Қазақ қағидалары

Қазақта қылмыспен жазаға қатысты бір қатар қағидалары бар. Олар жарғы түрінде қолданылған. Өткендер бұл жарғының негізін Тәуке хан (1710 — 1721) салған деседі. Қазақ халқының тарихында ол заң шығарушы көрнекті қайраткер болған. Бұл заңдардың бастылары — жаза туралы заң жүйелері. Қазақ заңдарында жаза Еуропа тілінде «таллион» деп аталатын мұндағы «қанға­қан, жанға­жан» принципі бойынша тағайындалған. Мәселен кісi өлтірген өлтіріледі, денеге зақым келтіріледі. 1. Тәукенің заңдарына сәйкес өлген адамның туыстары өлтірушіні өлтіру құқына ие. Біреудің дене мүшелерінің біріне зақым келтірген адамның дене мүшесіне дәл сондай зақым келтіру жолымен жазаланады. Алайда, сот жазаны жеңілдете алады. Ол үшін өлтірген адамның туыстарының сондай жаза тағайындауға келісімі керек. Мұндай жағдайда қылмыскер зардап шеккен жаққа мал­мүлік беріп құтыла алады. Өзіне кесілген жазадан құтылу үшін қылмыскер жәбірленуші жаққа мал­мүлкін түрінде құн төлеген. 2. «Құн» төлеу арқылы қылмыскер өз өмірін сақтап қала алған. Өлім үшін төленетін «құн» жазаның заттай баламасы болып табылады. Құнның көлемі еркектер үшін—1000 (мың), әйелдер үшін — 500 қой. Денеге, дене мүшелерінің біріне кeлтipiлгeн зақым үшін төленетін құн да бар. Біреудің бас бармағы жүз қой, кіші саусағын сындырса отыз қой төлеуге мәжбүр болады. Төрелер мен молдаларға қол көтергендер 27 қой төлейді, оларды ренжіткендер 9 қой айып төлеуге тиіс.

3. Күйеуін өлтірген әйел міндетті түрде өлім жазасына кесіледі. Егер күйеуінің туыстары кешірім жасамаса құн төлеу арқылы құтыла алмайды. Күйеуін өлтірген eкі қабат әйел өлім жазасына ұйғарылмайды. Алайда, ол жаман атқа ілініп, өмір бойы барша жұртқа жеккөрінішті болып етеді. 4. Әйелін өлтірген еркек, әйелдің туыстары кесілсе, құн беріп құтылады. 5. Некесіз тапқан баласын өлтірген ана өлім жазасына кесіледі. 6. Балаларын өлтірген адам қорымнан бөлек, басқа жерге жерленеді. 7. Өзін­өзі өлтірген адам қорымнан бөлек, басқа жерге жерленеді. 8. Ат үстінде келе жатқан eкi қабат әйелді ұрып құлатқандықтан немесе оны атқа таптатқандықтан іштегі баласы әлсіз не ауру болып туса, қылмыскер мынадай мөлшерде құн төлейді; а) бала бес айлық болса, бір ат; е) бала бес пен тоғыз ай арасында болса, бір түйе.

Читайте также:  БЕЙІНДІ ОҚЫТУДАҒЫ ПƏНДЕРДІ МОДУЛЬДІК ЖОБАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ

9. Қызды немесе әйелді зорлаушы өлім жазасына лайық деп есептеледі. Егер зорлыққа ұшыраған әйел болса, зорлықшының жазасы — өлім немесе құн. Ал қыз болса, қылмыскер тек қалың мал төлеп, сол қызға үйлену арқылы өлім жазасынан немесе құн төлеуден құтыла алады. 10. Көзіне шөп салған зайыбын қылмыс үстінде немесе куәгердің растауымен ұстап өлтірген еркек жазадан босатылады. Бұдан кейін де ол өз әйелімен зинақорлық қатынас жасап жүрген еркектің өлтіруін талап ете алады. Ол үшін әлгіндей қатынастың болғаны дәлелденуі қажет. Егер төрт сенімді куәгер қылмыс жасағандарды куәсіз растаса, олар жазадан босатылады. 11. Егер әлдекім басқа біреудің әйeлiн ықтиярсыз алып қашса, өлім жазасына немесе соған тән құн төлеуге ұйғарылады. Ал егер әйелдің өзі келісімін беріп, ықтиярымен қашып кетсе, онда әлгі әйел алып қашқан адамға қалдырылады. Алып қашушы әйелдің бұрынғы күйеуіне қалыңмал төлейді және оған қыз тауып беріп, қайтадан үйленуіне жәрдемдеседі. Әйелді ренжіткен (тіл тигізген) адам дереу одан кешірім сұрауға тиіc. Кешірім сұрамаған жағдайда заттай айыбын төлеуге мәжбүр болады.

12. Некелесуге болмайтын туысымен жыныстың қатынас жасаған адам өлім жазасына лайық деп саналады. Бұл жаза үй ішінің ұйғаруымен басқа жаза түрімен алмастырылуы мүмкін. 13. Тәңірге тіл тигізген адам, егер мұны жеті куә растаса, тас лақтырылып өлтіріледі. 14. Христиан дініне кірген шоқындылардың және оның бұған туыстарының мал­ мүлкі тәркіленеді. 15. Құл иеленуші құлдарына қандай жаза қолданамын десе де (өлтіруге дейін) epiкті әpi оған шек қойылмайды. Құлдың өз иесіне жасаған шағымы ешқашан қаралмайды. 16. Ата­анасына тіл тигізген немесе қол жұмсаған ер бала сиырға тepic мінгізіледі де, ауыл­ауылды аралата жүріп, оған қамшымен дүре соғылады. Ал жәбірлеуші қыз бала болса, қол­аяғы байланып, анасына тапсырылады. Анасы оған не істеймін десе де epiкті. 17. Ұрлық жасаушы ұрлаған заттың құнын 17 есе артық қайтаруға тиіс. Егер ұрлағаны түйе болса, қайтармақшы түйелеріне қосымша бір құл беруге, ал ат болса, қосымшасына түйе беруге міндетті. Ұрлағаны қой болса, қосымшасына бір ат беру керек. 18. Бipey бір уақытта epi ұрлық жасап, әpi қылмысы үшін жеке­жеке жазаланады. Күйеуінің ұрлық жасағанын немесе әкесінің кісі өлтіргенін ресми орындарға хабарламаған әйел мен балалары жауапқа тартылмайды (өйткені әйелдер мен балалардың отағасының үстінен шағым айтуына тыйым салынады). 19. Аңға салатын итті немесе құсты (бүркітті) өлтірген адамнан олардың иесі бір құл немесе бір күң беруді талап ете алады.

Читайте также:  Ұлттық байлықтың бірдей бөленбейтіні туралы

Мұра жайында

20. Егер әкесінен енші алған ұлы өзі баласы болмай тұрып қайтыс болса, оның дүние­ мүлкіне әкeci ие болады. 21. Қайтыс болған адамның кәмелетке толмаған балаларына жақын туыстарының бipi қамқоршысы ретінде тағайындалады. Жақын туысы болмаса, бөтен бipey қамқоршылыққа тағайындалуы мүмкін. 22. Өсиетнама туыстардың және молданы қатысуымен жасалады. Қайтыс болған адамның кісілердегі қойлары төлемдерімен қоса олардан қайтарылып алынады. Барымтамен алынған мал қайтарылмайды. Қолында қойы барлар қойларын жасырмай отырғанын антпен растауына болады.

Дауды шешу

23. Дауды шешуге ханның немесе хан тағайындаған есімдердің (билердің) және ақсақалдардың құқы бар. Би—дауласушы eкі жақтың да төрешісі. Дау ісіне екі жақтың сеніп тапсырған өкілдерi шақырылады. Бидің бейтарап екендігі күмән туғызса, ол ic таратылады. 24. Егер жауапкер жақ бидің шақырғанына келмесе, яғни айыпкер тағайындаған айыптың заттай құнын төлеуден бас тартса, онда тағайындалған айыптың мөлшері қылмыскердің туыстарынан немесе ауылынан өндірген. Туыстары немесе ауылдастары кейін кылмыскерден қайтарып өндіріп алу құқына ие. 25.Қылмыстың толық дәлелденуі үшін кемінде екі куә қажет. Кейбір дау­дамайда екеу емес, одан да кеп куәнің болуы мүмкін. Куәлар болмаған жағдайда ант беру талап етіледі. Бірақ дауласушыларға ант беруге рұқсат етілмейді. Олар үшін өзінің тазалығымен, адалдығымен халыққа танымал, белгілі адамдар ғана ант беруге тиіс. Жауапкер жақ үшін ешкім ант бергісі келмесе, дау оның пайдасына шешілмейді. 26. Әйелдер, малайлар, балалар және құлдар куә бола алмайды. 27. Дауға түскен нәрсенің (бұйым, мүлік т.т.) оннан бір болт би мен өкілдерге беріледі. 28. Егер сол ауылдың басшысы дау қуушының шағымына құлақ аспай, өз тарапынан қорғай берсе, онда дау қуушы өз ру басшыларының кесімімен барымта жасау құқысына ие болады. Алайда барымта жолымен қолға түсірілген малының саны үкімде көрсетілген малдың санынан аспауы керек.

Читайте также:  Жанғыш газдардың негізгі қасиеттері

Оставить комментарий