Қазақ хандығында патриотизм рухын қалыптастыру

Қазақ елінің тарихындағы Қазақ хандығы дәуірінде ел басқару ісіне араласқан жыраулардың рөлі өте зор. Өйткені қазақ халқы елдікті сақтау жолында жан-жақтан төнген қауіп-қатерге, басқыншылық жорықтарға қарсы тұра білді. Қазақ хандығы дербес өмір сүрген уақытта халықтың рухы асқақ, мәртебесі биік және салт-дәстүр- лерін жақсы ұстанған ел болатын. Халықты басқарған хандар, дау шешкен билер, ақылман жыраулар, қол бастаған батырлардың да ортақ мақсаты – «Отан», «Туған жер», «Елдікті сақтау» және халықты бірлікке, ынтымаққа шақыру мәселелерін басты назарда ұстады. Қазақ хандығы дәуірінде өздерінің ақылмандығы, жыраулығымен ерекше дараланғандардың арасында Бұқар және Ақтамберді жыраулар болды. Дала даналары бүкіл елді бірлікке шақырып, елдікті сақтау жолында күреске жұмылдырды.

Қазақ Ордасы XVII ғасырда тартыстардың күшеюінен әлеуметтік-саяси ауыр жағдайға тап келді. Қазақ елі тұтас мемлекеттілігінен, тәуелсіздігінен айырылудың аз-ақ алдында болды. Үш жүздің әрқайсында бірте-бірте дербес (орталыққа бағынбайтын) хандар шыға бастады; жіктелу, бөліну басталды, бұқара халық ауыр күйзеліске түсті. Орталық хан үкіметінің беде- лін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағыт- талған шаралар қолдану керек болды. Осыған байланысты қазақ 14 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Қазақ хандығының 550 жылдығы хандарының ішіндегі бас көтерері Тәуке хан (1680–1718 жж. билік құрған) үш жүздің билерінің (Төле би, Қазыбек, Әйтеке би) басын қосып, «Жеті жарғыны» жариялады. Бұл заң бойынша мемлекет құрылымының негізгі принциптері белгіленді. Қазақ Ордасының барған сайын бөлшектене түсуі сыртқы агрессияға (Жоңғар шапқыншылығына) тойтарыс беруде халық күшін біріктіруге негізгі кедергі болды. Қазақ халқының құрып кету қаупі туды. Қазақ жерін жаулап алуды, Қазақ хандығын құртуды көздеген Жоңғар хандығы мен Маньчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып, күшін біріктіруде аса зор рөл атқарған Абылай хан хандықтың сыртқы саясатын көрегендікпен жаңаша шешті.

Ол көршілес екі мемлекет (Ресей, Қытай) арасында одақтық саясатты өзіне ұтымды әдіспен батыл жүргізді. Абылайдың саясатын (ішкі, сыртқы) қолдаған Қазақ хандығының бас идеологі Бұқар жырау (1668–1781 жж.) болды. Бұқар жырау хан билігінің берік болуы жолында күресуімен қатар Ресеймен жауласпау, онымен тату көршілік сақтау керектігін насихаттады. Бұған қоса, ол – патша үкіметінің түпкілікті мұратын (отарлау саясатын) да болжап айтып кеткен ұлы ойшыл [1]. Қазақ хандығы дәуірінде орта жүз арғындағы төртуыл Қаржас Алтынторыдан шыққан Қалқаман батырдың баласы Бұқар жырау атанған қария тоқсан үш жасында Абылай ханның алдында жыр толғаған. Өз заманындағы жандар бұл кісіні көмекей әулие деседі екен. Бір сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен. Абылай жорыққа аттанбақшы болса, Бұқарды алдырып, жұлдызың оң ба деп, Айдың, Күннің сәтін сұрайды. Сәде көріп беріңіз деп сұрайды екен.

Сары бура келіп, сенің туыңның түбінде тұрып, пәлен жаққа қарай шабынды десе, сол айтқан жағына бет алып аттанса, шауып, жаншып келеді екен. Жоқ, сары бура келгеннен туыңның түбінде шөгіп, мойнын жерге жабыстырып жатып алды десе, аттанбайды екен [2]. Бұқар жырау елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде, Жоңғар басқыншылығы тұсында өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел- жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, Қазақ хандығының 550 жылдығы оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Бұқар жырау «Тілек» деп аталған толғауында: Бірінші тілек тілеңіз, Бір Аллаға жазбасқа. Екінші тілек тілеңіз, Ер шұғыл пасық залымның Тіліне еріп азбасқа, — деп Үшінші тілек тілеңіз, Үшкіліксіз көйлек кимеске…, — деп жырлайды. Қазақ даласында бейбіт өмір болуы үшін, Бұқардың айтуынша, халық пен ел билеген хандардың келісімі мен ел бірлігі қажет. Жырау ел тыныштығының қымбат екендігін, көрші елдермен достық қарым-қатынаста болуды, ханды хандықтың және халықтың мүддесіне қайшы келетін жағымсыз іс-әрекеттерден сақтандырып, былай деген екен: Жан біткен еріп соңынан Он сан алаш баласын, Аузыңа құдай қаратып, Жусатып тағы ергізіп… Жұмсап бір тұрсаң қолыңнан. Абылай ханның ел бірлігін сақтауға, көрші елдермен қарым- қатынас жасаудағы рөліне оң бағасын береді. Ру арасындағы тартыс жағдайында Бұқар жырау адамдарды біріктіруге, ынтымақтыққа шақырудан шаршамайды, «бұрынғы өшпенділікті ұмытып, адамдар өзара достасудың» қажеттігін, «жау әр уақытта да бізді айналып өтсін», «сіздер бір туған анадан қандас бауырларсыңдар», – деп, руларға, тайпаларға ықпал етуге ұмтылды [3].

Бұқар жырау Абылай ханның саясатына, оның қазақ рулары мен көрші елдермен қарым-қатынасына еркін араласа білді. Ол Абылай туралы өлеңдерінде, ең алдымен, оның жауларымен қарсы күрестегі ерлік істерін дәріптейді. Қазақ хандығы дәуірінде өмір сүрген атақты жыраулардың бірі – Ақтамберді Сарыұлы (1675–1768 жж.). Ақтамберді жырау 16 №3 (47) 2015 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ Қазақ хандығының 550 жылдығы – қолбасы, қазақтың жыраулық мектебінің белді өкілі, мәмілегер. «Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке» дегеніне қарағанда, күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелеген. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысында өкіл болды. 1738–1752 жылдары қазақ- қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным- түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп, жыр-толғауға айналған. Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады.

Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі уақытта бірқатар өлең-жырлары жарияланды. Ақтамбердінің «Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындылардың бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап мұратқа, татулыққа үйретеді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінезден сақтандырады [4]. Ақтамберді жырларындағы негізгі сарын – ерлікке үндеу, жауға қарсы күреске жігерлендіру. Ол жау табанында қалған жерлерді азат етуді аңсайды, бүкіл қазақ болып бірігіп атқа қонуды, жоңғарларға күйрете сокқы беруді армандайды. «Балпаң-балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен шайқасқа шақырады. Ел қорғау жолында өлген ерде арман жоқ деп біледі. Жауды шаптым ту байлап, Шепті бұздым айқайлап. Дұшпаннан көрген қорлықтан Жалынды жүрек қан қайнап, Ел-жұртымды қорғайлап…, — деп келетін жалынды жырлары бар. Ол – суырыпсалма сөз өнерінің жетік өкілі.

Шығармалары табан асты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу арқылы 17 ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ №3 (47) 2015 Қазақ хандығының 550 жылдығы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те өткір сөздерімен қауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды. ХVIII ғасырдағы ауызекі тарихи дәстүр түрлерінің бірі – сол кездегі әйгілі жыраулар айтқан қазақ толғаулары. ХVIII ғасырдағы қазақ жыраулары Ақтамберді жырау, Тәттіқара ақын, Үмбетей жырау, Бұқар жырау, Көтеш ақын, Шал ақын – қазақ халқының ерлік кезеңінің өкілдері болды және өз шығармаларымен көшпелі қоғамның әлеуметтік идеологиясының қалыптасуына ықпал етті. Халыққа олар ерекше тұлғалар болып көрінді, бұл шын мәнінде солай еді, өйткені жыраулар көреген деп есептелді, олардың айтқаны кейде хан билігінен де жоғары тұрды. Олардың шығармаларында ғасырдың аса маңызды оқиғалары сөз етілді, аңызға айналған тұлғалар, әскербасылар және басқалар туралы айтылды. Жалпы, халықты бірлікке шақырып, рухының аса күшті болуына жағдай жасады.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar