Қазақ қоғамында əйелдердің рөлі

Көбіміз, дəстүрге сай, əйелдің орны – отбасы ошақ қасы деп анықталады. Дəстүрлі қазақ қоғамындағы əйелдер мен ерлердің əрқайсысының өз рөлдері болады. Көшпенділер мəдениетінде ерлер мен əйелдердің міндеттері бөлінді. Əйелдердің рөлі бала тəрбиелеумен, үй шаруашылығын жүргізумен қатаң шектелген. Мысалы, неке дəстүрінде əйелдердің күйеу таңдауға мүмкіндігі болмаған. Күйеуі өлсе, басқа күйеуге шыға алмаған, ол марқұмның інісіне немесе ағасына қосылуға міндетті болған.

Түркілер əйел ананы отбасының құты мен ырысы, ұйытқысы мен жылуы деп таныған. Сондықтан да болар түркі дүниесін терең зерттеген тарихшы – ғалым Лев Гумилев “Көне түріктер” деген іргелі зерттеуінде “Түркілер əйелдерді сал серілердей əдейі қатты құрметтейтін. Баласы үйге кіргесін əуелі шешесіне иіліп, тəжім еткен, содан кейін барып əкесіне сəлем берген. Орхон жазуында да ордада апа қарындастары қалып қойып, оларға ажал қаупі төнгенде, Күлтегіннің оларды жанқиярлықпен қорғап қалғаны зор шабытпен жырланады. Түркілерде анасының шыққан тегіне айырықша мəн берілген” 1 – деп жазған. Шындығында да қазақта “Жігіттің жақсы болуы нағашысынан” деген сөз бар. Оның түп мəніне үңілсек, ата – бабаларымыз аналарының, жұбайларының қадір – қасиетіне, оның шыққан тегіне ерекше мəн берген. Мұның өзі қыз баланың ұрпақ өрбітудегі орнының жоғары, жауапты екендігін танытады (Мұхатова О.Х., 2010).

Қазақ халқының болмысындағы, дүниетанымындағы бар игі қасиеттерді тілін, ділін, дінін, əдет – ғұрпын, салт – санасын, ұлттық дəстүрін баласынан немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дарытушы, дамытушы əйел ана деп санаған. Қазақ хандығында аналар мен қыздардың өзіндік орны, атқарар рөлі болғандығына жазба деректер мен ауызша тарих айтудың жəдігерлері дəлел бола ала алады. Аналармыздың қоғамдағы орнын қалыптасқан ру – тайпалық қатынастар, дəстүрлі шаруашылық, тамыры тереңнен бастау алатын діл, салт-дəстүр, əдет – ғұрып анықтаған. Қыздарын болашақ ана ретінде санаған дана халық оларды сыйлап, қастерлеген. Қазан төңкерісіне дейінгі əдебиеттердің көпшілігінде қазақ əйелдерінің қоғамдық қатынастарда құқысыздығын орынды баяндаумен бірге, олардың отбасындағы орнын, Орта Азия халықтары əйелдерімен салыстырғанда əлдеқайда еріктілігін негізінен дұрыс көрсетіледі.

ХХ — ғасырдың басында патриархалды – рулық қатынастар етек жайған əрі молырақ сақталған Маңғыстау қазақтарының өзінде ерлі-зайыптылардың арасындағы қатынастар қожайын мен күңнің арасындағы қатынастарға мүлдем ұқсамайтындығын, көбінесе бірін бірі құрмет тұтып, сыйлауға негізделгендігін, қазақ əйелдері өздерін əрдайым еркін ұстайтындығын неміс ғалымы Р. Каружц те атап өткен (Мұхатова О.Х., 2010). Қазақ əйелдерінің қоғамдағы салмағы сəл төмендеу болғанымен, олардың əдептілігін көрсететін көптеген əдет – ғұрыптар да бар. Мəселен, күйеуінен өзге бөгде ер адамға беті мен екі қолының ұшынан басқа денесін көрсетпеу; жалаңаяқ, жалаңбас жүрмеу; еркектер алдынан кесе өтпеу; үлкендер отырған үйге кірмеу; өз үйіне үлкендер келіп əңгімелесіп отырғанда олардың əңгімесіне араласпау; тіпті оларға шай құйып отырғанның өзінде біртізерлеп қырын қарап отыру; үйде кісі барда малдас құрып жүресінен отырмау; үлкендер көзінше дауыстап сөйлеспеу немесе балаға шаңқылдап ұрыспау үлкен əдептілік деп есептелген. Шынында да, мұның бəрі əйелдің көргендігін дəлелдейтін ұнамды салт болған (Мұхатова О.Х., 2010).

Көшпелі мəдениеттің дағдарысқа ұшырауына байланысты ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда жаңа қоғамдық қозғалыс пайда болды. Ұлтшыл Алаш қозғалысы Қазақстанның қоғамдық өмірінде өшпестей із қалдырды. 1917 жылы Орынборда өткен Алаш Орда конференциясы əйелдердің қоғамдағы өмірі туралы шешім қабылдап, мынадай тұжырымдарға келді: – əйелдер мен ерлердің саяси құқықтары тең болуы керек; – əйелдер өздеріне серігін таңдауға ерікті; – некеге тұру жасы 16-ға дейін ұзартылуы; – молданың 16-ға толмаған қыздың, 18-ге толмаған жігіттің некесін қиюға құқығы жоқ; – неке екі жақтың келісуімен қиылады; – жесір əйелдерді күйеуінің туысқандарына зорлап қосуға болмайды; – бірінші əйелі келісім бермесе, екінші əйел алуға болмайды.

Əлем тарихында құрсанып қару асынып, қолбастап жауға шапқан не болмаса мемлекет басқарып, сол елдің азаттығы, Тəуелсіздігі үшін арыстандай алысқан əйел адамдар аз емес. Тіпті əлемдік емес, өз қазағымыздың кешегі, бүгінгі тарих қатпарларына көз жүгіртер болсақ, қорамсақ толы жебе асынып, айқайлап жауды қашырып, түйіліп келген дұшпаннан қаймықпай, өз елінің азаттығы үшін шейіт болған апаларымыз жеткілікті. Əрине, суыртпақтай берсек, арғы-бергі тарихта бұлардан өзге де батыр апаларымыз есте қалды. Əлем тарихында өшпес із қалдырған, ерлігімен қатар, даналығы аңыз болып қалған, бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы даладан шыққан сақтың батыр қыздары Томирис жəне Зарина тарихта қалды. Мəселен, жоңғар шапқыншылығы тұсында Абылайхан Дарабозым деп еркелетіп, сыйлаған қазақтың бас сардары, ұлы қолбасшысы Қабанбай батырдың жары Гауһардың ерлігін, тапқырлығын еске алсақ та жетеді. Қабанбай мен Гауһардан туған Назым қыздың небəрі 16 жасында Түркістан түбінде от шашқан жоңғар зеңбірегіне батпай, ұйлығысып қалған қазақ қолын бастап, кəмшат бөрік киіп, найза орнына қолындағы қамшысын бұлғап «Абылайлап» жауға шауып, жоңғарларды түре қуған ерлігі ел есінде. Кешегі Кенесарының қарындасы Бопайдың ерлермен бірге өз елінің азаттығы үшін толарсақтан саз кешіп, жасанған жаумен арыстанша айқасуы не болмаса қазақ тарихында аққан жұлдыздай із қалдырған Шоқанның əжесі Айғаным ханымның елді ақылмен басқарғанын қалай ұмытуға болады. Мұның сыртында кешегі кеңес заманындағы Екінші дүниежүзілік соғыста шығыстың қос шынары атанған Мəншүк пен Əлияның да ерлігі əлі есте.

Читайте также:  Қарағанды тас көмір алабы (мәлімет)

Тəуелсіздік алғаннан кейін қазақ қоғамы əйелдер мəселесін жаңа заман талабына орай жаңашақырынан көтере бастады. Нəтижесінде саяси, қоғамдық жəне экономикалық жағдайлардың ерекшелігі ескеріле отырып, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан кеңес беру органы – Отбасы жəне əйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия құрылғаны белгілі. Нарықтық экономикаға көшу көптеген адамды тығырыққа тіреді. Əйелдер жүгі ауырлады. Отбасын асырау, бала-шағаға қамқорлық, үй шаруасы – осының бəрі ерлерге қарағанда əйелдердің мойнындағы жауапты іс. 2004 жылы еңбекпен қамту қызметтерінде жұмысқа орналасу мəселелері бойынша келгендердің ішінен əрбір алтыншы əйелге ғана жұмыс берілген. Жоғары жəне орта арнайы білімі бар 45 жастағы жəне одан үлкен əйелдердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі мүлде аз. Қазіргі кезде жалданып жұмыс істейтін адамдардың денін əйелдер құрайды. Алайда олардың еңбек ақысы ерлердің табысының 61%-на ғана татиды. Қазіргі таңда əйелдер денсаулық сақтау, білім беру жəне сауда сияқты белгілі бір салада шоғырланған (Сұлтанхан А., 2011).

Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың еңбек тəрбиесін бөліп қараған. Дəстүрлі мəдениетке үйлесімді құндылықтарға сай, қазақтар ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына баулып отырған. Жан-жақты жарасымды жетілген əйел – жан-жақты жетілгенеркеккеқарағанда, əлдеқайда жоғары деңгейдегі адам, əйел – қоғамның қозғаушы күші. Қазақтың қыз-келіншектері табысқа қол жеткізуге, еліне пайдасын тигізуге, жақсы өмір сүруге қабілетті. Қазақ əйелінің табиғатында əлеуметтік жауапкершілік басым. Бұл – дəлелденген шындық. Оны бүгінгі өмір қатынастарынан көріп жүрміз. Ел басының нақты тапсырмасы негізінде жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік гендерлік саясатқа орай, бүгінде қоғамымыздың қай саласында да əйелдердің рөлі артып келеді. Өз басым əйелдер мəселесінің гендерлік саясатпен үндесуі, бұл – демократиялық дамудың ең басты шарттарының бірі. Егер қазіргі биліктің басқару ісіне қазақ əйелі етене араласса, тұрақтылық пен мұқияттылық барынша сақталар еді (Климова Т.В., Балгимбаев А.С., Самратов А.К., Комекбаева Л.К., Некрасова Н.А., 2008, 164 с.).

Қазір шынтуайтында біздің қоғам əзірге мұндай түбегейлі өзгерістерге дайын емес. Бұған қазақ əйелінің санасында өмір сүріп жатқан шығыстық менталитеттің де кінəсі бар. Бұл əйел қауымының өз ойынашықайтуына əлі талай кедергі келтіретін болады. Дегенмен бұрынғы жылдармен салыстырғанда жағдай өзгеріп келе жатыр. Əйелдер үшін аса лауазымды қызмет атқаратын күндер алыс емес. Дəл қазір, əйелдерден əкім тағайындайтын кез келді. Шариғат бойынша жанұяның тізгіні еркекке тапсырылған. Бұған дау жоқ. Түптеп келгенде еркектер – əйелдерге пана, қамқоршы, басқарушы. Бірақ біздің, өзге елдің емес, қазақтың жігіттері сол басқарушылықты дөрекілікке, қамқорлықты жалқаулыққа айналдырып алмаса екен дейсің. Себеп біреу, елімізде əйел адамның бəрі бірдей өз құқын біліп, қорғай алмайды. Қазақ əйелінің зорлық-зомбылықтың құрбаны болатыны да содан (Бықай Д., 2011) «Əйел теңдігі» мəселесі деп қанша даурыққанмен, шындап келгенде, жаратылыс тұрғысынан əйел мен еркек тең емес. Əрқайсысы өзіне тəн қасиеттерімен ерекшеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Құдай тағала бөліпжарып жатпай, бəрін біркелкі əйел, не еркек етіп жаратар еді ғой. Олар өздеріне тəн ерекшеліктерімен екеуі бір-бірін толықтыра түседі. Қазақ «екі жарты бір бүтін» деген. Əйел денедегі жүрек болса, еркек сол денедегі ақыл іспетті. Жүрек ақылсыз, ақыл жүрексіз өмір сүре алмайды. Жүректі ақылдан жоғары, яки ақыл жүректен артық деп айту мүмкін емес. Екеуі де өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін жалғастыра алады. Ендеше, əйел еркектен жоғары немесе төмендеу, жалпы алғанда дұрыс айтылған пікір емес (Бықай Д., 2011).

Читайте также:  Тәрбиенің негізгі заңдылықтары, принциптері және ұғымдары

Қазақ – ежелден қызын аялап, жесірін кемсітпеген, аузы дуалы əйелге бүкіл ауыл тоқтаған, əйел-анаға тіршілік берекесі ретінде баға берген халық. Бұлардың ішінде, сонау сақ дəуірінен бергі Тұмар, Домалақ ана, Жанбике, Мұрын, Қыз айаналарды саяси көсемнен гөрі рухани дəрежесі биік абзал жандар деп бағалау қисынды. Ал ер-азаматына деген адалдықтан айнымай, қазақ, ұлт мүддесі жолында бар күш-жігерін сарп еткен аналарымыздан бəйтеректей өсіп-өнген ұрпағының – Жанбикеміз, Мұрынбыз, Қызаймыздеп, тұтастай па-руын атап кетуі де тегін емес (Есбайұлы Б., 2010).

Қазақ əйелі ері жоқ болса да келген қонаққа мал сойдырып, ұлттық меймандостық, бауырмалдық, қасиеттердің үлгісімен күтіп, үстеріне шапан жауып шығарып салып жататынын көне тарихтардан жақсы білеміз. Сондай мəртебеге ие бола тұра қазақ əйелі еш уақытта отағасына қатты сөз қатпай, бас иесі ретінде мойынсұнып, балаларын да əкені құрметтей білуге тəрбиелеген. Міне, осындай қатал əрі адал тəрбиенің арқасында қазақта ұрыс-керіс, ажырасу сияқты жайттар сирек кездесетін еді. Не керек, Кеңес Үкіметі орнағасын өмірлік салт-дəстүрге лайықталып жасалған қазақ ұйғарымының үні өшті. Қызылдардың қыздырма үгітіне ылығып, тіпті сақалы сапсиған ақсақалдардың өздері əйел теңдігі жолындағы күреске үндеді. Осылайша, əлемдік ауқымда етек жайып жатқан феминистік қозғалыс əуелі əйелдердің мұңын айтып, жылап-сықтаумен басталды. Кейін келе, қазақ қоғамында шашы желкесіне жетпейтін, езуінен едірейген шылымык етпейтін «еркекжал» жеңгейлер мен қарындастар қаптады. Осындай жөнсіз еркіндік талай қазақ қыздарын тура жолдан адастырып, бұзып тынғаны жасырын емес. Əуелі Батыста басталған əлеуметтік ойын, дүркін-дүркін дүрліктіріп баққан феминизм Шығыстағы жағдайды да жайбарақат қалдыра қоймады (Есбайұлы Б., 2010).

Исламдағы əйелдің орны мен ролі туралы терең зерттелген шығармалар мен көпшілік қауым жете таныс болмағандықтан, ислам мəдениетінде əйел адамның құқығы тым шектеулі деген жадағай түсінік қалыптасқан. Бұндай түсініктің қазіргі батыс елдерінің исламды жаппай қаралауынан туындаған тенденциясы екені белгілі. Əйтсе де, Ислам дінінде əйел затына үлкен мəртебе берілген (www.abai.kz/node/7479). Сондықтан да əйелге өз мəнділігі жағынан ұлы функция – адами қалыпты сақтау жүктелген. Бұл қалыптың қандай түрде сақталатындығының да мəні зор. Дүниеге жаңа ұрпақтың туылуы біздің келешекте денсаулығы мықты, тіршілікке қабілетті қоғам болады дегенді білдірмейді ғой. Келесі ұрпақтың діншілдігі мен тəрбиелілігінің қандай болатындығы көбінесе əйелге байланысты. Оларда үйдегі сабырлылықты, бір қалыптылықты, дінге сенушілікті сақтаудың ұлы функциясы қалыптасқан, өсіп келе жатқан ұрпақтың тəрбиелілігі мен құдайдан қорқушылығы соларға байланысты. Сондықтан балалар тəрбиесі, əсіресе өмірінің алғашқы кезеңдерінде, ананың маңызды міндеті болып табылады (Тоғызбаева Қ). Бұл процесс, əрине белгілі бір дайындықты жəне өмірдің əртүрлі аумағында білімнің, тəрбиенің болғанын талап етеді. Əйелдің қоғамдағы рөлі бірде төмен, бірде жоғары болған.Тарих əйелдердің дарындары мен мүмкіндіктері үшін қолайлы жағдай туған кезде, олардың да маңызды рөл атқарғандарын көрсетеді. Ислам революциясының қазіргі жетекшісі Исламның жанұядағы мақсаттарына жету үшін заңның қолдауы мен іске асыру кепілдігі қажет деген мəселені еске салды. Ислам көзқарасынша, əр түрлі қиын жағдайларға қарамастан əйел өз мүмкіндігіне орай бақыт жолын таңдап, талпыныс жасай алады немесе теріс жолды таңдай алады (Тоғызбаева Қ.).

Читайте также:  Оқушылардың метатанымдық немесе өздігінен реттелетін оқуының алғышарты

Гендер əйелдердің əлеуметтік рөлінің шектелуіне наразылық танытудан бастап, оларға барлық салаларда еңбек етуге жол ашуға, белсенділік көрсетіп, əр түрлі ұйымдарға бірігіп саяси білім мен билікке ұмтылып, белсенді іс-əрекет жасауға ықпал ету. Бұл іс ешбір кедергісіз іске асырылып жатыр деуге болады. Өйткені, қалай болғанда да, исламмен енген теңсіздік кеңес кезеңінде жойыла бастап, мемлекеттің негізгі заңы – Конституцияда əйел мен ердің əлеуметтік жəне cаяси теңдігі ресми түрде бекітілген. Бұны қоғамның ек тобы да анық біледі. Сондықтан, гендерлік мəселеде əйелдің теңдіг жоқ, не болмаса, зорлық бардеп күреске шақыру, орынсыз. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында мұсылмандық дін ерте еніп, сенім ретінде негізделіп қалуына байланысты, осы жерлерде “гендерлік мəселе” бар деп санау да артық. Өйткені, Конституциямызда, діни сенімдер еркіндігіне жол берілген.

Ислам дініне бойұсынған əйел мен ерлер арасындағы қатынас əлеуметтік деңгейде олардың діни көзқарастарына байланысты реттеледі. Егер мұсылман əйелдерді ерлер мен бірсатыға қойып, қоғамдағы рөлдерін өзгертуге шақыру– олардың сенімдерінен бастартқызу деумен тең. Ғасырлар бойы қалыптасқан діни сананы бұзу оңай шаруа емес. Сондықтан гендер мəселесін қарастырғанда, гендерлік сана ұғымын қарастыру жөн. Бұл – қоғамдық сананың бір қыры. Көпұлтты мемлекетімізде əр этностың сана сезіміне байланысты ерлер мен əйелдердің қатынысы анықталған. Ал одан бас тартқан жағдайда, мемлекеттік деңгейде əр ұлт өкілі болсын, жыныстық ерекшелік болсын, заңды түрде құқығы қорғалған деуге болады Егер зорлық, зомбылық бар болса, оны тек ер мен əйел мəселесі ретінде қарастырмай, жалпы адамзаттық зорлық ретінде қарастыру жөні бар. Оған əйелдер деп бөлмей, адами арақатынас ретінде қарастыру гендерлік мəселені тудырмаудың жолы.Оңтүстіктен басқа аймақтарда гендерлік теңсіздіктен гөрі гендерлік теңдік туралы айтуға болады.

Қазақ қоғамындағы əйелдердің орны жайлы əңгімелегенде, Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың əйелдерімен салыстырғанда қазақ қыздары мен əйелдерінің анағұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген. (Ізтілеуова С.). Исламда еркек пен əйелдің міндеттері жеке-жеке бөлініп, анық көрсетілген. Еркектердің қасиетті парызы – əйелдерді билеу. Əйелдердің қасиетті парызы – еркектерге бойұсыну, бағыну. Бұл былай қарағанда қарапайым ғана қағида болғанмен, өмірде орындалуы өте қиын. Қазақ қоғамының басына төнген алмағайып замандар ұлттың тұнығын шайқап, дүниетанымын астан-кестен қылды. Осыдан біраз жыл бұрын көшеде хижаб киген қазақ əйеліне жұртшылық таңырқай қарайтын. Ал бүгінгі күні хижаб киген қазақ қыздарын көшеден де, қоғамдық орындардан да, мəдениет ошақтарынан да, жоғары оқу орындарынан да, тіпті мектеп қабырғасынан да кездестіретін болдық. Дегенмен, соңғы кезде қазақ қоғамының хижабқа байланысты көзқарасы қаққа жарылған сынды. Бір тобы толығымен қолдап, шүкіршілік етсе, енді біреулері ескілік қалдығы, еліктеушілік деп, қарсы болуда.

Қорытынды

Ұлт ретінде сақталып қалуымыз – əйел затының тəрбиесіне тікелей байланысты. Əйелдеріміз, əпке-қарындастарымыз мұсылмандық тəрбиені бойына сіңірген иманды, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтын сүйетін, ерін сыйлайтын болса ғана дүниеге ата жолын қуатын текті де сапалы ұрпақ əкеле алады. Сонда ғана əйелдер əрбір шаңыраққа сəуле болып тарап, қазақтың мəңгілік бесігін тербетіп, алтын айдарлы ұл, күміс тұлымды қыз туып, қазақтың санын еселеп өсіреді. Қазақтың ошағына ие болып, түтінінің түзу ұшуын қамтамасыз етеді. Қазақтың атпал азаматының босағасына бақ болып қонып, Қазақ елінің шаңырағын шайқалтпай, керегесінің кең, іргесінің берік болуына кепілдік болады. Дегенмен, қазақ əйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тəрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.

Оставить комментарий