ҚАЗАҚ АЛФАВИТІН ЛАТЫН-АҒЫЛШЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУДІҢ ЖАҢА НҰСҚА

Неге соңғы кезде қазақ тілі туралы мәселе көбейіп кетті?… Біреулер қазақ тілін дамытамыз деп шабылып жатыр, біреулер оған немқұрайлы қарайды, ал кейбіреулер, шынын айту керек, қарсы. Тоқетерін айтсақ, бұл мәселе – қазақ тілінің қазіргі жағдайы, оның қоғамдағы орны туралы. Демек, қазақ тілінің дәл қазіргі жағдайы мүшкіл. Неге? Оның бір ғана себебі бар. Ол — қазақ тілі техника тіліне келгенде шорқақ. Ал қазір техника заманы. Бұдан шығатын қорытынды — қазақ тілін дамытудың негізгі жолдарының бірі ол – техниканы қазақша сөйлету, немесе қазақ тілін техникаша сөйлету керек. Шындығын айтсақ, техника қазақ тіліне ешқашан бейімделген емес, бейімделмейді де. Демек, қазақ тілін техникаға — әлемдегі қолданыста жүрген қаптаған дайын техникалық дүниеге бейімдеу қажет. Бұл өте оңай жол болып есептеледі. Ол үшін алдымен текхниканың басты құралы компьютерді қазақша меңгеруіміз керек. Алғашқы мәселе компьютер клавиатурасының түймелерінде (клавишаларында) белгіленген әріптер мен таңбаларда. Себебі компьютер құдіреті осы таңбалардан басталады. Алдымен ағылшын, орыс, түрік және қазақ тілі (екі европа және екі шығыс тілі, екі түркі және екі үнді-еуропа тілі, екеуі латын алфавиті және қалған екуі кириллица үлгісінде) алфавиттерін салыстыра қарастырайық. Клавиатурада 26 латын-ағылшын әріптері, 33 орыс әріптері, 29 түрік және 42 қазақ әріптері бейнеленген. Осы әріптердің клавиатура түймелеріне орналасуының да өзіндік ерекшіліктері бар. Мәселен, осы түймелердің барлығы ағылшын алфавитінің 26 әріптері мен оның басқа таңбаларына негізделіп жасалынған. Орыс әріптерінің 137 № 1 (74) 2010 26-сы ағылшынның 26 әріптерінің орнына өзгеше символ ретінде орналасса, қалған әріптері ағылшынның маңызы зор 7-і таңбаларының (қос нүкте, тырнақша, үлкен мен кішіні білдіретін және сол сияқты таңбалардың) орнына орналасқан. Ал кириллица негізінде құралған қазақ әріптеріне келсек, олардың 33-інің клавиатурада орналасуы орыс әріптерімен белгілеуі және мағынасы бойынша дәлме дәл келеді де, қалған 9-ы бірінші қатардағы түймелерге орналасқан. Латын графикасы негізінде құралған түрік алфавитінің 29 әріптерін қарастырсақ, олардың 23 әріптерінің клавиатура түймелерінде орналасуы ағылшын әріптерімен дәлме дәл келеді де, қалған алтауы (Ğğ, Üü, Şş, İi, Öö, Çç) ағылшын тыныс белгілері орналасқан түймешіктерге орналастырылған. Бүгінгі таңда кез келген компьютерде шрифтердің 142 түрі бар. Ағылшын алфавиті осы шрифтердің барлығына түсінікті және олардың кез келгенімен еркін жұмыс істей алады. Осы шрифтердің 45-і ғана түрік алфавитін түсіне алады екен, ал орыс алфавитіне келсек, оны олардың 40-ы ғана түсіне алады. Ал қазақ алфавитін осы шрифтардің тек қана 15-і ғана (небәрі 10,5 пайызы) түсіне алады. Бұл компьютерді тек қана жазба құралы ретінде (пишущая машинка) қолданғанда ғана. Ал кез келген компьютердің ішкі дүниесін, яғни оның басқа да мүмкіншіліктерін, мәселен есеп шығару, процесстерді моделдеу т.