ҚАЗАҚ БИЛЕРІ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

Қазақ құқығы — қазақ халқының және барлық көшпелі өркениеттің мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихи ерекшелігі және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы далада, көшпелі өркениеттің негізін құраған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен рөлінің құлдырауына соқтырғандығы таңқаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақтың ата заңында аумағы кең даланың «еркіндік» қабілетінің сақталуымен, «оқшау» орналасуымен түсіндіруге болады. Дегенмен де, орта ғасырдағы қазақ даласындағы мәдени-шаруашылық тоқыраудың белең алуы, өркендеп өскен басқа елдерден көш-құрым артта қалуы қоғам дамуына да әсерін тигізбей қоймайды. Ұлан-байтақ Орта Азия аумағы тарих саханасының соңғы шебіне ысырылып тасталды да, ұзақ уақыт бойына ұмыт қалды. Жат елдердің көшпелілер даласын отарлау саясатының іске асуымен байланысты қазақ қоғамы тарих бетіне қайта ене бастады. Бұл өзгерістер қазақ құқығының кейінгі тағдырында да және оған баға беруден де көрініс тапты. Ортағасырлық шығыс, оның ішінде түркі, қытай және моңғол жазбаларында, сондай- ақ кейбір батыс және орыс жаһангерлерінің, зертеушілерінің және жаңа замандағы жергілікті қайраткерлердің еңбектерінде біз Қазақстанда «Алтын ғасыр» дәуірі болды деген құжаттарды жиі ұшырасамыз. Олар халықтың жадында өткен өмірдің сағымы ретінде қазіргі заманға дейін сақталып келді. Ол жоқтан бар етіп, біреулердің ойдан 109 шығара салған қиялы емес. Өз мәні бойынша ол қазақ даласын отарлап алғысы келгендер мен оның еркіндігін аңсағандардың арасында болған үздіксіз күресті көрсеткен тарихи шындықты сипаттады. Ұрпақтардың арманына айналған бұл аңсаудың негізінде әділ төреші, ақыл мен арды тең ұстаған әрі шешен, тарихы тұлға «бидің» атымен байланыстырылатын «әділетті тәртіп» идеясы жатыр. Би Қазақ даласында хан болған жоқ. Бірақ ол жеке қасиеттері мен әлеуметтік межелер билігінде ханнан да жоғары тұрды. Сондықтан да халық арасында: «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» — деген түсінік қалыптасқан. Аса ірі зерттеулері үшін тірі күнінде «Қазақ халқының Геродоты» атанған орыстың көрнекті шығыстану-ғалымы А.И.Левшин ХІХ ғасырдың басында былай деген:»Было время, говорят благоразумнейшие из киргизов. Меньшей Орды, когда и наш народ жил в покое, было время, когда у нас существовал порядок, были законы и правосудие»-«Кіші Орда қырғыздарының көрнекті ақыл иелері қазақ халқының да үстемдік құрған уақыттары болған деп үнемі айтып отыратын[1, 169]. Автор ол кезеңді халық «аңсап» еске алатын «Алтын ғасыр» деп атайды [1, 23]. Қазақ халқының арасында көп жұмыс істеген және қазақ тілін жете меңгерген тағы бір орыс зерттеушісі А.Е.Алекторов өз бастауын көне заманнан алатын, бірақ ХІХ ғасырға дейін сақталған билер сотын таңдана суреттейді. Сот әділдігінің көне дәстүрлерін сақтаған билер, оның айтуынша, ежелгі демократия үлгілерін жүзеге асырған. Ол: «Каждый би и старик при разбирательстве дела считает священным долгом оказать тяжущимся полную беспристрастную справедливость. Он терпеливо выслушивает все малейшие подробности — как приносимой жалобы, так и оправдания и потом объявляет свое решение, принимаемое всегда беспрекословно и свято исполняемое»- «істі қарастыру кезінде би мен ақсақал дауласушыларға асқан әділдік танытуды өзінің қасиетті парызы санайды. Ол екі жақтың да дәлелдемелерін әбден тыңдап болған соң ғана өзінің әділ шешімін жариялаған және ол шешім міндетті түрде орындалған.»,-деп жазды [3, 4]. ХІХ ғасырдағы қазақтың көрнекті ғалым-зерттеушісі Ш.