ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРЫ ТУРАЛЫ

Опубликовано Июль 14, 2016 by admin

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Қазақтың зергерлік өнері өзінің дәстүрлік белгілерін сақтаумен қатар, бұл өнердің дамуын көрсететін ішкі күштермен бірге сыртқы ықпалдардың есебінен жаңа идеялармен жаңғыртылды. Көркемдік металл өңдеу тәсілдері, металл бұйымдарды жасау технологиясы өзінің этникалық ерекшелігімен әр кезеңде өзгеріске ұшырап отырған. Металл бұйымдардың кеңістіктік таралуы (олардың жасау ретінде енуі, сауда заттыры, сыйлықтар ретінде қолданылуы) қолөнерлік дәстүрлердің белсенді өзара алмасуына ықпал етті. Басқа да түркітілдес халықтарымен ұзақ жылдар бойы мәдени байланыс жасау, сол халықтардың мәдени жетістіктерін қабылдау қазақ халқы ұсталарының көркемдік ойларының кеңеюіне септігін тигізді. Осылай, ішкі және сыртқы шығармашылық күштердің ықпалымен дамыған қазақ металлопластикасы зергерлік өнердің көркемдік және ерекшелік деңгейін ғана көрсетіп қоймай, сондай-ақ ішкіэтникалық сияқты қазақтардың басқа халықтармен өзара қатынастарының тарихын дәлелдейтін этникааралық үрдістерді де көрсетеді. Қыз-келіншектерге әшекей жасау – зергерлердің негізгі жұмысы. Ұста зергерлік бұйымдарды асықпай, жетесіне жеткізіп, тапсырыс берушінің қалауын, өзінің жанын тебіренткен дүниелерді және сол тұста нақты адамдарға қажет ақпаратты едәуір мөлшерде сол бір алақандай бұйымдарға сыйғызуға жанын салған. Дәстүрлі зергерлік бұйымдардың таңдаулы нұсқаларының ерекше тартымдылығының сыры осында жатыр. [1,19] Негізінен, қазақ зергерлерінің ісі әйел әшекейлерін жасауға байланысты болса, сол әшекейлердің ең бастыларына жеке-жеке тоқталып өтейік. Әйел әшекейінің ең қымбаты ұзатылатын қыздың үйінен киіп шығатын бас киімі- сәукеле. Оның негізін ақ киізден биік конус тәріздендіріп жасайды. Сыртын қызыл шұға немесе қамқамен тыстап, алтыннан, күмістен, әр түрлі асыл тастардан, түсті шынылардан әшекейлер тағып, құндызбен жиектеледі. Сәукеленің жалпы кескінінің, жасалу принциптерінің біркелкілігін қолда бар деректер дәлелдейді. Негізгі айырмашылығы-олардың әшекейленуінде. Мойынға және көкірекке тағатын әшекейлер тобы екі топшаға бөлінеді: мойынға арналған және көкірекше бұйымдар. Әшекейлердің ішіндегі көлемділігімен де, бедер байлығымен де ерекше көзге түсетіні – мойынға тағатын әшекейлік бұйымдар. Мойынға арналған әшекейлердің өзі екі топқа бөлінеді: металл бұйымдар және маталық негіздегі заттар. Металл бұйымдарға тамақалқа және тамақша жатқызылады. Тамақалқа – мойынды жауып тұратын, артқы жағы тесьмамен байланатын, тастардан құралған әшекей. Тамақша-аты айтып тұрғандай, қыздардың мойын әшекейлерінің бірі, бұйымның артқы жағы тесьмамен байланатын, тікбұрышты түрдегі топсалы ілгектен құралды. Әшекейдің шеттеріне әр түрлі салпыншақтар тағылды. Бұйым нақыштау техникасының кең таралуымен Батыс, Солтүстік Қазақстанда қолданыста болды. [2,167] Кейде шынжырлы салпыншағы бар біртұтас құйма күмістен де жасалуы мүмкін. Бұл көбіне жағасыз не алды ашық киім кигенде тағылады, ол мойынға әрі сән беріп, әрі сыртқы әсерлерден (желден, шаңнан) қорғайды. Мойынға арналған маталық негізден жасалған әшекейлер тікжаға және тамақша деп бөлінеді. Тікжаға – күміс әшекейлермен, тиындармен нақышталған кесте тігетін жіппен тігілген, ұзын бархат жаға, Батыс Қазақстанда қолданылды. [3] Тамақша – күміс торы бар және шетіне маржан тастар тағылған, моншақтармен, тиындармен қапталған матадан жасалған әшекей. [4] Көкірекке тағылатын әшекейлер екі топқа бөлінеді: мойын арқылы тағылатын және киімнің кеуде жағына тағылатын шағын бұйымдар. Мойын арқылы тағылатын көкірекше әшекейлерінің өзі үш категорияға бөлінеді: маталық негіздегі көкірекшелер, алқалар, тұмарлар. Маталық негіздеге көкірекшелерге өңірше мен тамақтыалқа жатқызылады. Өңірше (алқа) – ірімасштабты айылбастармен (ақық тасы қойылған, геометриялық қарапайым пішіндегі) нақышталған немесе жібек жіппен, кесте жібімен тігілген тікбұрышты түріндегі көкірекше. Жарта айшық түріндегі көкірекшелерді маржан тастармен немесе таңбаланған, қара ала жүргізілген металл айылбастармен, жұқа өрнектермен, күміс жалатылған тастармен, моншақтармен, түймелермен, тиындармен нақыштады. Көкірекшелердің ұшы шашақтармен немесе аяқ салпыншақтармен не ұзын қазығы 243 бар түймелермен (сабақ) аяқталды. Батыс Қазақстанда көкірекшелер негізінен, тікбұрышты пішінде болды. Бұйымның артқы жағы тесьмамен байланды. Ұлттық киімдердің өңіріне сән беретін бұл әшекей өңіржиекке қарағанда шағын, омырауға, кеудеге тағылатын әсемдік бұйым болып табылады. Тамақтыалқа — өңірше сияқты нақышталған, бірақ меруерт, перезе, маржан моншақтарымен тұтасқан тік жағамен толықтырылған, жарты айшық пішіндегі көкірекше әшекейі. Респонденттердің мәліметтері бойынша, бұл әшекей Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда қолданыста болған. [235,213] Алқалар да металдық және тастардан жасалған бұйымдар деп екіге бөлінді. Металдық алқаларға өңіржиек пен алқалардың үш түрі жатқызылады. [] Өзіндік құрылымымен, әшекейлеу тәсілдерімен ерекше назар аударатын бұйым — өңіржиек. Ол көбіне геометриялық пішіні біркелкі, бір-бірімен тіркескен жалпақша бөлшектерден жасалады. Бұйым тікбұрышты, бесбұрышты, жұмыр, тік төртбұрышты, жапырақша пішіндегі тақта, алақан сияқты ірімасштабты пластиналардан құралып, шынжырмен немесе ілгекті-жүзіктәрізді әдіспен байланысады. Бұл пластиналар ақық, шыны тастар қойылған көлемді медальондармен нақышталып, өрнекті ленталармен әсемделеді. [] Төрт қатар етіп тіркелген шығыршықтар, ірілі- уақты табақшалар, түрліше салпыншақтар композициялық біртұтас жүйе жасап, әсем үйлесіп тұрады. [11,46] Бұйымды қолдану ареалы Батыс Қазақстан, Шығыс Арал маңы болды. Алқа — әр түрлі салпыншақтармен күрделендірілген және өрнекті тұрпатымен көлденең созылған бір пластинадан тұратын әшекей. Бұйым Атырау облысында кең қолданылды. Алқаның екінші түрі бір немесе екі өрімді шынжырдан және әр түрлі (шар, тиындар, жалатылған тастар, жапырақша, жұмыр, ромб пішініндегі таңбаланған фигуралар) салпыншақтардан құралған көлденең композицияда жасалды. Мойынға тағылатын бұл бұйым кеуде тұсында жарты дөңгелек бейнесін жасайды. Кейде оның ортасына ірі медальон немесе үлкен монета орналасады. Екі қатар шынжырдан тұратын алқа қос алқа деп аталады. Шынжырлар қатарының арасында ромб, жартысфералық, кейде ақық тасы, жалатылған тастар қойылған медальондар орналасады. Осындай бұйымдар Солтүстікте басым, ал Орталық, Шығыс Қазақстан мен оңтүстік бөлікте аз мөлшерде қолданылған, сондай-ақ Өзбекстандағы Сухадарья аймағының қазақтарында да болған екен. Алқалардың үшінші түрі ілгекті-жүзіктәріздес әдіспен байланысқан жеке элементтерден құралады. Бұл элементтер – жұқа немесе пластиналы медальондар (кейде тастар орнатылған), жалатылған тастар. Жасалу техникасына, материалына және медальондардың құрамды сипатына байланысты оларға атаулар қосылады: алтын алқа (ділдә алқа), күміс алқа, қола алқа, тасты алқа (көзді алқа, қас алқа, жақұт алқа), селдір ширатпалы алқа. Бұл әшекейлердің әр құрамды бөлігіне монеталар, жалатылған тастар, маржан тастар, таңбаланған фигуралар, өрнекті айылбастар тағылады.Тастардан және моншақтардан жасалған алқалар да екі түрге бөлінеді: моншақты алқа және алқа. Моншақты алқа – янтарь, меруерт, маржан, інжу, шыны моншақтар қатарынан тұратын алқаның жалпы атауы. Моншақ тастарының пішіндері шартәріздес, эллипсоидты, көпжақты, цилиндр түрінде, сондай-ақ алтыжақты, тор түрінде де жасалды. Жасалған материалына байланысты алқа сөзіне атаулар қосылып та айтылған: маржан алқа (коралловое), меруерт алқа (перламутровое), інжу алқа (жемчужное), ақық алқа (сердоликовое) және тағы басқалары. Сонымен қатар, әр түрлі моншақ тастарынан тұратын ала моншақ алқа, таңба салынған моншақ тастардан тұратын көзді моншақ алқа, моншақ тастардың өзінен тұратын су моншақ алқа түрлері де бар. Осындай моншақтар күміс медальондармен кезектесіп орналасты, немесе моншақтар қатарының үш жерінен күміс медальондар орнатылды, не моншақтарға әр түрлі пішіндегі күміс салпыншақтар ілінді. Алқалардың бұл түрі Оңтүстікте басым болды, сондай-ақ Солтүстік, Орталық, Шығыста да қолданыста болды, Батыс Қазақстаннан да кездескен екен. Алқа – маржан, меруерт, монеталар мен күміс айылбастар тағылған моншақ тастардан құралған, інжу тастан жасалған өрілген тор түріндегі әшекей, ол Жамбыл аймағында көп қолданылды. [21,140] Тұмарлар екі түрге бөлінеді: конструктивті негізі үшбұрыш болып келетін бұйымдар, конструктивті негізі құбырлы фигура болып келетін бұйымдар. Өз кезегінде, қосымша құрамды 244 бөлшектермен күрделендірілген бұл түрлер де түршелерге бөлінеді: тұмарша, үш мүше тұмарша және бойтұмар.Осындай мойынға тағып жүретін әшекейдің бірі – тұмарша. Оны шебер зергерлер күмістен не бұрыштап, не жұмыр түтікше тәріздендіріп жасайды және мойынға іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Бұйым Оңтүстік Қазақстан аймағында басым болды, Орталық, Шығыс Қазақстаннан да кездескен.Олар тек сән үшін ғана емес, пәле-жаладан сақтау үшін де қажет деп есептелінген. Олардың ішкі жағы тегіс болады да, оған әдетте қағазға жазылған дұға, теңіз немесе өзен ұлулары, үкі қауырсыны, киесі бар деп есептелетін қой мен түйе жүні салынады.Үш мүше тұмарша – екі үшбұрышты пластиналары бар шынжыр арқылы байланысқан үшбұрышты тұмар. Үш мүше тұмаршаға алтын жалатылады да, шет- шетіне көгілдір перезе тастары тізіледі. Ортасына қарайтылып, ою-өрнек салынады. Жалтыраған алтын, аспан түстес көгілдір асыл тастар, салынған ою-өрнек бұйымға өзгеше көрік береді. Бүйірлі үшбұрышты пластиналар (көлемі бойынша кішкентай) киімнің йық жағына тағылды. Барлық бөлігі әр түрлі салпыншақтармен күрделендірілді. Осындай бұйымдар алқа атауымен Оңтүстік Қазақстан аймағында болған. Бұған қоса тұмаршаның сылдырауық салпыншақтары бар ұзын шынжырлы бойтұмар да біршама сәнді. Бұл да зергердің шеберлігіне қарай, күмістен жасалып, түрлі ою-өрнектер бедерленіп, алтын да жалатылады. Көзтана қылып асыл тастар да салынады. Заттың үстіңгі беті, жиегі айнала өрнектелген, мәнерлі әшекейлер нәзік етіп жасалынған.[5] Бойтұмар екі немесе үш бөліктен яғни, шынжырмен не монолитпен байланысқан құбырлы және үшбұрышты пішіндерден тұрады. Бұйым батыс, оңтүстік аймақтарда басым болды. Қолға арналған әшекейлер тобы үш категорияға бөлінеді: білезіктер, жүзіктер мен сақиналар.Әйелдерге арналған әшекейдің ең көбі – білезік. Білезік көбінесе күмістен, кейде таза алтыннан да жасалды. Тек күмістен соғылған білезіктердің өзі Қазақ зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейлерінің бірі — әйелдерге арналатын әр түрлі сақина мен жүзіктер.Саусаққа киетін әшекейлерді екі категорияға бөлуге болады: кеңейтілген жүзіктер мен жалпақтығы мен көлемдігінің әр түрлілігімен ерекшеленетін сақиналар. Жүзіктер де көлемді және жалпақ түрлерге бөлінеді екен.Сақина мен балдақты жүзік деп те атаған. Сақинаны, көбінесе, күмістен, кейде алтыннан жасатады. Сақинаның жасалуы жүзікке қарағанда оңай. Өйткені, оның сыртына шапқымен щеку, бізбен безеу тәсілдерімен орындалатын қарапайым ою- өрнектерден басқа ештеңе жүргізілмейді, кейде тіпті, ешбір ою-өрнексіз жасалатындары да аз емес. Жүзік – жалпы халықтар үшін махаббат символы саналатын киелі дүние. Бүгінгі отау тіккен екі жастың бір-біріне жүзік сыйлауы да сол ата дәстүрден келе жатқан рәсім. Құс тұмсық жүзікті қыздар ғана тағады. Ол қанатты құстай еркін, басы бос дегеннің белгісі.Үнемі тағып жүретін әшекейдің бірі сырға болып табылады. Сырғаның әр түрлі үлгідегі түрлері мен нұсқалары өте көп. Сырғаның, әсіресе, өрнекті жалпақ түрлері кең тараған. Сырғалар да жалпақ және көлемді болып бөлінеді. Өз кезегінде, жалпақ сырғалар да түршелерге жіктеледі: дөңгелек тұрпатты (пластиналы және жүзікті нұсқалары) сырғалар, жасалу сипаты бойынша селдір, сымды және пластиналы нұсқаларына бөлінетін күрделі тұрпатты сырғалар. Бірінші түршеге сабақты (салпыншақты, сирақты, аяқты, тамшылы, шашақты сырға) сырға, үш аяқты сырға, жеті аяқты сырға, қырық буынды сырға жатады. Бұл нұсқадағы сырғаға кейде іш жағы ойық болып келетін ай сырғалар жатады. Салпыншақты сырға, сабақты сырға, шашақты сырғалар түрлі пішіндегі, кейде екі қатар болып келетін сәндік қозаларымен ерекшеленеді.Шашқа арналған әшекейлердің үш түрге жіктеледі: шаштың ұшына тағылатын, шаштың түбіріне тағылатын және матамен тысталған шаш бұйымдары. Біріншісіне шаштеңге (сөлкебай), меруерт шолпы, шолпыширатпа шолпылар жатқызылады. Шолпы мен шаш теңге бұрымның ұшына ілінеді. Бұлар көбіне қос тоғыз теңгенің тізбегінен құралады. Теңгелер бір-біріне жоғарыдан төмен қарай жалғанады. Шолпы — әйел әшекейлерінің ішінде сәнді әрі күрделілерінің бірі. Қазақ арасында оның түрлері өте көп.Үзбелі шашбау – жібектен, жүннен жасалған баулардан, маржан моншақтардан немесе күміс шынжырдан тұратын әшекей. Әдемі 245 өрнекті етіп жасалып, шүйдеге бекітілетін желкелік пен шаш керме қыздар тағуға арналған әшекейдің арнайы түріне жатады. Салтанатты жағдайларда ұшы бас киімнің бауына немесе самай шашқа бекітілетін шекелік, суыртпа болған. Шекеліктер мен суыртпалар бірнеше бөліктерден тұрады, әрі оларға тағылатын әшекейлер үзбелі болып келеді. Суыртпа кейде иектің астынан өтетін ортан белінде әсем тақпасы бар сәнді үзбемен де жалғасады. Әр қилы әсемделетін суыртпалардың үш бұрышты гүл жапырақшасы тұрқындағы және басқа қалыпта да кездесетін түрлері өте жинақы жасалады екен. Сонымен қатар, селдір суыртпалардың күрделі үлгідегі жасалған әсем салпыншақшалары да өте тартымды көрінеді. Басты ерекшелігі күнді бейнелейтін, бір-бірімен арасы сым желі арқылы ұласатын қос шеңберлі, жалпақ суыртпақтар да барынша сәнді. Пластикалық және композициялық тұрғыдан белгілі бір жүйеге түскен суыртпаққа бір-біріне тізбектеле орналасқан тербелмелі, сыңғырлауық салпыншақтар қыз-келіншектердің өңіне көрік қосқандай, ажар бергендей әсер тудырады. Шекелік аты айтып тұрғандай, сәукеленің немесе үкілі қасабаның төменгі жиегінен екі жақ шеке тұсқа тағылатын сәндік бұйым. Ол көбінесе сән-салтанаттар мен той-томалақтарға тағылады. Негізі күмістен жасалып, маржан, ақық, көзтана сынды әшекейлермен безендірілген шекеліктің ұлттық киім киген аруларымызға ерекше сән-салтанат пен көрік берері даусыз. Қазақстанның Оңтүстігі мен Батысында басқа киетін шекелік кең тараған. Шекеліктің құрылысы өте күрделі. Ол жапырақ түсті дөңгелек, ромб тәрізді бөлшектері бір-бірімен сыммен қосылып, тік сабаққа мәнерлей оралып жасалады. Шашқа тағу, кигізу, қосып өру үшін жасалатын әсемдігімен қатар қыз-келіншектің шашының ұзындығы мен қоюлығын ашып көрсететін әсемдік бұйымдар әйелдің сәнділігінің бірден-бір қажетті мүлкі болып табылады. Шаш қыздың сұлулығын білдіріп, тіпті оның тартымдылығы мен сымбаттылығының басты белгісі ретінде қабылданған. Мақпалдан жасалып, екі жақ басы алтын, күміспен зерленетін немесе кестеленетін шашқап әйелдердің ұстанатын сәндік мүлкі болып табылады. [15] Қазақтың ескі салтында бойжеткен қыздар мен жас келіншектер шаштарына шашқап киетін болған. Шашқапты қыз-келіншектер жүн сабау, киіз басу, ши тарту, жүк арту, үй тігу, мал сауу жұмыстарына араласқан кезде киген. Әйелдер үшін зергерлердің көп жасайтын әшекейлерінің бірі – үлкенді-кішілі түймелер. Түймелер материалына байланысты екі түрге бөлінеді: металдан жасалған және жасанды тастан жасалған түймелер. Метал түймелер пішіндеріне байланысты тамшы, ширатпа, бақа, көзді, торсылдақ, үзбелі, шытырма, алтын, жалпақ, миналы, кавказ (қаралы), сабақты күміс түймелер деп аталады. Ал тастан жасалған түймелер тасты және бүлдірген түймелер деп аталған екен. Түймені, көбінесе, ішін қуыстап, әр түрлі, кескін беретін күмістен жасайды, сыртына зер салады. Мұндай түймені торсылдақ түйме деп атайды. Шағын түймелерді, асыл тастарды тесіп, оған күміс өткізу арқылы кейде түсті жұмыр тастарды қоршауларға орнатып та жасай береді. Зергерлердің әйелдерге лайықты дөңгелек күміс тана, күміс оймақ, тіс шұқығыш, құлақ тазалауыш, қолтықша сияқты әшекейлерін көптеп кездестіруге болады. Ендігі бір зергерлік өнер туындылары – белбеулік әшекейлер. Жалпы, белбеулік әшекейлер екі категорияға бөлінеді: белбеулер және қамзолға арналған қапсырмалар. Белбеулерді де ширатпа, белбеу, күміс белбеу, датқалық белбеу, кемер (шытыралы), кісе белбеуле деп атауларға бөлген. Ширатпалы белбеу ілгекті-сақиналы немесе топсалы әдістермен байланысқан тастар орнатылған, күрделі пішіндегі селдір түйіннен жасалған белбеу. Күміс белбеу топсалы әдіспен байланысқан тік төртбұрышты, тік бұрышты, айылбастардан тұратын белбеу болып табылды. Датқалық белбеу – ескі үлгіні көрсететін, күміс, алтын сымдардан өрілген белбеу. Кісе жасы келген еркектерге арналып жасалады. Оны әдетте сырт киімнің сыртынан буынады. Сондықтан олардың ұзындығы 1,5-1,8 метр, ені 4-5 сантиметр шамасында болады. Мұндай кіселердің негізі қалың былғарыдан екі қабатталып жасалады да, сыртына күмістен, алтыннан және асыл тастардан сан алуан әшекейлер орнатылады. Кісеге былғарыдан жасаған үлкен қалта, пышақтың қыны және бірнеше 246 жалған қалталар, яғни шағын салпыншақтар ілінеді. Орта жастағы не жігіт ағасы болған сал-серілер кезінде қамзол сыртынан кемер белбеу буынған. Кемер белбеу белге бір ғана орайтындай қысқа болады, екі басына темірден қапсырма орнатылады, сырт жағының өн бойы күміс, асыл тас әшекейлерімен безендіріледі. Мұндай белдіктерді әйелдер де пайдаланды. [13] Күміс белдік, кемер белбеу кербез жігіттер мен қыз-келіншектерге тән болса, күміс кісе, әдемі дәндәкулер салихалы қарттарға, сапар кезгіш батырларға тән. Әдебиеттер 1. Ниязова Н. Н. Әсемдікке құштарлық академиясы. – Алматы: ЖАҚ «Рост», 2001, — 168б. 2. Жауымбаев С. У. Древние медные рудники Центрального Казахстана // Бронзовый век Урало-Иртышского междуречья. Межвузовский сборник. Челябинск, 1984. с. 113-121. 3. Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі Қазақстан тарихы. Том 4. Т 1. Алматы, 1996. 4. Кузнецова Э. Ф. Древняя металлургия и металлообработка в Центральном Казахстане // Тезисы докладов советско-французского симпозиума по археологии Центральной Азии и соседних регионов «Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизации». А.-А., 1987. с. 43-46 5. Итина М. А., Яблонский Л. Т. Мавзолеи Северного Тагискена. Поздний бронзовый век Нижней Сырдарьи. М., 2001.

Оставить комментарий

Загрузка...