с.с. мүкіншіліктерін қарастырсақ, онда қазақ алфавиті мүлдем жұмыс істемейді, оған бұл салалар жабық. Демек, қазақ алфавитіне реформа қажет. Бұл реформаны қалай жасау керек, ол қандай болуы керек екені жоғарыда келтірілген мысалдан көрініп тұр. Бұның ең тиімді жолы қазақ алфавитін кириллицадан латын графикасы негізінде құралған 26 әріптен тұратын ағылшын алфавитіне (яғни, компьютер алфавитіне) ауысу. Оған қоса қазақ әріптенінің саны 26-дан аспау керек, сонда қазақ тілі компьютер дүниесінде еркін өмір сүре алатын болады да, компьютерді қазақша сөйлетуге үлкен мүмкіншілік туады. Бұл өте маңызды мәселе. Ол баршамызға айтпай-ақ түсінікті. Осы жерде тағы да айта кететін мәселе – ол қазақ әріптерінің саны 26-дан бір ғана әріпке артық болып кетсе, онда қазақ алфавитінің компьютердегі мүмкіншілігі жоғарыда айтылған мысалға сәйкес күрт төмен түсіп кетеді, ондай реформадан пайда шамалы болады, тіпті қажеті болмай да қалады. Бұл реформаға қойылар бірінші талап. Екінші шарт-талап. Реформа кезінде ұсынылмақ әріптер және фонемаларды жаңаша белгілеу үлгілері оңай жатталып есте қаларлықтай ыңғайлы, әрі үйреншікті және қазақ тілі заңдылығына толығымен сәйкес болу керек. Егер олар әлемдік қабылданған жүйеге мейлінше бейімді әрі үйлесімді болса – оған құба-құп. Үшінші шарт-талап. Жаңа алфавит жүйесі техника дүниесіне ғана бейімделмей, ол осы күнге дейін қолданып келе жатқан ескі де жаңа сөзбайлықтарымызға және әдеби мұрамызға жат болмай, олармен табиғи тығыз байланыста болу керек. Әсіресе ол кириллица негізінде жазылған әдеби және басқа жазба құндылықтарымыз осы жаңа алфавит негізіне оңай да тез аударылуына икемді болу керек. Енді осы реформаны қалай жасау керек соны қарастырайық. 1-ші кестеде жоғарыда айтылған төрт алфавит әріптерінің қолданыс жиілігі келтірілген. Осы кестені құру кезінде белгілі мөлшерде мәтіндер алынып, оларды бір- бірімен салыстыруға мүмкіншілік алу үшін олар 100 000 әріптерден тұратын мәтінге нормаланды, яғни бірыңғайланды. Яғни бұл кестеде орта есеппен алғанда 100 000 таңбадан (әріптен) тұратын мәтінде әріптердің сұрапталынған қолданыс жиілігі көрсетілген. Осы кестеде әріптердің қалай шашыраңқы қолданылатыны анық көрсетілген. Мәселен қолдану жиілігі жүзден аз кездесетін әріптер саны ағылшын мен түрік алфавитінде біреу, ол барлық әріптер санының 4 пайызына да жетпейді. Ал орыс алфавитінде ондай әріптер 138 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы саны үшеу, бұл 9 пайыз құрайды. Ал қазақ алфавитін алсақ, қолдану жиілігі жүзге жетпейтін әріптер саны жетеу, яғни 16,7 пайыздан тұрады. Бұл жерде айта кететін жағдай – қазақ алфавитін жоғарыдағыдай сұрыптағанда көлемі 150 беттен тұратын техника саласына арналған оқу құралы [1] негізге алынса, басқа алфавиттер үшін сол тілде жазылған әдеби мәтіндер алынды. Егер қазақ алфавиті үшін әдеби мәтіндер алынғанда бұл көрсеткіш, яғни қолданыс жиілігі 100-ден аз әріптер саны едәуір көбейіп, 25 пайыздан асып кетер еді. Осы кестеден тағы да түйеріміз — ағылшын әріптерінің ең төменгі қолдану жиілігі – 77. Бұл жоғарғы деңгей. Демек, ағылшын әріптерінің барлығы жұмыс істейді. Ал түрік әріптерінің ең төменгі қолдану жиілігі – 16, орыс әріптерінде — 26, қазақ тіліне келсек кейбір әріптер мүлдем қолданыста болмайды. Осы талдау кәзіргі қазақ алфавитінің шашыраңқы, яғни тиімсіз алфавит екенін көрсетеді. Енді қолданыс жиілігі 1000-нан асатын әріптер санын қарастырсақ, олардың саны ағылшын алфавиті үшін 80,8 пайыз, түрік алфавиті үшін 75,9 пайыз, орыс алфавиті үшін 72,7 пайыз, ал қазақ алфавиті үшін 59,5 пайыз құрайды. Осы көрсеркіш те кәзіргі қолданыста жүрген қазақ алфавитінің тиімсіз, ал ең тиімді алфавит ағылшын алфавиті екенін анық көрсетеді. Демек, қазақ алфавитін кириллицадан латын-ағылшын алфавитіне көшіру дұрыс мақсат әрі дұрыс бағыт. Тағыда айта кететін мәселе, ол 1-ші кестеде келтірілген қазақ әріптерінің соңында көлбеу түрінде келтірілген қазақ тіліне кірме 13 әріпті алып тастасақ, онда қазақтың төл дыбысты әріптері жинақы, әрі тиімді болып шыға келеді де, ал қазақ тілі өз деңгейінде дамыған әрі жатық әрі ықшамды тіл екенін бірден көрсетеді. Демек осы әріптердің қазақ тіліне тигізер өзіндік пайдалы да пайдасыз әсерлері бар. Бұдан шығатын қорытынды – қазақ алфавитіне өзгеріс енгізу қазіргі таңда пісуі жеткен мәселе екені көрінеді. Енді осы латын-ағылшын алфавитіне көшу тәсілін қарастырайық. Алдымен 1-ші кестенің жоғарғы жағында келтірілген қазақ тілінің 29 төл әріптерін қарастырайық. Осылардың ішінен 2-ші кестеде келтірілген 12-сін таңдап алып, латын графикасына ауыстырудың жобасын ұсынсақ, бұған ешкім қарсы болмас еді. Себебі бұл ұсыныс осы бағытта ізденісіп жүрген барлық авторлардың ойымен сәйкес келеді. Енді «у» әріпін қарастырсақ, онда көптеген авторлар арасында келісілген тоқтам жоқ. Себебі «у» дыбысы орыс тілінде дауысты болып табылады. Ал қазақ тіліне келсек кейбір оқулықтрда ол дауысты, ал басқа бір оқулықтарда дауыссыз деп саналады. Осы мәселе шешімінің бір варианты ретінде ұсынбағымыз – егер осы «у» дыбысы сөздің басында, немесе дауыссыз дыбыстан кейін орналасса, онда ол дауысты болады, ал егер дауысты дыбыстан кейін келетін болса, онда ол дауыссыз болады. Осы дыбысты кейбір авторлар «w» әріпі ретінде беріп жүр. Егер қазақтың төл сөздерін жазсақ, онда бұған келісуге болады. Ал егер қазақ тіліне еніп төлсөздей етене болып кеткен сөздерді жазатын кезде бұған келісуге мүмкіншілік болмайды. Мәселен, «университет, уран, ультра, утопия» т.с.