«Айтылған тарих» Еуропа елдерінде

Ұлыбританияда фольклористикадағы материал жинау әдісімен қолданыста болған айтылған тарих әлеуметтік тарихтың негізгі компоненті ретінде 70-­жылдары таныла бастады. Әлеуметтік ғылым өкілдері тарапынан зерттеу нысаны ретінде көзге түскен гендерлік мәселе, еңбек құқығы сияқты тақырыптар қатарының өсуі айтылған тарихтың ғылыми бағыт ретінде қалыптасуына ықпал етті. Алғашқыда қарт адамдардың естеліктерін жинаумен айналысқан айтылған тарихпен айналысушылар 70­80­ші жылдары тарихты жазу ісінде қарапайым халықтың өміріне назар аудару ұстанымын ту етіп көтерді. АҚШ тәжірибесімен салыстырғанда ағылшынның айтылған тарихшылары академиялық орта тарапынан айтылған сыни пікірлер легімен күресуге мәжбүр болды. Нәтижесінде айтылған тарихты әлеуметтендіру мақсатында даярланған зерттеу жобаларының материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшілік қауым назарына ұсыну жұмыстары жолға қойылды. Айтылған тарих зерттеушілері өткен күндердің тарихи маңызды естеліктерін жинастыру жолында жүріп өздерінің авторлық құқықтарын нығайта түсу және жаңа мүмкіндіктер іздестіру арқылы жаңа белестерге көтерілді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек тек 1976 жылы ғана ағылшын жерінде жетпіске жуық айтылған тарих ғылыми зерттеу жобалары жүзеге асырылған. Осылайша, өткенді түсінуге жаңа мүмкіндіктер беретін естеліктерді жинауды мақсат еткен зерттеушілердің ізденістерінің нәтижесінде «Айтылған тарих» әлеуметтік тарихтың перспективті бағыттарының қатарынан орын алды.

Сұхбат алу әдісімен өткен тарихты жаңа қырларынан тануға ұмтылыс барысында методологиялық мәселелердің туындауы толық табиғи құбылыс еді. 1969 жылы британдық жазба дыбыс институтында өткен конференцияда құрылған комиссия шешімімен 1973 жылы құрылған «Oral History Society» («Айтылған тарих қауымдастығының») кезекті конференциясында айтылған тарихтың теориялық­әдістемелік мәселелері талқыға түсті. Ұлыбритания тарихшыларының өзара ынтымақтастығы нәтижесінде «Айтылған тарих» қоғамы мүшелерінің көтерген пікір алысулары өз нәтижелерін берді. Мәселен, респонтенттің есте сақтау қабілетіне байланысты сұхбатта берілген ақпараттардың дереккөзі ретінде нақтылығына қатысты ғылыми талқылаулар, Рафаэль Сэмюэл көтерген транскрипциялау нәтижесінде туындауы мүмкін кереғарлықтар, Пол Томпсон қойған айтылған тарихты зерттеу әдіс құралы ретінде жетілдіру мәселесі, Джордж Эванс айтқан сұхбат алу амалдары мен сұрақтарына қатысты ұсыныстар тағы басқа с.с. Құнды естеліктер мен түрлі көзқарастарды қамтитын сұхбаттарды транскрипциялау және мұрағаттау жолдарын іздеуден туындаған ұмтылыстар әдістемеге қатысты еңбектердің пайда болуына ықпал етті. Осы арнадағы жұмыстың жарқын үлгісі ретінде П.Томпсонның «Голос прошлого: Устная история» еңбегін атауға болады. Осы автордың бастауымен 1973 жылы Ұлыбританияның «Айтылған тарих қауымдастығының» негізі қаланды.

Читайте также:  Развитие научно-познавательной журналистики

Қауымдастық айтылған тарих саласында қызмет ететін ірі институт ретінде қоғам үшін ғылыми маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жолында тұр Еңбек тарихы бойынша зерттеулер жүргізген «Тарихи зерттеулер шеберханасының» Ұлыбританияда ықпалды қозғалыс ретінде мойындалуы ашық сипаттағы алған сұхбаттарының қоғамдық санаға тигізген әсеріне байланысты еді. Өздерін бастапқыда әлеуметік тарих, кейіннен феминистік қозғалыс зерттеушілерінің қатарына жатқызған тарихшылар ғылыми еңбектерінде айтылған тарих фактілерін негізге алды. Ал, зерттеу тақырыптары еңбек тарихы мәселелеріне арналған ғалымдар болса айтылған тарих әдісін жұмысшы табы өмірінің құжатталмаған ресми емес қырларын ашу үшін пайдаланды. Айтылған тарих көпшілік назарына бұрын соңды қозғалмаған тақырыптар мен сол уақытқа дейін елеусіз қалып келген материалдар қорын ұсынды. Мәселен, 1970­ші жылдардың ортасында жарыққа шыққан «Women’s work in the Yorkshire inshore fishing industry» («Йоркшир балық өнеркәсібіндегі әйелдер еңбегі»), «Jazz bands of North East Englan» (Солтүстік – Шығыс Англияның Джаз ұжымдары) сияқты ғылыми мақалалар сол уақытқа дейін қарапайым адамның өмірлік тәжірибесі сияқты назардан тыс қалып келген әлеуметтік тақырыптарды зерттеу нысанына айналдырды. Қоғам өмірінде орын алып, бірақ ұмыт қалған қарсылықтар мен үнсіздіктерді айтылған тарих көмегімен ашу арқылы оңды өзгерістерге қол жеткізуге болатындығы шындыққа айнала бастады*.

Айтылған тарихтың бағыт ретінде қалыптасуында ағылшын феминистік қозғалыс тарихын зерттеушілердің алатын орны ерекше. Өйткені, елдегі феминистік қозғалыс өкілдері гендерлік тарих жазуда айтылған тарих әдісін қолданады; зерттеу нысаны болып табылатын әйелдер өмірі сұхбат алу, естеліктер жинау және оларға талдау жасау арқылы баяндалды. Осылайша, бұл әлеуметтік мәселені тура түсінуде гендерлік сипаттағы биографиялық сұхбаттар маңыздылығы айқындала түсті. 1980 жылдардан бастап қара нәсілділер және аз ұлттар тарихын зерттеу айтылған тарих бағытында өзекті тақырыптарға айналды. Миграциялық үрдістер, ұлтаралық түсініспеушіліктер, аз ұлт өкілдерінің жаңа ортаға бейімделу тарихын жазуда жоғарғы жетістіктерге жеткен айтылған тарихшылар 1990­шы жылдары заманауи сұраныстарға сәйкес зерттеу нысаны ретінде бірегейлік мәселесін қарастыра бастады; ғылыми басылымдарда айтылған тарих әдісін қолдану арқылы жазылған мақалалар қатары көбейді; жоғарыда көрсетілген тақырыптарға байланысты жүргізілген айтылған тарих жобалары халықаралық қорлар тарапынан қолдау таба бастады. Мектеп мұғалімі Марго Фарнхемнің жетекшілігімен ерікті ізденушілер тобы тәжірибелік жоба шеңберінде дәстүрлі емес жыныстық ұстанымдағы адамдар естеліктерін жинап, оларды Британияның дыбыстық мұрағат кітапханасына тапсыруы жыныстық бірегейлік мәселесіне арналған зерттеулер қатарының қарқын алуына ықпал етті. Британияда дәстүрлі емес жыныстық көзқарастағы адамдар қауымдастықтарының тарихын қарастыру сипатында серпіліс алған тарихи зерттеулер шотландық ғылымдардың назарына ілікті.

Читайте также:  БОЛОН ҮДЕРІСІ – ЖАҺАНДАНУ ФОРМАСЫ

Мәселен, Би­би­си (ВВС) сияқты медиакорпорация тарапынан қолдау тауып екінші дүние жүзілік соғыс тарихы, гендерлік және еңбек тарихы, өлке тарихы, мәдениет және көше өмірі тақырыптарында жүргізілген сұхбаттар арнайы айдарлар арқылы радио бағдарламасына енгізілді. Би­би­си аймақтық қырық радиостанцияcы 1998­1999 жж. айтылған тарих әдісімен жүзеге асырған «Ғасырлар сөйлейді» жобасы аясында радио желісімен таратуға жарты сағаттық деректі хабардың 640 сериясын даярлады. Алайда, жобаның басты нәтижесі Еуропа бойынша ең ірі коллекциялар қатарына енген «Мың естелік қорының» құрылуы еді. Бүгінде бұл коллекция Британияның дыбыстық мұрағат кітапханасында (British Library Sound Archive) сақтаулы. Ал, 2003­ 2006 жылдар аралығында Би­би­си онлайн желісімен өз тыңдармандарын екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі тылға қатысты естеліктерін жинауға шақырды. Жоба қорытындысында 15 мың фотосурет, 47 мың естеліктерден тұратын «WW2 People’s war» аталатын онлайн мұрағаты құрылды.

Оставить комментарий