ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИСЛАМ ДАМУ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Ислам банк жүйесінің тарихы біздің заманымыздың VIII – XIII ғ.ғ. Аралығы Ислам әлемінің Алтын Ғасыры кезеңі болып саналады. Ол кездері Ислам әлемі Халифаттық басқару жүйесінде болды. Нарықтық экономика, саудагерлік пен айырбас жасау кеңінен тарады. Нарықта қарызға алу қатынасы дами түсті. Қазіргі заманның ислами банктерінің тарихы XX ғ. 60-жылдарынан бастау алады. 1963 жылы Египетте жергілікті экономист Ахмад әл-Наджардың бастамасымен құрылады. Банк шариғат заңдылықтарының негізінде құрылып, мақсаты халықтың жинақтаған қаржыларын пайдалана отырып табыс әкелетін жобаларды қаржыландырудың арқасында пайда табу болды. 1967 жылы банк исламдық радикализмге қарсы күрестің құрбаны болып, 141 жабылып қалады. Бірақ банктің негізін қалаушы Ахмад әл-Наджар болашақта мұндай қаржылық институттардың сәтті қызмет ететініне сенімді болды. Ол Сауд Арабиясына көшіп кетеді. 70-жылдары мұнайдың бағасы қарқынды түрде өскен болатын. Бұл жағдай исламдық негізде банк құру үшін оңтайлы кез болатын. Алдымен 1975 жылы Ахмад әл- Наджардың қатысуымен Ислам Даму Банкі құрылды (ИДБ). 5 Соңынан Біріккен Араб Әмірлектерінде (БАӘ) »Dubai Islamic Bank» атты ислами банк дүниеге келді. Олардың соңынан Faisal Islamic Bank (Египет, 1977 ж.), Faisal Islamic Bank (Судан, 1977 ж.) және Bahrain Islamic Bank (Бахрейн, 1979 ж.) банктері өз қызметтерін бастап кетті. Алғашқы кездегі скептицизм (күдік) бірте-бірте жойылып, банктердің жарқын болашағына деген сенім арта түсті. Ислам даму банкісі өз жұмысын 1975 жылдан бастады. Банктің негізгі кеңсесі Сауд Аравиясындағы Джидде қаласында орналасқан. Аймақтық кеңселері үшеу, олар — Рабат қаласында (Морокко), Куала- Лумпур (Малайзия) және Алматы (Қазақстан) қалаларында. Банктің құрылтайшылары Ислам конференциясының ұйымы (ИКҰ) мүшелері. Қазіргі кезде олардың саны 56. банктің жарғылық капиталы 6 млрд. ислам динары. Оған мүше мемлекеттердің банктің жарғылық капиталындағы үлестері төмендегідей: Сауд Аравиясы- 16,6%, Ливия — 6,7%, Кувейт — 8,3 %, ал Гамбия, Қырғыз, Мозамбик, Түркменстан, Тәжікстан, Қазақстан, Мальдив, Суринам, Джибути, Комор елдері біріккенде — 0,4% құрайды. Ислам даму банкін құрғандағы негізгі мақсат Шариғат негізіне сүйене отырып ИКҰ- ға мүше болған және болмаған мұсылман елдеріне экономикалық даму және әлеуметтік ілгерілеуі үшін қаржылай көмек көрсету. Әсіресе ИКҰ- ға мүше болған экономикасы нашар дамыған мұсылман елдеріндегі жобаларды қолдауға көбірек көңіл бөлу. Ислам даму банкіне Басқарма бастығы жетекшілік етеді. Басқарманы банкінің барлық мүшелері ұсынады. Басқарма Төрағасы болып оның мүшелері кезек- кезек сайланады. Басқарма жыл қорытындысын жасауға және келесі жылға керек бағыттарды анықтауға жыл сайын жиналады. Банкіні ұйымдастыруды шұғыл басқару үшін 11 адамнан тұратын, атқарушы директорлардан құралған Басқарма құрылады. Оның 5 мүшесі тағайындалады, ал қалған 6- сы сайланады. Жарғы капиталына ең көп үлес қосқан (Сауд Аравиясы, Ливия, Түркия, Кувейт, Иран, Біріккен Араб Эмираттары, Индонезия, Пакистан) мемлекет ішінен 5 ел бір атқару директорын тағайындайды, ал 6- сын қалған мемлекеттер сайлайды. Басқарма бастығы өз араларынан 8 жыл мерзімге банк Президентін сайлайды. Сайланған Президент – атқарушы директордың төрағасы, Басқарманың төрағасы, сонымен қатар, ол банктің әкімшілік аппаратының да төрағасы болып есептеледі. Атқарушы директорлар кеңсені 3 жыл басқарады, одан кейін жаңадан сайлауға түседі. Ислам конференциясының ұйымына мүше болған кез келген мұсылман елі, атқарушы директорларының Басқармасының шарттарын және мерзімін сақтай отырып банкке мүше бола алады. Ресми банк тілі – араб тілі, ал қарым – қатынас үшін — ағылшын және француз тілдері болып табылады. Ислами банк жүйесінің прициптері: Шариғат заңдарын орындау – Исламдық банктердің айнымас, ажырамас қағидасы. Бұл қағидалар өздеріне тиісті принциптер бойынша іске асады. Исламдық банктердің негізгі шариғаттық прициптеріне тоқтала кететін болсақ: Ысырап жасамау; Заңсыз және ретсіз монополияға тиым салу; Тауарға қойылатын бағаның шектен тыс қымбат болмауы; 5 «Қазақстанның банк жүйесі» Ж.Бекболатұлы Оқу құралы-Алматы Оқу-құралы-Алматы: Экономика, 2009-192б 142 Шариғат пайдалануға тыйым салатын заттар мен тауарларды жасауға және сатуға тыйым салу; Ұрланған және ұқыпсыз заттарды сатуға тиым салу; Алдап-арбамау, алаяқтық жасамау; Бастапқы капиталдың шариғат үкімдеріне сай адал жолмен келуі. Жоғарыда аталған принциптер Ислам банк жүйесіндегі банк институттары үшін орындауға әбден мүмкін прициптер болып табылады6 . Қазіргі кезде бүкіл әлем бойынша 50-ден астам елде 300-ге жуық ислами банк қызмет етеді. Олардың активтері шашамен 700 млрд. — 1 трлн. АҚШ долларына тең, қызмет ету аумағы тек қана араб елдерінде ғана емес, сондай-ақ, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Австралияда таралған. Олардың тұтынушылары мен клиенттері тек қана мұсылмандар емес, ірілі-ұсақты батыстың компаниялары бар. Әлемдегі алдыңғы қатарлы банктер – JP Morgan, Deutsche Bank, ABN Amro, IAG, Citibank Chase Manhattan және Hong Kong & Shanghai Banking Corporation – өздерінің құрылымында ислами банкке арналған арнайы бөлімдерін ашқан. Қаржы дағдарысына дейінгі Исламдық банктердің жылдық даму динамикасы қарқынды түрде артып, 10-15% құрады. 2012 жылы ислами банктерге тиесілі активтердің құны 1,6 трлн. АҚШ долларына жетеді деп күтілуде. Ислам банктерінің ең үлкен орталықтары Иранда ($235 млрд.), Сауд Арабиясында ($92 млрд.) және Малайзияда ($67 млрд.) орналасқан. MENA ақпараттық агенттігінің мәліметтерінше ислам негізіндегі қаржылардың 56% Таяу Шығыста шоғырланған. 2009 жылы Қазақстан Республикасының президенті ислам банкілерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі заңға қол қойды. Ол республикада ислам банкингі және исламдық қаржыландыру құралдары жүйесін енгізуге бағытталған. Атап айтқанда, Заңда мыналар көзделген: ислам банкілерінің, арнайы ислам қаржы компанияларының қызмет етуінің құқықтық негіздерін құру; ислам банкінің банкілік және өзге де операцияларының ерекшеліктері; әртүрлі нысандағы кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру; жалға алу шарты (қаржы лизингі) бойынша кіріс алу мақсатында шығарылатын ислам жалға алу сертификаттары және жаңа инвестициялық жобаны ұйымдастыру немесе қазіргі бар инвестициялық жобаны дамыту үшін шығарылатын ислам қатысу сертификаттары сияқты ислам бағалы қағаздарын шығару мен айналымының ерекшеліктері. Қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер ислам банкілерін ұйымдастырудың және қызметінің, сондай-ақ исламдық қаржыландыруды дамытудың құқықтың аясын құруға бағытталған. 2010 жылдың 25 наурызында Алматыда ТМД-дағы алғашқы ислам банкі — «Аl-Ніlal bаnk» (Әл-Хилял) жұмыс істей бастады. Атап өтетіні, исламдық қаржыландырудың негізі қағидаттары — пайыздық өсім түріндегі сыйақыға тыйым салу, тәуекелділік пен пайда табу операцияларында тең құқылы болу, белгілі бір салаларды (ойын бизнесі, қару-жарақ, алкоголь және темекі саудасы) қаржыландыруға тыйым салу болып табылады. Алғашқы ислам банкі ашылысымен, Қазақстанда сақтандыру, брокерлік қызмет, активтерді басқару дами бастады7 . Қазақстанда шариғат принциптері бойынша жұмыс істейтін алғашқы банк құру ісі жақын кездерде болатынын білдірді. Қазақстанда ислам банкингі мен ислам қаржы құралдарын енгізу – бұл, ең алдымен, инвесторлар және қаржы құралдарының тобын кеңейту болып саналады.

Оставить комментарий