с. сөздерді алайық. Бұл сөздерді қазақ тілі үндестігіне сәйкес етіп «үніберсітет, ұран, үлтіре, ыутопійә» деп жаз немесе айт деп 140 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы кәзіргі таңда ешкімді көндіре алмаймыз. Бұндай бағыт кертартпалыққа алып келеді, ол қауіпті. Осы тәрізді сөздер тілімізді байытады, оларды тіпті қазақ тіліне аудара да алмаймыз, тіпті қажеті де жоқ. Бұл сөздер әлдеқашан қазақша болып кеткен. Енді осы сөздерді «w» әріпі ақылы жазсақ (мәселен, «wniversitet, wran, wltra») онда олар ерсі, үйлесімсіз әрі қисынсыз болатыны көрініп тұрады. Демек «у» дыбысын ағылшынның өзіне тән «u» әріпімен белгілеу керек. Бұл 3-ші кестеде көрсетілген. Енді «и,й» әріптеріне келейік. Бұл жерде де әртүрлі ұсыныстар бар. Әсіресе «и» дыбысы, бұлда «у» дыбысы сияқты біресе дауысты, біресе дауыссыз. Кейбір авторлар бұл дыбысты мүлдем алып тастайық деп ұсыныс береді. Сонда жоғарыда айтылғандай «имам, импорт, импульс, индекс, инерция, интеграл, ион, изотоп» сияқты қазақы болып кеткен сөздерді қалай айтамыз және қалай жазамыз? 3-ші кесте. Ал кейбір авторлар «и» дыбысын «й» және «і» мен «ы» әріптерінің комбинациясы ретінде, ал латын графикасына келгенде «iy», ал кейбір кезде «уi», әріптерімен жазуды ұсынады [2, 3]. Бұндай ұсыныс жарамсыз. Себебі жазба тексте «i» және «y» әріптері қаптап кетеді (1-ші кестедегі «ы», «и», «й» және «і» әріптерінің қолданыс жиілігіне қараңыз). Екінші жағынан кейбір сөздерді жазғанда әріптер және буындар арасында көптеген үйлесімсіздектер пайда болып, оқырман шатасуға душар болады. Сондықтан «и» және «й» әріптерінің екеуінде латынның «i» әріпімен белгілеуді ұсынамыз (3-ші кесте). Сонда жоғарыда айтылған және сол сияқты сөздер ешқандай шатасымсыз ағылшындық стандартқа және әлемдік бейімге сәйкес дәлме дәл жазылады, мәселен «import», немесе «ion». Бұл жерде айта кететін тағы да бір жағдай ол — егер осы әріп сөздің басында, немесе дауыссыз дыбыстан кейін орналасса онда ол дауысты болады, ал егер дауысты дыбыстан кейін келетін болса, онда ол дауыссыз болады. Енді «к» және «қ» әріптерін қарастырайық. Бұл жерде онша күрделі мәселе жоқ. Кейбір авторлар «к» әріпін латынның «k» әріпімен, ал «қ» әріпін «q» әріпімен белгілеуді ұсынады. Бұның бір ыңғайсыз жері «Қазақстан» атауын «Qazaqstan» дегеп жазғанның орнына әдеттегідей етіп «Kazakstan» деп жазсақ тиімді болар еді. Екінші жағынан қазақ тіліне еніп үйреншікті болып кеткен «квадрат, квалификация, карантин, квота, кварц, квинтет» және осы сияқты көптеген сөздер ағылшын тілінде «q» әріпі арқылы жазылатынын ескере отырып және халықаралық бейімге сәйкес болу үшін «қ» әріпін латынның «k» әріпі, ал өзіміздің «к» әріпімізді «q» әріпі арқылы жазуды ұсынамыз (3-ші кесте). Енді «с» және «з» әріптері туралы. Бұл әріптер ағылшынның «c», «s» және «z» әріптеріне жақындау екені баршамызға мәлім. Сондықтан қазақтың «с» әріпін ағылшынның «с» әріпі арқылы белгілеу туралы да ұсыныс бар. Бұл біздің ойымызша дәлме-дәл балама емес. Себебі бізге сіңіп кеткен «сайт, сантиметр, сатира, сейф, синтетика, спорт, спираль, спирт, стадион, синус, секунд» сияқты көптеген сөздер ағылшын тілі мәтінінде «s» әріпі арқылы жазылады. Тіпті өзіміздің төл сөзіміз «сазан» ағылшын тілінде «sazan» деп жазылады. Ал «з» әріпіне келсек, онда «зона, зооология, зебра, Зевс» тәрізді сөздердің бәрі ағылшын тілінде «z» әріпі арқылы жазылады. Сондықтан қазақтың «с» әіріпін «s» әріпі арқылы, ал «з» әріпін «z» әріпі арқылы белгілеу ұсынылады (3-ші кесте). Енді «ы» әріпін ағылшынның «у» әріпімен белгілесек, оған ешқандай қарсылық 141 № 1 (74) 2010 болмайды. Мәселен, Almaty, Atyrau — бұл қабылданып қойған қағида тәріздес. Ал егер «ұ» әріпіне келсек, кезегін күтіп латын-ағылшын алфавитінің жеті әріпі қалды: j, h, v, f, c, x, w. Бұлардың алғашқы алтауы әлі де өз орындарын табатын болғандықтан, «ұ» әріпін «w» әріпімен белгілейміз, бір жағынан түрлері де ұқсастау. (3-ші кесте). Енді «ә», «ө», «ү» және «і» әріптерін қарастырайық. Осы жерде профессор А.Шәріпбаев еңбегіне, дәлірек айтсақ оның пирамидасына сүйенеміз [3, 4, 5]. Ол өзінің тілзерттеу теориясын тұрғызуға ең қажетті әрі ең сәтті еңбегінде дыбыстарды компьютер арқылы зерттей отырып ә, ө, ү, і аллофондары осыларға сәйкес дауысты дыбыстарға е фонемасын қосу арқылы шығатынын, яғни төменгі төрт тепе-теңдікті ә= а+ е, ө= о+ е, ү= ұ+е, і = ы+ е дәлелдеп, оны латын транскрициясына қолданды. Шәріпбаев ұсынған алфавитте ә, ө, ү, і аллофондарына әріп берілмеген. Оларды апостроф ( ‘ ) көмегімен белгілейді де, оны сөздің соңына орналастырады. Мәселен «өмір» деген сөзді былай жазады: «omyr’» (бұл жерде апостроф «o» және «y» әсерін тигізіп тұр). Біздің ойымызша жалаң сөздер үшін апострофты осылай сөз соңына орналастыру өте тиімді. Бірақ күрделі сөздер үшін дұрыс болмайды. Мәселен, «әсемпаз» немесе «қаракөз» сөздерін жазсақ, онда «karaqos’» және «asempas’» болып жазылады да «қәрәкөз» және «әсемпәз» болып оқылады. Қателік көрініп тұр. Демек, апострофты қажетті әріптен кейін қою керек, мысалы a’sempas, karaqo’s, демек ә=a’, ү=w’, ө=o’, і=y’. Осы жерде айта кететін жағдай 1-ші кестеге қарасақ қазақ тілінде «і» дыбысы ең жиі кездесетін дыбыстардың бірі және ол көптеген сөздерде бірнеше рет кездеседі (сол сияқты «ә», «ү», «ө» дыбыстары да аз кесдеспейді). Демек, апострофты тура осылай қолданатын болсақ, онда жазуымыздың бәрі шүпірлеген апостроф-ноқаттарға қаптап кетіп, жазба мәтіннің көркемдігі төмендейді. Оның үстіне «і» аллофонына сәйкес келетін «ы» әріпі қазақ тілінде өте көп кездеседі. Сондықтан і=y’ ережесін ұстансақ онда жазба текстер «у» әріптеріне толып кетіп, қазақтың жазба тіліне дисгармония туғызады. Осы себепті және апострофтарды азайту үшін «і» дыбысын басқаша белгілеу керек. Егер осы дыбысты латынның «j» әріпімен белгілесек, осы мәселе толығымен шешілмек. Яғни, ә=a’, ү=w’, ө=o’ және і=j (3-ші және 4-ші кестелер). Көптеген авторлар «ж» дыбысын осы «j» әріпімен белгілеп жүр. Біздің ұсынысымыз ж=zh. Сол сияқты «ғ» және «ш» дыбыстарына келсек оларды да осыған ұқсас етіп белгілесек (ғ=gh ш=sh) ешқандай қарсылық туа қоймас. Бұл жерлерде «h» дыбыс немесе әріп ретінде емес, ол күшейткіш таңбасы ретінде қолданылып тұр. Осы жерде «щ»-ны да қарастыра кетейік. Бұл қазақ тілінде өте аз қолданылатын дыбыс. Оны біраз авторлар қазақ тіліне тән емес деп жүр. Дегенменде «ащы», «тұщы» және сол сияқты сөздерді жазу кезінде біраз қиындықтар туады. Егер оларды «ашшы» және «тұшшы» деп жазсақ (яғни «ashshy», «twshshy»), онда біраз жазу көркемділіген айырыламыз. Сондықтан оны былайша белгілесек щ=sch, онда ол өз орнын табар еді (4-ші кесте). 