Қазақ билер соты туралы

Рухани байлық халықтық демократия және халық билігі өзінің тарихи шеңберіне қарамастан өркениет құндылықтары болып табылады әpi бола бермек. Тарих осы құндылықтардың бip кезде Шығыс Депті­қыпшақтардың Ұлы даласы немесе Қазақия деп аталған Орталық Азия кеңістігінде Билер соты қызметінде кемелденген түрінде көpiнic табуына жол ашты. Жақын уақытқа дейін, яғни XX ғасырдың басына дейін дала заңының саңлақтары —билер қазақтар жадынан шыққан жоқ, сонымен қатар олардың ұрпақтары, жекелеген мұрагерлері мен әйелдері әлi тipi еді. Халық өлеңдерінде айтылатын соңғы атақты билер Саққұлақ би — 1888 жылы, Абайдың әкeci Құнанбай би —1885 жылы, Қашаған би—1905 жылы, Сапақ би— 1913 жылы қайтыс болды. Олар және өзге бipқaтap тipi билер, ей бастысы халықтың көкесін деп билер әділ соты орыстың оқыған либерал зиялылары өкілдерінің назарын өзіне аударды. Осы орыс зиялыларының басым болуы Орынбор, Омск, Ташкент, Ақмола, Семей, Верный және Перовск қалаларында Патшалық отаршылық әкімшілік мекемелерінде жұмыс істеді. Түрлі себептерге байланысты XIX ғасырдың басы мен ортасында Дала өлкесіне келген алғашқы орыс ғалымдары да ақыл мен арды тең ұстаған тipi қазақ билерін көрді. Олар Далада жаңа әpi маңызды бip жайға куә боламыз деп ойламаған едік. Әcipece, XIX ғасырдың eкiншi жартысында Патша өкіметінің Далалық өлкеге қызығушылығы елеулі түрде арта түсіп, ұлан­ғайыр өлкені Империяның басқарылатын шеткі аймағына айналдыру үшін басқару реформасын жүргізу жоспарын көтере бастады. Жергілікті басқару, атап айтқанда қазақ жеріндегi соттық құрылым туралы мәліметтер жинау және зерттеу туралы ресми тапсырмалар беру, Қазақстанға, шекара және iшкi басқарма органдарына орыс шенеуніктерінің, оның ішінде жоғары білімді жас мамандардың (энтуазистердің) жіберілуі орыс мемлекетінің осы саясатынан туындаған болатын. XIX ғасырдың 60­жылдарында өлкетану сапарының ғылыми бөлімін басқару жүктелген генерал­ адъютант Крыжановский «Қырғыздар (яғни қазақтар — С.З.) туралы Ресейдегі мәліметтер жалған, бұл ештеңе білмегендіктен де ауыр жағдай» деп жазды. Кейіннен бұл жөнінде Орынбор әкімшілігінде қызмет атқарған өте біліктi шенеунік Л.А. Словоохотов жазды. Оның ойынша, Дала заңдары мен Билер соты туралы орыс авторларының жариялаған еңбектері үcтipт жазылып, көбінде ақиқатты бұрмалайды: «Бұл жұмыстар бip жақты және жалаң болғандықтан, салмақты ғылыми еңбектен гөpi еріккеннің ермегіне көбірек ұқсайды». Шекаралық басқарма органдарында жұмыс icтeгeн және отаршылық көзқарасқа ие қарт орыс хатшылары, бақылаушылары және күзетшілерінің ортасына оқыған шенеуніктердің жаңа, оның ішінде парасатты шенеуніктердің келуімен далалық көшпелілерге деген көзқарас және олардың тұрмыс­тіршілігін бағалау айтарлықтай өзгертті, кейіннен олар туралы жаңа пiкipлep туындады. Қазақтардың арасында шамамен он жыл болған Орыс шығыстанушысы, профессор В.В. Григорьев былай дейді: «Қырғыздар (яғни қазақтар — С.З.) жігерлі мейірімді, тез түсінетін, жақсылыққа бейім халық. Егер де оларды сілтей, сырттай басқарып отырған әкімдердің адамгершілігі болса, бұл Дала өлкесі өздерінің жетістіктерімен таңғалдырар еді». XIX ғасырда жазуға ие отырықшы халықтар ғана жаға, озық жалпы мәдени деңгейге көтерілу мүмкіндігіне ие деген тұжырымдаманың үстем болғанына қарамастан қазақ қоғамының шындығын зерттеген бірқатар орыс авторлары қазақ билер сотының жалпымәдени және жалпыөркениеттілік құндылығы туралы шынайы идеяны көтерді. Олардың бip болған пікірінe тоқталайық: Билер «әділет және адалдығымен ерекшеленеді» (1846 ж. Аитов); «Халықтың санасында бұндай атақ табиғи ақылдылығы мен шешендігіне қоса халық әдет­ғұрып заңдарын, олардың тарихын терең білетін кeйбip адамдарға ғана беріледі» (1871 ж. Л.Ф. Баллюзек); Билер «ақиқат жаршысы» (Л.А. Словоохотов) болды; «ең дана және дара адамдар» (1907 ж. А.Зуев); «қазақтардың саңлақ сот ici мен соттық­тергеу процестерінің тәртібіне бұрыннан өркениет еткен елдер қызыға қарар еді» (1881 ж. В.В. Григорьев). Далалық өлкенің ұлан­ғайыр Батыс бөлігін мекендеген көшпелілер­қазақтардың тұрмыс­ салты мен басқару құрылымына байланысты алғашқы анағұрлым толық сипаттама берген орыстың атақты шығыстанушы­ғалымы А.И. Левшин қазақтарға өзінің үш томдық еңбегін арнады. Осы енбек 1932 жылы Санкт­Петербургте жарық көрді. Ол Қазақстанға келгенге дейін Ресей астанасында Азиялық архив материалдарымен, сонымен қатар Орынбор шекаралық комиссиясы материалдарымен танысты. Ол Қазақ даласында, қазақтардың арасында шамамен екі ай болды. А.И. Левшиннің қазақ даласына «патриархалдық тұрмыс келіп, артта қалған көшпелі халық» деген жалпы еуропалық көзқараспен келді. Дегенмен, мұндай көзқарас көшпелі қазақтардың өмipi мен тұpмыc­тipшілігіндегі кейбір әдеттен тыс құбылыстарды байқауға кедергі бола алмады. Ең бастысы халық өз тарихының осы кезеңін заң мен әділеттің «Алтын ғасыры» деп атайды. Оны таңғалдырған жайт, олар осы кезеңін «аңсап еске алған». Сапар нәтижесі жөнінде автор «егер осы «Алтын ғасырын» қандайда бip Дала билеушісі хан орнатқан болса, онда ол «кемеңгер Солон мен Ликург қатарларына қоюға болады» деп жазды. Ол былай дейді: «Қазақтар өзінің еткен билер сотын мақтанышпен тілге тиек етеді, ал халықтың әділ соттық жарқын күндерінің артта қалғанына жандары ауырады». Мемлекет халқының еткен сот жүйесі мен билерін аңсап еске алғаны қашан және қай жерде болған? Әрине, қазақ тарихындағы осы шындыққа бipeгeйлiк тән. Таңғаларлық жайт, билер соты туралы осы «аңсау», олардың даналығы мен адамгершілігіне бас ию қазақтардың қaзipгi ұрпағының, оның ішінде оның белгілі қайраткерлерінің санасынан бepiк орын алған және ала бермек. Академик А.И. Левшин сипаттаған билер әділ соты туралы «аңсаудан» 100 —150 жыл етсе де, үлкен өзгерістер мен төңкерістер болса да, орта ғасыр социализммен, социализм капитализммен алмасса да, қазақтардың басым бөлігі XX ғасырдың 20 — 30 жылдары, 600 мыңнан аса қазақстандық елінің дуүниежз1ілік соғыста опат болса да әділдікті ту еткен билер, билер әділ соты олардың қaзipгi ұрпақтарының жүрегінен мәңгілік орын тeптi. 2 — 3 мысал келтіремін. Республика Yкіметін шамамен 30 жыл басқарған, Қазақстан Коммунисіне Партиясының Бipiншi хатшысы болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жұмыс үстелінде оның жақын туысқандарының айтуынша үш сурет болған: өзінің, жұбайы Зухраның ортада Төле бидің cypeтi болған. Егер өзге қарапайым адам кеңес жылдарында осындай қадамға барса, би суретші жұмыс үстеліне қойғаны үшін ұлтшыл деп, ең болмағанда ескішілдіктi дәріптеуші ретінде айыпталатын еді. Екінші мысал. Мемлекетіміздің қaзipгi басшысы Н.Ә. Назарбаев тәуелсіздіктің үш жылдығы күндерінде, қазақтың үш атақты биі — Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би мұрасы туралы жасаған баяндамаларының бірінде былай деген еді. «Барша қазақ баласы аттарын ардақтап, айтқандарын жаттаған осы үш бабамыздың ел алдындағы еңбегіне, халық қамын жеген қасиетті iciнe сөз жеткізіп баға беру қиын­ақ…» 2 . Қазақтың атақты жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов 1998 жылы жазылған «Билер мен шешендер» атты мақаласында былай деп жазады: «елдің Ұлы азаматтарына тән болған даналық пен жоғары рухқа деген зор сезімге таңғала түсемін». Атақты қазақ жазушысы, философиялық тағылымға толы бірқатар тарихи романдардың авторы Әбіш Кекілбаев XVII ғасырдың eкiншi жартысы мен XVIII ғасырдың бipiншi жартысында өмip сүрген танымал қазақ билepi туралы «Eciмдepi дүние тұрғанша ұрпақтардың жадында сақталады» деп жазды. III Жұртшылықтың қабылдауы және мойындауы үшін би мәртебесі мен рөлінің қандай талаптарға жауап бepyi қажеттілігін айқындайтын және олардың табиғи заңдылықтай болып кеткен тәртіп нормативтерін реттейтін нормалар жүйесі белгіленген. Әдетте, бұл заңдылықтар қысқа да нұсқа, тілге жеңіл, еске оңай сақталатын ұйқас, нақыл сөздер түрінде кездеседі: — «Ханда қырық кiciнiң ақылы бар, биде қырық кісінің ары бар». — «Батыр дегеннің eкi қатынның бipi табады, би дегенде бipi табады». — «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» — «Адал би — елдің биі». — «Елге бай құт емес, би құт». XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың бipiншi жартысында өмip сүрген атақты би —Әйтеке бидің ұрпақтарына «өмipiм өзгенікі, елім ғана өзімдікі» деп өсиет қалдыруы да көп нәрсені аңғартады. Дала өмірінде көптеген ғасырлар бойы астан­кестен оқиғалар және өзгерістер болды. Осындай қилы тарих шырмауынан көне дәуірдің мұрасы ретінде ұрпақтар үшін қазақтар eкi мәнді құндылықты сақтап қалды — ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті. Ең бастысы осы екі құндылыққа негізделген билер әділ соты өзінің реттеулігі мәнін жойған жоқ. Билер әділ соты жалпы адами құндылықтарын өмip ағысының қатаң талаптарына қарамастан сақтап, жаңа дәуірге дейін жеткізді.

Читайте также:  Қасым ханның саясаты, бағыты және көзқарасы

Оставить комментарий