Қазақ халқының рухани жағдайы

Мен кесенеге тағы да келіп тұрмын. Қақпада құлып салынған. Кесене қызметшісінің үйінде екендігін де білемін, егер оған барып жолықсам, оның ішке кіргізетіндігі сөзсіз. Мен осы ұлы Абайдың зиратына, қасындағы тас үйдегі мұражайына 1989 жылы келіп, суретке қалай түсіргенім есімде. Онда мен қазіргідей екі күн бойы жол жүріп, әбден шаршап келген жоқ едім. Осыдан он бес жыл бұрынғы сапарымды есіме алдым, сондықтан шаршағаныма, айналамдағы көңілсіз көрініске онша мән берген жоқпын. Бұл дала жалғыздығының даралығын іздеу болатын. Мен ол кезде ол сапарымды солай атаған да емеспін, бірақ мені осы дала төсіне бастап келген де сол мақсат еді. Мен өмір бойы жалғызбын, дала рухындағы жалғыздықтың қандай болатындығын іздеумен болдым. Мен жалғыздықтың сан түрімен салыстырып көрдім, жалаң мәдениетсіз өмір сүруді жалғастырдым. Кесенеден онша алыс емес жерде өзек бар. Мен оның жағасында тұрмын. Бір кездері осы жерде, айталық осыдан жүз жыл бұрын ұлы Абай жетілген мәдениет туралы ойланғаны анық. Мен оның жалғыздығын өзімнің жалғыз — оқшаулана алмайтын кезімде түсіне бастадым; бұл басқа адамның жалғыздығын көруге қабілетті маңызды трансформация болып есептеледі: оқшауланған жалғыздық өзге жалғыздықты көруге қабілетсіз. Абайдың жалғыздығын сезінгенде Абайдың азаптанғанын, Абайдың рухын көргендей болдым. Сол кездегі дала жалғыздығының даралығы да тап қазіргідей. Мен бұл арада нағыз жалғыздық туралы айтып отырмын. Жалғыздық дегенді былайша түсінуге болады: арман ешқашан орындалмайды, жағдай ешқашан ойдағыдай болмайды, қиындықты қабілетті дүниеде ештеңе сезілмейді. Бұл табиғат берген өмірдің нақты көрінісіндегі адамның жалғыздығы: су тасқыны, үскірік аяз, жабайы адамдардың шабуылы. Бұл ақиқат өмірді танып, ілгері қарай ұмтылатын жалғыздық. Бұл алдағы күнге деген үрей туғызатын жалғыздықтың салдарынан әлсіздікке ұрынатын жалғыздық. Бұл феноменді адам — ілгері қарай жүргенде арқасынан ызғар сезінетін саяхатшы. Бұл ойдан шығарылған адам емес, менің түсінігімше ол сол даралыққа, сол шындыққа сай келетін бірден бір адам. Жұмбақ дүние, арман, бейнелер ең нағыз мәдени жетістіктер деген осы. Мен өзен жағасында тұрып Абайдың өмірінің соңғы жылдары өткен үйге қараймын. 1989 жылғы алған әсерім еске түседі, бұл қазақтың үйі, мен ондай үйлерді көп көрдім. Бұл бір жағынан қарағанда тұрғын үй ғана емес, мәдени жетістік болып көрінеді. Мені дәстүрлі қазақ әлемінен белгілі бір қашықтық бөліп тұр, бұл қалаға тән елес емес, нағыз шындық. Сол екі аралықтағы тік жарды көргенде мен қорқынышқа бой алдырғандай боламын. Бұл менің сол кездегі саяхатымның басы болатын, 36 жасымның ішінде алғашқы рет дала төсін аралауға шықтым. Мен «Человеческие последствия ядерного оружия в Казахстане» («Қазақстанда ядролық қаруды сынаудың адамзатқа тигізетін зардаптары») деген кітабымды жаза бастадым. Кететін күні ядролық радиацияның адамға қалай әсер ететіндігі туралы көп оқыдым. Сол саяхат кезінде ядролық сәулеге адамның физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік жағынан адамның реакциясы қандай болатындығын көруге, түсінуге және ой елегінен өткізуге тура келді. Сонымен бір мезгілде өзімнің туған халқыммен арада жатқан қашықтықты айқындайтын адам даралығын іздеуге талпындым. Ауылдағы адамдардың бірде­ бірі мұндай кітапты жазуға шамасы келмеді, мүмкін оған білімдері жетпеген шығар, бірақ біліммен қатар бұл орайда рухани жағынан оқшауланған қашықтықта болу керек тәрізді, сонда ол құбылысты нақты көре береді. Мен дала төсіне келгенімде хал­қадірімше қазақша сөйлеуге тырыстым, ауыл адамдарына уақытша болса да өздерінің адамындай көруіне күш салдым. Дала адамымен алғашқы кездескен сәтте­ақ абыржып қалғаным рас: бұл әлем маған таныс, бірақ бөтен де. Оны басқа елдің бөтендігімен салыстыруға болмайды. Адамдардың әрбір іс­қимылы, маған етене таныс. Сол ауылда болған күндерімде абыржып, қапаланып кеткендей әсер алдым. Демек, туыс туысқандікі, бөтен бөтендікі; мен алдыма рухани маргинализмнің проблемаларын философия тұрғысынан шешуді мақсат еткен емеспін, өзімнің өмірімді енжарлықтан құтқардым. Абай дәуірінің адамы мен менің дәуірімнің адамын ерекшелендіретін жағдай мынадай, 19­ шы ғасырда қазақ өмірінде тәуелсіз адам өмірінің құбылысы болған жоқ, ал менің дәуірімде өмір тәуелсіздікте болуға мүмкіндік алды. Ұжымшылдықта (қауым, ру, тайпа) жеке өмір (тәуелсіз) болмайды, онда ұжыммен бірге өмір сүре отырып жеке өмір таба қою қиын. Онда жеке өмір кеңістігін отбасы, туған­туысқандар, басқаның жағдайлары тұмшалап тастайды. Дәуірдің алмасуы кенеттен жеке өмірдің бар екендігін білдіреді, ал жеке өмір азаптану, бишаралық халге түсуді көрсетеді. Жалған ұжымшылдықта «Өз өміріңді сүр» деген таныс сөздер кездесетіндігін өзімнің тәжірибемнен білемін, бұл сөздің мазмұнына сай келмейтін бос әңгіме. Жалғыздық тәуелсіз өмірдің кеңістігі. Ол белгілі бір уақытқа дейін бос кеңістік күйінде болады. Ал бос кеңістік үрейлендіреді және бас сауғалап қашуға итермелейді. Біз сол кеңістіктен қашамыз, сонда өзіміздің жеке өмірімізден қашатындығымызды сезбейміз. Жеке өмірдің қайырымды кеңістігі. 1989 жылы дала адамдарымен әңгімелескенімде жалғыздықтың сакральдығы (қадір­ қасиеті) туралы көп сұрадым, мен сол кезде­ақ сакральді нысандарын іздеп өзімнің экология жөніндегі кітабыма материалдар жинадым. Далалық ұжымшылдықта қайта қалпына келтіруге болмайтын бүлінушіліктің бар екендігін жақсы түсіндім. Менің алыс арғы аталарымның ұжымшылдығы бүлінді, олар маған дейін өзінің тіршілік ету нысандарының сакральдығын жеткізе алған жоқ. Менің алыс арғы аталарымда сакральдықтың болуы мен өмір сүретін кезде ғайып болды. Бұл тарихи процестің басталған кезін Абай байқаған болатын; сондықтан маған рухани қожыраудың байқаушысы болуға ерекше қажеттілік жоқ. Шын мәнінде мен маргинальды болған емеспін, өйткені, менің ата­анам рулық мәдениеттен тыс өмір сүрді, олардың тұрмыс­тіршілігі нағыз рулық ұжымшылдықпен сакральданған жоқ, маған дейін дәстүрлі рулық қатынастардың ыдырағандықтан оған қатысты менің маргинальды болатын жөнім жоқ. Өйткені, елеске қатысты маргинальды болуға болмайды. Сондықтан да менің тағдырымдағы адамның жалғыздықты сезінуі заңды құбылыс деп ессптеймін. Бұл басқа жалғыздықтарға қарағанда бұл жалғыздықта оқшаулану дәрежесі аз көрінеді, бұл жеке өмірдің қайырымды кеңістігі деген осы. Бірде мен өзімнің жалғыздығымнан қатты қорықтым. Бұл түс болатын. Поезда келе жатқанымда купеге екі адам келіп кірді, олар маған ақша беруді талап етті, мен қалтамнан ақшамды шығаруға асықпадым, сол кезде арамыздағы әңгіме басқаша сипат алды: олар мені тамбурға шақырып жеке сөйлеспекші болды, ал мен тамбурға шықсам поездан лақтыратындығын білдім, сондықтан тамбурға шықпаудың амалын іздеп әбігерге түстім. Мен ұйқыдан оянып ойға кеттім: мені бұл өмірдің тамбурына кім, не үшін сүйреп шығармақшы? Біздің арамызда болған әңгімені естігендердің ішінен неге бірде бір адам үн қатпайды? Менде осы оқиғаға қатысты жеккөрушілік пайда болды. Содан бері жеккөрушілік туралы көп ойландым. Ал одан қалай құтылуға болатындығына мән бердім, сондықтан да ойлана келіп жүрегімнің еркіне бағындым. Әлгіндей жағдайда ешкім де көмекке келмейді. Ал қорғаған күнде өзінің ұжымшылдық бөлігін, өзінің рухани денесінің бөлігін ғана қорғайды. Қорғану еріксіз реакция ретінде ұжымшылдық реакция түрінде көрінеді. Бұл орайда ұжымшылдық рухтың сыртқы белгілерімен ғана қорғайды. Оларда рухтан гөрі бос сөз басым келеді. Мені талай жоюға жасалған әрекеттер болды. Бірақта зұлым күштердің белгілі бір мақсатқа жұмыла алмауы құтқарды, зұлым күш байлаулы тұрған иттің үргені тәрізді. Зұлымдық өзінің дегеніне жетсе, тыйыла қалады, ол ойлану дегенді білмейді. Зұлымдық еркі — күйреу еркі. Біреулер күйрегендерді қайта қалпына келтіру керек деп әлек, ал жалғыздықты ұстанатындар оның жаңасын құруды ұсынады. Бұл қақтығыста күйрелген үйіндіден шыққандар бір тамбурға әкеліп қамалады. Маған сол түн өте үрейлі болып көрінді. Мен содан кейін адамзаттың құдіреттілігінің құрылымын сипаттап бердім (Мен құдіретті > (артық) Ақиқат), өйткені маған адамзаттың құдіреттілігі туралы ұмыту қорқынышты тәрізді. Адам әлемі нені тірек етеді? Абай дүниенің тірегі бай, мырза, әділ би деп білді. Бұл байлар, билер, мырзалар дүниенің арқа сүйейтін бағанасы іспетті. Дүниеде әрқашанда көктің әмірімен болатын шағын топтағы адамдар болады. Солардың арқасында дүниеде тәртіп орнап, мән­мағынаға орнығады. Ал сол байлар, билер, мырзалар қандай да бір себептермен іргесі шайқала бастаса, онда тәртіп пен мән­мағына ғана емес, жалпы дүние күйрейді. Меніңше Абайдың дүние танымындағы басты нәрсе адамдардың тәртіп сақтауы дүниеде таңдаулылар арқылы жүзеге асады. Абай бала кезінде байлардың, билердің және мырзалардың тәртіп сақтаудағы лайықты орнын көрді. Абай оны қазақтар өміріндегі жақсы кезең деп түсінді. Мен Абай сынамады деп айта алмаймын. Абай кемшілікті сынады. Енді Абаймен бірге ойланып көрелікші. Бұл идея: адамдардың сақтауға тиісті тәртібі мен мән­мағынаның сақталуы — енді керісінше сипат алды. Көсемдер идеясын насихаттайтындар өздерінің не насихаттайтындарын түсінбейді. Абай рулық мәдениетте нық тұрды, ол өзінің туған мәдениетінің жыршысы болуы үшін туды; рулық мәдениеттің ыдырауы Абайдың жан дүниесіне күрт өзгерістер әкелді. Ол рулықтан басқа қазақ мәдениетінің өзге нысандары туралы батыл ойға беріліп, жан күйзелісін поэзия тілінде білдірді, біз оны сол үшінде құрметтейміз. Олжаны күйзеле отырып, алыс болашаққа көз тікті. Абай қазақ әлемінің арқа сүйейтін діңгегі. Ол ескі тәртіпті сақтауға тырысқан жоқ, тіпті ол туралы ойламады да. Абай қазақ әлемінің діңгегі. Ол дәстүрлі дүниенің тұтастығының идеясына жаңалықтарды қосу принципін жақтады. Ұлттық көсемдерді насихаттайтын қазіргі ақсақалдарда поэтикалық алысты болжаушылық көп байқала бермейді. Абай ескі дәстүрлердің құндылығы туралы көп айтқанымен, дәстүрде бір орында тұрып қалуды жақтамайды. Мен өз өмірімде жүздеген адамдармен жүздестім. Оның жүзінің 99­ы тамақ ішу мен ұйықтауды ғана біледі. Олар eштеңе жасауға тырыспайды. Сол 99­дың әрқайсысында өзіндік арман бар екендігіне сенімдімін. Оларда адамзатқа тән қасиеттердің бәрі бар, бірақ олар күн­ көрісі үшін күндізгі тамағын тауып жеп, кешке ұйықтайды. Сонда өмірдің өзі ішіп­жеу мен ұйықтаудан тұра ма? Әрине, маған олардың ішкен­жегені мен ұйықтағанына келіп­кетер ештеңе жоқ. Бірақта витальді күшті болу принципін білуге қол жеткізген жөн. Витальді күш — батыл қадамдарды, батыл ойларды жүзеге асыратын күш. Мен күн сайын 100 адамның 99­ ынан біздің орнымыз бен уақытымыздағы витальді күш қайда деп сұрай алмаймын. Рулық қатынастағы адам жетілген адам болды, ол өзінің ата­бабаларының өсиеттерін орындады, және оны орындауға ол тиіс болды. Ата­бабалардың өсиеттеріне сүйенген рулық адам зұлымдыққа бара қоймайды, ол өзінше тұтас құбылыс. Ішкі жан дүниесі кең, яғни ол Жаратушының өзіне жақын адам болды. Онда Мен деген жеке ұғым аз болғанымен әрбір рулық қатынастағы адам жеке күйінде емес біріккен түрінде дүниенің тірегі болды. Батыл қадамдар мен батыл ойлардың витальдік күші өзара тең дәрежеде бөлінді, ал айрықша жағдай туындаған кезде рулық қатынастағы адамның витальдік күші бір адамның басына шоғырланды (Қобыланды батыр). Бұл адам небір батырлық әрекеттер жасап аты аңызға айналды, Мен дегені сол ерліктерден кейін төмендеп, рудың мақтанышына айналды. Жалған ұжымда витальді күш бір адамнан екіншісіне еркін ауыса алмайды. Жалған ұжымдағы адамдар көзге көрінбейтін жіппен бір­біріне байланған, жалған ұжымдағы адамдардың мінез­құлқы сырт жағынан негізделеді. Ал бұл Мәдениет емес, руханилық, Таңылған мәдениет емес, материалдық. Сондықтан мен жалған ұжымдағы жалған мәдениетке қарағанда рулық мәденнеттегі адамдармен арадағы айырма жер мен көктей дей аламын. Рулық қатынас ыдырағаннан кейін витальді күш қайда кетті? Мен витальді күшті ешқашан арнасы кеппейтін өзенмен салыстырамын. Өзен ешқашан жоғалып кетпейді, ол ағысын тоқтатпайды, кейде шөл даланы кесіп өтемін деп жерге сіңіп кетуі мүмкін, сондай­ақ буланып көкке көтеріледі. Өзеннің осындай күйге түсуі туралы сопылық өсиетте айтылады. Біздің витальді күшіміз сол өзен тәрізді. Бу — қайнаған судың күйін өзгерту заңдылығы; іс­әрекет — айтылған сөзді іске асуы. Витальді күш сөздермен жұмбақ түрде байланысып жатыр. Мен жазған сөздерім менің өмірімді менің витальдік күшіммен байланыстырады. Абай үйінде Біз Абайдың өмірінің соңғы жылдары өткен үйге кірдік. Есік алдына аяқ киімімді шешіп, төрге оздым. Үйдің ішіне киіз бен кілемдер төселген. Мен ас үй жабдығына көз салдым, май жинайтын торсық, май айыратын ыдыс, диаметрі 1 метрдей қазан және самаурын тұр, мен оны өзімнің әжемнің үйінен де көрген болатынмын. Ол 19­шы ғасырда туылып, осы заттарды өмір бойы пайдаланған еді. Әжем тек қана 19­шы ғасырдың заттарын бақилық болған 1965 жылға дейін әкеліп қойған жоқ, сонымен бірге ол өзінің өнегелілігін қоса әкелді. Ол менің анама осы өнегені беріп, мен есім кіргенше сол өнегемен өмір сүрдім, ал есім кіргеннен кейін мен сол ұлттық мәдениеттің өнегесі ыстық көрінді. Көптеген адамдар қазіргі кезде ұлттық мәдениетті өздерінің туысқандары арқылы естіп біледі. Біздің отанымызда мәдениетті жалғастырудың тәсілі болған жоқ. Ежелгі Грециядан батыс мәдениетіне және рулық мәдениеттен біздің кезеңгі мәдениеттердің берілуінде қандай айырмашылықтар бар? Бұл кітаппен берілгенде, адам тыс қалады, ал адам арқылы берілгенде кітап қолданылмайды. «Освобождение духа» («Рухтың азат болуы») кітабымды жазған кезде мен қазақ мәдениетіне, тарихы мен этнографиясына қатысты 20 шақты кітап оқыдым. Онда жасалған сілтемелердің бәрін де қарап шықтым. Абай өлеңдерінен басқасын екі топқа болуге болады, оның бірі өзге мамандардың еңбектеріне сүйеніп жазылған кеңес мамандарының шығармалары, ал екіншісі дала адамдарына отарлық көзқараспен қараған ХІХ­шы ғасырдағы Ресей мамандарының кітаптары. Бірақта қазақтың ұлттық өміріне терең ой жүгірткен кітаптарды кездестіре алмадым. Мәдени дәстүрлердің ішкі иірімдерін білмеген, әрі оны білуге тырыспаған авторлардың жүздеген кітаптары оның қыр­сырын жеткізе алмайды. Менің дәстүрлі мәдениет туралы ой түйгенім мен дәстүрлі мәдениеттің арасындағы патша өкіметінің отарлау саясатын қолдағандар мен кеңес идеалогиясының қызметшісі ұсынған дәстүрлі мәдениет туралы білімдер екі ортаны бөліп тұрған қамал тәрізді. Менің ата­ бабамның мәдениетінсіз қалған осындағы өзімді жалғыз сезінетін дала адамымын, ал дала мәдениеті менің қатысуымсыз басқа жерде тәрізді. Мәдениет кітап арқылы емес адамдармен берілген кезде мәдениетті зерделеу сапасы төмендейді, мен оны қазір түсініп отырмын. Дала мәдениетінің заңды мұрагері ретінде, мен мәдениеттегі үзіліп қалған тұстан өте алмауыма байланысты мына мәдениетінің даралығы туралы емес дала адамының жалғыздығына қатысты даралығымды жаздым. Дала мәдениетіне деген селқос көзқарастың, нақты білімнің болмауының салдарынан бірнеше ұрпақ ата­бабасының мәдениетінен қол үзген бойы тәрбиеленді. Біз өз таңдауымыз бойынша басқа адам болған жоқпыз. Бізбен және біздің ата­бабаларымыздың арасында тек алынбас қамал ғана тұрған жоқ, сонымен қатар туған мәдениетіміз туралы жалған білім де жатыр. Біздің жалпы рулық мұрамызды озбырлықпен иеленіп алғандар біздерді, яғни дәстүрден қол үзгендерді азғын, сатқын деп атады. Олар рулық қатынасты қолданбайтын адамдар, сондықтан рулық мәдениет принцип түрде уақытымызбен үйлеспейді — олар тек рулық мәдениетті киімін жамылып алғандар. Бірақ олардың рухы рулық қатынастар мәдениетінен тысқары жатыр. Маған олардан келіп­кетер ештеңе жоқ, мен осы жолдар арқылы менімен тағдырлас адамдармен ата­бабамыздың мәдени мұрасы арасындағы тірілтуге болмайтын көрінетін қатынастарды жолға қойғым келеді. Рулық мәдениетінен мәңгілікке айрылған мен сияқтылар миллиондап саналады, тіпті тұтас халық десе болады. Рулық мәдениеттен біржолата айырылған біздер өзгелердің пікірімен жүретіндерден әлдеқайда көппіз. Мен осы жолдарды өзім сенгендіктен, өзімнің жүрегімнің әмірін тыңдағандықтан жазып отырмын. Мен бұл кітапты басқаша жаза алмас едім. Рулық мәдениеттерге қатысты идеяларды ой елегінен өткізе отырып менде жоқ (рулық мәдениет), бірақ менің тарихи отанымда бар жағдайларды салыстырамын. Менің отаным ешқандай мәдени және құжаттық өзіндік аргументтерді ұсына алмайды, бірақ отандық мәдениетпен мен тілдесе аламын. Отандық мәдениеттің сөзі мендегі анық сезілетін құбылыс. Ал анық әрі дәлме­дәл сезіну — ақиқаттың идеалды нысаны,бұл ойды Декарт айтқан болатын. Мен Декартты құрметтеймін, өйткені, ол маған, ең бастысы адамзатқа — өзіңе­өзің сенуді үйретті. Менің мәдениетім рулық мәдениет бола алмайды, бірақ витальді күшті ілгері жылжытатын менің мәдениетім рулық мәдениет пен мағыналы қарым­қатынаста бола алады. Менің қаладағы замандастарым рулық мәдениетті шатыстырып түсіне білмейді. Дала мәдениетінен соң және рулық мәдениет салыстырмалы түрде алсақ, бірінен біріне өтетін екі бөлме тәрізді. Біз жарық, қолайлы, басқа елдердің адамдары мен мәдениеттері жасаған мүлікке толған кең бөлмеде болуды ұнатамыз; бұл орайда біздер, дала мәдениетінен кейінгі адамдар, орыс тілінде сөйлесеміз, қысқаша айтқанда, бұл бөлмеде қазіргі өркениетке тән өмір бар. Бірақ бәріміз де екінші бөлме бар екенін білеміз, оның есігі ашылыңқырап тұр. Іші қара көлеңке, одан ешқандай дыбыс естілмейді. Бірақта осы үнсіздік орнаған бөлменің барлығын ұмыта алмайсың. Жиһаз қойылған жарық бөлмеде біз өзімізді ерекше сезінеміз. Шын мәнінде екінші бөлмемен шаруамыз да болмайды. Оған бірнәрсе қоймақшы болған кезімізде ғана есімізге түседі, демек, ол бөлме бізді мазаламайды. Өркениетті өмірге бізді онымен ештеңе байланыстыра алмайды, ондағының бәрін біз өз қолымыздан жасаған жоқпыз. Біз өркениетті өмірден келген қонақтар тәріздіміз. Менің айналамда кітаптар, нәрселер, пластинкалар, сызулар, кесетін, аралайтын, бұрғылайтын құралдар, пианиноның ақ­қара клавиштері және т.б. қоршап тұр. Ал мәдениеттің осы саласына менің ата­бабаларым не қосты, сонда мен өнердің, техниканың, спорттың жемістерін пайдалануға құқығым бар ма? Бір күні мені өз орталарынан қуып шықпай ма? Жарайды, қуып шықпады делік, сонда өркениетті өмірден маған орын көрсете ме? Қара көлеңке бөлме біздің рулық мәдениетіміз болып табылады. Бөлме қараңғы, оған ешкімнің кіргісі жоқ. Бөлме бар ма — бар, жарайды. Осы рулық мәдениеттің қараңғы бөлмесінде біздің арамыздан ешкім болған жоқ. Жер басып жүрген біздер тексіз емеспіз! Егер бізден «Батыстың мәдениетінде неғып жүрсіңдер, достар», деп сұрай қалса, онда рулық мәдениет бізді құтқарып қалады, сонда біз өзіміздің қараңғы бөлмемізге қалай еніп кеткенімізді білмейміз. Біздің бірде­біреуіміз, миллиондардың бірде­біреуі (батыс мәдениетіне неге бас иесіздер, онда біз не істеп жүрміз?) деген сұраққа жауап бере алмайды. Халықтың бәрі бір бөлмеге жүгіріп кіруі дегеніміз бейнелі мағынада ғана айтылған. Ондайда сұрақ жекелеп қойылатын болады. Әртүрлі мәдени жағдайдың болуы маған оңайға тимейді, ал батыстың азаматын