Қазақ халқының қалыптасуы туралы

Қазақ халқы қай мезгілден бастап өмір сүре бастады деген сауалдар ауқымында, түрліше пікірлер көптеп кездеседі. Бағзы біреулер қазақ халқы беріден ХVII-­ХVIII ғасырдан бастап өмір сүре бастады десе, енді бірі қазақтың қоғам болып қалыптасуын Алтын орда хандығының ыдырауымен байланыстырады. Біздіңше бұлар үстірт айтылған ұғымдар. Қазақ халқының өмір сүрген географиялық мекен жайына, оның тіршілік жолындағы еңбек жолына, салт­санасына зер салсақ, қазақ халқы өте ерте кезден өмір сүре бастаған көне халық адам баласының бірінші қалыптасып, қоғамдасып өмір сүре бастаған жерлері табиғаты жылы аймақтар екені баршамызға белгілі. Ертедегі оқулықта адам баласынының алғашқы өмір сүре бастаған жері Египеттегі табиғаты жылы Ефрат, Тигр өзендерінің жағасы деп жазылған болатын. Содан кейінгі ұрпақтарда сай­салалы, өмір сүруге ыңғайлы үңгірлі жерлерді мекендеп, аш, жалаңаш, жабайы аңдардың етін, дала өсімдіктерінің дәндерін қорек етіп өсіп­ өнгені тарихтан белгілі. Бұл жағдай адам баласын «ұшарын жел, қонарын сай білетін» көшпенділік жағдайға душар етті. Табиғаттың тегеурініне төтеп бере алмаған адам баласы тіршілік жағдайына байланысты бүгін мыңда, ертең басқа жерге жылжып жүре берген. Күн көру жағдайына байланысты сол көшпенді топқа басқа елсіз топтар қосылып, олардың күші, саны молая берген. Енді берірек келіп адамның сана­сезімі өсіп, құрал­сайман жасап табиғат күшіне қарсы тұрарлық жағдайға келгеннен кейін, сол көшпелі топтағы жеке бөлімдер тұрақты өмір сүруге бейімделе бастаған. Ертегі аңыздарда адам баласы Адам ата мен Хауа анадан тараған дейді. Қазіргі тарихи деректерде адам деген сөз қазақ пен еврейлерден басқа халықта кездеспейді. Осыған қарағанда қазақтар Адам ата мен Хауа анадан тараған ұрпақтардың алғашқылары болар деген ұғым көңілге орала береді. Өйткені қай халықта да балаларына атасының есімін беру салты қалыптасқан. Бұл ата­ананы ұмытпай есте қалдыру, оны құрметтеу мақсатында болған секілді. 1925 жылы Ташкент қаласында жарық көрген ардақты азаматымыз Мұхамбетжан Тынышпаевтың шежіресіне қарағанда қазақтар ертеде, Кавказ тауларын, Қырымды, Сібірді жайлап, түрліше саяси күн көріс ақуалдарға байланысты қазіргі кіші жүз жерлеріне Еділ, Жайық аймақтарына ауысқан деген бағыт айтады. Шынында да бұл тұжырым көңіл аударарлық. Кавказдағы көптеген халықтардың, соның ішінде Карачайлардың тілдері, салт­ саналары, сыртқы әлпеттері қазақтарға ұқсас. Олар қазақтар Кавказ тауларынан қоныс аударғанда ермей қонысында қалып қойған ертедегі қандастарымыз да болуы мүмкін. Бір жерде тұрақтамай, барлық қиындықтарды жеңе отырып, көшпенді салтың ұзақ сақтауы, қазақтардың өте ерте кезден бар екендігіне көз жеткізе түскендей. Ал, енді қазақтардың ертеден бар екендігіне көз жеткізетін азды­көпті жазба деректерге көңіл аударалық. Қазақ халқы жөніндегі ең көне мәліметтер біздің заманымызға дейінгі 490­425 жылдары өмір сүрген грек тарихшысы Геродоттың еңбектерінде де кездеседі. «Тарих атасы» атанған Геродот тарихи деректерді жинақтап 9 томдық еңбек жазып қалдырған. Бұл еңбек соңғы рет 1972 жылы Ленинградта аударылып басылды.

