Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласындағы жоба сапасын басқару мəселелері

Қазіргі таңда заманауи отандық менеджмент құрылымында жобаларды басқаруды дамыту маңызды орын алады. Жобаларды басқарудың мақсаты жобалық менеджменттің триплетін сақтау болып табылады, бұл өлшемдер балансы – бөлінген қаржы шеңберінде, уақыт шектеулерін ескере отырып, жоғары сапаны қамтамасыз ету. Əдетте инвестицияға дейінгі кезеңдерде туындайтын жағдайлар назар аудартады, мысалы, Өнеркəсіптік даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (UNIDO) анықтамалығында келесідей төрт саты беріледі: инвестициялық концепцияларды іздеу; жобаның алдын ала дайындалуы; жобаның соңғы дайындалуы; ақырғы қарастыру жəне шешім қабылдау кезеңі. Мұнай кен орындарын жасау жобалары Қазақстан Республикасы мұнай жəне газ өнеркəсібі министрлігімен бекітілген мұнайгаз кен орындарын жасаудың технологиялық сызбаларының құрылу тəртібіне сəйкес жүзеге асады. Қажеттілігіне қарай тəжірибелік-өнеркəсіптік қызметтер жүргізілу мақсатында келесідей құжаттар жасалады: өңдеудің технологиялық сызбасы; өңдеу жобасы; өңдеудің нақты жобасы; өңдеуге дейінгі жоба. Бүгінде Қазақстанның мұнай жəне газ саласы жоғары инвестициялық тартымдылығымен қатар белсенді өсу кезеңінде. Басты жағымды факторлардың бірі болып жаһандық мұнай-газ нарығының даму динамикасының қолайлылығы танылады жəне Қазақстан көмірсутек шикізаты бойынша əлемдік қордың 3,3 %-ын иеленіп отыр. Қазақстан экономикасында мұнай-газ саласы басты орынды иемденіп, елдегі жобалық менеджменттің ілгері жылжуына тікелей əсер етеді. Экономиканың аталмыш секторында мемлекеттік жəне халықаралық мəні бар көптеген ірі жобалар жүзеге асуда. Бұл жобалар мұнай кен орындарын ашу бағытымен қатар күрделі жиынтықтардың жобалануы, кəсіпорын мен оның бөлімшелерінің қызметін автоматтандыру жобалары секілді көптүрлілігімен айрықшаланады. Мұнай-газ саласы жобаларының кəсіби ерекшелігі болып жобаға қатынасушы мүдделі тұлғалар мен мамандардың көптігі, жоғары құн, жобаны басқарудағы қиындықтар, мемлекет экономикасы үшін олардың маңыздылығы жəне сапаға деген күрделі талаптар табылады. Сондықтан жобаларды сапалы басқаруда мақсатты қызметпен айналысу үшін келелі мəселер айқындалады. Біріншіден, халықаралық сапа стандарттарының ағымдағы отандық жағдайға сəйкес келмеуі. Мəселенің мəні отандық компанияларға ұйымдық құрылымында, жалпы корпоративтік мəдениетінде жəне басқару əдістерінде маңызды өзгерістер мен жаңартулар қажеттілігіне байланысты туындайды. Егер сапа стандарттарының кағидаларын өзгертсе, ұйымдағы сапаны басқару жүйесі тексеруге жарамдылығын азайту ықтималдылығы артады. Сол себепті ұжымдар арасында тек құжат күйінде байланыс жүргізіліп басқарудың тиімділік деңгейі төмендейді. Екіншіден, отандық өнеркəсіптің мəдени негіздері мен қолданыстағы сапа стандарттары ИСО 9000 жүйесіндегі қызмет аясы жəне қағидаларының сəйкессіздігі. Отандық компаниялардың үшінші маңызды мəселесі сапа менеджменті дамуы кезеңдерін толық қамтымауы, яғни сапаны басқарудың статистикалық əдістерінің қолданыстан шығуы. Осы себептер арқылы сапаны қамтамасыз ету шараларының нəтижелік мақсаты ретінде жоба сапасын жақсарту қажеттілігі анықталды. Жақсарту тапсырмасы жобаның жекелеген қасиеттерін немесе ұйымның жұмыс үдерісін нығайтумен іске асуы мүмкін. Үнемі жақсарту үдерісі оның əр қайталануында жаңа іс-əрекет ретінде қарастырылып келесі кезеңдерді құрайды: үдерісті таңдау; үдерісті сипаттау жəне бағалау; үдерісті жақсарту жəне жетілдіру критерийлерін стандарттау; жақсарған үдерістің толықтай енуі жəне стандартталған тəртіптің орындалуы [1]. Сапаны жақсарту үдерісінің маңыздылығын айқындай отырып, отандық өндірушілерді сапа мəселесіне бағыттауға қол жеткізу; жобаны жүзеге асырушы компанияларда өз элементтерін стандарттармен сəйкестендіруге қызығушылығын арттыру жəне жобаларды дайындауда сапа менеджменті жүйесінің тиімділік деңгейін көтеру мүмкіндіктері туындайды. Қазақстандағы мұнай-газ саласында жоба сапасын басқаруды енгізу барысындағы ағымдық жағдай сипаттамасы анықталған. 1. Жобалардың дайындау сапасы мен олардың жүзеге асу дəрежесін қамтамасыз ету белгілі себептер кешенімен байланысады: ірі отандық компаниялар əдетте инвестор ретінде жобаларды басқару əдістерін кəсіби меңгерген бірақ жобаның құрылымдық аясын ескермейтін шет ел мамандарын шақыруы; жобаларды басқаруға арналған тұрақты есептік-нормативтік базаның болмауы, яғни бірегей нормативтік базаның орнына жобаның ресурстары мен басқа да көрсеткіштерін сараптамалық бағалау əдістерінің ғана қолданылуы. Сараптамалық əдістерді тек тəжірибелі мамандар ғана қолданып тиімді нəтиже əкеледі, бірақ мұндай бағалау мұнай-газ саласында жарамсыз боп келеді. 2. Атқарушылардың кəсіби мамандануының жеткіліксіздігі əрі көптеген қазақстандық басқарушылардың жоба тиімділігіне басқару сапасының тікелей əсерін жете бағаламауы. 3. XXI ғасыр менеджментіндегі жағдайды жоба сапасын басқару арқылы батыл түрде өзгертуге болады деп басқарушылар мен авторлар дəлелдеген: 1) кəсіпкерлк менеджмент немесе үнемді өндіріске өту; 2) ешбір ұйым тұрақты жүйе ретінде қаралмайтындығын жете түсіну факті, оларда əрдайым сапа бақылауы арқылы ішкі үдерістерді басқара отырып, өзгерістер енгізу мүмкіндігі бар; 3) жоба сапасын басқарудың заманауи концепциялары мен сапа стандарттарының талаптарын қабылдау; 4) тұтынушының рөлін нығайту. Қазақстан Республикасы нақты жағдайында жобасапасынбасқарудыңтиімділігінқамтамасыз ету үшін келесідей тапсырмаларды ескерген жөн: 1. Тұтынушылардың кəсіби əлеуеті мен жобаларды басқару жүйесін жасаушыларды біріктіру. 2. Жобаларды басқару кешенді түрде ғана жүзеге асатындығын түсіне отырып, пайдаланудыңжүйелілігін нақтықамтамасыз ету. Бұл салалықжəне корпоративтік стандарттардың арнайы пакеттеріне сүйеніп жүзеге асырылады. 3. «Мұнай-газ жобаларының өңделуі мен жүзеге асуына арналған отандық жəне халықаралық нормативтер» атты мəліметтердің салалық коммерциялық емес банктерде құрылуы бойынша жұмыстар кешенін жасау, ол үшін қажетті аналитикалық, зерттеушілік, ұйымдастырушылық, қаржылық жəне басқа да шараларды жүзеге асыру. 4. Қазақстанның мұнай жəне газ кешенінің белгілі бір объектісінде жобаларды басқару жүйесін енгізуді дамыту. Инвестициялық жобалар тиімділігін бағалаудың қазақстандық тəжірибесі жоба жасау кезеңдерінің дайындау мақсатын өзгертпейтін өзгеше атауларын қарастырады. Жобаны таратудың бұл тəсілінің логикасы келесідей: алдымен, қаржыландыру арқылы кəсіпорынның көрсеткіштерін жақсарту мүмкіндігін табу; яғни қаржыландыру объектісін анықтау. Содан соң инвестициялық идея жүзеге асуының барлық аспектілерін жəне статистикалық мəліметтер, аналогтық жəне сараптамалық бағалау секілді жеткіліксіз ақпараттар негізінде оған сəйкес алдын-ала жобасын (немесе бизнес жоспарды) жасау керек. Қажетті ақпараттарды дайындау үрдісі үлкен шығындарды талап етпейді, алайда барынша жедел жүргізілуі тиіс. Егер мұндай тəжірибелік жоба қызығушылық тудырса, онда зерттеуді жалғастыру ықтималдылығы артады. Бұл жобаның əлдеқайда терең қаралуын, болжамды қаржыландыру көзінің экономикалық жəне қаржылық аспектілерінің мұқият бағалануын меңзейді. Қолданыстағы ақпараттың нақтылығына осы кезеңде талаптар арта түседі. Барлық есептеулер барынша объективті түрде болуы керек. Қызмет соңында мұндай бағалаудың нəтижелері тартымды болса, жобаның іске асырылуына байланысты жəне қаржыландыру көзінің ең тиімдісін таңдауға қатысты шешім қабылдау кезеңі пайда болады [2]. Кезеңдік қатынастың артықшылығы жобаны жасауға арналатын мамандардың күш жігері мен шығындардың жай қарқынмен артуы мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұнай-газ компанияларында жобалық қызмет айналымға соңғы жылдары ғана еніп жүр. Саланың ескішілдігіне қарай жобаны жүзеге асыру кезеңдерінде қабылданған шешімдердің бірқатары тиімсіз екендігі анықталды. Жобаларды басқару қызметтің басқаша мəдениеті жəне бірегей психологиясы, оған өту кезеңі бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Кестемен жұмыс атқаруды бастау – бір қызметкер бірнеше басшыға бағынатындықтан ұйымдастырушылық тұрғысынан да, басқарудың жоғары деңгейін талап ететіндіктен психологиялық көзқарас тұрғысынан да қиындық тудыратын мəселе. Қазақстандық мұнай жəне газ компаниялары тек қазіргі уакытта ғана бастап жобалық менеджментті қолдануға оқыту тренингтерін өткізеді, сондықтан олардың болашақтары мен мақсатқа сай жетістіктері келешектен орын табатын болады. Жоспарлау, жобалау, міндеттерді бөлу – осы барлық терминдер мұнайшылардың сөздік қорында нық орналасып, «өндіру», «баррель», «бұрғылау» сияқты сөздермен қатар жүреді. Жоспарлау жəне сапаны бақылау компанияларға шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді, ал бағдарламалық жабдықтаудың артуымен бұл үнем деңгейі де көбейе түседі [3]. СоңғыжылдарыҚазақстанүкіметімұнайжəне газ саласына үлкен назар аударуда жəне осы сала кешенінің дамуында ұзақмерзімді мемлекеттік стратегиясын жасау туралы сөз қозғауға болады. Ол стратегия бойынша мұнай мен газдың өндірілуін жуықтағы 3-6 жыл ішінде маңызды түрде арттыру қарастырылады жəне ішкі нарықтың табиғи газбен, жеке өндірістің мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілуін жақсартуға бағытталған; сонымен қатар сала бойынша мемлекеттік бақылаудың күшеюін білдіреді [4]. Қазақстанның мұнай мен газ өндірісінде батыстық компаниялардың инвестициялары өз нəтижелерін əкелді. Теңіз мұнай кен орнында өткен жылы 22,5 млн. тонна өндірілді (немесе тəулігіне 500 мың баррельден жоғары); Қарашығанақ жобасы екінші кезеңінде тұр. Ілеспе газды пластқа кері шайқау нəтижесінде кен орнының өнімділігі жылына 12 млн. тн. мұнай жəне 15 млрд. куб м газ көлеміне артты. Қашағанның бірінші мұнайы 2013 жылдан күтіледі, ал ENI бағалауы бойынша келесі онжылдықтың соңында өндіру көлемі жылына 75 млн. тоннаға дейін жетуі мүмкін (шамамен тəулігіне 1,5 млн. баррель). Осы жылдың сəуір айында Қазақстанның солтүстік батысында барлау жұмысына жақын арада «ҚазМұнайГаз» атсалысатын үлкен мұнай кен орнының ашылу мүмкіндігі туралы ақпарат анықталды. Ел үкіметі болжамы бойынша 2015 жылға қарай Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 150 млн. т, ал табиғи газ 60-70 млрд. шаршы метр деңгейіне жетпек. Жобаларды даярлау бойынша əдіснаманың негізгі базасы шетел компанияларында болғандықтан аяқталғанжобалардың негізгі үлесі оларға тиесілі. Екіншіден, жобаларды басқару бойынша ұлттық стандарттыңжоқ болуы, яғнижоба дайындауы мен жүзеге асуына байланысты анықталған талаптардың жоқтығынан отандық компаниялар белгілі бір нəтижелерді күте алмайды. Жобаны жүзеге асырмас бұрын кəсіпорын оны жасау, оның ішінде жоспарлау кезеңінен өтеді. Жоспарлау барысында барлық дерлік құжаттамалар, жобаның техника-экономикалық негіздеуі жасалады, сонымен бірге жоба сапасын жоспарлауда жобаның сапа менеджменті жүйесі құжатталуы тиіс [5]. Алайда көптеген инициаторлар мен жоба өңдеушілер жобаның болашақ сапасын ескермей жобаның өмірлік циклінің алғашқы кезеңдерін жүргізе бастайды. ИСО 10005 стандарты бойынша сапа жоспары сапа аясында жоба мақсатына жетуіне керекті іс-əрекеттер мен ресурстарды сəйкестендіруі қажет жəне ол жоба менеджменті жоспарында көрсетілгені жөн. Келісімдік жағдайларда тапсырыс беруші сапа жоспарына қойылатын талаптарды анықтауы мүмкін, дегенмен бұл талаптар жобалық ұйымның сапа жоспарына шектеу қоймауы қажет. Бастапқы кезеңнің қателігінен барлық жоба үдерісі қойылған миссияға жете алмауы ықтимал. Шетелдік фирмалармен бірлесе қызмет жасау барысында қазақстандық жобалық компаниялардың ИСО 9000 халықаралық стандарты бойынша сапаны басқару жүйесінің міндетті сертификатталуы туралы сұрақтар туындайды. Бұл құрылыстық-монтаждық жұмыстарға да тікелей қатысты, себебі мұндай қызмет түріндегі ұйымдарға халықаралық сертификаттың болуы тендерге қатынасу барысында да үлкен артықшылық береді. Сонымен қатар ИСО стандарттарының талаптары да кепілдемелік сипатта болып келеді. Алайда халықаралық сертификаттың болмауы қазақстандық компаниялардың тендерге қатынасуынашектеу қоюға себепкер болады. Қазақстандағы мемлекеттік стандарттардың шетелдік баламаларына қарағанда əлдеқайда қатал жəне барлық отандық ұйымдарға міндетті екендігі ескерілмейді. Қазақстан ұлттық сараптамажəне серфикаттау орталығыотандық ұйымдарға қазақстандық сертификатты беруге құқылы, жəне белгілі мемлекеттік қолдаулар мен сəйкес заңнамалардың бекітілуіне қарай қазақстандық құжат республика территориясындағы тендерге қатынасу шартына жарамды бола алады. Мамандардың айтуы бойынша, мемлекеттік стандарт Қазақстандағы сапа жүйесіне салыстырмалы талдау жүргізіп, отандық ұлттық орталықты əлемдік деңгейде аккредитациялату мақсатында стандарттау бойынша халықаралық ұйымға жүгінуге болады. Мұнай жəне газ өнеркəсібі бойынша түгел дерлік компанияларға міндетті жүктелетін кен орны объектілері құрылысына, жобалау нормативтік базасының барлық заманауи талаптарға сəйкес жүргізілуіне арналған нормалар мен ережелерді тұрақтандырудың маңызды қажеттілік туындаған кезеңі келіп жетті. Отандық мұнай жəне газ құрылысы жобалары Қазақстандағы басқа салалардың күшеюіне немесе баяу қызмет жасауына себеп болып есептеледі. Сондықтан бұл сектордың барлық элементіне отандық ғылыми техникалық өңдеулерді, жобалауды енгізуден бастап күрделі құрылыстық монтаждық орындаулар, жұмыс күшін тиімді пайланып оны оқыту жобаларына дейін шетел тəжірибелерін қолдана отырып жүйені жақсарту қажет. Қазақстандық мұнай компаниялары жоба сапасын жақсарту мұнай кен орындарын өңдеуді басқару сапасын жүйелі таңдап, тиімді басқарушылық шешім қабылдау жəне орындаудан тəуелді əрі ол келесідей мүмкіндік береді: басқарушылық шешімдердің сапасын арттыру мен мерзімін азайту мақсатында нақты уақыт аралығында ұңғыма жəне жер беті технологиялық жабдықтары туралы сапалы ақпарат алуға; мұнай кен орындарын өңдеуді басқару аймағында бағдарламалар мен инновациялық технологиялар дамуын ынталандыруға; мұнай жəне газ өндіру аудандарының экологиясын қалдықтарды пайдалану мен мұнай өндіруде негізгі технологиялық операцияларды жүргізу үшінжергілікті шикізат көзін пайдалануды алдын ала қарастыратын мониторинг жүйесін жəне экологиялық бағытталған технологияларды құру арқылы жақсартуға мүмкіндіктер туындайды. Жоғарыда айтылғанды қорыта келе, Қазақстан Республикасы мұнай компаниялары жобаларын басқаруда негізгі мəселелер келесідей: сапа менеджментiнiң қалыптасқан жүйесіне жобаларды басқару əдіснамаларын тікелей қолдану басымдылығы тенденциясы байқалады; сала бойынша жобаларды басқаруға арналған нақты есептік нормативтік базаның жоқтығы; жобалық қызметпен айналысатын ұйымдарда халықаралық стандарттармен сертификатталған сапа менеджменті жүйесінің орнамағандығы; жобаларды басқару бойынша ұлттық стандарттың қабылданбауы; жобаны жасау кезеңінде сапаға назар аудармау қателігі; жоба сапасын бақылауда статистикалық əдістер қолданылмауы; орындаушылардың кəсіби біліктілігінің жеткіліксіздігі; мұнай жəне газ құрылысы мен объектілерінің жобалық-сметалық құжаттармен уақытылы қамтамасыз етілмеуі. Бүгінде жеделдетілген индустриялықинновациялық даму бағдарламасын іске асыру барысында жобалық менеджменттің барлық қазіргі артықшылықтарын пайдалану үшін, Қазақстанда жобалық менеджменттің қай стандартын қолданамыз деген мəселені айқындап алып, барлық жобаларды, соның ішінде мұнай жəне газ өнеркəсібі жобаларын іске асыру кезінде міндетті түрде жобалық менеджментті пайдалануды көздейтін жобаларды іске асырудың жаңа ережесін енгізу қажет. Сонымен бірге жобаларды іске асырушылардың бүкіл тізбегі бойынша, яғни жобаларға жетекшілік ететін мемлекеттік органдарда, жобаларды атқаруға қатысатын мемлекеттік холдингтер мен кəсіпорындарда, жеке сектор кəсіпорындарында, сондай-ақ жобалардың орындалуына бақылау жүргізетін қаржылық бақылау органдарында сертификатталған сапалы кадрларды даярлауды жүзеге асыру қажет. Осылай жасаған жағдайда жобаға тартылған бүкіл мамандардың жұмысын біріктіретін жəне жобалардың табысты аяқталуын қамтамасыз ететін біртұтас жүйе құрылатын болады. Ел экономикасы үшін жобалық менеджменттің жаңашылдығы əлемдік нарыққа тез əрі тиімді енудің құралы болып табылады. Қазақстанда жобалық менеджментті сапалы дамыту өнеркəсіптің, құрылыстың, шағын жəне орта бизнестің, кластерлік дамудың, жалпы эконономиканың тұрақты дамуына мемлекеттік индустриалды инновациялық бағдарламалардың сəтті жүзеге асуына кепілдік береді. Жобалық менеджмент жүйесін енгізбей экономиканы əртараптандырудың жүзеге асуы мен Қазақстанның бəсекеге қабілетті əлемнің елу мемлекетінің қатарына енуі мүмкін емес.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar