Қазақ кинематографиясының пайда болу тарихы

Қазақстанға кинематографтың енуі мен таралуының бірнеше кезеңі болған. Алғашқы жекеменшік кинотеатрлар Верный қаласындағы (Алматы) өз жұмысын 1910 жылы бастады. XX ғасыр басында Қазақстанда он үш киноқұрылғы бар болатын, алайда тұрғындар арасында «тірілген суреттерге» деген қызығушылық орасан еді. Қазақстанның бірқатар қаласында кинофотокәсіпорындарын ұлттандыру жайлы декрет қабылданбай жатып, жекеменшік кинотеатрлар «Кеңестердің пайдасына» аударылғаны жайлы деректер бар. Әйгілі революционер Әліби Жангелдин киноның насихаттаушы күшін алғашқылардың бірі болып түсініп, қолдана бастады.

Николай Степанов атын жамылған ол 1910­1912 жылдары Еуропаның, Африканың, Таяу Шығыс пен Азияның көптеген елін жаяу аралап шықты (Женевада В.И.Ленинмен кездесті). 1913 жылы Жапония арқылы елге оралған ол, өзімен бірге шағын электрогенераторы бар киноаппараты мен қырық хроникалық сюжетті ала келді. Ауылдарды аралап жүріп, Еуропа мен Ресей жұмысшыларының ауыр тұрмысы жайлы айтып, фильмдер көрсететін. Осы әрекеті билік басындағылардың ашуын тудырған соң ол Қырымға ауып, сол жақтан Петерборга барады. Әліби Жангелдин «тірілген суреттердің» күшін ұтымды пайдалана отырып, Аманкелді Иманов бастаған қазақтардың көтерілісіне дайындық қарсаңында революциялық идеяларды тарататын.

Читайте также:  Халел Досмухамедулы биография

Оставить комментарий