ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ

Кез келген елдің тұрақты және серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру үшін аса қажетті жағдай оның ұлттық қауіпсіздігі мен мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясы мен приоритетті бағыттарын сақтау болып табылады. Бұл ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі – экономикалық қауіпсіздікке тікелей қатысты. Қазіргі таңда ұлттық қауіпсіздік жүйесінде экономикалық қауіпсіздік рөлінің артуы экономикалық дипломатия, қаржылық нарықтардың жаһандану үрдістерінің кең құлаш жаюымен байланысты. Бұл өз кезегінде ұлттық экономикалық жүйенің қалыптасуында белгісіздік пен тәуекел факторларын күшейтеді. Ұлттық қауіпсіздікті, ішкі саяси тұрақтылықты және қоғамның нығаюын қамтамасыз етуді елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2030» стратегиялық Жолдауында дамудың ұзақ мерзімді басым бағыттарының бірі екенін атап көрсеткен[1]. Жек адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар. Қауіпсіздік ұғымының өзі әр түрлі елде әрқилы ұғынылып, тарихи кезеңдердің ауысуы барысында өзгеріп отырған. Экономикалық қауіпсіздік – бұл экономикалық тәуелсіздік, ұлттық экономиканың тұрақтылығы және өзіндік даму мен прогреске қабілеттілік жағдайындағы қоғамдық қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыру, сонымен қатар ол экономиканың жай-күйі, онда жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің, аймақтың немесе кәсіпорынның экономикалық мүдделері ішкі және сыртқы қауіптерден сенімді түрде қорғалуы; ол елдің де, жеке адамның да, кәсіпорынның да тұрақтылығының негізі[2]. Экономикалық қауіпсіздік терминдерінде жиі қауіп – қатер факторлары қолданылады. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің қауіптері: — экономиканың шикізатқа бағыттылығы; — әлемдік экономикаға жеткіліксіз интеграция; — өңдеу өнеркәсібінің төмен еңбек өнімділігі; — өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы; — ҒЗТКЖ-на шығынның аздығы; -импорттық және отандық тұтыну тауарларының инфляциясы. Қазақстанның экономикалық мүддесіне тұрақты экономикалық даму, бәсекеге қабілетті дайын өнім экспортының есебінен әлемдік нарықта өз орнын алу, халықтың мүмкін өмір сүру деңгейі, сыртқы сауданың баланстанған құрылымы, тұрақты қаржылық жүйе, экономиканы реттеудің тиімді жүйесі, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, экономиканы тиімді басқару үшін заңды жетілдіру сынды факторлар жатады. 255 ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігінің көрсеткіш-тері: — жан басына шаққандағы ЖІӨкөлемі (орташа әлемдіктен); — инфляция деңгейі; — жұмыссыздық деңгейі; — бюджет тапшылығы (ЖІӨ-ге %-бен); — инвестиция көлемі (ЖІӨ-ге %-бен); — төлем балансы және алтынвалюта резерві; — сауда балансы және т.б. Экономикалық қауіпсіздік қауіп – қатерінің басқа факторы – ол экономиканың, ұлттық экономиканың теңгерімсіздігін шақыртатын екі әлсіз байланысқан секторға жіктелуі, экспорттық және ішке бағытталған салалардың поляризациясы. Осы қатынаста ең жақсы жағдайда отын – энергетикалық сектордың кәсіпорындары болып қалды, оларда кепілді өткізу нарықтары болды және шетел капиталмен жекешелендірудің объектілері болды. Экономика саласында Қазақстанның ұлттық мүддесі ең басты мәселе. Қазақстанның мүддесін іске асырумен байланысты мәселелерді кешенді шешу, экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын сапалы шикізат және жабдықтармен, халық пен әлеуметтік саланы – тұтыну құралдары және қызметтермен, ал сыртқы сауданы – бәсекеге қабілетті экспорт тауарлармен қамтамасыз етуге қабілетті көпсалалы жоғары технологиялы өндірістің тұрақты жұмыс істеуі негізінде ғана мүмкін [3]. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекет қызметі келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда: 1. экономикалық дамудың іс-жүзіндегі немесе болжанатын параметрлері экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәндерінен ауытқыған жағдайларды анықтау және елдің қауіпті аймақтан шығуы бойынша кешенді мемлекеттік шараларды әзірлеу; 2. Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігі қауіптерін жою немесе туындауына жол бермеу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында жұмыстарды ұйымдастыру. Тәуелсіз еліміздің ықпалдасу бастамасының айқын көрінісі Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасында жасалған Кеден одағы болып табылады. Осызаманғы әлемде ешқандай мемлекет сыртқы экономикалық байланысты дамытусыз, озық ғылыми-техникалық жетістіктер мен технологияларды пайдаланусыз серпінді дамып, экономикасын қалыптастыра алмайды. Бүгіндері тәуелсіз Қазақстан әлемдік экономикалық жүйеге ықпалдаса алатын серпінді дамып келе жатқан ел, қоғамында тұрақтылық пен келісім орнаған, халықаралық аренада бейбітшілік бастамаларымен әлемге белгілі мемлекет ретінде танылып отыр. Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі еліміздің халықаралық беделінің артуы деп түсіну керек. Қазақстанның мүддесін қорғайтын өзекті мәселелерді кешенді шешу – экономиканың негізгі салаларын сапалы шикізатпен және жабдықтармен, халық пен әлеуметтік саланы тұтыну заттары және қызметпен, сыртқы сауданы бәсекеге қабілетті экспорт тауарларымен қамтамасыз етуге қабілетті жоғарытехнологиялы өндірістердің тұрақты жұмыс істеуі арқылы ғана мүмкін. Қазақстан тек қазіргі әлемдік экономикаға қосылып қана қоймай, сонымен қатар, әлемдік еңбек бөлінісінде өзінің рөлін нығайтуы қажет. Әдебиеттер: 1. «Қазақстан-2030» стратегиясы» Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына стратегиялық Жолдауы // 12 қазан, 1997ж. 2. Спанов М.У. Экономическая безопасность: системные факторы // Саясат. –1999. –№3. – С.40. 3. Илларионов А.И. Критерии экономической безопасности//Вопросы экономики. –2004. – № 10. –С.56.

Читайте также:  Шәкәрім және Парсы әдебиеті

Оставить комментарий