ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей: — оқушылардың базалық білім, ептілік дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру; — оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту; — оқу материалын игеруде және оның іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру; — белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтамақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру; — көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану; — оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру; — оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану; — оқыту барысында әртүрлі шапшаңдықпен және әртүрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу; — дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану; Қазіргі таңда қазақ әдебиеті сабақтарын оқыту барысында көптеген ірі блокты жүйелі түрдегі модульдер қолданылуда. Соның негізіне орай модульдік оқыту технологиясы назардан тыс қалмайды. Модуль — бір-бірімен тығыз байланысты ірі блоктар, бағдарламадағы тақырыптар. Блокты модульды оқыту барысында, яғни оқушы бойында бұрыннан қалыптасқан еңбек іс-әрекет тәсілдері мен жаңа іс-әрекет тәсілдерін өзара жинақтау нәтижесінде оқушылар бойында шығармашылық іс-әрекеттерді қалыптасады. Оқу модулінің құрылымы мына жобада жасалады: 1)өзекті мәселені қою; 2)өзекті мәселені талдау және мұғалімнің қажетті кіріспе ақпаратты хабарлауы; 3)өзекті мәселені шешу мүмкіндіктерінің көрінуі. Оқушылар шешуге болады деген өзекті мәселелері ұсынады. мұғалім бұл ұсынысты толық түсіндіріп береді. 4)Өзекті мәселені жаңадан құру 5)жаңадан құрылған өзекті мәселенің бір нұсқасын бірге талдау 6)Бейнелік ұқсастықтарын ұсыну. Тікелей жекелік фантастикалық ұқсастықтар беріледі. 7) алға қойылған өзекті мәселені талапқа сәйкес шешімдері немесе белгіленген топпен шешуге ықпал етуге дайындау. Модульдеп оқыту технологиясы бойынша берілетін тапсырма шағын бөліктерге берілетін тапсырма бөлініп беріледі. Әр бөліктің өз алдына жекелеген мақсаты болады. Шағын мақсат нәтижеге тез оңай жетуге мүмкіндік береді [1.25]. Модульдік әдіс бойынша оқушыға мынадай талаптар қойылады: тыңдай білу, тыңдау арқылы түсіну, диалогты сөйлесу, оқу, оқуға дайындалу, жазу, монологты сөйлесу. Қазақ әдебиеті сабақтарында оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу. Мұғалімге нәтижені талдап түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Технология жобасындағы негізгі обьект оқу тақырыптары дидактикалық модуль. Қазақ әдебиеті сабақтарында модульдік оқытудың тиімділігі: — әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады; — оқушының жеке қабілеті айқындалады; — іштей бір-бірінен қалмауға тырысады; — тапсырмалардың күрделену деңгейіне сәйкес оқушылардың ойлау қабілеті артады; — әр бала өз деңгейіне, қабілетін қарай бағаланады; — жұмыс дәптерінің соңында әр деңгейді орындағаны жайлы белгі қойылып, жиналған ұпай санын оқушылар өздері жазып отырады; — сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын біледі. Мазмұнына бірнеше рет қайтып оралу арқылы оқушының қарапайымнан күрделіліктеріне репродуктивтік білімнен шығармашылық ізденіспен жұмыс жасауына, түсіну деңгейінен тасымалдау деңгейіне дейін меңгеруге мүмкіндік туғызады. Мұғалімнің модульге енуге дайындық жұмыстары мынандай қадамдардан тұрады: 1 қадам. Міндетті білім, іскерлік, дағдылардың көрінуі, берілген тарау, бөлім немесе тақырып бойынша курстың бағдарламасын, білім берудің мақсаты мен міндеттерін меңгерту; 2 қадам. Модуль бойынша негізгі кілті болатын, негізгі мазмұнын көрсететін сөздер мен тақырып бойынша негізгі мазмұнын бөліп алу. 3 қадам. Берілген модуль бойынша оқу материалының барлық мазмұнымен танысу. 4 қадам. Барлық тақырыптар бойынша тірек схемаларын дайындау. 5 қадам. Оқу модулінің жалпы мазмұны бойынша тест тапсырмаларын құру. 6 қадам. Пәннің ерекшеліктеріне саәйкес релелік сынақ, сынақхат немесе бақылау жұмыстарын дайындау. 7 қадам. Диалогтық бөлімді дайындау. Сабақты ұйымдастыру түрлері ойластырылады. Оқу материалының мазмұнына сәйкес әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар дайындалады. Енді оқу модулінің әрбір структуралық құрылымына жеке-жеке тоқталайық [2.388]. Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны: 1. оқытудың жалпы мақсатын қою; 2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу; 3. оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау; 4. оқу әрекеттерінің жиынтығы; 5. нәтижені бағалау Оқушыларды оқу мақсатымен модульмен таныстырамын. Оқушылар: оқу мақсатын, өзіне қойылатын талапты, лексикалық және грамматикалық тақырыпты, модульдің мазмұнын, жұмыс-үрдісін, нәтижесінің бағаланып және түзетіліп отыратынын біледі. Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: 1. кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу) 2. сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру) 3. қорытынды бөлімі (бақылау, тест) Әрбір оқу модуліндегі сабақ санының ауытқуы тақырыпқа байланысты бестен тоғызға дейін тиімді деп есептеймін, себебі сөз қорының молаюы аз мөлшермен беріліп қайта-қайта жаңартылып, өз пікірін ортаға сала алатындай болуы керек. Модульдік оқыту технологиясының міндетті шарттарының бірі – оқытуды ойын түрінде және түрлі белсенді оқыту формалары арқылы ұйымдастыру. Бүгінгі таңда ойын оқыту үрдісінің тиімді тәсілдерінің бірі деп есептеледі. Ол сабақта табиғи тілдік қатынас жағдайын құруға әсер етеді, оқушыларды оқу үрдісіне белсенді қатысуға еріксіз тартады, ынталандырады, пәнге деген қызығушылығын тудырады. Модульдік оқыту жүйесінде іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор. Оқушылар әртүрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Ойындарға өз алдына қойылатын жеке талаптары бар. Олар: — ойынның мақсаты нақты әрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылу керек; — ойын ережелері оқушыоардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі шағын болуы тиіс; — ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет; — ойын жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай алуларына, ойлана білулеріне жол көрсетуі қажет. Психологтардың бекітуі бойынша бөлімді жақсы меңгеру үшін мақсатты оқушылар қабылдау керек, яғни қозғаушы күш болып себептілікке айналу қажет. Ол үшін психологтардың пікірі бойынша мақсатқа жету жолдарын бөліп көрсету [3.7]. Жаңа білімдер енді-енді қалыптасып жатқанда оны сөзбен жеткізу өте ауыр. Жаңа сабақты түсіндірген кезде белгі модульдерін сызбаларын қолдану неғұрлым тиімді екенін эксперимент дәлелдеп отыр. Адам қандай да болмасын құбылысты түсінгендігін, меңгергендігін сезім арқылы көрсету керек. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі бүгінгі күннің талабы. Қазақстанның дамуына білім мен ғылымның әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алуға оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі таңда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдау еркіндігі тиіп отыр. Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі: — жалпы білім сапасын жоғарылату; — сабақтың тиімділігін жоғарылату; — дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау; — оқушылардың мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау; — жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы. Модульдік технология алға қойған мақсатқа оқушылармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Модульдік оқыту технологиясының тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруда және оны дамытуға ықпалы зор. Жас ұрпақты білімді өз бетінше меңгеруге, ойлау, есте сақтау, ауызша және жазбаша дамытуға дағдыландыруда модульдік технологияны оқытудың маңызы зор [4.12]. Қорыта келе, оқушының құзырлылығы модульдік оқыту технологиясы арқылы дамиды. Оның ішінде мәтінмен жұмыс арқылы танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді. Пайдаланылған әдебиет 1. М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» Алматы, 2002 2. Оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін дамытуда М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясымен оқытудың тиімділігі» // «Білім сапасын бағалаудың мәселелері: Әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі». Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Көрме материалдары. Жинақ. – Алматы, 2008. – 388 б. 3. Ана тілі газеті Г. Жайдарова // Модульдік оқыту технологиясының қолданылу облыстары / №7 2010 4. Сыныптан тыс журналы Ж. Айбарова // Әдебиет сабақтарындағы модульдік оқытудың ерекшеліктері / № 5 2011

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar