iRef.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ТИІМДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Ауылшаруашылығы – агро өнеркәсіптік кешеннің жетекші саласы. Қазақстанның аграрлық секторында елдегі жалдамалы жұмысшылардың 30 пайызға жуығы еңбек етеді.Ел халқының 45 пайызға жуығы ауылда тұрады. Агроөнеркәсіптік кешен дегеніміз – азық- түлік өнімдері және ауылшаруашылығы шикізатынан алынатын өнеркәсіп тауарларының ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін өзара байланысты экономикалық саланың жиынтығы.Оның құрамына ауылшаруашылығы,ауылшаруашылығы мен басқа салаларды өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін салалар,ақырғы өнім дайындайтын,тасымалдайтын және өңдеп өткізетін салалар да кіреді. Қазақстанда ауылшаруашылығы үшін 26млн.га аумақ пайдаланылады. Саланы дамыту үшін елдің солтүстік,оңтүстік және шығыс аймақтары қолайлы. Республикамыз ауылшаруашылығының астық, майлы дақылдар, бау-бақша өнімдері, қант қызылшасы, мақта, сүт және ет өнімдерін өндіруге маманданған. Ауылшаруашылығы Қазақстанның ЖІӨ-гі үлесі 2009жылы 6,2%-ды құраған.Бұл тенденция республикада бірнеше жылдар бойына сақталуда.2009ж.мәлімет бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны 200876 болса,оның ішіндегі фермерлік шаруашылықтар 193435-ті құрайды,ал қалған бөлігі ауылшаруашылығы кәсіпкерлерінің үлесіне тиесілі. 2010жылдың тамыз айындағы ауылшаруашылығындағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 38654 теңгені құрады. Ауылшаруашылығында 2009жылы 1,6 трлн.теңгенің өнімі шығарылған.Оның ішінде 936,9 млрд.теңгесі өсімдік шаруашылығына,қалғаны мал шаруашылығына тиесілі. Ауылшаруашылығының жиынтық өнімінің 15,2 %-ын Қостанай облысы,14%-ын Алматы облысы,13%-ын Солтүстік Қазақстан облысы,12,3%-ын Ақмола облысы өндіреді.Сала дамуындағы Ақтөбе облысының үлесі 5,4%.[1] Ауылшаруашылығы көптеген елдердің дамуының негізі болып табылады.Көптеген дамушы және артта қалған елдерде ауылшаруашылығы жалпы ішкі өнімнің негізгі құраушысы боп келеді және бұл елдерде халықтың біразын фермерлер құрайды. АҚШ, Еуропа секілді елдерде «жасыл революция» ХХғ.ортасында болып кетті,нәтижесінде ауылшаруашылығы бұл елдерде дамудың жоғарғы шегіне жетті.Бұл елдердегі ауылшаруашылығын дамытуда ғылыми зерттеу ұйымдары,жаңа техника мен технологияларды енгізу,ауылшаруашылығы жабдықтарын,пестицидтер мен минералдық тыңайтқыштар,гендік инженерия мен биотехнология,робототехника мен электрониканы қолдану өз септіктерін тигізді. Ал дамушы елдерде ауылшаруашылығы экстенсивті жолмен дамуда,яғни егін алқаптарын кеңейту,мал басын көбейту,ауылшаруашылығымен айналысушылар санын көбейту арқылы дамып жатыр.Бұл елдерде механизацияландыру,химияландыру,мелиорация төмен деңгейде. Елімізде ауылшаруашылығын өркендетуге кедергі боп тұрған негізгі проблемалар: — мемлекет тарапынан ауылшаруашылығы саласына қаржылай көмек төмен деңгейде; — агроөнеркәсіп кешені өндірісінде ҚР-ның ғылыми-зерттеу ұйымын қаржыландыру өте төмен; — аймақтарда ғылыми-зерттеу ұйымдары жоқ; 35 — ғылыми жетістіктерді өндіріске тез және тиімді ендіру үшін ықпал ететін тетіктердің болмауы; — ауылшаруашылығы саласында әлі күнге шейін жаңа техника мен технологиялардың төмен деңгейде болуы және ескіріп кеткен жабдықтарды қолдануы; — ауылшаруашылығы саласында еңбек ететін фермерлер мен кәсіпкерлерге жеңілдікті субсидия мен микронесиелердің дұрыс берілмеуі ; — ауылшаруашылығына маманданған ауыл,елді мекендердегі халыққа тиісті жағдайдың жасалмауы,оларды жұмыспен қамтамасыз ету деңгейінің төмен болуы,жалақы деңгейінің төмен деңгейде болуы.[2] Бұл проблемаларды шешу мақсатында ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасында қамтылған мәселелер мен жүзеге асыратын шаралар,жалпы атқарылатын жұмыстар сегіз бағытқа топтастырылған.Еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі осы бағыттар бойынша қарқынды түрде алға басуды қамтамасыз ету арқылы көзделінетін нақты межелерге жеделдете отырып жетуге екпін түсірілетіндігі белгілі болады.Осы жоспарларға сәйкес еліміздің егіншілік саласындағы әртараптандыру жұмыстары одан әрі тереңдете жүргізіліп,осының негізінде егістік алқаптарының құрылымы ғылыми негізделген деңгейге жеткізілетін болады.Астықтың жалпы өндірісінің орташа жылдық көлемі 17,8 млн.тоннаға,экспорттың мүмкіндігі 6,7 млн.тоннадан 8,6 млн.