4-ші кесте Енді қазақ тілінде көп кездесетіндердің бірі «ң» дыбысын қарастырайық. Бұны көптеген авторлар әртүрлі ережелерді ұсына отырып «ng» комбинациясымен жазуды ұсынып жүр [2,5,6]. Бұл біз тарапынан қолдау таппайды. Себебі көптеген түсінеспеушіліктер пайда болады. Мәселен «ерінгүл» (өсімдік атауы), «күнгей», «майдангер» тағы сол сияқты қаптаған сөздер дұрыс жазылмай қалады, олардың жазылуын ережеден шығарып ерекшелік (исключение) ретінде жаттап алу мүмкін емес. Бір мысал: «еріңе 142 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы (күйеуіңе)» және «ерінге» сияқты сөздер бірдей жазылып қалады: «eringe». Тағы бір мысал: «Сәкенге қара» немесе осы сөздің сыйластық түрі «Сәкеңе қара» сөздері де бірдей жазылып, мәнісі жоғалады. Немесе «Көкенге (адам аты) ұқса» немесе «көкеңе (әкеңе) ұқса» сөздері де осындай толық шатасуға түседі. Сол сияқты «qw’ngj» деген сөз екі түрлі оқылып кетіп екі түрлі мағана береді: бірі – «күңі» (малайы), екіншісі – «күнгі» (әр күнгі тірлігі). Тағы бір мысал: «сол qelinge ризамын» деп жазсақ, шатасу пайда болады – келіңе (яғни келіге) риза ма, әлде келінге риза ма? Бұны ешқандай ережемен ажырата алмайсыз. Осындай мысалдарды жеткілікті түрде көптеп келтіруге болады. Мәселен, «zhenggenge» деп жазсақ ол екі вариантта оқылыды. Біріншісі – «жеңгенге» (жеңімпазға), екіншісі – «жеңгеңе». Екінші жағынан 1-ші кестеден «н» мен «ң» дыбыстарының қазақ тілінде пайдалану жиілігін қарасақ онда жазуымыздың бәрі қаптаған «n» әріпіне толып кететіне көз жетеді. Демек, бұл дыбысқа жеке әріп қажет. Қалған төрт әріптің ішінен («c», «f», «v» және «x») біздің ұсынырымыз: ң = x. Сонымен 1-ші кестеде келтірілген қазақ алфавитінің ішіндегі төл әріптерді қарастырып біттік. Енді қарастырылмай қалған 12 кірме әріптерге тоқталайық. Алдымен «в» дыбысын қарастырсақ, қазақ алфавитін латын-ағылшын вариантына көшірген кезде осы әріпсіз «болт» және «вольт» сөздері бірдей (мәселен, «bolt») жазылып, кездейсоқ қиыншылыққа алып келеді. Демек, бұл дыбысты қазақ дыбыстарының қатарына қосып оған да жеке әріп беру керек: в = v. Бұдан қазақ тіліне пайда келмесе, ешқандай зияндық келмейді, қазақ тілі заңдылықтары бұзылмайды. Осындай қорытындыны «ф» дыбысы үшін де толық айтуға болады. Шын мәнінде қазақ тіліне еніп, етене төл сөз болып кеткен аударылымы жоқ көптеген сөздерді (мәселен «фотон, физика, фокус, футбол, формат, формула, функция, фильм, факс, телефон, телеграф») бұрмалай жазсақ одан бізге зиян болмаса пайдасы жоқ. Сондықтан осы дыбысты өз қатарымызға тартып, өзі сұранып тұрғандай оны «f» әріпімен белгілесек өте дұрыс болар деген ойдамыз, яғни ф = f. Енді қазақ тіліне мүлдем жат «ц» әріпіне тоқталайық. Егер 