ҚАЗАҚСТАН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЖЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ

Жерді қашықтықтан зондтау(ЖҚЗ) –әр түрлі спектр диапозондарында жер бетінің электромагниттік сәулеленуінің байланыссыз тіркелуіне негізделген жер бетін зерттеу әдісі.Соңғы кездері көбінесе ғарыштық суреттерді қашықтықтан зондтаудың негізгі құралдары ретінде түсінуде.Жаңа әрі шынайы материалдар болумен қатар ғарыштық суреттер кең территорияны,планетаның зерттелуі ауыр және де жету мүмкіншілігі шектеулі бөлшектерін қамти алатын ақпараттарды арзан әрі жылдам алуға және басқа да көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Қазіргі кезде елдің ауылшаруашылығын космостық қамтамасыз ету деңгейін арттыру мен ауылшаруашылық жерлерінің жалпы жағдайы туралы маңызды ақпараттар алу ел дамысының ірі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. ҚР да өнімдерді қашықтықтан зондтау қажеттілігі жылдан жылға артуда.Бұл ақпараттар қалалық және жер кадастрларын басқару,үлкен масштабты топографиялық карталарға өзгеріс еңгізу,жер қыртысы,су және атмосфера ластану көздерінің жағдайының мониторингісі сонымен қатар ҚР ның әлеуметті-экономикалық саласында көптеген мәселелерді шешу барысында кеңінен қолданыс табуда. Негізінен бұл ақпараттарға тапсырыс беріп оны саралаумен айналысатын мекемелер қатарына келесілер жатады: ҚР Ғылым академиясының ТЖМ Ауылшаруашылық Министрлігі, ҚР ҰҒА (Қазғарыш), «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ(ҰҒЗТО) және т.б. Қазіргі заманда ауылшаруашылық мониторингісінде бүкіл ел және оның жеке региондар деңгейінде жер серіктер мәліметтерін қолдану тәжірибесі жинақталған.Әлемнің көптеген елдерінде ауылшаруашылық өнімдерінің ерекшеліктері ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көрсеткіштерінің айтарлықтай өзгерістерге ұшырауына алып келетін климаттық жағдайларға байланысты.Мұндай табиғи құбылыстар ауылшаруашылық өнімдер нарығы,импорт-экспорттық операциялар мөлшері мен бағаларына үлкен әсерін тигізу нәтижесінде әр түрлі деңгейдегі шығындардың тууына алып келеді. Сол себепті өндіретін өнім көлемін дара бағалау,алдын ала болжау және де ақпаратты жеткізушілерден келіп түсетін нарықты реттеу мен өндірісті жоспарлау мақсатында қолданылатын обьектілік бақылауға аса мән беру керек. Қазақстан ауылшаруашылығы саласында мол табыстарға жету мүмкіншілігі зор.Еліміздің ұлттық табысының төрттен бір бөлігін ауылшаруашылығы саласы өндіреді.Мемлекетіміз барлық жер ауданының 222,5 млн. га (82%)сын ауылшаруашылықта қолдануда. Егіс ауданы бойынша (36 млн. га дан астам) республикамыз әлемде 6- орында.Бұл аса үлкен көрсеткіш екені белгілі. [2] Қазіргі заманда қолданыстағы жыртылған жер көлемін бағалайтын ,күздік астықтар мен таза парлардың ауданын бағалай отырып ажырата алатын ,егіннің шөлдену және көктемдік қату процесстері салдарынан болған қауіп қатерлерді бағалайтын,және де жалпы түсіммен астық өнімділігін дәл уақытында болжай алатын жаңа технологиялар жасалуда.Мысал ретінде геоақпараттық жүйе (ГАЖ) технологияларын атай аламыз. Қазіргі кезде ҚР да NOAA және TERRAсериясының жер серіктері толық қолжетімді. Американдық төменгі рұқсатты (1 км) NOAA/AVHRR және орта рұқсатты (250 м) TERRA/MODIS спутниктік ақпараттар жер бетін зерттеудің (2200 км) кең жолағына ие.Бұл 340 бір нүктенің жерсерігімен тексерудің жоғары жиілігін және күн сайын Қазақстанның бүкіл территориясында мониторинг жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.