Қазақ хандарының қызметтері

Опубликовано Сентябрь 22, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 5 (1 голосов)

 

Қазақ елінің тарихында үлкен дәуірді құрайтын Қазақ хандығына қатысты осы мемлекеттің негізі құрылған уақытынан бүгінгі күнге дейін жеткілікті тұрғыда ғылыми зерттеулер арналғандығы белгілі. Олардың қатарында батыс, шығыс, Ресей, Қытай және де отандық зерттеушілердің еңбектері бар. Шығармалардың басым бөлігінде Қазақ хандығының Орта Азия хандықтары арасындағы алған орнына, аймақтағы саяси, экономикалық құбылыстарға, өзара сауда, мәдени және т.б. байланыстарға тигізген әсеріне талдау жасалған. Қазақ хандығының сыртқы және ішкі саясатын баяндайтын де- ректер құндылығымен ерекшеленеді. Шығармалардың келесі топтарында мемлекеттіліктің қалыптасып, өркендеуі кезеңдеріндегі өз халқының ұйытқылары бола білген қазақ хандарына сипаттама- лар берілген, олардың қызметтерінің маңыздары айқындалған. Орта ғасырдағы қазақ мемлекеттігінің құрылып, өркендеуінің, соның ішінде белгілі қазақ хандарының қызметтерінің тарихымен ХІХ ғасырдың басындағы белгілі орыс зерттеушісі Г. Спасский жүйелі түрде айналысты. Мәселен, ХІХ ғасырдың басында өзі шығарып келген «Сибирский Вестник» журналында ол Абылайдың хан болып сайлануынан алғашқылардың бірі болып қызықты 6 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Қазақ хандығының 550 жылдығы деректер келтірген [1]. Оның баяндауынша: «1779 жылы Абылай сұлтан Ресей жағынан Орта орданың нағыз ханы ретінде танылды. Сондықтан 40 әскери шенеунік пен аудармашыдан тұратын пат- ша әкімшілігі құрмет белгілерін тапсыру үшін Абылайды Әулие Петр қамалына шақырады. Бірақ Абылай бұған дейін қырғыздар- дан қолдау алып, хан болып сайланғандықтан және хан ретінде Қытай сарайының өкілі арқылы бекітілгендіктен, Әулие Петр қамалына барудан бас тартты. Қырғыздардың Абылайды хан сайлау рәсімі ерекше қызығушылық тудырады. Аталған шара әр болыстықтардан шақырылған сұлтандар мен старшындардың, сонымен қатар аса мол жиналған қарапайым халықтың қатысуымен өткізілді. Кілемдер мен киіздер жайылып, оларға қатысушылар дәрежесі мен беделіне қарай үш-төрт қатардан отырды. Осы жиналғандар- дың ортасындағы жұқа ақ киізге Абылай жайғасқанда, барлығы оның ержүректігі мен білгірлігін, 1755 жылғы қытайлардың қалмақтарды Жоңғариядан ығыстыруына ықпал етуін, кейін 1771 жылғы Ресейден қашқан қалмақтарды талқандағандығын және олардың көпшілігін тұтқынға алғандығын баяндай жөнелді. Абылайды хан етіп сайлау туралы шешім жариялағаннан кейін, әйгілі старшындардың төртеуі орындарынан тұрып, оны бастарынан жоғары көтеріп, орнына қайтадан отырғызды. Жиын- ға қатысушылардың барлығы осыны қайталады; оның (Абылай- дың – Ғ.Қ.) үстіндегі бағалы киімдерін шешіп, ұсақ етіп жыртып, өзара бөліп алды. Соңында үлкен қалайы табақтарға ұсақ бөлшектенген ет тартылды. Абылай кейбіреулерінің аузына алақанымен ет асатты, одан кейін барлығына қымыз берілді. Осындай салт қырғыздар арасында басқа да хандар мен сұлтандарды сайлағанда да байқалады. Абылай хан болып сайланғаннан кейін Үлкен орданың бұрынғы ханы Барақ ханның баласы Дайыр сұлтан 1781 жылдың 21 маусымында Орынбор губернаторына Абылайдың хандық дәрежеге адал жолмен келмегендігі, бұл лауазымның өзіне лайық екендігі туралы хат жазып, әкесінің әйгілі тектен, атап айтқанда, Тұрсынханнан, ол барлық қырғыздарды және Ташкентті билеген Шығайдан, ол әрқашан Ресейге адал болып келген Барақтан тарайтындығын көрсеткен. Алайда оның бұл өтініші Абылайдың бүкіл Орта орда тарапынан хан болып сайланғандығынан орындалмайтындығы мәлімденді» [1,116-119]. 7 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015 Қазақ хандығының 550 жылдығы Яғни бұл сипаттамадан қазақ тарихындағы сынды кезең болған ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Абылайдың елді біріктірудегі қызметі мен оның халық қолдауына ие болғандығын білуге болады. Абылайдың сол кездегі ықпалды Ресей және Цинь империяларымен өзіндік дербес саясат ұстағандығы паш етіледі. Осы жазбада зерттеуші ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басындағы Тәуке ханның билігі кезіндегі ел ішіндегі байқала бастаған жікке бөлінушілікті болдырмау жолындағы атқарылған шаралардың бастысы – «Жеті жарғы» заңдар жина- ғының қабылдануының маңызын айқындап, тұңғыш рет оның баптарынан мысалдар келтірген. Аталған заңдар жинағын жасауға қатысқан қазақ билерінің есімдерін жеткізген. Осы арқылы Ресей және Батыс елдеріне Қазақ хандығының жан-жақты дамуға жол ашқан мықты мемлекет болғандығын дәлелдеген. Қазақ хандығының билеушісі Тәукенің қазақ қоғамын біріктіріп, бір орталыққа бағындыру қызметіне оңды баға берген. Г. Спасский- дің баяндауынша: «…Қырғыз халқы Тәуке сұлтанды хандары ретінде мойындап, қырғыздардың Үлкен орда, Орта орда, Кіші ордалары өздерінің бас билерін: Үлкен ордада Төле биді, Орта ордада Қазбек биді және Кіші ордада Әйтеке биді сайлады (Тәуке – Ғ.Қ.). Қырғыздар арасындағы үнемі орын алып келе жатқан дауларды болдырмау мақсатында (бұрын да қырғыздарда болған) осы аталған билермен төмендегі ережелерді бекітті (онда көрсетілгеніндей – Ғ.Қ.): «Егер де кімде-кім адамды өлтіретін болса, қанға қанмен өш алынады немесе өлтірушінің барлық туыстары 200 жылқыдан құн төлейді. Ер адамның денесіне қамшымен, таяқпен және т.б. нұқсан келтірсе немесе жара түсірсе, өзара келісім бойынша малмен айып төлейді немесе қамшымен сабауға, жара салу арқылы осындай жазамен жауап беріледі, ал егер малмен құн төлейтін болса, кісі өлтірушінің барлық туыстары осы төлемге қатысатын болады. Егер де әйел жынысты адамды қорласа немесе күшпен онымен қатынас жасайтын болса (блудодеяние), ол адам өлтіріледі немесе қорлық жасағандығы үшін 200 бас жылқы құн төлейтін болады. Кімде-кім түйе ұрлап, ұрлығы ашылатын болса, ұрланған түйе үштен үш рет есептегенде тоғыз түйе және бір қызметшісімен қайтарылатын болады. Одан көп ұрланатын болса да осылай есептеледі. 8 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Қазақ хандығының 550 жылдығы Жылқы ұрлағандығы үшін де үштен тоғызға дейін жылқы және бір түйе төлейтін болады. Егер де одан көп ұрланатын болса, жоғарыдағыдай есеппен төленеді. Ірі қара мал ұрлағаны үшін үштен үш рет тоғыз бас және бір түйемен қайтарылатын болады. Ұсақ малды ұрлағаны үшін де осындай талап бойынша айып төленіп, қосымша бір жылқы берілетін болады. …Түйе немесе жылқы ұрлағандар өз кінәсін мойындағанда немесе бұл ұрлық төрт куә арқылы ашылғанда басқаларға қорқыныш әкелу үшін өлтірілетін болады. …Тәуке ханның кезінде аталған ереже ешқандай да бұзылмастан барынша әділдікпен орындалды және халық арасында тыныштық орнады» [1, 129, 131-132]. ХІХ ғасырдың бірінші онжылдығында Қазақ даласындағы ресейлік өндіріс орындарының тарихымен айналысқан Г. Шангин де өзінің жазбаларында жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылығынан молынан мысалдар келтірген. Олардың арасындағы әлеуметтік, құқықтық байланыстың орнын бағалаған. Қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік жүйесінің тиімді жақтарын саралап, қазақ хандарының халқымыздың тарихындағы өзіндік орнына сипаттама берген, сондай-ақ Қазақ хандығының әлсіреуі- нің себептерін көрсеткен. «Осыдан отыз бес жыл бұрын, – деп жазады Г. Шангин, – хандар қырғыздарды ауызша болғанымен де, әділ заңдары арқылы жеке басқарды. Ол кезде әркімнің өз қажеттеріне жеткілікті, ешкімге тәуелсіз мүліктері болды, болымсыз ұрлық, аздаған теріс әрекеттері үшін өлім жазасына кесілді» [2, 84-85,87]. Г. Шангиннің одан ары баяндауынша: «…Хандар қылмысқа қарсы заңдылықты қаталдықпен орындата алмады. Олардың өздері сияқты қырғыздар үшін де заңның орындалмауы белең алды. Хандар биліктерінен айырыла бастады. …Қырғыздар осы күнге дейін өткен хандарын аса құрмет тұтады. Олардың хандарының, тағы да басқа билеушілерінің тарихы біздер үшін аса бағалы және үлгі боларлық» [2, 113]. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның шығысы, Алтай аймағының байырғы халықтарының тарихына көптеген шығармалар арнаған Б. Герасимов нақты деректерге сүйене отырып, қазақ хандары мен батырларының қызметтерін саралаған, олардың елі үшін атқарған істерін сол тұстағы Ресей қоға- 9 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015 Қазақ хандығының 550 жылдығы мына таныстырған. Мысалы, Б. Герасимовтың тұжырымынша: «…қырғыздар және рухани жағынан да күшті халық. Қасымхан – қазақ халқын біріктіруші. …Сырым батыр халқы арасында кеңі- нен танымал болған. Сондықтан да ол қырғыз батырының атағын алуға лайық. Сырым патша билігіне қарсы батыл күрескен. …Орта жүздің ханы – Абылай ерекше тұлға болып табылады. Ол көршілері Ресей, Қытай, Жоңғариямен көреген саясат жүргізді. Абылай өз қызметінде тәуелсіздік әрекет жасап, оның барлық мақсаты қырғыз халқының саяси тәуелсіздігін қамтамасыз ету болды. Абылай ешқандай күдіксіз ірі мемлекеттік және саяси қайрат- кер, үлкен саясаткер болды. Ол қазақ даласында зор беделге ие болды. …Сұлтан Кенесары Қасымов. Ол Ресейдің отарында болған қырғыз (қазақ – Ғ.Қ.) халқына бұрынғы саяси бостандығын, өткендегі ұлылығы мен тәуелсіздігін қайтарып беруді мақсат етті. …Кенесары Қасымов көтерілісі мақсатсыз бүлік болып есептелмейді, керісінше оның алдына өз халқын тәуелсіздіктен құтқару жолындағы жалынды саяси игі әрекет болып табылады. …Ол өз халқының лайықты саяси болашағын ойлаған, сол кездегі осы әділетті қозғалысты бастаушы, үлкен ақыл иесі еді» [3]. ХІХ ғасырдың соңындағы белгілі ресейлік өлкетанушы Н.Я. Коншин Қазақстанның шығысы – Алтай өңірлерінің тарихын мүмкіндігінше молынан зерттеді. Оның шығармаларының негізгі мазмұны өлкені ресейлік отарлау, оның қазақ халқына әкелген зардаптарын айқындауға арналды. Аталған аймақтағы қазақ- орыс қатынастары, шаруашылық, әлеуметтік мәселелер оның жазбаларында кеңінен қарастырылды. Осы өңірдегі қалалардың шығу тарихын сараптады. Н.Я. Коншин сол кездегі патшалық империя тарапынан насихаттауға тыйым салынғанына қарамастан, Кенесары қозғалысына тарихи шындық тұрғысында баға берді, оның маңызын көрсетті. Н.Я. Коншин орыс тарихшыларының алғашқылары ретінде Кенесарының қайраткерлік, қолбасшылық тұлғасын сомдады. Зерттеушінің: «Ол жеке басында асқан батыл, ерік жігерлі, сонымен бірге ерекше тапқыр саясаткер болды. Қазақтар арасында оны құрметпен хан деп есептеді, ал 1844 жылы оның осы атағын бүкіл Түркістан билеушілері мойындады. Кенесарының жақтастары барлық жүзде өте көп еді, сондықтан 10 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Қазақ хандығының 550 жылдығы да ол орыстармен нәтижелі партизандық соғыс жүргізген, өзінің ұсталмайтын отрядтарын шеберлікпен құра білді. …Кенесары сенімді адамдарын өзіне қосылуға арналған үндеу, арнайы шақыру, азық-түлік және салық жинау мақсатымен жан-жаққа аттандырды. Үндеуде қазақтарды өздерінің ханы Кенесары жағына шығу, орыс үкіметіне бағынбау, көшпелі тұрмысты тастамау, тағы да басқа мәселелер қаралды. …Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресінің бағасын ай- тып жеткізу қиын» [4, 9-10] деген сипаттамасы Кенесары қозғалысының халықшылдығын паш етеді. Н.Я. Коншиннің: «1847 жылы Кенесары Қасымов қайтыс болғаннан кейін Қарқаралы, Аягөз округтерінде толқу басылды. Ол өзге көсемдерге қарағанда, барлық жағынан ерекше артық тұр- ған жан еді. …Олардың барлығы қырғыздық рулық қатынастардан ары шыға алмады, тек Кенесары Қасымов қана өзін барлық қырғыздарды русыз, ордасыз бір саяси одаққа бағындырғысы келген нағыз қырғыз батыры ретінде көрсете білді. Ол қайтыс болғаннан кейін орыс үкіметінің қырғыз даласындағы билігі кеңейе түсті. Одан кейінгі он жылға таяу уақыт ішінде сұлтандар билігін жойып, қырғыздар арасында 1822 жылғы ережесінен басқа өзге мақсаттағы «ережені» қабылдауға мүмкіндік алды» [5] деген қорытындысынан Ресей империясының қазақ жерін иеленуіне қарсы ұйымдастырылған Кенесары қозғалысының ауқымы мен отарлаушылардың одан алған сабағының молдығы жарияланады. Міне, осылай Н.Я. Коншиннің бұл еңбегі арқылы халқының еркіндікке жетуін мақсатына айналдырған Кенесары- ның тұлғасының ұлылығы айшықтала түседі. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы белгілі тау инженері В.Д. Коцовский Қазақстандағы кен байыту ісіне арналған жазбалармен қатар жергілікті қазақтардың тарихы, тұрмысы, шаруашылығына назар аударған. Қазақ халқының қалыптасуы мен даму тарихын қарастырған. Қазақ хандарының мемлекетті нығайту, халқын біріктіру бағытындағы қызметтеріне талдау жасаған. Осы тұрғыда ол: «Қазақтардың одағын хандар басқарып, олардың арасынан кейде елеулі тұрғыда айырықша қабілеттілері пайда болды, атап айтқанда, олар халықты шеберлікпен басқарған Тәуекел, Тәуке, т.б. Әртүрлі халықтардан құралған қырғыз-қайсақ 11 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015 Қазақ хандығының 550 жылдығы ордасы үнемі тонаумен, өзара қақтығыспен және т.б. айналысып, қазіргі жауларына мықты қарсылық көрсете алмады, сондықтан да қуатты көршілерінің ықпалына және билігіне түсіп отырды. Қырғыз-қайсақтар арасындағы бейбітшілік пен тыныштықты қалпына келтірген сұлтан Тәуке еді, алайда ол қайтыс болғаннан кейін Ордада тағы да бүлік басталып, оны көршілері, соның ішінде жоңғарлар пайдаланды» [6, 1-2], – деп көрсетеді. Зерттеуші ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ-орыс қаты- настарының мақсатына, барысына сипаттама берген. Тәуке ханнан кейінгі Қазақ хандығында орын алған қарама-қайшылықтардың зардаптарына тоқталған. «Қырғыз-қайсақ ордасына, – деп жазады В.Д. Коцовский аталған еңбекте – азиялық мемлекеттерге қақпа ретінде қараған Ұлы Петр сол кездің өзінде-ақ, қырғыз даласындағы жағдайлар- ға назар аударып, сол тұстағы Сібір губернаторы князь Гагаринге Ордамен байланыс жасап қана қоймай, күшейе түскен Жоңғар шапқыншылығын тоқтату мақсатында оған көмектесуге бұйрық берді. Патшаның бұйрығын орындау барысында 1717 жылы қырғыз- қайсақ хандары Тәуке, Қайып және Әбілқайыр князь Гагаринге орыс патшасына бағынатындары туралы мәлімдеді, алайда келесі жылы Тәуке қайтыс болғаннан кейін бұл келісімдер нәтижесіз күйінде қалды. Қайып, сонымен бірге Әбілхайыр да келісімнің жалғастырылуына мүдделі болмады, олар Тәуке қайтыс болғаннан кейін-ақ, төніп келе жатқан қауіпті ойламай, өзара келісімге келе алмады, нәтижесінде олардың арасында өзара бітіспес күрес басталды» [6, 3]. Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдағы аталған орыс зерттеушілері- нің деректерінде сол кездегі патшалық Ресейдің отарлау саясаты- на қарамастан, қазақ мемлекеттігінің тарихына, хандық басқару жүйесіне, белгілі хандардың қызметтеріне нақты баға берілген. Сондықтан да бұл тарихи шығармаларды Қазақстанның Ресей империясы құрамындағы кезеңінің тарихын негіздеудегі құнды мағлұмат көздері деп есептеуге болады

Оставить комментарий