1-ші кестеге оралсақ, одан «ф», «ц» әріптері орыс тілінде де ең аз қолданылатындар қатарына жатады. Кейбір авторлардың айтуынша олар орыс тіліне жат. Бірақ кезінде оларды орыс тілін техника тіліне бейімдеу үшін кіргізілген дейді. Ендеше оларды жатырқамайық. Дегенменде жоғарыда айтылғандай қазақ тіліне аудармасыз кіріп, төл сөздер қатарына еніп кеткен көптеген сөздер (циклоида, цилиндр, цензор, центр, церомония, цельсий, цемент, цент, целлофан, цикл т.с.с) өзінің ағылшын вариантында «с» әріпі арқылы жазылады, мысалы, «сement, cent, censor, cylinder». Демек, «ц»-ны осы осы әріп алқылы белгілесек орынды болады ц = с. Енді әдеби қазақ тілінде өте сирек кездесетін «ч» дыбысына келсек, көп зерттеушілер оны қазақ тіліне жат деп, оны қолданыстан алып тастауды ұсынады. Келісуге де болады, бірақ Алматы обылысының едәуір көпшілігі «ч»-деп сөйлейтінін еске алсақ, бұл дыбыс та сұранып тұр. Шын мәнінде бұл дыбыс қазіргі техника тілінің едәуір белсенді дыбыстарының бірі, мысалы «чек, чемпион, чипс, чартер (рейс)» және т.с.с. сөздер осыған куә және бұл сөздер ағылшын нұсқасында «ch» комбинациясы арқылы жазылады. Демек егер «ч» дыбысын қажет деп тапсақ ,онда ч = ch. Егер «х» әріпін қарастырсақ, ол қазақ тілінде сирек кездесетін әріптердің қатарына жатады. Ол аздаған төл сөздерімізде ғана кездеседі, мысалы «хабар, халық, хош иісті, хақы, хал-жағдай, хан, хат» және т.с.с. Ал шет тілінен енген сөздерді алсақ «хаки, хулиган, хаос, химия, хлор, холера, хроника, хрусталь» және т.с.с., онда, мәселен «кристалл» мен «хрусталь» сөздері ағылшын тілінде «crystal» ретінде жазылып бір мағана береді. Ал «хаки=khaki» түрінде жазылса, қалғандары «ch» комбинациясы арқылы беріледі. Көптеген авторлар осы дыбысты жатсынса да, біз оны «қh» комбинациясы арқылы белгілеуді ынғайлы әрі жөн көрдік, былайша айтқанда «х=қh=kh» . Яғни khabar, khan, khalyk, khaos, khroniqa, khimia, kholera … Тағы да тоқтала кететін жағдай. Жоғарыда айтылған «в», «ф», «ц», «ч» дыбыстарына 143 № 1 (74) 2010 ерекше мән беруіміздің негізгі – олар кәзіргі заманның техникалық дыбыстары болып табылады. Олардың барлық тілдерге енуі күннен күнге артып жатқаны баршамызға мәлім. Бұл қарқын әсіресе ғарыш пен микроәлем игеріліп нанотехнология дамыған сайын күшей беріп, олар дүние жүзілік жаңа терминдерді сипаттайтын әріптер болмақ. Ендеше оларды жатсынбайық. Қалған дыбыстарды (һ, э, ю, я, ё, ь, ъ) қазақ тіліне жат екенін ескере отырып және оларды пайдалану ешқандай нәтиже бермейтіндіктен, оларды қолданыстан шеттетуді ұсынамыз. Бірақ, қазіргі кириллица мәтінінде жазылған қазақы әдеби, ғылыми және басқа құндылықтарды ұсынылмақ жаңа алфавит мәтініне көшіру (аудару) үшін төменгідей балама ұсынамыз: һ(қ)=k; э(е)=e; ю(йу)=iu, я (йа)=ia , ё(е)=e. Мұнда аударма кезінде «я» және «ю» әріптерінің салдарынан «і» екі рет кездесе қалса оның орнына бір-ақ «і» жазылады. Мәселен, «партия = partiia = partia». Тағы да айта кетелік – бұл балама тек қана біржақты, яғни бұрынғы кириллицадағы текстерді латын алфавитетіне көшіру кезінде ғана қолданылады. Ал келесі белгілер ь, ъ мүлдем алынып тасталады. Төменде ұсынбақ қазақ алфавиті кесте түрінде келтірілген (5-ші кесте). Бұл алфавит 26 әріптен және бір белгі – ағылшын апострофынан тұрады. Айта кетелік бұл алфавитте h жуандатқыш белгі ретінде қолданылады. Енді жоғарыда талдауға түскен мәтінді [1] осы алфавитке ауыстырып (осы мақсат үшін компьютерде арнайы жеке бағдарлама-программа құрылды), ұсынбақ алфавит әріптерінің тексте қолданыс жиілігін анықтап (5-ші кестенің 7-ші бағанасы), оны кәзіргі әріптер жиілігімен салыстырайық. Бұдан ұсынбақ әріптер әрі ықшамды, әрі қомақты және тиімді болып тұрғаны көрінеді. Басқа алфавиттермен салыстырсақ, онда олар сапа жағынан орыс және түрік әріптерінен артық болып, ағылшын әріптерінен кем түспей шамалас болып тұр. 1-ші суретте ағылшын әріптері мен ұсынылмақ қазақ алфавиті әріптерінің (латын графикасы негізінде) қолданыс жиілігінің сұрыпталған графиктері келтірілген. Бұл сурет осы екі алфавиттің қайысы тиімді екенін анық көрсете алады. Салыстырмақ қолданыс жиілігі ағылшын алфавиті үшін таза ағылшын тексінен (мәтінінен), ал қазақ алфавиті үшін қазақ мәтінінен [1] алынып, олар 100 000 әріптен тұратын мәтінге нормаланды. Бұл графикте ордината бойына әріптердің қолданыс жиілігі, ал абцисса бойына әріптердің сұрыпталған, яғни сортталған (көбінен азына қарай) реттік нөмірлері көрсетілген. Қолданыс жиіліктері қазақ әріптері үшін бүтін сызықпен, ал ағылшын әрептері үшін пунктир сызығымен берілген. Осы суреттен ұсынылмақ қазақ әріптерінің қолданыс жиіліктері ағылшын әріптеріне қарағанда едәуір біркелкі екенін байқаймыз. Бұл ұсынылмақ алфавит тиімділігінің бірден бір көрсеткіші. Шын мәнінде ағылшын әріптерінің алғашқы сегізі өте жоғары қолданыста болса, қалғандары оларға қарағанда аз қолданыста болатыны графиктен анық көрінеді. Ал жаңа қазақ әріптері бұған қарағанда 10-15 пайыз шамасында тиімді қолданылмақ. Бұл жағдай да осы суретте көрсетілген графиктен анық көрініп тұр. Әрине, бұл тиімді жағдай. Келесі 6-шы кестеде қазақ аллафондары мен ұсынылмақ алфавитке енбейтін фонемаларды осы жаңа алфавит әріптері арқылы белгілеу үлгісі көрсетілген. Бұл жерде айта кететін жағдай – осы кестенің 4 — 9-шы жолдарында көрсетілген фонемаларды белгілеу, яғни жазу үлгілері ағылшын жазу үлгілерімен үндес әрі сәйкес келеді. Бұл олардың тәжірибе жүзінде қолданысын анағұрлым тиімді және жеңіл етеді. Ал 10-14-ші жолдарда көрсетілген әріптер бұрынғы кириллица негізінде жазылған мәтіндерді ұсынылмақ алфавитке көшіру кезінде ғана пайдаланып, басқа қолданыстан шығарылып тасталу керек. Осы кестеге кірмеген келесі белгілер ь, ъ қолданыстан мүлдем алынып тасталады.

Читайте также:  ҚАЗІРГІ ТҮРІК ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1 comment

  • Кешіріңіз «хабар, халық, хош иісті, хақы, хал-жағдай, хан, хат сөздері қазақтың сөздері емес. Араб-парсы элементтері.