[1] Атап айтсақ олардың көмегімен келесі мәселелерді шеше аламыз. — Шешімдер шығаруға ақпараттық қолдау — Агротехникалық операцияларды жоспарлау — Агротехникалық операциялар мониторингісі және егіс жағдайы — Астық өнімділігін болжау және шығындарды есептеу — Жоспарлау,мониторинг және техниканы пайдалану анализі Қызметкерлерді геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) платформасында ақпараттық басқару шешімдерін шығаруға қажетті комплекспен қамтамасыз ету үшін келесі мәліметтер базасы құрылады. — агротехникалық операциялар жасалатын жердің цифрлық моделі — қашықтықтан зондтау мәліметтері — жер қыртысының құрамы және сипаттамасы туралы мәліметтер — жыл сайынғы егін карталары — -егін алқаптарын өңдеу тарихы Мысалы: Егіс алқаптарының ауданын өлшеу және бағалау Таза егіс алқабының ауданын бағалау жүйесі спектрдің өсімдікке аса сезімтал қызыл және жақын инфрақызыл бөліктеріндегі жер серігі мәліметтеріне негізделеді.Егіс аллқаптарын есептеу кезінде осы жылғымен қоса өткен жылдың жер серігінің мәліметтері пайдаланылады.Дешифлаудың негізгі мақсаты сол және өткен жылдың жазғы егіндерін,көп жылдық шөптермен кендер алқабын айырып тану.Егін алқабын бағалаудың екі түрі бар. Сурет.1. Жазғы егіс маскасының орналасу схема-картасы.Қазақстанның солтүстік 5 облысынды 2006ж. Вегетациялық периодта механикалық өңдеу жүріліп жатқан егіс алаңдарында жер серіктері маскалары арқылы арам өсімдіктердің өсуіне байланысты бірнеше рет тексеру жүріледі.Мұндай алаңдарды басқа қолданыстағы жерлер арасынан жақын инфрақызыл облыстағы сәулелену коэффициентінің төмен мәндері бойынша вегетационды мезгілдің барлық периодында оңай бөліп алуға бодады. 341 Сурет. 2. Ақмола обл.Шортанды районының жерпайдалану схемасы.2006ж. ( EOS MODIS мәліметтері бойынша) Екінші бағалау әдісінің ерекшелігі жеке егіс алқаптарын жер серігі маскалары және мамандандырылған ГАЖ аясындағы жерпайдалану жоспары көмегімен дешифрлеу. Осылайша барлық егіс алқаптарының орналасуы және сәйкесінше құжаттар базасының көмегімен оның ауданы анықталады. Қазақстанның негізгі астықты аудандарында ғарыштық мониторинг тәжірибесін қолдану ауылшаруашылығы өнімдерінің параметрлері туралы обьективтік ақпараттың көзі ретінде бұл бағыттың болашағы зор екенін көрсетеді.Ауылшаруашылығының ғарыштық мониторингісінің ұлттық жүйесін енгізу республиканың аграрлық сектор жұмысының эффективтілігін арттырары анық.Ауылшаруашылық мониторингісінің жер серіктер жиынтығын жасау арқылы жерді қашықтықтан зондтау мәліметтерін шет елдердің көмегінсіз алу және өз елімізде тәжірибе жинақтау арқылы өсімдік деңгейінің бірегей әрі бәсекеге қабілетті мониторинг жүйесін жасай аламыз.Сонымен қатар сапалы жасалған мониторинг технологияларын және жер серіктер мәліметтерін экспортттау мүмкіндігіне ие бола отырып аса пайдалы экономиккалық жүйе қалыптастыра аламыз. Әдебиеттер 1. Султангазин У.М. Развитие космических технологий и методов дистанционного зондирования в Казахстане // Докл. АН РК. 1999. № 2. С. 9–16. 2. Ғылыми журнал «Международная Жизнь» 15.10.2009г, «Земле нужна поддержка из космоса» 3. Закарин Э.А., Спивак Л.Ф., Архипкин О.П., Муратова Н.Р., Терехов А.Г. Методы дистанционного зондирования в сельском хозяйстве Казахстана. Алматы: Галым, 1999. 4. Huete A.R. A soil adjusted vegetation index (SAVI) // Remote Sensing Environment. 1988. V. 25. P. 295–309. 5. Terekhov A., Muratova N. Soils Spring Productive Moisture Reserve Evaluation Model for Northern Kazakhstan on the Basis of NOAA/AVHRR Information // Intern. Conf. Remote Sensing for Agriculture, Ecosystems, and Hydrology III, Manfred Owe, Guido D‘Urso, Editors. Toulouse, 17–21 Sep. 2001. Proc. of SPIE. 2002. V. 4542. P. 47–52.

Читайте также:  Жайылымдарды суландыру

Оставить комментарий