тоннаға немесе 28 пайызға арттырылып,астық экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 32 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайтылады. Қазақстан астығының сату нарығын ұлғайту,оны үшінші елдердің нарығына жылжыту үшін тасымалдау шығындарын субсидиялау,экспорт инфрақұрылымын және көліктік логистиканы дамыту бойынша шаралар қабылдануда.Мысалы,2010 жылы Әмірабад айлағында (Иран) астықты жылдық өткізу қабілеттілігі 700 мың тоннаға дейін жететін және бір мезгілде сақтау көлемі 53 мың тонна болатын астық терминалы пайдалануға берілді. Каспий теңізінде Ақтау айлағы — Әмірабад айлағы көліктік-логистикалық дәлізінің құрылуы астықты Иран нарығына экспорттаумен қатар өзара астық алмастыру операциялары арқылы оларды үшінші елдердің нарығына шығару мүмкіндігін береді. Бағдарлама бойынша мал шаруашылығын дамытуға да баса мән берілмек.Бағдарлама бойынша таяудағы бес жылдың ішінде асыл тұқымды малдардың орташа үлесін қазіргі 6 пайыздан 14 пайызға дейін жеткізу көзделінген.Құс шаруашылығы бойынша асылдандыру істерінде импортқа тәуелділіктен құтылудың нақты жолдары айқындалған.Сөйтіп,ендігі кезекте ет,сүт,құс еті мен жүн өндірісіндегі ауылшаруашылық құрылымдарының үлесі едәуір ұлғая түсетін болады.Сиыр етінің,қойдың биязы жүнінің жыл сайынғы экспортқа шығатын мөлшері өседі.Ішкі тұтынудағы құс еті импортының үлесі қазіргі 58 пайыздан 25 пайызға дейін немесе 2 есеге төмендейді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында,2010 жылы ғалымдардың белсене қатысуымен республика бойынша 812 шаруашылықтардағы ірі қара мал басы сұрыпталып,олар бойынша ақпараттар бірыңғай ақпараттық-сараптамалық жүйеге енгізілді.Яғни,қазір республика көлемінде ірі қара мал тұқымын асылдандыруға бағытталған орталық селекция ядросы құрылды.[3] Ауылшаруашылығын дамытуда мынадай негізгі жолдарды қарастыруға болады: — агроөнеркәсіп кешенінің басым бағыттары бойынша тиісті инвестициялық жобалар жүзеге асырылса; — егіншілікті әртараптандыруды ғылыми негізде жүргізу арқылы жоғары сұранысқа ие дақылдар алқаптары ұлғайтылып,ылғал сақтау технологиялары мен суарудың озық түрлері,оның ішінде,әсіресе,тамшылатып суару әдістері мен саланы кеңінен химияландыру жұмыстары жүргізілсе; — малдың генетикалық әлеуетін арттыруға күш салынса; — шағын тауар өндірушілерді кооперация негізінде біріктіру арқылы өндірісті ірілендірсе; 36 — ауылды жаңғырту мен дамыту мақсатында агроқалашық құрылса. Шетелдің тәжірибесіне көз жүгіртетін болсақ, Беларусь Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 наурыздағы жарлығымен «2005-2010 жылдарға арналған ауылды жаңғырту мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді.[4] Бағдарламада ұсынылған іс-шаралардың жүйесі әлеуметтік және өндірістік екі бөлімнен тұрады. Ауылда әлеуметтік стандарттарды өткізуші болып агроқалашықтар белгіленген.Олардың негізінде ауылдық аумақтарды орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту, халықтың тіршілігі үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру мақсатында 2005- 2010 жылдар аралығында 1481 агроқалашықтарды құру қарастырылған.Ол жаңа сапалық үлгідегі кент түрінде белгіленеді: агроқалашық – абаттандырылған елді мекен,онда тұратын және жақын орналасқан аумақтардың халқына әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету үшін төмендегідей өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылуы тиіс: — орталық және жергілікті сумен қамтамасыз ету (салқын және ыстық); — орталық газбен қамтамасыз ету; — көшеге тас жол салу; — басқа елді мекендермен байланыстыратын тас жолдар салу; — тұрақты байланыспен қамтамасыз ету,соның ішінде ұялы телефон қызметімен де; — күнделікті тұтынатын тауарларды сататын объектілер ашу; — мектепке дейінгі мекемелер және мектептер салу; — спорттық объектілер,экологиялық туризм және аңшылар ұйымдары; — тәжірибелі дәрігерлері бар аурухана салу; — өрт сөндіруші және құтқарушылар депосы; — жол бойында қызмет көрсету мекемелері (қоғамдық тамақтану орны,көлік қызметі,қонақ үй); — мәдениет мекемелері (мәдениет үйі,клубтар,кітапхана); — нотариус қызметі. Осылайша біздің де елде келешекте дамыту көзделген ауылдық елді мекендерді алдын ала жоспарлап,құрылысын салу және абаттандыру жобалары әзірленеді,оларда ауыл халқының өмірін және еңбек әрекеттерінің жағдайын жақсартуға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені анықталады.[5] Бәсекеге қабілетті өнім өндіру,аз шығынмен жұмыс істеу,кірісті көбірек алу ұдайы назарда болуы тиіс.Агроөнеркәсіптік кешенді жедел индустрияландыру,ертеңгі технологияға көшу – Елбасы талабы осы

Пікір қалдыру