Геродот еңбегінің I жөне IV томдарында Қазақстанға қатысты тарихи деректер айтылады. Оның еңбегінің I томының 203­205 баптарында Каспий теңізінің шығыс жағында жатқан массагеттер жайлаған кең даланы парсы патшасы Кир басын алғысы келеді. Кирдің бұл пікіріне Массагеттің әйел патшасы Томирис көнбей қырғын соғыс болады. Қазақ совет энциклопедиясындағы деректерге қарағанда (ҚСЭ, 5­том, 1974, 443 б) бұл соғыс 530 жылдары болған. Соғыста әйел патша жеңеді де, Кирдің бүкіл әскерін қырып, оның басын қан толтырылған сабаға салып «сен қан аңсап келіп едің, енді тойып жат» – деп еліне қайтарып жібереді. Сондай­ақ Қазақстанға байланысты деректер Геродоттың IV кітабында да берілген. Бүл кітаптың 1­2 баптарында Парсы патшасы 1­ші Дарийдің Вавилонды жаулап алғаннан кейін, өзінен бұрынғы Кирдің кегін қайтару үшін Скиф жеріне жорыққа аттанғаны баяндалады. Бұл жорық Кир жеңілісінен 16 жыл кейін, яғни 514 жылы басталады. Көне грек авторлары өздерінің терістігінде жатқан Ресей мен Азияны мекендеуші тайпаларды, соның ішінде сақтарды да скифтер деп атаған. Ал оларға көптеген тілде сөйлеген тайпалар кірген. Бұл айтылған деректердің Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар. Біріншіден, Геродот нұсқасы бойынша оқиға Каспий теңізінің шығысында болады, екіншіден, С.П.Толстовтың зерттеуі бойынша, массагеттер түркі тайпалары. Геродоттың айтуынша, скифтер құлдарын көбіне қымыз дайындату үшін пайдаланған. Қазіргі ғалымдардың пайымдауынша қазақ халқы көне түркі тайпасына жатады. Геродот еңбегіндегі кептеген жер, өзен этимологиясын көне түркі тілінен табуға болады. Дарий патшаның әскері тірелген Танаис өзенін кейбір зерттеушілер Сырдария болуы мүмкін деген болжамдар айтады. Сондай­ақ ерте кездегі Каспий теңізінің бір аты – Кердері, Орал қаласын ертеректе Теке деп атаған. Ал, Кердері, Тана, Теке – кіші жүзде кездесетін ру аттары. Геродот еңбегінде бұлардан басқа да тарихымызға қатысты ономастикалық, тілдік, этнографиялық және әдеби деректер кездеседі. Бұл кездесетін мәліметтер Қазақстан және оған көршілес өлкелерді көне заманнан түркі тайпалары мекендегенін дәлелдейді. Бұл тайпалардың көпшілігі қазақ халқының этностық құрамына кірген, сондықтан бұл мағлұматтарды көне көз тарихымыздың бастауы деп тануымыз керек. Біздің заманымызға дейінгі дәуірде өмір сүрген грек оқымыстыларынан кейінде, қазақ тарихына байланысты көптеген жазба деректер жарық көрген. 1020­шы жылдарда өмір сүрген атақты Фердоуси өзінің еңбегінде қазақ халқы және қазақ хандары туралы жазады. Бұған қарағанда қазақ Фердоусиден бұрын қалыптасып, өз алдына тәуелсіз қоғам болғандығы күмән келтірмейді. Фердоусидің айтуынша, қазақ ескі жұрт өзінің жауынгерлігімен, ел шабуымен заманында атақ алған, соғысқа шыққанда қазақтың тұтынатын қаруының көрнектісі найза болған. Кейіннен Азиядан қолына найза ұстап, жорыққа аттанғандарды жұрт «қазақ» деп атап кеткен. Кейбіреулердің «қазақ ноғайдан шыққан» деп жүру себебі, ноғай арасынан да қолына найза ұстап жауға аттанғандардың қимылы, өнері қазақтікіне ұқсас болған соң, олар да «Қазақ» атануы мүмкін­ау деген болжам жасауға болады. Қазақтың көне қауым екендігіне тағы бір дәлел – қазақ деген сөзге бір айрықша мағына беруге, басқа бір тілге аударуға болмайды. «Қазақ» деген сөз пәлен жұрттың тілі, түген жұрттың тіліне аударса, мынандай мағына шығады деп ешкім де айта алмайды. Осы кезге дейін ешкім де бұл жөнінде баспа бетіне жазған жоқ. Ориенталист Сенковский бұл туралы былай дейді: «Белгілі Бабыр мырзаның шағатай тілінде жазған кітабында қазақ деген сөз ұшырайды. Бабыр қазақты бетімен, өз еркімен жүруші мағынада түсініп, осыдан «қазақылық» «қазақламақ» деп өзгертеді. Мұнан анық көрініп отыр, бұл мағына қазақ атанған жұрттың тұрмыс­салтынан алынғандығы. Орыстарды татарлар билеп тұрған заманда крестиан табынан бөлек еркін болып, өздері тілегенінше бір жерден екінші жерге қоныс аударып көшіп жүрген орыс текті азат адамдар «қазақ» (казак) атанған. Соңынан осылардың аты Запорож, Дон казактарына тағылған: орыс жерінен қашып, Днепр, Дон жағаларын жайлағандардың бәрі казак атанған,: яғни өздерін қазақ сияқты азат адамдарымыз деп санайтын, һәм атайтын болған. Бұл болжам қазіргі біз қазақпыз деп кеудесін соғатындарға ой салып, тарихи деректерге жүгінуге тура келетінін, ешқашанда естен шығармау керек екенін көрсетеді. Жоғарыдағы айтылған пікірлер қазақтың өте ертеден келе жатқан ел екеніне көз жеткізгендей. Осы кезге дейін қазақтың ескі жұрт екендігі туралы Фердоусидің дәлелін бекерге шығарған ешкім болған жоқ. Ал, Фердоусидің қазақтар туралы жазғанына 10 ғасырға жуық мезгіл өтіп отыр. Демек, қазақ Фердоуси жазған жылы ғана қоғамдасуы мүмкін емес, ол жұрт оның ар жағында пәлен ғасыр бұрын өз алдына қауым болғандығы күмән туғызбайды. Егер Фердоусидің жазғаны осы күнгі біздің қазақ болмай, өзге жұрт болса, ол жұрттың қайда кеткенін ешбір тарихшы ғалымдар айтпайды. Қазақтың осы күнгі кейбір рулары: қаңлы, қыпшақ, керей, найман, т.б. Айсадан бұрын дәурен сүрген елдер екенін тарихшылардың көпшілігі растайды. Қалай болғанда да, арғы атасы түріктен бөлінбей тұрған заманда да, соңынан өз алдына жұрт болып құралған кезде де, қазақ жауынгер ел болып, кез келген жұртпен соғыса бергені баршаға да анық. Қазақтар өздерінің өрен ерлігі арқасында ғана жеке ұлт болып қалыптасқан. Қазақ ескі жұрт екендігіне дәлел етіп, Левшан, Фердоуси пікірін қуаттаса, Орта Азияны зерттеуші атақты ориенталист Герман Вамбери Фердоусиды да айтып, бұған қосымша Х­шы ғасырда «қазақ» жайынан жазған Константин Перфиродный сөзінде дәлелге келтіреді. Қазақтың ескі, бір тұқымнан өрбіген жұрт екендігіне олардың пікірін келтіре отырып, өз болжамында келтіреді. Вамбери: «Каспий теңізінен Алтай, Оралдан Тән­Шанға дейін жайылып жатқан қазақ даласындағы қазақ руларының тілінде, мінезінде, құлқында, әдет­ғұрпында еш айырма жоқтық, бәрінікі бірдейлік, қазақ жұрты бірыңғай бір тұқымды жұрт екендігінің дәлелі» – дейді.

