ҚАЗАҚСТАН — БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ

Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Тәуелсiз Қазақстан 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарға ортақ мекен бола бiлдi. Бүгiнде елiмiздi мекендеген ұлттардың өз тiлi мен дiлiн, мәдениетiн дамытуда кедергi жоқ. Оның бәрi Елбасының көреген саясаты мен елiмiзде қалыптасқан ұлтаралық достықтың негiзiнде жүзеге асуда. Ал оны Қазақстан халқы Ассамблеясы одан әрi нығайта түстi. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына он тоғыз жыл. Осы аралықта қоғамдық институт көпұлтты елiмiздегi халықтар арасындағы достықтың нығаюына зор үлесін қосты. Жылына бiр рет Ұлт көшбасшысының төрағалығымен Елордасы Астанада Ассамблеяның сессиясы өткiзiлiп, онда алда атқарар жұмыстар мен бағыт-бағдарлар нақтыланып отырады. Биылғы өткен 21-шi сессияның да қоғам мүшелерiне жүктеген мiндеттерi зор. Мемлекет басшысы Ассамблея сессиясында көптің көңіліндегі ең жылы және ізгі сезімдерді қозғап, олардың көкейіне татулық, тыныштық және тұрақтылыққа деген үміт ұялатты. Сессияда сөйлеген сөзінде Елбасы: «Қазақстан 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет тіршіліктің тірегі. Ортақ игіліктің ұлықталып, ұлы істерге ұйымдастырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім бәрінің тамыры мәдениетте . Келісім- экономика мен саясаттың қауіпсіздігіндегі өмірдің заңы. Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Келісім мәдениеті мәңгілік болуы керек, — деп тоқтала келе Ассамблеяның ең басты міндеті – қоғамдық келісім. Татулық пен тұрақтылық , ең алдымен, ел иесі ретінде қазаққа керек. Этностар бір халыққа айналды. Бірлігіміз нығайса барлық жоспарларымызды орындауға мүмкіндік туады» — деп қадап айтты. Қазақстан халқы Ассамблеясының және ел Конституциясының алдағы 20 жылдығына байланысты мемлекет басшысы 2015 жылды «Ассамблея жылы» деп жариялады. Ол Үкіметке Ассамблеямен бірлесіп, тиісті Ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ Астана қаласында Қазақстан халқы форумын ұйымдастыруды тапсырды.Бұған қоса, Қазақстан Президенті 2015 жылды елордада «Астана – Бейбітшілік пен келісім қаласы» атты ұранмен өткізіп, оған барлық республикалық этномәдени бірлестіктерді қатыстыру керектігін атап өтті. Ассамблеяның XXI сессиясының үндеуі қабылданды, ол жалпыұлттық бiрлiкті, тұрақтылықты нығайтуға, экстремизмге, надандыққа және зорлық-зомбылыққа бірлесе қарсы тұруға шақырады. Сондай-ақ, үндеуде Қазақстан Президентінің салиқалы, сындарлы және сарабдал саясаты, оны бүкілхалықтық қолдау, халқымыздың ұлы мақсаттарының – елдің өсіп- өркендеуі мен гүлденуінің жолында топтасуы ғана Отанымыздың кемел болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне деген нық сенім көрініс тапқан. Өткен сессия еліміздегі ең жарқын шаралардың бірі болды деп ойлаймын. Бір шаңырақ астында барлық ұлттар мен этностар өкілдері бас қосып, достық, бірлік туралы айтты, ұмытылмас сәттерді бастарынан өткерді. Қазақстан қоғамы өзінің парасаттылығымен ерекшеленеді, біз осындай елде, осындай жерде өмір сүретіндігімізді мақтан тұтуымыз керек. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті бөлімшелеріне бірнеше тапсырмаларды жүктеді. Белгіленген міндеттердің жүзеге асуына тапсырмалардың орындалуына бірден-бір атсалысатын мемлекеттік мекемелер –білім ордалары, жалпы білім беретін орта мектеп ұжымдары біз өз үлесімізді қосуға тиістіміз.Ол үшін бастауыш сынып оқушыларынан бастап, жоғарғы сынып оқушыларына дейін қамтитын кең көлемде ауқымды іс-шаралар өткізу. Сол арқылы оқушылардың бойында татулық пен достық, бірлік пен ынтымақтастық, бейбітшілік пен тыныштық мектеп қабырғасынан бастау алуы керек және бұл үрдіс арнайы, жоғары оқу орындарында жалғасын табуы тиіс. Әрбір ұстаз, әрбір сынып жетекшісі Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсат-мүддесін күнделікті оқу процесінде оқушы бойына сіңіру үшін алдына міндет қою қажет. «Қазақ даласында сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен. Тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналдық» — деп Елбасы айтса, сол біртұтас Қазақстан халқының болашағы -ұрпақтары білім ордаларында, мектептерде білім алып, тәрбиеленуде. Мысалы, мектептерде сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жүргізілсе, мұнда оқитын әрбір ұлт өкілдерінің балалары өздерін еркін сезініп, Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені екендігін дәлелдейтіндей әр ұлттың ұлыларын ұлықтап, салт-дәстүрін, өткен тарихын насихаттайтын сынып сағаттары және басқа да іс- шаралар өткізіліп келеді.Бұл сабақтардың мақсаты оқушыларды ұлттар достығына, бірлікке, ынтымақтастыққа баулу. Қазақстанның баға жетпес жетістігі мен құндылығы ретінде тек этносаралық келісімді ғана емес, сонымен бірге конфессияаралық татулықты айтуға болады. Өйткені, көпұлтты Қазақстанда ұлттық бірлікке қол жеткізу дінаралық келісімсіз мүмкін емес еді. Қазақстандық ұлтаралық келісім моделінде тіл саясатының негізгі ұстанымдары негізделген. Оның мәні – Қазақстанда қазақ, орыс тілдері мен басқа этнос тілдерінің орны мен қызметі нақты айқындалған. Еліміздегі тіл саясаты бойынша бірқатар мемлекеттік құжаттар қабылданып, Конституцияда жарияланған бағыттың жүзеге асырылуына барлық жағдайлар жасалған.

<a

Этносаралық келісімнің қазақстандық моделінде мемлекеттік тіл көпұлтты қоғам бірлігінің көрсеткішінде рухани әрі психологиялық тұрғыда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік тілді меңгеру арқылы Қазақ жерінде өмір сүретін барлық этностар өзін тұтас Қазақстан қоғамының құрамдас бір бөлігі болуға рухани тұрғыда дайын екендіктерін, болашағы Қазақстан халқымен етене байланысты екенін көрсетеді. Сол себепті де, болашағын Қазақстан халқымен тығыз байланыстыруға деген ұмтылыстың шынайы рухани дайындығын анықтайтын басқадай нақты әрі айқын көрсеткіштің болуы мүмкін емес. Осылайша, тәуелсіз Қазақстанның іргетасы еліміздің аумағында өмір сүретін барлық этностарға ортақ мәдени және рухани құндылықтармен негізделген. Қазақстандық ұлтаралық келісім моделінің қалыптасуы мен дамуында Қазақстан Республикасының Конституциясы айқындаушы рөл атқарды. Қазіргі жағдайда ұлтаралық келісім моделінің формуласы Қазақстан Республикасының Конституциясындағы: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып…» деп басталатын жолдардан айқын көрініс тапқан. Қазақстанда қалыптасқан ұлтаралық қатынас моделі әлемде баламасы жоқ. Қазір қай елді қарасаңыз да, ұлтаралық қатынастар шиеленісіп отыр. Жаһандық деңгейде осындай үрдістер дамуда. Біздің елдегі қалыптасқан достастық үлгісі қазіргі таңда өзінің тиімділігі мен пайдалылығын бар әлемге паш етіп отыр. Ақын Қадыр Мырза Әлінің Қазақ осы: Дала дейтін, Күн дейтін. Қазақ осы: «Өнер алды – тіл» дейтін. Қазақ осы: Қарасың ба , Ақсың ба, Қоңырсың ба,жатырқауды білмейтін, — деп жырлағандай, нағыз қазақ достық пейілді бауырмал халық . Соның айғағы әлем халықтарының бір ту астында бірлік пен татулықта жарасымды ғұмыр кешуі.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar