Қазақ хандығы мен Орыс патшалығы арасындағы қатынастар

Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақ хандығының 550 жыл- дығын мемлекеттік деңгейде атап өту бастамасын көтергеннен бері хандықтың тарихына қатысты қоғамда қызу талқылау жүріп, сан түрлі ой-пікірлер айтылды, зерттеулер жасалды. Өткен жылы халықаралық қатынастарда орын алған келеңсіз оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қазақ хандығына қатыс- ты өз пікірін білдіріп, хандықтың мерейтойын бекіткен еді. «Қазақстанның тәуелсіздігі деген өте қасиетті ұғым. Бабалардың аңсағаны біздің буынның бақытына келді. Оны сақтау – бәріміздің парызымыз. Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақ мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар.

Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қалан- ды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым- қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн» [1]. Қазақстан Республикасы Қазақ хандығының тікелей мұрагері ретінде оның территориясын иемденуі оның сол кездегі саяси сахнадағы көршілерін де айқындады. Солардың бірі, тіпті біре- гейі – Орыс патшалығы, қазіргі Ресей Федерациясы. Қазіргі таңда 36 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Қазақ хандығының 550 жылдығы көп айтылатын «солтүстіктегі көршіміздің іргелес қоныс тебуі» сол заманда орын алған болатын. XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазан хандығының Орыс патшалығына қосылуы (шамамен 1552 жылдан бастап) екі елдің байланысын күшейтті. Ал Қазақ хандығының ендігі жерде Ресеймен шекаралас болуы олардың арасындағы түрлі деңгейдегі өзара байланыстың орнауына ықпал етті.

Орыс-бұқар, орыс-хиуа, орыс-парсы сауда келісімдері дәл осы кезеңде жасалған болатын. Аталған елдер арасында орналасқан Қазақ елінің де бұл үдерістен шет қалуы мүмкін емес еді. Мәселен, 1569 және 1573 жылдары Қазақ хандығында болған Ресей елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков қазақ билеушілері жөнінде көптеген мәліметтер қалдырды. Шетелдік саяхатшылардың еңбектерінде де Қазақ хандығы туралы деректер кездеседі. Мысал ретінде 1557 жылдары Орта Азияға саяхат жасаған ағылшын саудагері Антони Дженкинсонның естелік жазбасын келтіруге болады [2, 162]. Хақназар хан тұсында Ресеймен сауда және саяси байланыстар орнатылды. Орта Азияда қалыптасқан саяси жағдайда Қазақ хандығы Ресей патшалығы сияқты күшті одақтас іздеуге мәжбүр болды. XVI ғасырдың 70-жылдары Сібір ханы Көшіммен қарым- қатынасы шиеленіскен Ресейге де бұл одақ қажет болатын. Осы мақсатты көздеген Иван IV 1573 жылы шілде айында Третьяк Чебуков бастаған елшілікті Қазақ ордасына аттандырады. Бірақ келісім орнатуға Мұхаммедқұл (Көшім ханның жиені) сұлтан кедергі жасайды. Соған қарамастан, Т. Чебуковке Қазақ хандығымен Көшім ханға қарсы одақ құру тапсырылған еді [3]. Көп ұзамай, 1574 жылы 30 мамырда Строгановтар бастаған саудагерлер Қазақ ордасымен экономикалық келісім жасайды [2, 165]. Орыс өкіметі өзінің барлық елшілеріне Қазақ хандығындағы жағдай мен олардың Орта Азия хандарымен байланысын анықтауды тапсырды. Осыған орай орыс елшілері өздерінің «Статейный спискаларында» қазақ даласының әскери жағдайына көп көңіл бөледі. Бұл мәліметтер патшалық Ресейдің Қазақ хандығымен толық, үздіксіз дипломатиялық байланыстар орнату үшін қажет еді.

Анттық одақ жасасқаннан кейін, Хақназар билігінің соңғы кезеңінде Орта Азиядағы саяси жағдай бұрынғыдай емес, біршама тынышталған болатын. Өйткені Абдолламен келісімге келген Көшім 37 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015 Қазақ хандығының 550 жылдығы хан шабуылдауын тоқтатқан еді. Көшім де Абдолла секілді Шайбани әулетінен тарайды. Әділғазы бойынша: «Шыңғыс ханнан Жошы – Шайбани – Бахадүр – Жошы – Бұқа – Бадақгүй – Мөңке – Темір – Бекқұлды оғлан – Әли оғлан – Қожо – Мұхаммед – Махмуден – Мұртаза – Көшім» тарайды [4]. Көшімді көптеген зерттеушілер «қазақ» деп көрсетеді. Бұлай деуге Көшімнің жас кезін Ноғай ордасында өткізуі себеп болса керек. Көшім ханның билікке келуі туралы Г.Ф. Миллердің «Сібір тарихы» атты еңбегінен кездестіруге болады. Онда Шайбани мен Тайбұғы әулеті арасындағы күрес көрсетілген. Соңғысының негізін Қыпшақ ханы Тайбұғы салған. Көшімнің атасы Ибак хан немесе Айбақ хан Тайбұғының Мардын өлтіріп, таққа отырады. Кейін Марды немересі Мұхаммед Ибакты өлтіріп, билікті қайтарып алады. Оған қарсы Ибактың бауыры – Мұхаммедтің ұрпағы Көшім шықты. Ол сол кездегі тайбұғылық Жәдігер ханға қарсы күресті. Көшімнің қазақ атану себебі, 1555 жылы әкесі Мұртаза екеуінің Сібір жеріне оңтүстіктен келуі еді. Тағы да әулет ауысудан, биліктен айрылудан қорыққан Жәдігер мен Бекболат Ресей бодандығын қабылдайды. Соған қарамастан, Көшім 1563 жылы Жәдігер әскерін талқандап, астанасы Ескерді басып алады. Тайбұғының тұқымынан тек Бұқараға қашқан Сейтек қана аман қалады [5, 196]. Көшім хан мемлекетінің астанасы Ескер қаласы болды.

Қала Тобыл өзенінің Ертіске құятын жерінің оң жағалауында орналасқан. Қаланы қоршап мырзалар мен бектердің иеліктері орналасқан. Қала түрік және остяцко-вогул халықтарының шекарасында орналасқандықтан, екі жақты да басқару оңайға түскен еді. Сонымен қатар Ескер қаласы Жібек жолының солтүстік бағытында шығыс пен батысты жалғастырушы ретінде керуендерден көп пайда түсіретін. Ескер – шағын қала, Сібір хандығының орталығы болғандықтан, жақсы қорғалған. Көшім хан билікке келген соң, әсіресе 1572 жылдан бастап Мәскеумен тайталаса бастады. 1573 жылы Мұхаммедқұлдың, кейін басқа да сұлтандардың ресейлік Строгановтарға тиесілі жерлерді тонауы жағдайды одан әрі шиеленістірді. Бұған жауап ретінде Строгановтардың қызметінде жүрген Ермак өз әскерін жинап, 1581 жылы күзде Сібірге жорыққа шығады. Бұл жорықтың патша саясатынан тыс екендігін көрсете келіп, Карамзин «өз мүдделерін көздеген бір топ қарақшы Ресейге сауда территориясын ашты» дейді [6, 217-218]. 38 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Қазақ хандығының 550 жылдығы Ескерге дейін Ермак екі жерде – Жапаша мырза мен Қараша мырза иеліктерінде ғана қарсылық көрген еді. Ескер қаласының түбінде болған ұрыстан соң, Көшім қаланы тастап қашады, кейін 1582 жылдың 26 қазанында Ермак әскері Сібір хандығының орталығы Ескерді алды.

Бірақ қаладан айырылса да, хандыққа әлі де иелік жүргізген Көшім соғысын тоқтатпады. Көшімнің Ескерден айрылуының немесе жеңілісінің себебі, сұлтандардың бірі бастаған хандықтың негізгі әскері Часовая аймағына жорыққа кеткен еді. Бұдан кейінгі үш жылға созылған өзара соғыс нәтижесінде, Ермак әскерінің жартысынан, ал Көшім жерінің жартысынан айрылды. Сібір хандығының мықты қолбасшысы – Көшім ханның жиені Мұхаммедқұл Ермакқа тұтқынға түсіп, кейін патшалық астанасына жіберілді. 1585 жылдың тамыз айында Көшім Ермакты Вагай өзеніне алдап шақырып, сол жерде казактарды түгелімен қырып салды. Ермакты сібірлік батыр Құтығай (кейбір аңыздарда Сәтбек батыр басын шапқан) найза шаншып өлтірген. Атамандарының өлгенін көрген казактар Ескерді тастап қашады. Көшім Ескерге қайта оралады. Бірақ орда ішінде Қарашаның бастауымен бүлік шығып, олар тайбұғылық Сейтек жағына қолдау көрсетеді. Ораз-Мұхаммед бастаған қазақ сарбаздарының көмегімен Сейтек Ескерден Көшім хан мен Әли сұлтанды қуып шығады. Атақты Көшім хан Ескерді біржола тастап шығады. Ал Сейтек болса, көп ұзамай, Сібірге келген жаңа казак әскерінің воеводасы Чулковтың алдауына түсіп, билігінен айрылады. Қарсыласы жойылған соң, Көшім ресейлік Тобольск қаласымен көрші болу қауіпті болғандықтан, қаланы тастап Ертістің сол жағалауына қашады. Ал қала болса, біртіндеп қирап, кейін Ертіс өзені мүлдем ағызып алып кетеді. Осылайша, бір кезде күшті хандықтың астанасы болған Ескердің орнында топырақ үйінділері де қалмады [7, 115].

Ал енді Сібір хандығының құлауына бірден-бір себеп болған Көшімнің сыртқы саясатына тоқталсақ. Көшім билікке келгенде, хан сарайындағы билік Бұқарадан шыққан адамдардың қолында болғандықтан, Көшім Бұқар хандығымен тығыз қарым-қатынаста болды. Сонымен қатар Көшім Ноғай ордасымен, Қырым хандығымен достық қатынаста болуға тырысты. Көшім ханның қазақ хандарымен байланысы бірқалыпты дамымады. Ертістен Жайыққа дейінгі аралықты қазақ хандарының 39 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015 Қазақ хандығының 550 жылдығы билеуі Көшімнің қарсылығын туғызды. Көшім ханның билік ету кезеңі Хақназар (1580–1582 жж.) мен Тәуекел ханның (1582– 1598 жж.) тұсындағы Қазақ ордасының күшеюімен тұспа-тұс келді. Көшім билікке келісімен-ақ, Хақназармен соғыса бастады. Бірақ күштің Көшім жағында болмағанын 1570 жылы патша елшісі Ивошка Поздневке жолдаған хатынан көруге болады. Онда «патшаға салық жинап берудемін және қазақ хандарымен соғысып жатырмын. Бірақ олар күннен күнге күшейіп келеді, егер Сібірді алса, сізге салық жинамайды» делінген [8, 137]. 1580 жылы Хақназар хан қайтыс болғаннан кейін, билік басына келген Шығайдың Абдолла жағына өткенін пайдаланып, Көшім хан өз тұқымымен байланысын күшейткісі келді. Сол мақсатпен інісі Ахмет-керейге Шығайдың қызын алып береді. Бірақ кейін қызына дұрыс қарамағаны үшін, Шығай Ахмет-керейді қулықпен өлтіреді. Бауырының өлімі үшін Көшім Қазақ ордасымен байланысын біржола үзді. Кейін Тәуекел ханның Абдолладан кетіп, оған қарсы шабуыл жасауы Көшімді Қазақ хандығының жауы болуына алып келді. Әрине, Қазақ хандығы да қарап қалмады. Олар Көшімнің бәсекелесі Сейтекке жер беріп, оған қарсы айдап салды. Бұл саясаттың нәтижелі болғаны белгілі. Аз уақыт болса да, Ескерде қайтадан Тайбұғы әулеті билікке келді [7, 114]. Көшімнің сыртқы саясатын айтқанда, оның Орыс патшалығымен қарым-қатынасына тоқталмау мүмкін емес, өйткені Көшімнің сыртқы саясаты осы бағытқа негізделген еді. Билігінің бастапқы кезінде Көшім Ресеймен достық қатынаста болуға тырысты. Мұндай байланыс Ресей үшін де тиімді еді. Балтық теңізіне шығу үшін Швеция мен Польшамен соғысып жатқан Ресей шығысын- дағы шекараның тыныштығын қалады. Көшім өз кезегінде Жәдігер ханның кезіндегідей Ресейге салық төлеуден бас тартпады. 1571 жылы Сібір хандығына жіберілген Ресей елшісі Третьяк Чебуковтың өлтірілуіне байланысты Мәскеумен достық қатынас үзіледі. Көшімнің өз көзқарасын өзгертуіне себеп болған нәрсе, сол кездегі Мәскеудің жағдайы еді. Орыс патшалығы Ливон соғысы мен қырым-татарларынан жеңілісінен кейін ұзақ уақыт бойы естерін жия алмады. Көшім Оралдағы Строгановтардың қол астындағы халықты салық төлемеуге, қамалды қиратуға үгіттеді. Тіпті күшейіп алған Көшім 1573 жылы Махмұдқұл бастаған әскерді Орал жағалауын шабуға да жіберген болатын [5, 339]. 40 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Қазақ хандығының 550 жылдығы Кейінгі жеті жылда Мәскеумен бейбітшілік орнады. Оған себеп болған Қырым ханы Дәулеткерейдің Мәскеуден жеңілісі еді. Бірақ 1580 жылдан бастап Көшімнің мырзалары орыс қалаларына шабуылын қайта бастады. Осылайша, Көшім хан Сібір хандығының Мәскеуден вассалдығын жойып, тәуелсіз Сібір хандығының іргесін көтерді. Бұдан кейінгі Ресейдің бейбіт келісім орнату талпынысы нәтижесіз аяқталды. Алда бұл мәселенің қанды шешімі жақындап келе жатты. 1586 жылы Тәуекелдің Ташкентке шабуыл жасағаны және Сейтекке қолдау көрсеткені үшін, Көшім мен Абдолла Қазақ хандығын қайта қыспаққа алды. Осындай қиын жағдайда қалған Қазақ хандығына Көшім мен Бұқарға қарсы әскери одақ қажет болды. Бұл кезде сібірлік Көшіммен соғысып жатқан Ресей мемлекеті үшін де одақ қажет болатын. Осыны көре білген Тәуекел 1594 жылы Құлмұхаммед бастаған қазақ-қалмақ елшілігін Мәскеуге жібереді. Оның негізгі мақсаты: Бұқар хандығына қарсы соғыста қолданатын «от қару» сұрау, «орыс бодандығын қабылдау» және 1580 жылы Көшімге қарсы шабуылда тұтқынға түскен Ораз-Мұхаммед сұлтанды босатып алу еді. Әрине, қазақ хандығына Бұқармен соғыста «от қару» қажет болды, бірақ ол үшін тәуелсіздіктен айырыламын деген Тәуекелдің ойында болмаса керек. Қазақтардың салт-дәстүрі мен ар-ожданын біле отырып, Ресей бодандығын қабылдау бұл Ораз-Мұхаммедті тұтқыннан босату үшін ойлап табылған айла ретінде қарау керек [9, 157]. Тарих көрсеткендей, Абдолладан жаңа бостандық алған Қазақ елі үшін Ресейге бодан болу түкке қажет емес еді. Ал Орыс мемлекеті бұған жауап ретінде 1595 жылы наурыз айында Вельямин Степановты Қазақ ордасына аттандырды. Грамотада Ресей патшалығы Қазақ және Қалмақ ордасын қол астына алғанын және Бұқармен қарсы соғысқа жүз атқыш беретінін жазған. Сонымен қатар Тәуекелдің қол астындағы сұлтандар Шахмұхаммед пен Көжек сұлтанға да жеке-жеке грамоталар жазылған. Бірақ Ресей өкілеті бұл құжаттардағы айтқандарын орындамады. Соған қарамастан, патша Қазақ ордасына мынадай тапсырма береді: «Қазақ хандары Бұқарды өздері тыныштандырып, бүлікші хан Көшім ханды ұстап, Ресейге жіберуі керек». Ал Ораз-Мұхаммед сұлтанды босату мәселесіне келсек, 41 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015 Қазақ хандығының 550 жылдығы грамотада ол туралы былай делінген: «Билікке көнбеген Көшім ханды талқандау кезінде, тұтқында отырған қазақ сұлтаны Ораз- Мұхаммедті құтқардық. Егер оны босатып алуды ойласаңдар, орнына Тәуекел хан ұлы Құсайынды кепілдікке берсін» [10, 9]. Осы жерде қазақ-орыс келісімінде көрнекті рөл атқарған Ораз-Мұхаммед сұлтанның өміріне тоқталып өтейік. Қадырғали Жалайырдың еңбегінде Ораз-Мұхаммедтің шежіресі былай көрсетілген: «Орыс хан – Қайыршақ хан – Барақ хан – Жәнібек хан – Жәдік сұлтан – Шығай хан – Ондан сұлтан – Ораз-Мұхаммед хан (сұлтан)». Еңбекте «Ондан сұлтан – батыр әрі мерген болған, үнемі Шығай әскерінің алдында жүреді, қалмақтармен соғыста шейіт болып, денесі Түркістанға қойылды» деп жазылған [11]. Ал Ораз-Мұхаммедтің тұтқынға түсуіне келсек, мұнда теріс пікірлер кездеседі. Ораз-Мұхаммедті сол тұста Көшім ханды Ескерден қуып шыққан Сейтек пен Қараша үшеуін адамдарымен опасыздықпен алдап, Тобыл қорғанының әскер басы Чулковтың қолға түсіргені туралы Қысқа Сібір жылнамасында немесе «Кунгур» жылнамасында айтылған [1, 163]. Ораз-Мұхаммедтің тұтқынға алынуы тосын жағдай емес-ті, бұл Ресей өкіметінің сол кездегі жымысқы саясаты болатын. Патша өкіметі осындай сұлтандарды тұтқындау немесе қашып келгенде паналату арқылы кейін сол елді жаулағанда оларды саяси күш ретінде пайдаланған. Мысалы, сол кездегі патша қызметінде сібірлік Махметқұл, қырымдық Жаханша мырза және т.б. болды. Ораз-Мұхаммедті де осындай қызметте пайдалануға тырысты. Оған дәлел ретінде Ораз-Мұхаммедтің Тәуекел ханға жолдаған хатын келтіруге болады [10, 11]. Бірақ бұл кезде Қазақ хандығы күшті мемлекет болатын, оны Ноғай елімен немесе Қырым хан- дығымен салыстыруға келмейді. Ал Ресей мемлекеті грамотада айтылғандай, Ораз-Мұхаммедті Құсайын сұлтанға айырбастап, еліне қайтаруды ойламады да. Солтүстікте шведтермен, қырымдықтармен соғысқа қатысқан, «от қарудың» сырын білетін, Ресей мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатына қанық Ораз- Мұхаммедтей адамды болашақ қарсыласы болуы мүмкін Қазақ ордасына қайтару өте қауіпті еді. Бірақ Ораз-Мұхаммед елге оралмаса да, елшіліктің көп жұмыстарына көмегі тиді. Ол Қазақ елшілігімен қатар келген Иран шахы Аббастың елшісі Дервиш- Мұхаммедпен кездесуге мүмкіндік алып береді [10, 4]. Білгір 42 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Қазақ хандығының 550 жылдығы саясаткер Құлмұхаммед Орыс патшалығы Қазақ хандығын Кө- шім мен Бұқар хандығына қарсы жалғыз айдап салатынын түсініп, Дервиш-Мұхамедпен келісім жасауға тырысты. 1595 жылдың мамырында Иран елшісі Вельямин Степановпен бірге Тәуекел ордасына аттанады. Тәуекел хан Иран елін Бұқар хандығына қарсы одақ құруға үгіттеді. Қазақ ордасында бір ай болған елшілермен бірге Мәскеуге, одан ары Иран еліне баратын елшімен кетті. Тәуекел сарайынан қайта оралған Вельяминов-Зернов патшаға Қазақ хандығы туралы толық мәлімет берді [12, 54]. Ораз-Мұхаммедті ауыстыруға Құсайын сұлтанның орнына Мұрат сұлтан келеді, бірақ алдын ала жоспарлағандай, Ресей мемлекеті оған жол бермеді. Кейін Касимовкаға (Хан-Кермек) хан болып тағайындалған Ораз- Мұхаммед Ресейдегі XVII ғасырдың басындағы дүрбелең жылдар- да жалған Димитрий қолынан қаза табады. Денесі Хан-Кермек қаласындағы Жаханша мырза мен Қараша бек (Қадырғали Жа- лайыр) бейітінің ортасына қойылған. Осылайша, Тәуекел ханның сыртқы саясатында елеулі орын алатын 1594–1595 жылғы орыс-қазақ өзара елшіліктері нәтижесіз болып, екі жақ ортақ келісімге келе алмады. Ресей патшалығы Бұқар, Сібір және Қазақ хандықтарын өзара соғыстыру арқылы оларды әлсіретіп, осы аймаққа толық билік еткісі келді. Ал Қазақ ордасына берген грамотасы оның өз саясатына қайшы келді, себебі «от қару» алып күшейсе, қазақтар ертең өздеріне қарсы келерін түсінді, сондықтан да Ресей мемлекеті Қазақ ордасының әлсіреуін күтті. Ал Қазақ хандығы болса, елшіліктің мақсаты тәуелсіздігін жоғалтып, бодандыққа түсу емес, тұтқындағы Ораз-Мұхаммед пен «от қару» алу екенін жасырмады. Бұл өзара елшіліктің жақсы нәтижесі Қазақ ордасының Мәскеуге барған Иран елшісі Ғадібек арқылы Иранмен одақ жасауы болды. Кейін Бұқарды талқандау кезінде екінші жағынан Иран шахы да өз үлесін қосқан еді. XVI ғасырдың аяғындағы осы саяси оқиғалар туралы Левшин: «Степанов патшаға қандай жауап әкелгені белгісіз, бірақ бұл елшіліктер Ресейге қандай саяси жетістіктер әкелгені белгілі, не Тәуекел, не болмаса оның XVIII ғасырға дейінгі мұрагерлерінің ешқайсысы да Ресей боданы болмады, не қызмет көрсетіп, көмектеспеді де. Керісінше кейінгі кезеңде Сібірде пайда болған орыс қоныстарын талқандады» деген дерек келтіреді [9, 158]. 43 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015 Қазақ хандығының 550 жылдығы Осылайша, XVI ғасырдың екінші жартысы Қазақ хандығы тарихында ерекше кезең болып табылады. Әсіресе хандықтың сыртқы саясатында көп өзгерістер болды. Бұл кезеңде қазақ хандығының саяси және әскери жағынан күшеюі мен әлсіреуі қатар жүрді. Бұрын үлкен территорияны алып жатқан Қазақ хандығы ғасырдың ортасында өзінің кең байтақ жері мен Сыр бойы қалаларынан айрылды. Қазақ ордасының территориясы Жетісудан Сарысуға дейінгі аз ғана жерге ие болып қалды. Негізгі пайда көзі қалалар мен дәстүрлі көшпелі шаруашылыққа қажетті жердің болмауы экономикаға кері әсер етті. Сондықтан да XVI ғасырдың екінші жартысындағы хандардың сыртқы саясатындағы негізгі бағыт Сыр бойын Абдолладан, ал батыстағы жерлерді ноғайлар- дан қайтару болды. Күшті де беделді Хақназар хан өлімінен кейін жасы келген Шығайдың әлсіздігі сол кездегі Қазақ ордасының жағдайын көрсетеді. Бастары бір қазанға сыймаған Шайбани мен Орда Ежен ұрпақтары бірікті. Бірақ бар-жоғы екі жылға созылған бұл одақты Тәуекел хан бұзып, Абдоллаға қарсы күресті қайта бастады. 1586 жылы Тәуекел алғаш рет Мауераннахрға аттанады. Алғашында жеңістерге жеткенімен, Абдолланы дайындықсыз жаулап алу мүмкін еместігін түсінген Тәуекел өз әскерімен кейін шегінеді. Бұл жорықтың негізгі мақсаты – Қазақ ордасының күшін көрсету арқылы елдің беделін көтеру еді. Бұл жорық өз нәтижесін екі жылдан соң көрсетті. Абдоллаға қарсы шыққан Ташкент әмірлері өздеріне хан етіп Жанәли сұлтанды отырғызды. Оларға басқа да қазақ сұлтандары көмекке келді. Әрине, бұл көтеріліске Тәуекел тікелей қатыспағанымен, қазақ халқының оянғаны көрінеді. Бұл көтеріліс Тәуекел ханның болашақ ұлы жеңілісіне негіз болды. Көтеріліс Бұқар хандығын саяси дағдарысқа түсірумен қатар, Ташкентте Тәуекел ханға мүдделес адамдардың, топтардың бар екенін көрсетті. 1598–1599 жылдары Тәуекел ханның Мауераннахрға жорығы нәтижесінде, Бұқараның әлеуметтік топтарын: дін басылар, жергілікті қазақтар, тіпті кейбір шайбанидтерді өз жағына шығарады. Мауераннахрдің әлеуметтік топтарына сүйенген және Бұқар хандығындағы саяси дағдарысты пайдаланған Тәуекел аз уақыт ішінде Ташкент, Ферғана,Түркістан аймағын басып алды. Тәуекел Бұқар хандығымен соғыста сол кездегі халықаралық 44 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Қазақ хандығының 550 жылдығы жағдайға сай дипломатиялық әдістерді қолданды. 1594–1595 жыл- дары Ресеймен Бұқар хандығына қарсы әскери одақ жасау үшін Құлмұхаммед бастаған елшілікті аттандырады. Елшіліктің негізгі мақсаты Ораз-Мұхаммедті босату және «от қару» болғанымен, өзара келісімдер ешқандай нәтиже бермеді. Бірақ Қазақ елшілігі Мәскеудегі Иран елшілігімен Бұқар хандығына қарсы келіссөз жүргізуге мүмкіндік алды. Бұл мәселені шешуге сол кезде Ресей- дегі қазақ ханзадасы – орыс воеводасы Ораз-Мұхаммед көп еңбек сіңірді. Ал Тәуекел, Көжек сұлтан, Сүтемген би, Шахмұхаммед хан сияқты қазақ елінің игі жақсылары солтүстік көршісі Ресей- мен келіссөздер жүргізіп, елшіліктер алмасып, Ресей мемлекетінің саясатын түсінуге мүмкіндік берді. Тәуекелден кейін хан болған Есім де, одан кейінгі ұрпақ та, ұлы саясаткер, ержүрек бахадүр, ақылды хан Тәуекел жолымен жүрді. Ешкімге тізе бүкпей, қазақтың шаңырағын көтеруге атсалысқан бұл жол «Тәуекел ханның тура жолы» деп аталады.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar