Қазақ билерінің шешімдері: ерекшеліктері мен түрлері

Қазақстан құқықтық жүйесі өзінің қалыптасу кезеңін бастан кешіріп отыр. Құқықтық жүйе мемлекетіміздің құқықтық еткенше үлгілі, нәтижелі сабақтастық арқылы ұлттық сипат алады. Қазақтың құқықтық өмірінде билердің орны ерекше болған. Олардың шешімдерін зерделеу — құқықтық өткенімізді толыққанды тануға мүмкіндік береді. Қазақ билерінің шешімдерін үлгілік (прецеденттік) құқық деп бағалау — бүгінгі үйреншікті үрдіс. Шын мәнінде, қазақ билері шешімдерінің үлгілік мәні құқықтың осы түріне деген қалыптасқан көзқарастан өзгешелеу еді. Шешендік сөздер тек билер туындысы деген пiкip айтқан Сәкен Сейфуллиннің «пәлен бидің cөзi екен деген сөздің көбін осы бидің өз жанынан шығарған cөзi деп бекіте айту қиын. Өйткені, бip бидің сөзін екінші бip би жаттап алып, өзінікі қылып айта берген. Осы күні бip рудан «пәлен би айтқан екен» деген сөздерді тексеріп келсең, ол биден талай жыл бұрын басқа бip би айтқан сөз болып шығады» деген тұжырымын елемей өту жаңсақтық. Аталар cөзi деп көне мақал­мәтелге сүйену сонау түркі дәуірінен бастау алатын әдет. Дей тұрғанмен, халқымызда билер ата­баба сөзін қолданып, нақты дауды өзінің қара басының пайдасына қарата шешушілерге жол бермеген. Ондай кезде билер «молданың айтқанының бәpi шариғат емес, ата­бабаңның айтқанының бәpi қатып қалған қағидат емес» деп, icтi нақты жағдайға байланысты әділ шешуге тырысқан.

Қазақ билері бітіктерінің ерекшеліктері. Билер шешімдерінің басты ерекшелігі — ауызша шығарылуы. Жазбаша шешімдер қатарына шербешнай (төтенше) билер сазының шешімдерін жатқызамыз. Keйбip құқықтанушы ғалымдар Жеті жарғының да жазбаша нұсқасы болғанын жоққа шығармайды. Билер шешімдерінің ауыз өкімі — олардың бірден­бір өмip сүру ортасы еді. «Сөз қадipi — өз қадірің», «Өнер алды — қызыл тіл», «тойымсыз болса көзің жау, орынсыз болса сөзің жау», «басқа пәле тілден», «тілмен түйілгенді тicпeн шешу қиын», «cөзi бұрыстың — арты ұрыс», «жол қуған жауға, сөз қуған дауға жолығар», «жүйелі сөз иесін табады, жүйесіз сөз иесін қабады», «таяқ еттен, сөз сүйектен өтер», «қызыл тілден бал да тамады, қан да тамады», «сөз семсерден бетер сілейтер», «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «жүйелі сөздің иесіне мың салауат». Тізілген мақал­мәтелдер сөзіміздің дәлелі. Ерекше есте сақтау қабілеті арқасында би шешімдерінің бұрмаланбай бүтін, тiгici сөгілмей толық таралуын қамтамасыз етті.

Читайте также:  БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА

Ауызша таралуы арқылы шешімдер мүдделі тұлғалардың сана­сезіміне, кейін осы арқылы ic­әрекетіне, мінез­құлқына он реттеушілік әсер етті. Билер бітімдері сыртқы тұрпаты жағынан қысқа да нұсқа қанатты сөз, өрнекті өлең немесе толғау түрінде (мысалы, Бұқар бидің толғау­шешімдері) болған. Халқымызда «ымды білмеген дымды білмейді» деген нақыл бар. Бip таңғаларлық ерекше жайт — кейбір билердің ортақ бітімге сөзбұйдалыққа салынбай, ым­ишара арқылы өзара ымыраластыққа қол жеткізген. Кiшi жүздің Алшын руының бip биі Бекболат бимен жолығып, eкi қолын айқастырады, алақанын жұмып­ашады, қолын сермейді, түйістіреді. Бекболат би бұл әрекеттердің бәріне басын изеп, он саусағын көрсетеді. Бидің үнсіз әрекеттері соңынан Бекболат би былайша түсіндіреді: «екі қолын айқастырғаны — алысуға дайынмын дегені, алақанын жұмып­ашқаны — татуласайық дегені, қолын сермегені — қылыш серместірейік дегені, қолын түйістіргені — дос болайық дегені, ал, менің он саусағымды көрсеткенім он күн ішінде тарту­таралғыңмен кел дегенім» — депті.

Қазақ билері кесімдерінің келесі бip ерекшелігі — eкi дауласушы жақты татуластыруға бағытталуы. «Алдыңа келген даугер жеңіп не жеңіліп кетпеciн, жеңілдеп қайтсын» деген қағиданы билер қатаң ұстанған. Найманның Қаракерей руынан шыққан Боранбай би бip бүлікті ат құйрығына байлап өлтіріңдер» деп үкім кесіп, кейіннен eкi ел арасын араздастырмайын деп, бастапқы шешімінен айнып, кeшipiм береді . Сөйтіп, ынтымақты eкi рудың арасына сызат түсірмей, ымыраға келтіру пиғылымен, сабырлылық пен салауаттылық танытып өлім жазасына кесілген күнәһардың «ажалын» алыстатқан. Сирек те болса icтi сәлем жолдау арқылы шешу — аузын айға білеген билердің бітіктерінің айрықшалығын арттыра түседі. Мысалы, Қожам бидің Тулақ деген кiciгe сәлемдемесі . Қазақ билерінің кесімдерін дестелеу. Би шешімдерін әр қилы критерийлерге байланысты жіктеуге болады. Билердің дәрежесіне орай орда, ұлыс және ру биінің бітімдері деп саралауға болады. Билердің бұлайша түрленуі олардың шешімдеріне еш әсерін тигізбеген. Кез келген би атақ­дәрежесіне қарамай icтi әділ әpi тез шешуге міндетті болатын. Олай болмаған жағдайда, би елінің алдындағы би деген беделінен айырылады, жауапқа тартылады.

Читайте также:  Эгоистік тілдің формалары туралы

Ал, қаралатын дау түріне қарай жер дауы, жесір дауы және құн дауының шешімдерін ширатамыз. Жер дауы аталған даулардың басым көпшілігі құраған, өйткені, көшпелі өмірдің өзінен туындайтын. Көшпелі қоғамға би тұлғасы сақ дәуірінен тән құбылыс. Сол кезден бастау алған билік бітім кесу дәстүрі кеңестік кезеңнің (ХХ­ғасыр) 30 жылдарға дейін сақталған. Осы дәуір аралығын бірнеше кезеңге бөліп, әр кезеңнің билерінің шешімдерін саралауға болады.

Қазақ құқығын қалыптастыруға, жүзеге асыруға (қолдану, халық арасына насихаттау­ түсіндіру) және дамытуға билер ерекше үлес қосқан. Осыған орай олардың шешімдерін құқық түзуші (жасаушы), құқықпәрлеуші және құқық қолданушы кесімдер деп жіктеуге болады. Мұндай шешімдердің мысалдары Б. Адамбаев, Н. Төреқұлұлы және т.б. құрастырған жинақтарда жеткілікті. Қазақтың заманында Бас Заңы болған Жеті жарғыда жазықсыз кici өлтіргенге «қанға —қан» кесетін қатаң қағида бар. Елді ipiтуді емес, бipiктipуді көксеген көсемсөзді билер алаш баласының арасын араздастырмау мақсатында бұл ереженің қолдану аясын мейлінше тарылтуға талпынған. Осы мақсаттағы шешімдер құқық түлетуші сипат алады. Қазақ билерінің құқықтық төреліктеріне шербешнай (төтенше) билер сиезінің шешімдері мен қаулыларын жатқызуға болады. Онда көбіне қылмыстық ic жүргізу (процессуалдық) нормалар дүниеге келген. Ереже беттерінде патшалы Ресейдің заң баптары қазақ қалпына қарай икемделген.

Оставить комментарий