қуантады. Неге еуропалық көпірдің сәулелері жүйкеңе әсер етеді? Өйткені, мен өзімнің қараңғы бөлмеммен қатынас орнатқан жоқпын, ал онда менің ата­ бабаларымның мәдени мұрасы бар еді ғой. Ол да батыстың мәдениетінен қалыспайтын жағдайда емес пе еді. Мен Абайдың өсиеттерін орындап, ата­бабаларымның мәдениетімен, сондай­ақ қазіргі әлемнің мәдениетімен міндетті түрде қарым­қатынас орнатудамын, бұл орайда мұраны беру жүзеге асуы тиіс. Менің өмірімнің кезеңінде ата­бабаларымның мәдениеті Декарт мәдениетімен тең түседі — мұрагерлік міндеттемені қабылдамайынша заңды мұрагерлік құқығын алу мүмкін емес. Менің мәдени жағдайымда не мұрагер болу керек, не бастаушы болу керек. Мен өзімнің әңгімелерімде оның екіншісін байқап көрдім. Онда өмірдің маңызды тұстарын анық көруге, айқын сезінуге, нақты бедерлеуге тырыстым. Әңгімемде өмірдің өлшемдерін дұрыс қолдандым. Витальдік күш туралы ойлай келе, мен ішкі қайнар көзімді көремін, ол витальдік күшімнің бастауы тәрізді. Жанары өткір, сенімді және онда ешқандай қатыгездік болмауы керек. Ондай кеңістікке тіке қарай алатын отты көз жанары бар адам күн өткен сайын күшті бола түседі. Қасиетті судың бұлағы ағып қана қоймайды, витальді күшпен күшейе түседі. Витальді күш өлшеуге болмайтын энергия көзі. Ол жаңа қадамдарға бастайды. Мен Абай үйінің ауласында тұрмын. Міне, ХІХ ғасырдың арбасы тұр. Оның дөңгелегінің жерге тимегеніне 30 немесе 300 мың күн өткен шығар. Әне, қолдан егілген гүлдер шоғы көрінеді. Гүлдер мәдени өмірдің тынысын білдіреді. Бірақта дала шөбінің бұрқыраған иісі оның пысын басқандай. Мен бұл көрініске қарап тұрғанымда қасымдағы жол көрсетуші үйіне кетті. Мүлгіген тыныштық. Егер қала өмірінің әдеті болмаса, мен де машинамның қасындағы көлеңкеде кешке дейін ұйқымды қандырып алған болар едім. Мүлгіген тыныштық. Сонау Абайдың кезінде мына қыраттан аттың дүбірі естіліп мүлгіген тыныштықты жігіттердің көңілді дауыстары бұзып жіберер еді. Ал қазір салт аттылар да, олардың жарқын дауыстары да естілмейді. Мен 1989 жылы мүлгіген тыныштыққа оранған қазақ ауылын көргенмін. Бірақ сол кезде мен оны өмірдің көлеңкелі тұсы деп ойламаған едім. Енді қарап тұрсам, мүлгіген тыныштық мәдениеттер арасындағы бос уақыттың аралығы екен, яғни рулық мәдениет пен дала мәдениетінен кейінгі аралықтағы бос кеңістік тәрізді. Мүлгіген тыныштықтың бос кеңістйінде ескі ұмытылады және жаңасы елестейді. Ауыл ұйқыда, қалада сергектік. Қаладағы сергектік тек өмірдің ағымы ғана емес, өзіңді сергек ұстайтын уақыттың келгендігін білдіреді. Енді жолға шығу керек. Мен заттарымды жинай бастадым, бірақ мәдениет туралы — қатынас орнату туралы мәселе ойымнан кетер емес. Рулық мәдениет баяғыда­ақ кеткендей болғанымен, енді мен арқылы көрінетіндей. Рулық мәдениетпен қатынас орната отырып, мен қандай да бір менен тыс болатын феноменмен сырттай қатынас орнатамын. Ал мен арқылы іштей болмысыммен қатынас орнатамын. Азия және еуропалық құрамдас рухымды өзара татуластырып, арасындағы қарым­қатынасты жолға қойдым. Батыс (дербестік) және шығыс ұжымшылдық менде қатар көрініс берді.

Читайте также:  Остатки крепостничества в сельском хозяйстве Средней Азии

Оставить комментарий