Қазақ елі туралы өлең шумақтары

Ұлан ғайыр даласы бар кең байтақ,
Алтын толы шың құздары түсі аппақ,
Қаратау мен Алатауын құшақтап.
Қолтыққа алып күміс өзен көлдерін,
Теңіздерін жолатпаған қысты аппақ.
Кең әлемді қобызымен тербетіп,
Өрт ішінде тектілікпен сыр сақтап,
Көк Бөрідей ханыменен ойы асқақ,
Адамзатқа ізгіліктен ой тастап,
Үйсін,Адай,Жалайырын құшақтап,
Керей, Уақпен, Найман атты ұлдары,
Қоңыратына бауыр тартқан Көк Қыпшақ
Маңдай тері ер үстінде моншақтап,
Қанды тырнақ қалың жауға иілмей,
Тауға біткен шыңдар тектес түйіндей,
Майхы бидің ұран қылған сөзіндей,
Ұстасақдеп, туған елді бүлдірмей,
Әр төбесін қызғыштардай қорғаштап.
Скиф,Гундар, Сақ,Қыпшақтар ерлігін,
Жалау қылып түсірместен қолға ұстап,
Үні болар ұлы дана халқының,
Ұрпағынан кетпес үшін ырыс бақ..
Өртте қалған жолбарыстай ызалы,
Жаудың құрған жан жағынан тұзағы,
Шеңбер құрған от шоғынан жүз аттап.
Қасірет шегіп кеудесіне мұз қаптап
Бізге жеткен ғасырлардан ұлы көш,
Ата Түрік шаңырағын сау сақтап.!
Қырғын көрген, аштық көрген жан қысқан,
Бірі Үрімге,бірі Қырым тау асқан.
Озбырлардың шырмауын түспеске,
Талайлары жат елдерде адасқан.
Қаратаудан зарын айтып көш өткен,
Елімаулап от кеудесін мұң басқан.
Ашылмаған қара бұлтты қанды аспан.
Сұрапылы ажал болып жалғасқан.

Қайран ерлер сол апаттан қорғауда,
Басын беріп құрбандыққа қан құсқан.
Жау талаған аямастан әр тұстан.
Білмес үшін келер ұрпақ бабасын,
Сұмдық түрін ойлап тауып сұм дұшпан.
Парақтарын тарихының жыртқызып,
Балғынына шайтан уын жұтқызып,
Әрбір ойға көміп кеткен шаң басқан.
Залымдыққа жаны қатал не дерсің,
Уақыт емдер салған қанды жарасын,
Соқса дағы небір дауыл борасын,
Бақыты үшін ажалменен алысқан,
Қара тастай төзімімен таң құшқан.
Оқымақ боп өлмес мәңгі ерлігін,
Үңіледі жаңа заман данышпан.
Көз алдында күй шертеді далалар,
Қол созады құм астынан қалалар.
Қарғыс айтып ессіздікке соғысқа,
Тіл қатады әрбір қырдан бабалар.
Дем біткенше бірде тыным алмаған,
Азаттықтың сұңқары боп самғаған.
Ел намысы тұздық болып кеудеге,
Ерліктерін келер күнге жалғаған.!
Сор кешсе де жоғалтпаған елдігін,
Жасай білген талай ұлтқа кеңдігін.
Дастарханын тұз дәмімен кең жайып,
Жомартықтың ұсынған ол сый гүлін.
Босағадан аттағанмен көрісіп,,
Үзім нанды кең пейілмен бөлісіп,
Бауыр тартып орын берген төрінен.
Мұндай ғажап сұлу елді көріппе ең?!,
Жан түршігер күн кешсе де зорлықпен,
Қайғы жұтып большевиктер өртінен.
Жазылуға құлдық азап дертінен
Қаймықпастан ізгілікке ұмтылып,
Айырылмаған имандылық көркінен.
Болашаққа жүктеп арман үмітті,
Ұрпақ үшін жүректерін шам қылып,
Нажағайдай ойнап көкте түн тілген
Соқтықпалы сан соқпақты жолдарда,