Уәлиханов былай деп тұжырымдады: «Билердің беделі Еуропадағы ақындар, ғалымдар мен адвокаттар сияқты өздерінің жеке бастарының қасиеттеріне байланысты болған. Шекспир мен Гетенің ақындық ұлылығы үкімет деректерінен тумаған, өздерінің дарындылығынан туған. Сол сияқты билердің де беделдері осы тектес реттелген» [4, 77]. Ортағасырлық қазақ қоғамының бүкіл құқықтық әлемінде негізгі бүкіл құқықтық әлемінде негізгі билік-«Дала Заңының» билігі болды. Ал оның қорының сақтаушысы, реформаторы және жүзеге асырушы күші — билер еді. Би, ең алдымен — сот (судья). Бидің өзі де, билігі де түп-тамыры халықтың тарихына байланысты. Сол себепті ол беделді, дәстүрлі билік қатарында болды. Ал хан билігін көпшілік бұқара әкім билігі деп таныды. Қазақтың мәдениет қайраткерлерінің бірі жазғандай: «Мықты билер, тілін алмаған хандарды бір кезде тақтарынан қуыршақша алып тастап отырған»[5, 265]. Би халықтың сана сезімінде ақиқаттың ақ туын көтеруші ретінде сипатталды. Оған дәлел ретінде билердің мына кәсіптік ұрандарын келтіреді:»Шыннан өзге Құдай жоқ»,»Малым -жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы». Билердің негізгі ісіне айналған бұл ұрандар адам үшін оның ар-ожданы мен намысын, адамгершілік, әділдік тұрғыдан қорғауды ең жоғарғы қадір — қасиет деп санаған. Бұл моральдық құндылықтар әділ сот мәселесіне тікелей қатысты. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», — деген нақты ержеден көрініс тапты. Қазақ қоғамындағы орын алған даулардың дәстүрлі және дәстүрлі емес бағыты болған. Дәстүрлі дегеніміз қоғамдағы болған қандай да бір мәселені сот яғни билердің шешімімен шешу болса, дәстүрлі емес хан жергілікті сұлтандардың көмегімен жүргізілген. Біздің бүгін зерттейтін бағытымыз қазақ қоғамындағы орын алатын даулы мәселелердің дәстүрлі жағы. Жалпы қазақ билерінің ерекшелігін, асқан шеберлігін суреттейтін боламыз. 110 Қазақ даласында би болу оңайлыққа түспеген. Оған күрделі талаптар қойылды. Тек «Құдайдың сүйген құлдары ғана » би бола алады [6, 12]. Бұл анықтама Қазақстандағы (Ақмола қаласында) отарлау әкімшілігінде қызмет еткен Ресей империясының ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунігі И.Козловтың қазақтардың әдеттік-құқықтық нормалары мен құқықтық институттарын арнайы зерттеу негізінде 1882 жылы жарияланған еңбегінен алынды. Автор сонымен қатар билердің «безукоризенной честностью, с природным умом»-«кіршіксіз әділ және білім иегері» болғандығын да жазды. ХІІІ-ХІV ғасырларда Шыңғыс хан дәуірінде өмір сүрген көне түрік руларының бірінен шыққан Майқы бидің рөлі мен орны қазақтың дәстүрлі әділ сотының негізгі қағидаларына айналған қысқа да нұсқа ережелерден көрініс тапты, мәселен : «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы-Майқы би», сондай-ақ тұтастай құқықтық және саяси тәртіпке айналған:»Әдет-әдет емес, жөн-әдет», «Тіл жүйрік емес, шын-жүрік», «Кеңесшісі бар ел кемімес», «Хан атаулының қазығы, қара бұқараның азығы». Кейбір деректер бойынша 93 жыл өмір сүрген (1663 жылы туған) Ұлы жүзден шыққан Төле бидің өз дәуіріндегі бүкіл Қазақ даласына атағы шығып, «Төбе би» атағына ие болғанын жақсы білеміз. Ол тоғыз жасынан бастап билік ісіне араласа бастайды, ал 15 жасында-ақ өз аймағына танылған биге айналды. Төле би мұрасын зерттеушілер «Төле би айтыпты» дейтін қағидалар қатарына: «Елге бай құт емес, би-құт», «Қабырғадан қар жауса-атан менен нарға күш, ел шетіне жау келсе- қабырғалы биге күш» деген ережелерді жатқызады. [7, 242] Өз заманында қазақ құқығының тарихында «заң шығарушыға» айналған Орта жүзден шыққан Қазыбек би де (1667-1764) өзінің артында бірқатар нормативтік- прецеденттік мәні бар мұра қалдырған. Мысалы ,»Ана-баласының қызғышы, өзін қиса да оны от пен өлімге қимайды». Қазақ билері өз ар-ожданы мен сот әділдігін жүзеге асыруда өзге Орталық Азия хандықтарындағы этникалық аймақтарындағы билерден, би-бектерден елеулі түрде өзгешеленеді. Қазақ билерінің жалпы түркі тілді кеңістіктегі әлеуметтік топтың, оның ішінде билеуші топтың ішінен даралануы қазақ-қыпшақ көшпелі өркениетінің өзіндік ерекшелігі негізінде қалыптасты. Қазақ-қыпшақтардың Ұлы даласындағы билердің дамуы Орта Азия даласының, басқа бөліктеріне қарағанда өзгеше жолмен өрбіді. Қазақ билері тек әділ сотты ғана жүргізді, ал көршілес түркі жерлеріндегі «би» титулын иеленушілер елбасының жанында әкімшілік және кеңесшілік қызметтер де атқарған. Қазақ билері көшпелі және жартылай көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдағы соттық-құқықтық істе ұрпақтар даналығы мен білімін меңгерген зиялы топ ретінде қалыптасты. Әдет құқығының нормативтік байлығын меңгеру және оны шебер қолдана білу, шешендік шеберлік пен халық алдында өзңн көрсете білуі, халықтың тарихы мен тұрмыс-тіршілігін жетік білуі-билердің үлкен билік жолына жолдама алуының басты шарты болды. Атақты зертеушілердің бірі Д.Самоквасов орыстың және Еуропаның соттық жүйесін жақсы біле отырып, 1820 жылы қазақ құқығын зерттеген. ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы Қазақ даласында өмір сүрген ұлттық мәдениеттің ірі қайраткері С.Сейфуллин де қазақ биінің болмысы мен табиғатын ерекше сипаттап берген болатын. Ол:»Елдің ескіліктен өкшеліп келе жатқан жол-жоба, салт, дәстүр, заң ережелерінің дәстүр жинақтарын, бұрынғылардың шежіресін, өнегелі, үлгілі сөздерін жадына көп тоқып, жатқа айтуға ұстарған, «билігі жүрген» ру басылардан көсем шыққан, өздері де тұрмыстан туған қорытынды сөздерді әдемілеп жұптап, ұйқастырып айта алатындай болған шешендер би атанған»,-деп жазды. Сондай бір бидің даналығын асыратын, шешендігін көрсететін Меркі өңірінде өмір сүрген өзі батыр, өзі би Сыпатай батыр да көрегендігімен, шешендігімен ерекшеленген ардақты, әрі аруақты тұлға. «Сөз келгенде сөйлетпейтін кім едің? Дау туғанда билетпейтін кім едің? 111 Ел басқарар ақылың мен түрің жоқ, Мәмбеталы деген әкім сен бе едің? Айтқан сөзім жүйелі, Жүрген жерім киелі Сыпатайың мен едім» деген сөз тіркесінің өзінде қаншама күш жатқанын анық сезінесің [8,23]. Қазақ билері тәжірибесін терең тану барысында «Медиация» заңының қазақ тарихында бұрын соңды болғанындығына және қазіргі заманда жүзеге асырудың маңызды құралына айналғанын тілге тиек еткіміз келеді. Медиация — даулы мәселені оңтайлы шешудің балам тәсілі Медиация сөзі латын тілінен аударғанда делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді.Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болмақ, яғни екі тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілетін келіссөз рәсімі.Бейтарап медиаторды тарту арқылы келісімге келу жолымен уағдаластырылатын елдерде ертеректе қалыптасқан, заңдастырылған [9,20]. Тіпті судьяның даулы мәселені қарау барысында, дауласушы тараптармен ақылдаса отырып, келісімге қол жеткізу мақсатында медиаторларға жүгінуіне мүмкіндік беру үрдісі қалыптасты. Мысалы, АҚШ-та сотқа дейін тараптар дауының 95% пайызы бітімге келу арқылы оң шешімін тауып жатса, аталған көрсеткіш Англияда 87% пайыз, Словакияда 37% пайыз құрайды екен. Медиация тәжірибелері Қытай, Германия, Венгрия, Корея мемлекеттерінде де қолданылуда. Неміс мектептерінде медиация курсы енгізіліп, оқытылуда. Дүниежүзілік статистикалық мәліметтер бойынша даулы мәселелердің 30-40 пайызы осы медиация арқылы өтіп, 85-90 пайызының оң шешім табатыны анықталған. Кеңестік дәуірдің өзінде қылмыстық істер бойынша Литва мен Молдова республикаларында медиация тәртібін қолдану жолға қойылып, жақсы нәтиже беріп, мемлекет миллиондаған қаржы үнемдеген екен. Ресейде дауды делдалдардың реттеуінің балама рәсімдері туралы заңы өткен жылы 27 шілдеде қабылданып, биыл 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Медиаторға судьяның өкілеттігі, шешім қабылдау, оны орындату құқы берілмеген, керісінше ол тараптардың өзара тиімді бітім арқылы келісімге келулеріне ықпал жасайды. Дауласушы тараптар арасындағы кекшілдік, бір беттілік, қыңыр, тәкаппар мінездер басымырақ болып, нәтижелі келісімге кедергі болған жағдайда, кикілжіңнің әрі қарай өршімеуі үшін білімді, беделді, бейтарап медиатордың көмегі өте қажет. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрайымы, судья Алмаз Тәшенованың айтуынша, бұл азаматтық істер бойынша дауларды қарайтын судьялар жүктемесінің көптігінен туындаған мәселе екен [9,21]. Көбінесе сот шешіміне бір ғана тарап қанағаттанады, екінші тарап сот шешіміне риза болмағандықтан істі апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында қайта қарауға өтініш береді.Аталған сатылардың әрқайсысының өзінің уақыт мерзіміне байланысты істерді қарауы бірнеше айларға, ал кейбір жағдайларда жылдарға созылуы мүмкін. Медиация заңның негізгі бағыты, алдымен тараптардың соттан тыс нысандарын көздейді және азаматтарды қылмыстан арылтып, тараптардың мүдделерінің қалпына келуін, аса қатаң жазаларды қолданудан сақтайды. Даулардың қарау сапалары артып, дауласуға қайырымдылық эмоциялық санадан арыламыз. Сонымен бірге бұл заң тәжірибесінің дауласушы, жанжалдасушы тараптардың, келешек өмір тіршіліктерінде бір- біріне кек сақтамай, бір болып, татулықпен жүріп, адамгершілік пен азаматтық ірілік қасиеттері жоғарылап, үстем болып жүрулеріне ықпалы болады. Негізін айтқанда, медиация Заңы қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата-бабалар жолымен дәріптелген, дәстүрлі әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, тиімділігі мен болашағы мол іс болып табылады. 112 Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында құқық қорғау органдарына жаңа бағыттағы реформалар жасау жөнінде нұсқау беріп, талап қойды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін қайта қарастырып, оны жаңартулары мен толықтырулар енгізе отырып, қайта шығаруды басты назарға алған. Бұл тек биылғы ғана жолдауында емес осыдан екі жыл бұрын жасаған халыққа арналған Болашақтың іргесін бірге қалаймыз атты Жолдауында да Құқық қорғау жүйесін реформалау аясында тапсырмалар берген болатын, қазіргі таңда жеміс беріп, біршама оң жұмыстар атқарылуда. Меншікті қорғау бағытында құқықтық тетіктері енгізіліп, үлкен қоғамдық қауіп төндірмейтін қылмыстар бойынша қылмыстық заңдылықты ізгілендіру жүргізіліп, бас бостандығынан айырумен байланысты болмайтын, сондай-ақ қамауға алуға балама жазаларды қолданудың аясы кеңейтілді. Осының арқасында биылдың өзінде ауырлығы жеңіл және орташа қылмыстары үшін сотталған екі мыңға жуық адам бостандықтарынан айыру орындарынан шығарылды» делінген жоғарыда аталған Жолдауында. Бүкіләлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс салдарынан жұмыс орындарының қысқаруына байланысты жекелеген қылмыс түрлерінің өскендігі статистикалық деректерден көрініс табуда. Әсіресе, жасөспірімдер, әйелдер мен қыздар арасындағы ұсақ ұрлық, алаяқтық сынды қылмыс түрлерінің белең алуы алаңдаушылық туғызуда. Олардың бәрін құрықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартып, түрмеге отырғызудың әкелер пайдасы да, ешқандай ұтымы да жоқ. Одан гөрі келген залалды өтеу, бітімге келтіру, татуластыру сияқты ата салт-дәстүрінің пайдалы тәжірибесін жүзеге асырып, қолдану аясын кеңейткен дұрыс. Өйткені халқымыздың «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген аталы сөзі көптің жадында. Сот төрелігінің негізгі мақсаты – қылмыс жасаушыларға бірыңғай қатаң жаза қолдану емес, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру. Елімізде жүргізілген қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылуда. Біріншісі – заңдардан сотталуы тиіс, ұсақ-түйек қылмысты қарайтын баптарды алып тастау да, екіншісі – қалпына келтіру және екі тараптың бітімге келіп, татуласуына байланысты іс жүргізуді қысқарту. Әлімсақтан қазақ халқының сан ғасырлық өмір тәжірибесіне көз жүгіртетін болсақ, өткен дәуірлерде билер мектебі болған. Ол қазақ даласындағы демократияның жарқын көрінісі ретінде танылды. Ауыл мен ауыл, ру мен рудың, жеке адамдардың арасындағы қатынастан туындаған даулардың түйінді шешімдерін, бірлік мен ынтымақтың, қарапайым ұлылықтың қаймағын бұзбай, алымды, дуалы ауызды, сөздің ұтымын айта білетін, отты, орақ тілді би бабалар, көсем де шешен ақсақалдар мен аталар әділ, тура кесім айтып отырғанын білеміз. Қазіргі таңда даулы мәселелердің ұлғайып, сотқа жүгінушілер санының жылдан- жылға артып жатқаны статистикалық деректерден белгілі. Соны азайту, сөйтіп, жоғарыдағыдай өміршеңдік тәжірибе негізінде, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру бағытында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылы 28 қаңтарында қабылданды. Осы заңның төңірегінде билердің данагөй, дуалы ауызды, сөздердің ұтымын айта білетін, отты, орақ тілді би бабаларымыз, көсем де шешен ақсақалдар мен аталарымыз, әділ, тура кесім айтып шешіп үлкен елдік пен ірілікпен, бітімгершіліке келтіріп шешу бағытындағы дәстүрлі тәжірибе болғаны баршамызға белгілі. Бұл, әрине, сонау әлімсақтан, ғасырлық тәжірибеден бізге жеткен қазақ ұлтының өмірлік тыныс-тіршілігі мен салт- дәстүрінен келе жатқан құнды тәжірибелер емес пе? Қазіргі таңда даулы мәселелер ұлғайып, сотқа жүгінушілер саны жылдап артып жатқаны статистикалық деректерден белгілі. Бітімге келу, татуласу, бір-біріне кешірім жасау тәжірибелерінің біздің ұлтымыздың өткен тарихи тірлігінде бар болғаны бәрімізге аян. Қазақ халқының «Даудың биік шыңы — бітім» деген керемет қазыналы, мағынасы терең аталы сөздері бар емес пе? Осы ұлағатты өсиеттің қасиеттері біздің медиаторлар 113 бойларында болады деп болжауымыз керек. Медиаторлар тізілімін жергілікті атқарушы органдар жүргізу керектігі заңмен реттеліп айқындалған. Медиаторларға аталған заңмен қойылатын талаптар да жоғары. Әрине, медиаторларды іріктеуде үлкен талапты сұраныс болғаны жөн. Себебі, медиаторларды іріктеуде, өмірлік, еңбек өтілі бар, тәжірибелерлі жоғары судьяларды да қатыстырып өз қорытындыларын беру мүмкіндіктері белгілі ережемен бекітіліп көрсетілсе, дұрыс болар еді есептейміз. Негізін айтқанда, медиация Заңы қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата- бабалар жолымен дәріптелген, дәстүрлі әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, тиімділігі мен болашағы мол екеніне кәміл сенім білдіреді.

Читайте также:  Қазақ ССР жоғарғы советі

Оставить комментарий