориялық­ методологиялық тұрғыдан қорыту мәселесіне арналғанын байқау қиын емес. Атап айтар болсақ С.Ф. Мажитов «Күнделікті өмір тарихы және ауызша тарихтың мәні мен әдістері», Р.Айтбаева «Қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрі және олардың деректік сипаты», Г.Жүгенбаева «Жыр – көшпелі қоғамның тарихи санасы», К.Әлімғазинов ««Айтылған тарихтың» гносеологиясы клиометрика негізімен» ж.б. атты мақалаларда тарихи зерттеулер мен оқу процесінде жаңа технологияларды, соның ішінде айтылған тарихты бұл іске тарту жөнінде айтылады. Соған сәйкес, т.ғ.д. Г.Жүгенбаеваның тарих мамандығы бойынша даярлаған бағдарламасы жинақтан орын алған.

Онда тарих айтудың ертеден келе жатқан дәстүрі және қазіргі айтылған тарих бағытындағы зерттеу әдісінің кейбір теориялық аспектілері қамтылған. «Айтылған тарих» бойынша оқу бағдарламасына енгізу ісі Абай атындағы ҚазҰПУ­дің Магистратура және докторантура институты қабырғасында өз жалғасын тапты. Оны мынадай фактілік материалдардан байқауға болады. 2009 жылдан бастап тарих саласында оқу процесіне «Күнделікті өмір тарихы: зерттеу әдістері мен методологиясы», «Тарихи антропология», «Тарих ғылымындағы пәнаралық әдістер», «Айтылған тарих: теориясы мен практикасы» ж.б. сол сияқты көптеген субпәндер легі енгізілді, соған сәйкес магистранттар мен докторанттарға диссертациялық тақырыптар бекітілді және қорғалды1. Сондай­ақ, 2009­2011 жылдар аралығында «Сталинизм кезеңіндегі Қазақстан қоғамының күнделікті өмір тарихы Евразиялық тарихи процесс контексінде (1920­1950 жж.) атты тақырыпта гранттық жоба орындалды.

Читайте также:  ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФАЗАЛЫҚ ЕТІСТІКТЕР

Жоба мақсаты Қазақстан тарихындағы сталиндік кезеңді жаңа теориялық­методологиялық тұрғыдан талдауға ала отырып, қарапайым адам өмірі тарихына бетбұрыс жасау еді. Орталықтың тарихи­антропологиялық бағытындағы ізденістері мен тәжірибелері ғылыми қызметкерлердің жаңа бағытта мамандануына жол ашты. Осындай алдын­ала жүргізілген теориялық даярлықтан соң, профессор М.Қойгелдиевтің ұсынысы бойынша 2012 ж. 1 қыркүйегінде университет ректорының № 513 бұйрығымен (Абай атындағы ҚазҰПУ­дің жанынан) «Айтылған тарих» ғылыми­зерттеу орталығы ашылды. Жалпы айтылған тарих бағытындағы жобамен жұмысқа жетекшілік ету мол эрудиция мен ғылыми біліктілікті қажет етеді. Біріншіден, тәжірибелі басшы ғылыми­зерттеулердің ең өзекті мәселе көздерін табуға; екіншіден қаржылай шығыны зор жобаны үнемді орындауға, үшіншіден өзекті проблемаларды ғылыми­теориялық тұрғыдан жаңаша қорытуда және өскелең ұрпақ санасында отаншылдық рух сезімін ұялатуда дәнекер болары сөзсіз.

Оставить комментарий