Читайте также:  ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘН-МАҒЫНАСЫ

Бас иместен әділетсіздікке тор ілген,
Жартастарды жарып шыққан шынардай,
Жапырақ жайып қайта өсіп жетілген.!
Тәңір өзі сол өрлігін көрдіме,
Арман қылған бақыт құсы туды елге.
Желтоқсанның қатқан мұзын жібітіп,
Бақыт құсын сыйға тартты төріне.
Бодандықтың тас лақтырып көріне.
Жетелеумен азаттықтың өріне,
Қуат беріп талықсыған деміне,
Қашан көрсең ән тұратын көгінде,
Қасиет бар құдірет бар тегінде,
Гүл өргізіп ұлы дала беліне,
Көк байрақпен кең құшағын жайнатып,
Шырақ жағып өшпейтұғын мәңгіге,
Ерік берді еркіндіктің әніне:!
Ата заңы­алтын кітап қолға алып,
Қайта туып жаңарғандай қуанып.
Ізгіліктің жолын талмай іздеумен,
Егемендік шуағына нұрланып,
Туған елге шашқан ажал уларын,
Қанаушының жауып атом сынағын.
Кейін серпіп қалың қызыл тұманын,
Құмнан аршып ана тілін бұлағын,
Қайта тауып қасиетті Құранын.
Отты жүрек жаратылған ел үшін,
Өзі болып зерек ұлы Зиманның,
Жарқыратып жағып ғылым шамдарын,
Нарықтықтың терең зерттеп заңдарын,
Ойлауменен мақсат қойып ел қамын,
Келер күннен күтіп ашық таңдарын,
Сенім жүктеп аманатқа тапсырып,
Сұлтан сайлап елін сүйген қыранын,
Адамзаттың сеніп ақыл ойына,
Бейбіт күнге шақырғаны жер шарын!
Мәңгілігін тілеп келген жазының,
Жасай біліп келісімін ғасырдың.
Жеңілмейтін жасампаздық ерлікпен,
Алшасынан тұрғыза алып асығын,
Таңдандырып қадамымен алғашқы,

Тектіліктің көрсете алып тасқынын.
Азат елдің туын биік көтеріп,
Сақтай біліп ата­жолдың дәстүрін.
Аржағына мұқиттардың қол созып,
Ұлы достық сезімімен қосты үнін.
Теңіздердей ағылғаны мұнайы,
Ел тілегі әрдайымда жақсы ырым.
Көш басында жұлдыздардай жарқырап,
Ізі қалды Қонаевтай жақсының.
Сыр болмады онда бөлек жасырын,
Қуанышқа бөлеп халқын асылын,
Даласына толқып бидай піскенде,
Қамбаларға құйып жатты астығын.
Тер төккенді еңбекпенен кім жеңбек,
Армандары алыстарға жетелеп.
Аюлардың тиген талай таяғы,
Қиын күндер бастан кешкен баяғы,
Қала берді арта кейін біртіндеп.
Бірге шығып ынтымақпен үндері,
Сан ұлт ұлы қол ұстасып гүлдеді.
Бір­біріне қамқор болып мейіріммен,
Батыл қадам баса берді ілгері.
Еңбек етіп ерінбестен езіле,
Жайқалдырып пана болған кең жерді.
Қызыл тұман астында бір күн кешкен,
Тайынбады олар әсте күрестен.
Қуанышын бір бөлісіп теңдіктің,
Болашақпен бір туғандай көріскен.
Жетсе деумен барша адам мұратқа,
Азат таңда әділдікпен жеңіспен.!
Еркін алып еркіндіктің тынысын,
Молайтуға туған елдің ырысын.
Бой түзеді Астанасы Есілде,
Бәрі, бәрі ата жұртым ел үшін.
Ірге тасын қалап берсе ел басым,
Жалғастырып сүйсінерлік ұлы ісін.
Ала таңнан құрылысшылармен бір тұрып,
Жақындатып алда келер жеңісін,
Тоқтатпастан жеміс толы жұмысын,
Көтеріскен қабырғасын бас болып,

Читайте также:  Қырғыз романындағы тарихи тұлғалар бейнесі

Иманғали кемеңгер ұл­туысым.!
Көшесінде­таңның тәтті сырлары,
Құшағында­алтын күннің нұрлары
Бар әлемнің сұлулығы тоғысқан,
Бұл Астана мәңгіліктің жыр әні!
Азаттықтың алаулаған шырағы,
Азиямның зәулім биік шынары.
Бар маңайы гүл жамылып құлпырған,
Бәйтеректе бабалардың тұмары
Жауға шапқан ерлікпенен ту байлап,
Бөгенбайдай жан бабамның ұраны!
Бізге жеткен алтын қанат қыраны.
Сәкен ақын іздерінен сыр айтқан,
Өр Рухтың сусындатар бұлағы.
Сылаңдаған Есіл ашқан құшағын,,
Бұл Астана кім­кімнің де арманы.!
Шілдедегі жұлдыздардай самсаған,
Бұлбұлдардай тамылжыта ән салған.
Бір­бірімен тайталасқан ажары.
Аққулардай сұлу біткен қыздары,
Шын достықтан соға білген қорғанды,
Алпамыстай батыр тұлға ұлдары.
Қуаныштың сыйын тартып жаныма,
Қан қосқандай тамырыма қаныма
Туыс қылып барлық ұлтты халқыма!,
Күмбірлеген күйлерімен шалқыма!
Бара қалсаң сусыныңды қандырып,
Ақындары жыр жұлдызын жандырып
Түнің де жарық қылар мұндағы
Алға тартып Серік дүлдүл тарланды,.
Еске салып Ғафу сырлас ағаңды.
Фаризадай жаны мөлдір апаңды,
Қоғабайдай қадір тұтып бағаңды.
Мәди достай жазған жүрек жарамды.
Көрсете алып махабатын сезіммен,
Қолдан түспей Муза берген қаламы.!
Кеуде тосып көктемдердің желіне,
Қадам басқан өркениет төріне.
Әлдилеген ақ сүт берген анаңдай,
Қуанасың бағы жанған еліңе!

Оставить комментарий