Читайте также:  СРЕДНЕЕ ПРИИРТЫШЬЕ В ДРЕВНЕТЮРКСКУЮ ЭПОХУ

Ескі Қытай жылнамасына жүгінетін болсақ, түріктердің тарихта алғаш белгілі болуы – біздің жыл санауымыз бойынша 535 жыл. Бұған қытай императоры Мин­ди өлгеннен кейін басталған ішкі тартыстан Вэй империясының екіге бөлінуі себеп болған. Шығыс Вэй, Батыс Вэй болып екіге бөлініп, өзара жауласқан көне қытайлықтар көшпелілерден әрқайсысы өздеріне көмек іздеп, жан­жаққа елші аттандырған болатын. Тарихқа әйгілі болған 535 жыл осы Шығыс Вэй мен Батыс Вэйдің елшілерінің түріктерге қабаттаса келген жылы болатын. Бұл кезде түріктер ресми түрде жужандарға бағынғанмен, шын мәнінде билік тізгіні өз қолдарындағы жеке хандық болатын. Өзара қырқысқан екі патшалықтьщ (Шығыс Вэй мен Батыс Вэйдің) елшілерінің Жужандарға соқпай, түріктерге келуі осының салдарынан болатын. Кейін түріктер өзінің көршісі Теле тайпаларын, Жужан хандығын жаулап алып, 552 жылы тарихқа әйгілі Түрік қағанатын құрды. Содан құлағаны бар, қайта тұрғаны бар, Шығыс, Батыс болып екіге бөлінгені бар. Түрік қағанаты ХІІІ ғасырдың орта шеніне дейін шығыстың кең даласына үстемдік жүргізді. Тілдес, тектес көшпелі тайпаларды өз құрамында ұстады. Түріктердің батыс елдеріне белгілі кезі де осы қағанат болып дүркіреп тұрған шағы. Түрік қағанаты құлағаннан кейін оның құрамындағы бұрынғы тайпалар жеке­жеке бөлініп, өз хандықтарын құрды. Осы жаңадан құрылған бөлімшелер арасында қазақтардың бар екеніне шүбә болмаса керек. Үйткені қазақтың бірінші кереге жайып, шаңырақ көтерген жері – түркменмен шекаралас Каспий теңізінің жағалауы. «Түркі шежірелерінде киіз туырлықтылардың данышпан ақылшысы Майқы би деген кісі болған деп жазады. Бұл қазақтың арасындағы мақал­мәтелдерде айтылатын «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деп халыққа кең тараған «Майқы би». Майқы би Шыңғыс пен Жошы ханның кеңесшісі, жол көрсетушісі, бағыт­бағдар сілтеушісі болған. Шығыстың қазақ ішіне бойлай еніп, сүйікті жары Меркіт қызы Күлінмен бірге қазіргі Семей облысының Абай ауданына келіп, оны Шыңғыстауда хан тағына отырғызған үлкен салтанаттан кейін, яғни 1219 жылдан 1227 жылға дейінгі аралықта Майқы бидің Шыңғыс ханға кеңесші болғаны бірнеше деректерде кездеседі». (Ана тілі, қыркүйектің 5­і, 1991 жыл). Бұл деректерге қарағанда атышулы «Құпия шежірені» осы Майқы би жазбады ма екен деген ойға келесің. Шежіре – халқымыздың қасиетті мұрасы. Атадан балаға, баладан немере, шөбереге жетіп қазақ арасында ауызша таралып келген тарихымыздың жазбаша түрлері де аз болмаған. Бұл салада артына айрықша із қалдырған халқымыздың ардақты азаматтары: Шоқан, Ыбырай, Шәкәрім, Каракемпір Шеркеш, Мақаш Шолтырұлы және басқалары. Қазақ шежіресіне тек қазақтар ғана емес, Н.А.Аристов, П.П.Румянцев, А.Н.Бичурин сияқты орыс оқымыстылары да жете көңіл аударған. Кіші жүздің батыры Жанғожа Нұрмұхамбетұлы туралы кітап жазған И.В. Аничков Жанғожа шежіресін 1885 жылы Лейпцигте жарық көрген Герман Вамберйдің «Түркі халықтарының этиологиясы мен этнографиясы» атты кітабы бойынша жазғанын айтады. Қалай болғанда да, қазақтың Алтын Орда мемлекеті қирағанда олардан бөлініп шығып өз бостандығын қорғаған, осы күнгі қазақ атанған түрік руларынан құралғандығына тарихшылардың көбі бас иеді. Әлемді тітіркенткен Шыңғыс хан қылышынан қан тамып дәуірлеп тұрған кезінде үлкен баласы Жошыға Еділ, Жайық арасын қоныстанған Қыпшақ елін берген. Жошы билегеннен кейін ол басқарған аймақ «Жошы елі», «Жошы ұлысы», «Дәшті Қыпшақ» (дәшті – фарсыша «сахара, дала» мағынасында) деп те аталатын болған. Жошы өлген соң, Шыңғыс хан Жошы елі – дәшті қыпшаққа Жошы ұлы Батуды хан қойған. Кейбір тарихи болжамдарда Жошы әкесі Шыңғыстың бұйрықтарына салғырт қарап, езі жеке мемлекет болғысы келгені үшін Шыңғыс үлкен ұлын әдейі тапсырма беріп, аң аулап жүргенде өзі өлтіртті деген де болжамдар бар. Бұндай жағдайлар ерте кезде жиі кездесіп тұрған. Тіпті күні кешеге дейін әкесі баласын, баласы әкесін немесе бірге туған бауырларын өлтіру патша, хан тұқымында жиі кездеседі. Қыпшақ елін билеуге жөнелтер де Батуға Шыңғыс алтынданған ақ отау көтеріп беріп, билеген елін дәшті Қыпшақ – «Алтын­Орда» аталсын деген екен. Осы кезден бастап Қыпшақ елі Алтын Орда аталған. Қазақ халқы Алтын Орда ұлысына бағынышты болып тұрған кездерде де, ауық­ауық өздерінің де хандары болып тұрды.

Читайте также:  Теория міндеттерін қиындату

ХIV­ші ғасырдың соңында Алтын Орда мемлекеті құлаған кезде, оның құрамындағы көптеген тайпалар бас бостандығын алып жеке қауым болып қалыптасады: Алтын Орда құлағаннан кейін қазақ халқы да жеке мемлекет болып қалыптасты. Қазақтар басқа тайпаларға қарағанда әлдеқайда басым болды. Ол кезде қазақтың Арыстан деген ханы болған, ол бірден соғысқа 400 мың әскер аттандыра алған. Міне, осы кезде Алтын Орда ұлысынан тараған елдердің көбі өз еркімен қазаққа қосылған. Қазақтың үщ жүзге бөлінуі және бәрінің алаш атануы туралы да түрліше пайымдаулар бар. Кей тарихшылар халық аузындағы аңыздардан алып былай дейді: дәл қай кезде екені белгісіз, бұрынғы қазақ хандарының бірі қол астындағы елін үш баласына бөліп беріп, үлкеніне тигенін ұлы жүз, ортаншысына тигенін орта жүз, кішісіне тигенін кіші жүз деп атаған екен дейді! Енді бір болжамда Алтын Орда ыдырағаннан кейін қазақты билеген Ахмет хан әскерін: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз деп үшке бөліп, сол кездегі қуатты қарсыластары қалмақтармен соғысқан. Өзінің жауынгерлігімен аты шыққан Ахмет хан, одан кейін Әбілхайыр хан қалмақтарға жиі­жиі шабуыл жасап, мал­жандарын олжалап тыным бермеген. Шәкәрім Құдайбердіұлы шежіресінде: Әбілхайыр хан нөкерлерін көргенде қалмақтар «Алачи» деп шуласатын болған. Бұл сөздің мағынасына түсінбеген Әбілхайыр тұтқынға түскен қалмақтан бұл не деген сөз деп сұрайды. Сонда қалмақ – ол жан алғыш, аямаушылық, бұл сөзді қалмақтар жақтырмаған жағдайда айтады дейді. Бұған ызаланған Әбілхайыр хан қалмақтарды шапқанда алаш деп ұран тастап шабатын болған. Кейіннен бұл бүкіл қазақтың басын қосатын ұранға айналып кеткен дейді. Қалай дегенде де алаштап ұран тастағанда жікке бөлінбей, бұрынғы өкпе­назды еске алмай, бүкіл қазақ баласының және де оған туыстас, қандас халықтардың бірлікке ұмытылатыны баршамызға аян. – Қырғыз қазақпен туыс, салт­сана, әдет­ғұрпы жағынан өзге түрік тайпаларынан бізге жақын екендігін тарихшыларымыздың баршасы да қуаттайды. Бірақ та азда болса қазақ пен қырғыздың арасында айырмашылық бар екені де белгілі. Осыған қарамастан қырғыздар да өздерін «алашпыз» дейді. Бұған қарағанда Айсадан бұрын неше ғасыр өз алдына жұрт болған қырғыздардың қазақпен туыстас, діні, тілі, қонысы, тұрмысы, әдет­ғұрпы бірдей жауынгер түрік қауымдары екенін көрсетеді. Бұл жағдай қазақтардың кейбір тарихшылары айтқандай, беріден емес өте әріден келе жатқан көне қауым екендігін көрсетеді. «Алтын алашқа» қазақ езімен бірге бастапқы кезде Тұран атты, кейінірек Түркістан деп аталған ұлан­ғайыр біртұтас жатқан географиялық аймақты мекендеген туыстас түркі тілдес алты ұлысты жатқызған. Олар: өзбек, қазақ, ұйғыр, түркімен, қырғыз және қарақалпақ. Бұған қарағанда алғашқы кезде осы айтылған халықтар біртұтас ел болған секілді. Енді кейінірек «Алтын Орда» хандығы құлап, содан кейін Тұран әмірлігі талқандалғаннан кейін, алты алаштың басы қайта қосылмаған соң, сол аймақтың өңірі және кең жерді қоныстанған халқы қазақтар «алаш» атын өзіне ғана бағыттап сақтап қалған секілді. Қазірде де, кейде алты алаш деп айтатындар жиі кездеседі. Ал енді казақтың жүзге бөлінуіне келетін болсақ, бұл жөнінде түрліше болжамдар кездеседі. Жүз немесе ескі түрік тілінде Дуз – орда немесе ұлыс мағынасын береді. Шыңғыс хан көзі тірісінде балаларына енші беріп,, жеке­жеке ұлыс етіп шығарған. Хорезмді және Ертістен Батысқа қарай орыс жеріне дейін орналасқан Қыпшақ даласын үлкен ұлы Жошыға береді. Орта Азияны екінші ұлы Шағатайға, Жетісу, Шығыс Түркістан, Тарбағатай, Алтайды, қазіргі Батыс Моңғол жерін Үкітайға бөліп берген. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін ұлы хан болып Талдықорған облысындағы Еміл өзені бойындағы Қызылқорған қаласындағы ордада Үкітай отырды. Ал, оның қол астындағы рулар ұлы жүз рулары деп аталады. Арада жатқан Шағатай Ордасы орта орда деп, қол астындағы рулар Орта жүз рулары болып қалыптасқан. Жошы хан ерте қайтыс болып, орнын басқан Бату мен Орда­Ежен Үкітайдың баласы есепті, жолы кіші болғандықтан олардың ордасы кіші орда, ал қол астындағы рулар кіші жүз рулары деп аталған деген болжамдар бар. Саяси­әлеуметтік жағдайларға байланысты жүз құрамындағы рулар тұрақты болмаған. Олар бір жүзден бір жүзге қоныс аударып отырған. Тек ХVII ғасырда ғана қазақ руларының жүздерге бөліну процесі толықтай айқындала түсті. Қазақ жүздерінің қалыптасуы туралы екінші болжам: жер жүзін тітіркенткен «Алтын Орда» империясы ыдырағаннан кейін, қазақтар бөлінген ұлттардың басып құрап, жеке хандық құрады.

Читайте также:  Батыс әлемінің тарихы

Тарихшылардың тағы бір болжамы қай кезде екені белгісіз, бұрынғы қазақ хандарының біреуі елін үш баласына бөліп беріп, үлкеніне тигенін Ұлы жүз, ортаншысына тигенін орта жүз, кішісіне тигенін Кіші жүз деп атаған екен дейді. Қай халықта да, қай атада да, қай патшалықта да өзі билеген аймағын, дүние мүлкін ез балаларына бөліп беру салты өте ерте кезден бері жиі кездесетін жағдай. Сондай­ақ ерте кезде табиғат қиыншылықтарына қарсы тұрып өмір сүрудің қиын кезеңдерінде бір анадан тараған ұрпақтар да жан­жаққа бөлініп өмір кешкен, және де олар туыстығына байланысты топталатын болған. Жоғарыдағы айтылған болжамдарды сараптай келе қазақтың үш жүзге бөлінуі бір атаның үлкен баласынан тараған ұрпақтың ұлы жүз, ортаншы баласынан тараған ұрпақтың орта жүз, кіші баладан тараған ұрпақтың кіші жүз деп аталуы мүмкін­ау деген ұғым көңілге ұялай береді. Қазақ қауымында үлкенді сыйлаушылық, ағаны құрметтеушілік, кішіні жұмсаушылық дәстүрге айналған салтымыз. Бір үйдегі үш баланың үлкені шаруашылықпен, ортаншысы ел арасындағы дау­ жанжал билікке, кішісі ағасының ықпалында болған. Біздің бұл болжамдарымызды ел арасында кең тараған: «Ұлы жүзді қауға беріп малға қой», «Орта жүзді қамшы беріп дауға қой», «Кіші жүзді найза беріп жауға қой» деген мақалдарымызды растай түседі. Ол кезде қазақ халқының жауы көп болғандығы белгілі жағдай. Жоғарыдағы қазақ арасына кең тараған мақалдың мағынасына қарағанда, үлкендері шаруашылықпен айналысып, кішілері қолына найза алып, ел қорғауы, жүз атауы балаларға байланысты шығуы мүмкін деген пікірді растай түскендей. Мүсылман діні – исламның жер жүзіне кеңінен тарауы, VII­VIII ғасырлардағы Түрік қағанатының күшейген кезімен қарайлас. Түріктер жайлы ерте орта ғасырлық алғашқы мәліметтерде, яғни түріктердің арғы атасын мифтік Япеспен байланыстырудан арабтардың түрік мемелекетін құлатып, оны исламға тартуға ниеттенгенін аңғаруға болады. Мұсылмандардың геногиялық аңыз­әңгімелері «Таураттағы» (Библия) «адамзаттың атасы» – Адам Ата жөніндегі мағлұматтарға негізделеді. Адам ұрпақтарының бірі Нұх (Таураттағы ной) жер бетіндегі осы Нұхтың үш баласынан тарайды. Араб әдебиетінде түріктерді Япестің ұрпағы деп санайтын алғашқы мәлімет VII ғасыр ақыны Ахтале шығармасында кездеседі. Ал VIII ғасырдың араб тарихшысы Ибн Мукаффа түріктерді Мифтік Яджудж бен Маджудж (Таураттағы Тот және маг) тайпаларымен қатар Япестің ұрпағы деп қарастырған. Әйгілі тарихшы Әт­Табарил (839­923) түріктердің әйгілі шежіресін былай қойғанда, Яджудж бен Маджуджді түрік тайпаларымен теңестірген. Біздің мезгілімізге дейін түріктерді мұсылмандардың шежіресіне енгізген жазба дәстүр осылайша қалыптасады. Сынаптай сырғыған уақыттың етуіне сай мұсылман қауымының деректерінде мифтік түрік ұрпақтарының генеологиялық үлгісі пайда болды. (Ана тілі, 30 қыркүйек 1993 ж.). VIII ғасырда ежелгі түріктердің саяси жағдайы әлсіреп, оғыз тайпаларының күшеюіне байланысты түрік тілдес халықтар – қаңлы, қыпшақ, қалаш, қарлұқ, ұйғыр және агачерлердің арғы атасы Оғыз хан жайлы жаңа сюжетті генеологиялық аңыздар тізбегі қалыптасты. Ал, тарихи деректерден этникогенеологиялық аңыздардың Оғыз хан жөніндегі мұсылмандық және ұйғырлық екі нұсқасы белгілі. Оғыз хан туралы аңыздар түріктер арасында кеңінен тараған. Оғыздардың рубасы жөніндегі ауызша аңыз әңгімелер Махмуд Қашқаридың «Диуан Лағат әт­түрк», Рәшид әд­Диннің «Жылнамалар жинағы», тағы басқа жазбаша деректерге енген. Дәлірек айтсақ, Оғыз ханға байланысты эпикалық сюжеттер ислам дінін уағыздаған түрік тайпаларының шежіресінде тіркелген. Бұл шежірелердің ертеректегі бөлігінде «Библия» мен «Құранның», ежелгі түрк мифологиясының әсерімен қалыптасқан қиялды дүниетаным байқалады. Ал генеологиялық аңыз­әңгімелердің жекелеген бөлігі шындыққа жақын. Өйткені ондағы аталатын этнонимдер бізге тарихтан белгілі. Уақыт жағынан бізге жақындау аңыздардың қатарына қазақтардың шығу тегі мен оларды құраған тайпалар жөніндегі тарихи аңыздар жатады. Қазақ арасында кең тараған ертегілер, болашақты болжаған қиялдар емес, біреуден біреуге естеліктері арқылы жеткен көне тарихымыздың бастапқы желілері секілді. Халқымыздың сан ғасыр бойындағы ерекше тұрмысы жағдаяттар мен рухани болмысы шыңдауын жеткізген тұтқыр зердесі ақын­жыршылары айлап айтып тауыса алмайтын ұлы дастан, ұзақ аңыз­хикаяттармен бірге түп­тұқиян шежірелерін де сақтап келе жатқаны баршамызға аян. Олардың ғылым ордалары, архив қоймаларына жетпеген небір құнды үлгі­ нұсқалары кәрі құлақ қарттардың жадында немесе әулет мұрасы ескінің қайнар көзіндей жазылып­хатталған күйінде сақталып келе жатқандары даусыз.

Бұрынғы ғұлама ғалымдардың пікіріне, қазақ арасына кең тараған аңыздарға қарағанда, қазақ халқының тегін Нұх пайғамбардан тарату қажет секілді. Жер жүзін топан суы басқанда, тіршілікті сақтап қалу үшін, Нұх пайғамбар әр мақұлықты жұбымен кемесіне мінгізіп, Қазықұрт тауының басына шығып аман қалған дейді. Бұл болжамды Ислам діні де уағыздайды. Бұл ілім былай тармақталады: Нұх пайғамбардан – Қам, Сам, Япшы атты үш бала. Самнан – Ағым, Ғабар, Шалық, Арпақшат, Орған, Аштақ, Тарах. Тарахтан – Азар. Ал, Азардан – Ыбырайым пайғамбар. Ыбырыйым пайғамбардан – Ысқақ, Сұмағұл атты екі бала. Нұх пайғамбардың нәсілі – Қамнан Кушит, Нубиліктер, Хананей, Пунти, Хет, Вавилон. Япшыдан – Шын (Қытай), Тұран (Түркия), Шын ­ Мәжін (Үндістан). Ыбырайым пайғамбардың баласы Ысқақтан – Хайдар, Табиғи, Түрік. Табиғидан – Массагет, Кассах, Сам, Махалла, Сахтан­Әнсарф, Халит. Халиттан – Әннас Сахаба, Ухас Сахаба. Ухас Сахабадан – Кавказ, Тәжік әм Иран халықтары тарайды. Ысмағұлдан араб халықтары қожалар тарайды. Қожадан – Шәмші Ахмед, Шайхы Бұзырық. Шайхы Бұзырықтан – Арыстанбай, Ахмед Яссауи. Шәмші Ахмедтен – Қорасан қожа, Қырықсадақ, Диуана Қожа, Бақсайыс, Ақ Қожа, Жүсіп Қожа, Сейт қожа, Түрікпен қожа, Қылышты қожа. Қорасан қожадан – Құрбан қожа, Жақып қожа. Жүсіп қожадан – Ұлан қожа, Қосым қожа, Құлтай қожа. Әннас Сахабадан – Мадат, Охастин, Ғажат, Сыбай. Мадаттан Өзбек, Ұйғыр, Гагауз, Қашқар. Охастиннен – Түрікпен, Балқар, Қарашай, Құмық

Оставить комментарий