Айтылған тарих жобасының есебін даярлау

Сұхбат жүргізіліп, алынған ақпараттар өңдеуден өткеннен кейін зерттеудің қорытынды құжаты – ғылыми есепте көрініс табуы қажет. Ғылыми есеп формасы мен мазмұны жағынан үш түрлі қорытынды құжатта көрініс табады: 1) ғылыми есепте, 2) ғылыми мақалаларда, 3) бұқаралық ақпараттар құралдарында. Ғылыми есеп тапсырыс берушілерге арналады, ғылыми мақала – мамандарға, прессадағы жарияланым – бұқара­көпшілікке арналады. Іргелі ғылыми зерттеу жұмыстары аясында ғылыми есеп аса көлемді болады, есептің құрылымдық элементтері зерттеу бағдарламасының негізімен беріледі. Ал қолданбалы ғылыми зерттеулерде қорытынды есеп шағын көлемді құрайды. Яғни онда теориялық­методологиялық бөлім көрсетілмейді. Мұнда да есептің құрылымы қолданбалы ғылыми зерттеу жұмысының бағдарламасын басшылыққа алып даярлайды. Аталған екі түрлі деңгейдегі ҒЗЖ­ның қысқартылған есебі беріледі. Іргелі ғылыми зерттеу жұмысының қысқартылған нұсқасы 22­24 бет, ал қолданбалы ғылыми зерттеу жұмысының қысқартылған есебі 10 беттен тұрады. Академиялық ғылыми орта ғылыми есепті грант бөлген мекемеге тапсырады. Ал қолданбалы ғылыми зерттеу жұмысының қорытынды құжаты тапсырыс берушіге – облыс әкімшілігіне (егер ол тапсырыс беруші болса – авт) тапсырады. Егер ғылыми есеп қорытындылары жоғары оқу орындарында орындалса, онда зерттеу нәтижелері оқытушылардың лекцияларынан, арнаулы курстарынан, семинарлар мен ғылыми конференциялардағы баяндамаларынан, қорғалған диссертациялық жұмыстарынан көрініс табуы қажет.

Академиялық ғылыми ортаның орындаған жұмыс есебінің өлшемі мақалалар санымен көрініс табады. Сол арқылы мамандардың кәсіби деңгейі және олардың беделі анықталады. Ең бастысы жарияланымдар арқылы жұмыстың жаңалығы танылатын болады. Қорытынды есептің құрылымы кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтиды. Алғашқы бөлімде титул парағы, зерттеу жүргізуге жасалынған келісім­шарт, меморандум, мазмұны, қосымшалар мен аннотация тізімі көрсетіледі. Кіріспе бөлім оқырманды есептегі орындалған ең негізгі нәтижелермен таныстырады. Онда жұмыстың мақсаты, міндеті, өзектілігі, көрсетіледі. Ал негізгі бөлімде кіріспе, зерттеу жұмысының методологиясы, алынған нәтижелері, сонымен қатар қорытынды мен ұсыныстар көрсетіледі. Методологиялық бөлімінде зерттеу нысаны кімдер немесе не болғаны айтылады және қолданылған әдістер талданады. Қорытынды жүргізілген жұмыстарға негізделсе, ұсыныстар алынған қорытындыға сүйене отырып, қандай әрекеттер іске асырылуы қажет екені беріледі. Сонымен қатар есептің компоненттік бөліміне сілтемелер мен әдебиет тізімі беріледі.

Читайте также:  Кәсіптік одақтар, мойынсеріктер және саяси демократия

Оставить комментарий